Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 06:15


БЛОГСТАН

Құныңыз қанша, Басеке?

x
Мәтін көлемі - +

- Алло, Басеке! Дүние жүзі бойынша ең жемқор елу елдің тізімі жасалып жатыр екен. Сіздің ел – көш басында. Не істейсіз?
- Бағасын айтсаңызшы...
- Оныншы орын – жүз миллион АҚШ доллары! Жиырмасыншы орын – екі жүз миллион доллар. Осылай жалғасып кете береді.
- Біздің елді сол тізімнен біржолата алып тастауға болмай ма?
- Оған шашыңыз жетпейді ғой, басеке!
- Онда... Онда елуінші болсын.
- ...

- Алло, Басеке! Әлемдегі ең айтулы он тұлға анықталып жатыр. Қаласаңыз, үлгеруге болады.
- О! Әрине!
- Онда он миллиард долларды дайындай беріңіз.
- Дайын ғой, дайын!
- ...

- Алло, Басеке! Әлемдегі ең лас мемлекеттердің тізімі...
- Нешінші орында тұрмыз?
- Алдыңғы орыннан түсіп көрген жоқсыздар ғой.
- Енді бірдеңе қылып ең соңына түсіріңіздер.
- Бір миллиард доллар!
- Одан арзанырақ болмай ма?
- Болмайды, Басеке! Бекітілген бағасы - сол.
- Түсінікті. Қазір ақшасын аударамыз.
- ...

- Алло, Басеке! Адам құқы қорғалмайтын жиырма елдің...
- Бағасын айт!
- ....

- Алло, Басеке! «Әлем елдері көшбасшысы» ұйымына төраға болғыңыз келіп еді. Айнып қалған жоқсыз ба?
- Жоқ, жоқ!!! Ол мәселе бір шешімін тапты ма?
- Бүгін бәрі ыңғайланып, тиісті бағасы белгілі болды.
- Сонымен...
- Сонымен жүз миллиард доллар бересіз! Тек тағы бір рет ескертіп қояйын. Ұйымның аты дардай, оны білесіз. Бірақ одан өзіңізге де, еліңізге де тырнақтай пайда тимейді. Кейін «оны айтпап едің!» деп жүрмеңіз.
- Алаң болмаңыз! Атының өзі азық емес пе бізге!
- ...

- Алло, Басеке! Басеке! Көктемгі селдің беті жаман, Басеке! Бес аймақты су алып кетті. Не істейміз?
- Не істегені несі? Бірдеңесі болар. Су қайтып, жер кепкенше халық басқа жаққа барып паналай тұрсын.
- «Халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін елу миллиондай теңге керек» дейді жергілікті басшылар...
- Елу миллион теңге?!! Дендерің сау ма?! Қар еріді екен деп қазынадан соншама ақшаны үптемексіңдер ме?
- Енді...
- «Енді-менді» дегенді қойыңдар! Мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақасын, бай-бағландар садақасын, қалған ел жылуын жинасын! Ұқтыңдар ма?
- Ұқтық, Басеке!
- «Елу миллион теңге» дейді ғой...

kanagat.07@mail.ru



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Анахарсис Қайдан: авыф
30.04.2010 00:43
+0 / -0
Өлмейтінді пендені өлтіріпсіз!

Кімнен: Жұлдыз Әбділда Қайдан: Алматы
30.04.2010 09:41
+0 / -0
Қанағат, өлтіріпсің. Алып-қосатын ештеңесі жоқ. Анау шетелдерге пәленбай ақша аударып, сыйлық алып жүрген ғалымсымақтар мен жазушысымақтар туралы да бірдеңе жазсаң, қатып кетер еді. Немесе частный ұйымдардан алған грамоталарын бұлдайтын әріптестеріміз туралы жазсаң...

Кімнен: Кендіқұл
30.04.2010 11:50
+0 / -0
Мынадан кейін "Хабар" телеарнасы жабылуы керек қой. НАН-ның түк істемей, мемлекетті дамытпай, жемқорлықтың батпағына мәңгілік салып жібергенін айтпай, оның басына келген мақтангөйлік ауру идеяларын жарнамалайтын телеарна "Намыстан уа дариға өлгенім жоқ" (Біржан сал) деп тарап кетуі керек. Халықты зомбиге айналдырудан артық қылмыс жоқ. Көбірек жаз Қанағат Әбілқайыр мырза. Күнделікті таңертең күлкіден өліп, ашуланып, санамыз ашылып отырсыншы.

Кімнен: Мока Қайдан: КазГУден
30.04.2010 12:02
+0 / -0
Қанағат ағайдың мына жазған дүниелері кейін Назарбаев дәуірінің ғажайып естеліктері, негізгі бейнесі болып қалатын екен. "Қағаз қала" деген кітабы да ғасыр тоғысындағы Қазақстанға лаң салған билігі мен қоғамның келеңсіз өмірін суреттейтін ғажап әдеби мәдени құнды дүние. Қанағат ағай дәуір келбетін сомдай беріңіз. Ертеңгі ұрпақ жағасын ұстасын, сабақ алсын.

Кімнен: Алаштай Қайдан: Атыраудан
30.04.2010 12:04
+0 / -0
Назарбаев биліктен кеткен күні Қазақстандағы саяси сатириктер жұмыссыз қалатын шығар. ХХХАААА-Ха-ха....
Пікір алмасу

Кімнен: Нуржан Кенже Қайдан: Алматы
07.05.2010 11:22
+0 / -0
Елбасы кетсе орнына дайындағаны бар гой? Ол сүттен ақ судан таза екеніне де күмәндіміз..... Бұл сатылған билік ертеңгі күні Кулибаевты Елбасы сайламасына кім кепіл.....?
Егер солай ұсыныс түссе НұрОтан алақайлап, Жағымпаздардан құралған /Біреуін де халық сайламаған, тек халықтын атынан деген астармен сөйлеп отырған Депутаттарымыз/ қолды-аяқпен шапалақ ұрмасына кім кепіл.....

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
30.04.2010 12:51
+0 / -0
Қанағат мырза, қатырыпсың!
Жегенінің орны толар, сатқаны жаман болды.

Кімнен: Қилызаман
30.04.2010 14:56
+0 / -0
...Мықты! Өте мықты)))
Елде конокрадтар көбейсе, басшыларында казнокрадтар көбейген заманның көрінісін айнытпай бейнелпсің...

Кімнен: Таныс Қайдан: Тас қала
30.04.2010 16:31
+0 / -0
Қанағат, баяғыдан мықты. Тілі удай иттің. Қатырыпты. Ешкімнің аты жоқ. Бірақ жұрт бәрін біледі. Басыңның (!) амандығын тілеймін, бауырым...

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?