Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 03:52


САЯСАТ

Қытайға барған АҚШ мемлекеттік хатшысы диссиденттер мәселесін айтпақ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қытай билігімен келіссөз жүргізу үшін Пекинге барды. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Клинтон бұл келіссөздерде Қытайдағы адам құқықтары мәселесі де назардан тыс қалмайтынын мәлімдеген.

Қытайдағы құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен үкіметке қарсы жазған петициясын ұстап тұр. Қытай, Шаньдун провинциясы, 27 сәуір 2012 жыл.
Қытайдағы құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен үкіметке қарсы жазған петициясын ұстап тұр. Қытай, Шаньдун провинциясы, 27 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Хиллари Клинтон бұл сапарында Қытай үкіметімен қаржылық мәселелерді талқыламақ. Келіссөздерде Солтүстік Корея мен Иран мәселесі, Сириядағы репрессиялар мен Қытайдың көршілес елдермен Оңтүстік қытай теңізіндегі территориялық даулары туралы да айтылмақ.

"САПАР ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕ"

Азаттық радиосының хабарлауынша, Клинтон бұл келіссөздерде Қытайдағы адам құқықтары мәселесін көтеретінін мәлімдеген.
Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.
x
Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.
Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.

Осыған орай, сарапшылар Клинтонның Қытай билігі өкілдерімен кездесуінде құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен туралы айтатынын хабарлайды.

Сәуірдің 22-сі Чэнь Гуанчен үйқамақтан қашып кетіп, Бейжіңдегі АҚШ елшілігін барып паналаған. Ол өзін және отбасы мүшелерін ұрып-соққанын, үйқамаққа билікті сынағаны үшін отырғызылғанын мәлімдеген еді. 

Диссидент Чэнь Гуанченнің АҚШ билігінің қорғауында екенін 2012 жылы сәуірдің 28-і күні АҚШ-та орналасқан ChineseAid құқық қорғау ұйымы да растап, қазір Гуанченнің мәселесіне қатысты екі ел билігінің арасында "жоғары деңгейдегі келіссөздер жүріп жатқанын" айтқан.

2 мамырда Қытай билігі АҚШ елшілігін паналаған диссидент Чэнь Гуанчэннің елшіліктен өз еркімен шыққанын хабарлады.

АҚШ өкілінің айтуынша, Чэнь Гуанчэн Бейжіңдегі ауруханалардың біріне барып жатқан, енді туыстарымен жолыға алады.

Диссиденттің жақтастары бұдан бұрын "Чэнь Гуанчэн өзі мен отбасының амандығына кепілдік берілсе, Қытайда қалатынын" айтқан болатын.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАУІПТІ ДИССИДЕНТТЕР

Соңғы бір жарым жылдан астам уақыттан бері үйқамақта отырып келген Чэнь Гуанчен қамақтан қашып шыққан бетте Қытай премьер-министрінің атына видео үндеу жолдаған.

Оның алдында ғана төрт жыл түрмеде отырып шыққан Чэнь Гуанчен бірнеше рет Қытайдың "бір отбасыға - бір бала" саясатының шеңберінде әйелдерге күштеп стерилизация, аборт жасалып, олардың құқықтарының бұзылып жатқанын айтқан.
Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.
x
Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.
Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да осы сапарының алдында Қытай билігін Чэнь Гуанченді босатуға бірнеше рет шақырған еді.

Қытайда билікті сынаған адамдарды "мемлекеттік құрылысты құлатпақ болғаны" үшін соттау кейінгі жылдары жиілеп кеткен.

Мәселен, 2011 жылы желтоқсанда Қытайдың адам құқықтарын қорғаушылар ұйымы (Chinese Human Rights Defenders) Гуйчжоу провинциясындағы Гуйян қаласының соты белсенді диссидент Чэнь Сиді 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп хабарлады. Сот Чэнь Сиді интернетте коммунистік режимді сынап жазған 36 мақаласы үшін айыпты деп тапқан.

Қытайда 2011 жылы тағы бір диссидент жазушы Чэнь Вэй 9 жылға сотталған болатын. Чэнь Вэй интернетте бір партиялы Қытай билігінде реформалар жүргізіп, сөз бостандығын орнатуға шақырған мақалалар жазған. 9 жылға сотталған Чэнь Вэйге де "мемлекет билігін құлатуға әрекет етті" деген айып тағылған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
02.05.2012 13:05
+0 / -0
осы АҚШ басқа елдердегі адам құқығын "қорғағыш".
неге осы Қытай, Ресей, Қазақстан сияқты елдер АҚШтың Ауғанстан, Ирак, Ливия сияқты басып алған елдеріндегі адамдардың құқықтары сақталмай жатқанын айтып неге айыптамайды?
біз Ауғанстанда АҚШ әскерлерінің бас сәбилерді "қателесіп" бомбалағанын талай естідік.
Иракта балаларды АҚШ әскерінің итше тепкілегенін мына видеодан көруге болады.

http://www.youtube.com/watch?v=zoK-HpkVKT4

http://s019.radikal.ru/i606/1205/b7/94f26c60b395.jpg

қытай мен орыс неге осы деректерді алған тартып АҚШТың өзін сынамайды, әлде қорқа ма...?

Пікір алмасу

Кімнен: Сұңқар Қайдан: оқжетпес
02.05.2012 15:26
+0 / -0
Сіз ара емес арам жыбын екенсіз, арам шыбындар көріңген жерді құрыттатып адамзатқа ойран салады. ал АҚШ оларды тазалап адамзатқа игілік силайды. жақсы болса орыстан адамдыр неге АҚШ қа ағылып жатыр. қытай адамдарын зорлықпен ұстап отыр, керек десе төлқұжатында қолына бермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
02.05.2012 17:40
+0 / -0
мен корсеткен сiлтемелерге кiрдiн бе?
сол ма АКШтын адамзатты "куткарып" жатканы???

демократияны сылтауратып АКШтын мусылман мемлекеттерин бомбалап мунайын тартып алып жатканы отирик пе???

мен кытай мен орыстын адамзатка жасаган кылмысын билемин, бирак АКШ та солардын бер жагы емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Сұңқар Қайдан: оқжетпес
02.05.2012 18:27
+0 / -0
Қытайды білмесеңіз білмейтін шығарсыз, бірақ орыстан көрген қорлығыңызды, бақыт ретінде сезінер қалге түскеніңіз көрініп тұр. егер шетелдерге шығып ондағы жағыдайларды көрсеңіз бұлай демеген болар едіңіз. ең сұмдығы олар өз халқын өзі айаусыз жаныштағандар. ал оған көмек қолын созу нағыз әділеттілік. өз халқын өзі қырған елді санап көріңізші?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?