Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:58

ӘЛЕМ

Тілдерді жойылып кетуден сақтап қалу үшін қаржы мен жарнамаға қоса қоғам жауапкершілігі керек

Ақпанның 21-де халықаралық ана тілі күні атап өтілді. Тіл мамандары әлемде жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін күресуде. Адамзаттың лингвистикалық мұрасын сақтап қалу ісінде ғалымдар жетістіктермен қатар түрлі қиындықтарға да кезігуде.

Иван Скобин өзі сөйлейтін орта чұлым немесе өс тіліндегі аудиожазбаны тыңдап отыр. «Жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдер институтының» суреті.
x
Иван Скобин өзі сөйлейтін орта чұлым немесе өс тіліндегі аудиожазбаны тыңдап отыр. «Жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдер институтының» суреті.
Мәтін көлемі - +

ТІЛДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛУ ЖОРЫҒЫ

Әлемде әр 14 күнде бір тіл жойылып жатқаны және сондай тілдердің кейбірі жайында мақаламыздың бірінші бөлімінде айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар, қолданыстан шығып, біржолата жоқ боп кетуге айналған кейбір тілдерді ғалымдардың құтқарып қалғаны туралы сирек те болсын мысалдары бар.

Американдық ғалымдар доктор Грегори Андерсон мен доктор Дэвид Харрисон 2003 жылы Ресейдің Томск облысының шығысындағы ауылдарға аттанғанда, олар өздерімен тек қана ең қажетті заттарды, яғни тіс щеткасы мен шұлықтарын, сабын мен микрофондарын,
Американдық тіл маманы доктор Дэвид Харрисон (оң жақ шеткі) орта чұлым немесе өс тілінде сөйлетін Иван Скобин мен Василий Габовтың әңгімесін үнтаспаға жазып отыр. «Жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдер институтының» суреті.
сондай-ақ видеокамералары мен магнитофондарын және лингвистикалық кітапшаларын алып барған-ды.

Олардың орталық Сібірдің шетіндегі бұл ауылға сапарының мақсаты - орта чұлым немесе өс тілінде сөйлей алатын шамамен 25 адаммен кездесу болатын.

Андерсон мен Харрисон - Америкадағы «Жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдер институтының» тіл мамандары. АҚШ-та орналасқан коммерциялық емес бұл ұйым әлемдегі жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін күресіп келеді.

Сарапшылар осы ғасырдың аяғына дейін әлемдегі 6700 тілдің жартысы жойылады деген болжам айтып отыр.

Қауіп-қатердегі тілдер мәселесі деген ғаламдық феномен бұрынғыдан да тезірек жайылуда. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени қысымдарға байланысты азшылық тілдердің орнын басқа тілдер басуда.

Бұл үдерісте ерекше лингвистикалық және антропологиялық ақпараттар мүлде жойылып кетеді.

РУХАНИ ҚАЗЫНА

«Тілдердің жойылу үдерісін тоқтатуға немесе баяулатуға бола ма? Қалай болатынын білу өте қиын. Әлемнің дамуына қарасаңыз, бүгінгі таңда азшылық тілдерге қысым жасалып отыр. Бұл әлеуметтік факт. Егер әлемде түбегейлі өзгеріс болмаса, жағдай сол күйінде қалады», - дейді Британияда орналасқан Қауіп-қатердегі тілдер қорының төрағасы доктор Николас Остлер.

Остлердің қоры Андерсон мен Харрисонның ұйымы сияқты жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін күресуде.

Аталмыш топтың өкілдері Сібір мен Боливиядан Австралияға дейінгі алыста орналасқан аймақтарға барып, зерттеу жұмыстарын
Памирлік бүлдіршіндер. Көрнекі сурет.
жүргізеді, сирек кездесетін тілдерді сақтап қалу мақсатында ондағы жергілікті халықпен бірге жұмыс істеп, дауыстар мен мәтіндерді, сондай-ақ бейнетаспаларды жазып алады, сөйтіп егжей-тегжейлі талдау жүргізеді, қажет болса, тарихқа көз жүгіртеді.

Мәселен, Тәжікстандағы ягнуби тілінің орта ғасырдағы Жібек жолында қолданылған ежелгі согдиан тілінен қалғандығы анықталған.

Құжаттар реттелген соң ең күрделі үдеріс, яғни жойылып бара жатқан тілді қалпына келтіріп, сақтап қалу процесі басталады.

Оны тек тіл мамандарының өздері ғана жүзеге асыра алмайды.

Осыған байланысты доктор Андерсон былай деп мәлімдеді:

«Лингвистердің не ойлап, не деп, не жұмыс жасауына қарамастан, олар өздері жалғыз болып тілді сақтап қала алмайды. Олар тек қана қажетті құжаттармен қамтамасыз ете алады.

Адамдардың өздері тілдерін сақтап қалуға тырысуы керек. Ол көп күш-жігерді талап етеді. Мектептерге арналған материалдарды
Қазақ тілінде қатемен жазылған жарнама. Қостанай, тамыз, 2009 жыл.
шығарып, өз тілін сақтап қалу үшін көп үлес қосулары керек».

Жеткілікті әрекет жасалса, жойылып бара жатқан тілдер бірден қайта жаңғыруы мүмкін. Мәселен осы тұрғыда жетістікке жеткен оқиғалардың бірі - Британиядағы уэльс тілі.

Осыдан 20 жыл бұрын бұл тіл жойылып кете жаздаған болатын бірақ қазір уэльс тілінде жүздеген мың адам сөйлейді. Уэльс тілін сақтап қалуға үкімет көп қолдау танытты. Осы қолдау арқылы тілдің қайта жаңғыруы үшін жеткілікті қаржы бөлінді.

Британияда орналасқан Дүниежүзілік ауыз әдебиеті жобасының негізін қалаған доктор Марк Туриннің айтуынша, жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін қаржы мен жарнамаға қоса қоғам жауапкершілікті сезінуі тиіс.

- Біз бәріміз жауаптымыз. Тілдің тарихы мен болашағын байланыстыруымыз қажет, - дейді Марк Турин.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
22.02.2010 11:47
+0 / -0
Өзгені білмеймін. Қазақ тілін тез дамытудың жолы телеарнаның қазақша сөйлеуі. Егер елдегі сатылған телеарналар қайтарып алынып, қазақы салт-санаға қызмет етсе, қазақ тілі көркейер еді, қазақша сөйлеген ортада қазақша мінез қалыптасып, ел оңалар еді. Өкінішке орай Қазақстанда билік тарапынан қазақ тіліне барынша қастандық жасалып жатыр. Қазақша телеарналар мен басылымдар күннен күнге басқалардың мүддесін көздеуге бет бұрып барады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2010 13:20
+0 / -0
Әр адам, әр этнос ана тілінде сөйлеп, оны дамытуға хұқы болғанымен, өз тілін басқа адамға, басқа этносқа таңуға хұқы жоқ. Тілдер өлсе, этностар өлсе, Жер қазынасы, адамзат қасиеті кемиді. Этностардың, тілдердің көптігі – Жердің, адамзаттың көркі: олардың бәрін Табиғат-ана алаламай жаратқан. Сондықтан гуманистер ешбір тілді өлтірмеу үшін халықаралық, дәнекер, адамзат тілі – гуман тілін жасауды ұсынады. Ол этникалық тілдердің бәрінің жақсы жақтарын бойына жиып, кемістіктерінен таза болады: онда ешбір тіл өлмейді, әр адам ана тілі мен гуманды білсе болды – өз елінде ғана емес, басқа ұлт өкілдерімен әлемнің кез келген жерінде тілдесе алады. Тілмаш керегі жоқ: халықаралық қарым-қатынастар, сауда жасау жеңілдеп, көп күш-қуат, қаражат үнемделеді. Гуман тілін жасау үшін 1-2-ақ жыл жеткілікті, ешбір тіл өлмейді.

Ол ұшін гуман тілі академиясын ашу, қаржыландыру. Барлық елдерде екінші тіл ретінде гуман тілін оқытуды бастау керек.

Кімнен: ArKazakh Қайдан: Almati
22.02.2010 16:29
+0 / -0
Kazakh halkimizda ''tishkan'ga karap kalzhasinan tungil'' degen nahil soz bar bugin'gi biylikke karap kazakh tilinen soz ashuding ozi sorakilik halik ashinsa zhas balaga kur emizdik emizgendei otirik wadelerdi auiz-zhuzinde uyip-togedi birak ol zang zhuzinde zhok Telearna-radio deymiz kazakhsha soyleytin biren-saran birak ol tek halada gana haladan shiksang kulakka urgan tanaday bolasing

Кімнен: Арман Қайдан: Қазақстан
22.02.2010 17:49
+0 / -0
Қазақ тілін дамыту үшін пәрменді тіл туралы заң керек! Аюға ән үйреткен таяқ демекші қаталдау заң қабылдайтын кез келді. Тек қана қазақ тілінде телеарналар, радиолар, хабарлар ашумен іс бітпейді. Қазақстанда тұрып жатқан әр азамат қазақ тілін білуге міндеттелуі керек. Баланы жастан демекші бала-бақшалар, мектептер тек қазақ тілінде жұмыс істегені жөн. Кішкентай кезінен бастап қазақша білім алған бала ертең Қазақстанды алға жетелейтін азамат. Басқа ТМД елдерінде тіл мәселесі күшпен болсада шешіліп жатыр, біз - әлі жалтақтап отырған. Оның үстіне өзіміздің ішіміздегі мәңгүрт кері тартпаларда тілдің дамымай тұруына "үлесін" қосуда. Тіл мәселесін тез шешуге болмайды дегенге қарсымын, қазір заман басқа, бүгін әрекет етпесең ертең кеш болады.Одан кейін айтпағым: Абай атамыз айтпақшы "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос"! Қазақтар бір бірімізді силайық, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық. Әйтпесе орыс тілді ағайындар күлкі қылуда. Себесеңіздер НОМАД сайтында тіл мәселесі туралы жазылған мақалаларға пікірлерді оқыңыздар, көздеріңіз жетеді. Уақыт бөліп оқығандарыңызға көп рахмет!

Кімнен: bek Қайдан: st.peterburg
22.02.2010 18:24
+0 / -0
kazakwa telearnalar men bagdarlamalardy kobeitu kazhet
osimen kosa beilikte otirgan azzamattar kazakwa soilep kazakwa talkilaular otkisze tipti zhaksi bolar edi
balik basinan shireidi

Кімнен: Нурғали Қайдан: Шымкент
22.02.2010 21:31
+0 / -0
Өзге тілдің бәрін біл өз тілінді құрметте деген сөз бекер айтылмаған ғой. Өз тілін білмегендер өзіне жау, келешегін ойламайтын жандар - тіл сондайлардың арқасында жойылады.

Кімнен: Altai Қайдан: Altaidan
23.02.2010 19:15
+0 / -0
Borat Shaqaniptigh Doraqtari qaida,taghi bir korinip qalatin zher osi emes pe

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2010 17:42
+0 / -0
Балық басынан шіриді -дегендей, дүние пәле ана парламентте отырған өңкей халқына жаны ашымас депутаттарда. Біздің қазақтың бүгінгі соры болып тұрған екі Заң бар, біреуі діндер туралы, екіншісі Тілдер туралы. Міне осы екі Заңды, осы елдін иесі- қазақтың мүддесіне сәйкестіріп қайтадан жазып бекіту әлгінде айтып кеткен депутаттардың мойнындағы аманат. Арман, сен дәуде болсаң Павлодардан шығарсың, немене жасырынбақ ойнайсың.Сенікі дұрыс мен өзіңді әрқашан қолдап келгем, қолдаймын да!.