Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:29

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Кәрімов пен Назарбаевтың парламенттік-президенттік басқару үлгісі

Көрші Өзбекстанда президент пен парламент арасындағы шынайы билік бөлінісі туралы айтылмайды. Есесіне, Нұрсұлтан Назарбаев әрі партия төрағасы, әрі Ұлт көшбасшысы, әрі президент ретінде Қазақстанды шексіз басқарып келеді дейді сарапшылар.

Оңнан солға: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.
Мәтін көлемі - +

Орталық Азиядағы бес елдің арасынан Қырғызстан бірінші болып мемлекет басқарудың парламенттік-президенттік әдісіне көшті. Өзбекстан болса, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап суперпрезиденттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға көшетіні туралы уәде беріп отыр. Елдегі екі палаталы парламентке президент билігінің біршама бөлігі берілмек. Парламент үкіметті жасақтап, оның жұмысын қадағалайтын болады.

Мұндай өзгеріс Өзбекстан конституциясына 2010 жылы енгізілгенімен, әлі күнге дейін іске қосылмаған болатын. Енді бұл өзгеріс 2012 жылы жүзеге аспақшы. Қазақстан билігі де, мемлекеттік басқарудың парламенттік-президенттік түріне «болашақта көшетіні» туралы айта бастады. Бірақ, әзірге, бұл тек сөз жүзінде ғана.

Қырғызстанның парламенттік-президенттк басқару әдісіне көшуіне – 2005 және 2010 жылдары осы елдегі екі төңкеріс, бірінен соң бірі – екі бірдей президенттің тақтан кетуі себеп болса, Кәрімов пен Назарбаевты мұндай реформаға мәжбүрлеп отырған нәрсе мүлде басқа.

ӨЗГЕРІСТІҢ КӘРІМОВКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ПА?

Өзбекстан Конституциясына 2010 жылдың қарашасы мен 2011 жылдың 5 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге қарап, бұл ел парламентаризмге қарқынды түрде бет алып келе жатқандай сезіледі. 

Бірақ, бүгінгі күні Францияда тұрып жатқан тәуелсіз саясаттанушы
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов. Ташкент, 8 желтоқсан 2011 ж.
​​Камолоддин Раббимовтың айтуынша, шын мәнінде олай емес. Ол Өзбекстанда реформа жүріп жатқанын жоққа шығармағанымен, нақты іске келгенде елде парламент пен президент өклеттілігін бөлісу туралы сөз болуы мүмкін емес деп есептейді. Дәл бүгін Өзбекстанда өзгерістер келер ұрпақ үшін жасалып жатыр, ал Кәрімов пен оның билігіне мұның қатысы жоқ дейді сарапшы.

Оның айтуынша, Кәрімов өкілеттілікті емес, бар болғаны функцияларды бөлісіп отыр. Саясаттанушы Раббимов президент Кәрімовтің 2014 жылға дейін билік басынан кетпейтініне сенімді. Денсаулығы сыр бермесе, ол өзінің билігін одан әрі жалғастыратын болады дейді саясаттанушы.

НАЗАРБАЕВ  ЖҮЙЕСІ

Қазақстанның болашақта парламенттік-президенттік басқару моделіне көшетіні туралы пікірге елдегі саясаттанушалыр үлкен күмәнмен қарайды.

– Саяси жүйе президенттік-парламенттік немесе президенттік-парламенттік деп атауын өзгертсе, онда тұрған ешнәрсе жоқ, – дейді «Эксперт Казахстана» журналының сарапшысы Николай Кузьмин. – Бұл бәрібір елдегі саяси билікті Назарбаевтың қолына жұмылдыру болып
«Эксперт Казахстана» журналының саяси сарапшысы Николай Кузьмин.
​​табылады. Оның үстіне, заң органдарына қарағанда үкімет пен атқарушы билік органдарының басымдылығы күшейеді деген сөз.

Сарапшы қазір Қазақстан билігі үшін парламентті емес, президенттік «Нұр Отан» партиясын қайткенде күшейтуді қолға алу – басты мәселе болып тұрғанын да айтады.

«Нұрсұлтан Назарбаев елді президент ретінде, «Нұр Отан» партиясының жетекшісі ретінде, Ұлт жетекшісі ретінде басқара алатын саяси жүйе құрып алды» дейді ол.

– Өзінің саяси билігі үшін мұның қайсысы қолайлы боларын, қайсысын  таңдап аларын оның өзі шешеді және мұның өзге бір шарттары болуы мүмкін.

«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова Қазақстанның Конституциясына сүйене отырып, онда «суперпрезиденттік билік» деген ұғымның жоқ екенін айтады. Ол ата заңда президенттік басқару туралы атап көрсетілгеніне  көңіл аудара отырып, конституция бойынша сот, заң мекемелері, атқарушы органдар мен билік арасында тепе-теңдіктің сақталуы туралы айтылғанын атап көрсетеді.

«Бірақ іс жүзінде мұндай тепе-теңдік сақталмаған» дейді Зәуреш Батталова. Оның пікірінше, парламенттің өкілеттілігі жеткілікті емес, ол
«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова.
​​бар болғаны президент әкімшілігінің құқық жөніндегі бөлімі ғана болып отыр.

Егер, Қазақстан шын мәнінде парламенттік-президенттік басқару жүйесіне өтетін болса, ол тек бір мақсат үшін жүзеге асуы мүмкін. Қазақстанның тұңғыш президенті туралы заңға сәйкес, Назарбаев өзінің президенттік өкілеттілігін аяқтаған күннен бастап өмір бойы сенатор болуға мүмкіндігі бар.

– Мен, «біздің билік, президентті мәңгілік сенат мүшесі тағына ауыстырып, назарбаевтық билікті жалғастыра беруді көксеп отырған жоқ па екен?» деген ойдамын, – дейді парламент сенатының бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова.

НӘРІКБАЕВТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Нұрсұлтан Назарбаевтың досы, «Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев бұл туралы басқаша көзқараста. Ол «күні кеше билігі құлаған араб елдерінің басшыларына қарағанда Назарбаев алысты көздейтін дана, ақылды шешім жасайды» деген ойда. Оның пікірінше, осы парламент
«Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев.
​​сайлауы өткен соң, билік елде қандай да бір қантөгіссіз, қиындықсыз, тыныш жағдайда келесі, жаңа буынға өтетін болады.

Бірақ, Мақсұт Нәрікбаев егер сайлау әділ, ашық өтетін болса, парламентке атқарушы органдар ойлайтындай, «Нұр Отан» мен «Ақ жол» партиялары ғана емес, бірнеше партия келуі мүмкін екендігін айтады. «Міне, осы кезде биліктің не көксейтіні байқалатын болады» дейді ол.

– Мен біздің президент алыс-жақын шетеледердегі басшыларға қарағанда, ақылды, дана шешім табады деген ойдамын, – дейді Мақсұт Нәрікбаев.

«Азат Еуропа»/ «Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының осы тақырыпқа өткізген дөңгелек үстел басындағы әңгіменің толық аудиожазбасын орыс тілінде мына жерден тыңдауға болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: m
13.12.2011 09:39
+0 / -0
2 шал ештеңе бермей өтеді
Пікір алмасу

Кімнен: халық
14.12.2011 12:07
+0 / -0
Неге біз, Нұротан нұротан деп шулай береміз.әділ сайлау өткіземіз десек, бәріміз барып, өз қалауымызша дауыс берейік қалаған партиямызға, шындыққа қарайтын болсақ, көбшілігі сайлауға бармайды бәрібір нұр отан жеңеді деп, сондықтан да әрбіріміздің өз үлесіміз бар, одан да бірауыздан сайлауға қатысайық. өз құқығымызды қолданайық!!!

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.12.2011 11:17
+0 / -0
Оның пікірінше, осы парламент.
​​сайлауы өткен соң, билік елде қандай да бір қантөгіссіз, қиындықсыз, тыныш жағдайда келесі, жаңа буынға өтетін болады.

=======================

Мақсұт Нәрікбаев жаксы жаналык айтты гой. созине караганда НАН кететин сиякты ма, калай?
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақстан
14.12.2011 11:56
+0 / -0
Жасасын, Нұр Отан! Бізді дағдарыстан қиындықсыз алып шыққан Елбасына, енді алдағы уақытта да болатын дағдарыстан біз Нұр Отанмен бірге болсақ еш алаңдамаймыз!!! Жасай бер, жаса, халық Сізбен бірге!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 12:13
+0 / -0
Халыққа қарайлас құрылымды қалыптастырып, елге қызмет жасаймыз дегендері жақсы-ау, егер ұры-қарылар емес, елі үшін шын жаны күйінетін адамдар айтып жатса!
НӘНге, оның досы Нәрікбаевқа кім сенеді, а?!! Қаддафидің ақырын көріп, шошынған адамның қылығы ғой мына әрекеттері. Тәубесін естеріне алғандарына да шүкіршілік дейміз де, халықты алдаудың тағы бір амалы болмаса!
Пікір алмасу

Кімнен: Сыр елі
14.12.2011 12:25
+0 / -0
"Қарыны тоқтық, киімі көптік аздырар адам баласын" дегендей, елдегі татулық пен бірлікті сақтап отырған Елбасы еңбегін біліп отырсақ да, біртуар азаматқа қалай ғана күйе жағуды қоймаймыз!!!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
13.12.2011 12:58
+0 / -0
«күні кеше билігі құлаған араб елдерінің басшыларына қарағанда Назарбаев алысты көздейтін дана, ақылды шешім жасайды» деген ойда.........

20 жыл ел басқарды, не ұшпаққа ұшырды, ілгерілеу көріп отырғанымыз жоқ, кері кетіп бара жатырмыз, салынған құрылыстарды, Астананы тағы басқаларды айтпай-ақ қойыңыздар, ол басқа әңгіме, мұнайдан, басқа қазба байлықтардан түскен қаржыға, Назарбаевтың орнында кім отырса да жасалынатын дүниелер, соның ішінде Астана құрылысын мен жалғыз дұрыс шешім болды деп есептемеймін, жаңадан экономикасын жүргізгелі жатырған мемлекетке, экономиканың қан-тамыры болып есептелетін коммуникация, автожол, теміржол,мұнай айыратын зауыт, бағы басқа экономиканы жүргізетін шаруаларды келістіріп алу керек еді. 20 жыл болды, басқа жерді білмеймін, Маңғыстау облысына автокөлікпен келіп көріңіз, жолдар құдды соғыс өтіп, бомбаланған жер сияқты. Бізге сонау елдің солтүстігіндегі Астанадан не пайда, ол бізге жол болмайды.Сонда не жасадым деп мақтана алады. Жақсы, бұл маңызды дүние, бірақ адам үшін одан да маңызды құндылықтар бар. Ол құндылықтар жөнінде біздің билік жақ ашпайды, жағы қарысып қалған. Ол адам құқығы. Ал адам құқы сақталуы үшін тәуелсіз сот керек. Міне, біздің биліктің жағы осы жерде қарысады, себебі бізде тәуелсіз сот жоқ. Назарбаев тағайындайтын соттар ,сол кісіге тәуелді. Маңғыстау мұнайшыларының 8 ай тұруы,сол соттың билік сөзін сөйлеп,көпе-көрнеу Масимовтың қол қойған құжатын негізге алмай , қайта-қайта әділетсіз шешім шығарып отырғанында. Осыдан кейін құл емеспіз деп қалай айтамыз. Осыдан кейін "Әділет" партиясының төрағасы Нәрікбаев Назарбаев досының алысты көретін даналығын қай жерімен сезді екен деп ойлап қалдым.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
13.12.2011 15:47
+0 / -0
Рас, Назарбаев алысты көздейді, алыстан аңғарады..

Бірақ қай жағынан, міне мәселе қайда жатыр?...

Сонау Кеңес заманы құрдымға кетіп болған соң-ақ ол өз билігін нықтап алып, алдымен елдің байлығын сораптап "сорудан" бастады. Ананы да алды, мынаны алды, қысқасы ана алаңдаған көзі әлі де тоймай келеді. Көрінген жерге мұрынын тығады, одан қалса қолын шеңберлеумен келеді. Қалт еткен жерден құр қалмаудың амалын жасап бағуда. Айналасына да, жанұясына да "сеуіп" қойып, қалғанын қылғытуда. Енді мұның бәрі де оған аз болып, жерді де үлестіруге шықты. Тілді қазақтың өзіне қимады, жер-жерден басқадінділерді жинады. Тілмен, басқадінділермен халықтың басын қатырып, айтыстырып қойды өзді-өзін.

Ана бір партияны басыбайлы жекелеп алды. Өткенде Ертісбаевтың есі кете өңмендеуі де тегін емес. "Егер Назарбаев партия басшылығынан арасын алшақ ұстар болса, (Ж. Тұяқбаевтың "сәлемдемесіне" орай) онда "Нұр-Отан" сөзссіз жеңіледі" дегенді бекер айтқан жоқ. Ол да, Президенттің айналасы да мұны толықтай сезініп, біліп отыр. Бұл жарияланымды Назарбаевтың соңғы тұяқ серпуі деп бағалау керек!

Кімнен: сәмет
13.12.2011 15:49
+0 / -0
Бауырларым, бұл биліктің ақыры таянып келеді бұларды жамандай жамандай коммент жазып шаршадық. Меніңше бұларға онша көп те қалған жоқ , ары кетсе бір екі жыл. Біз үшін енді билікке кім келеді және ол қалай басқарады деген сұрақ маңызды болу керек. Келесі билік осы биліктің шибөрілерінің біреуінен жасақталса онда біздің сорымыз қалыңдайды,баяғы жартас бір жартас болмақ, егер қазіргі билік еркектік жасап мен жиырма жыл осы билікті өзім де жанұям да бір адамдай ақ қызығын көрдік қой сол жетер, келесіге демократиялық әділ сайлаумен жолды босатайн деп шешіп биліктен ың шыңсыз кетіп мәрттік танытса онда өз басым бұларды кешіруге дайынмын. Ал егер дүниеқоңыздықпен бұл елді менен кейін де менің ұрпағым немесе мен қойған адамым басқарып отыру керек деп елімізді жекеменшіктеп алса онда біз осылай коммент жазған күйі отырып отырып қартаямыз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 00:09
+0 / -0
Бекер отырып қартаймақ ниетім жоқ! Бұлар өздері-ақ халықты көшеге алып шықпақшы ойлары барын білдіріп отырғанда дұрысы көшедегі саясатқа әзірден бастап, дайындала бастағанымыз жөн деген ойдамын.

Кімнен: Ұлар
13.12.2011 20:15
+0 / -0
дұрыс айтады, жарайсың Сәмет!