Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:44

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Әлібек пен Иранғайыптың айтысы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Әлібек Серғалиев пен астаналық Иранғайып Күзембаев сахнаға жетінші жұп болып шықты.

Айтыскер ақын Әлібек Серғалиев. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Сөз бастаған Иранғайып Күзембаев Дінмұхаммед Қонаевтың еңбегіне тоқталып:

 - «Қонаев» деп бір кино түсірсе екен,
Осыған лайық деп бәлкім баға.
40 минуттық кино әлі бұйырмай ма?
40 жыл ел басқарған нар тұлғаға.
40 кино түсірсе де көптік етпес,
40 қала сап кеткен тау тұлғаға, - деп жырлады.

Әлібек Серғалиев қарсыласының «Қазақстанның мақсаты - 50 елдің қатарына кіру» деген сөзіне қарсы:

 - Әй, бірақ Қазақстан даму үшін,
Мынандай жағдайларды талдау керек.
Бар ақшаны Астанаға сала бермей,
Ауылдың тіршілігін жалғау керек.
Ішіп ап мектептегі қызды өлтірген,
Майорларың кінасыз қалмау керек.
Өз жерін өзі ала алмай кезек күткен,
Өзіміздің бауырларды қорғау керек.
«Хабар»-дан «бәрі оңды» деп сипай салмай,
Жаңаөзеннің жағдайын барлау керек.
...Баяғыда уәзірлер қандай еді?
Ақыл айтып, беруші еді ханға көмек.
Ал бүгінгі билерде ел мұңы емес,
Өңештің қалыңдығы алда келеді.
Бүгін біздің қазаққа бетке айтатын,
Махамбет секілді нарлар керек.
Ақшаға сиынатын соттан гөрі,
Қазыбек би секілді шалдар керек.
Бұқардай «дат» айтатын билер керек,
Сол билерді тыңдайтын хандар керек.
Алтынбектер секілді арлан керек,
Замабектер секілді заңғар керек, - деді.

Қазылардың Әлібек Серғалиевке берген бағасымен келіспеген жұрт келесі кезектегі ақындардың айтысуына шулап мұрша бермеді. Жүрсін Ерман «халық қаласа хан түйесін сояды» деп қазылардың жоғары ұпай беруін сұрады. Бұдан соң қазылар халық қолдауына ие болған ақынның ұпайын көтерді. 

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар. 
Әлібек пен Иранғайыптың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: біржан Қайдан: Шымент
21.02.2012 16:19
+0 / -0
Ассаламу алайкум! арма Алаш халқы! Азаттық радиосынын ұжымына мың алғыс! Әлібек бауырым мен саған риза болдым! Халқты өзіңде көрдің ғой! Әділеттік ардайм жеңіп шығады! Тек сағың сынбасын! Сенің сахнанын артында бәйге шабатын аттардай тыпыршып тұра алмағаныңа таң қалдым! Суырып-салма ақын екендігің көрініп тұр!
Иранжан! Қанша құласаң да еш жерің ауырмасын!!! Сосын өз қалаларыңның атынан емес, нағыз Қазақ халқынын атынан сөз саптайтын ақындар болыңдар!!!

Кімнен: Сугир-Адай Қайдан: Мангыстау
21.02.2012 17:50
+0 / -0
Жаксы айтыс болыпты жарайсындар акындар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.02.2012 20:54
+0 / -0
jukteuge bolama?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.02.2012 21:12
+0 / -0
Құрметті оқырман! "Жүктеу" деген түймені басып, аудионы көшіріп алыңыз.

Кімнен: лиза Қайдан: актау
22.02.2012 16:31
+0 / -0
Керемет Алибек жарайсын. Урандап тур гой дауысын адамнын рухын оятып канынды тулатады нагыз халыктын намысын оятады жылагын келеди. Осындай жастар кобейп келеди. Енди Балгынбек пен Айнур кетседе болады гой. Тубинде 1ши орын осы бала алады

Кімнен: Бахри
23.02.2012 19:34
+0 / -0
Екі акында керемет айтыс жасаган. Ризамын акындар. Онерлерін ошпесін.

Кімнен: это я Қайдан: Мадрид
24.02.2012 19:09
+0 / -0
жуктей алар емеспин

Кімнен: это я Қайдан: Мадрид
14.03.2012 22:10
+0 / -0
айтыс неге жуктелмейди ким жауап береди