Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 16:48


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Бегарыс пен Әсемнің айтысы

Наурыздың 15-сі мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Айтыскерлер жекпе-жегінің алғашқы күнгі сөз сайысының аудио нұсқасын Азаттық радиосы техникалық себептерге байланысты жаза алмаған еді. Сондықтан тек наурыздың 16-сы күні өткен айтысты оқырмандар назарына ұсынбақ.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
         
Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Наурыз айтысына» биыл айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерман да шақырылыпты.

Шымкенттегі 16-сы күнгі айтыстың алғашқы жұбы болып түркістандық Бегарыс Шойбеков пен астаналық Әсем Ережеқызы сахнаға шықты.  

Айтыс басталар сәтте Жүрсін Ерман «ақындардың арыстаны» деп атаған Бегарыс Шойбеков сөз арасында туған жерін мақтап былай деген еді:

 - Қазығұрттан бастасам кеме қалған,
Нұқ пайғамбар тынысын терең алған.
Сарыағаштың суының шипасы бар,
Дертіңді жазатұғын белең алған.
Сыр бойын жайлап отыр Мақтааралым,
Шалқыған Шардараммен мақтанамын.
Тоғыз жолдың торабы боп отырған,
Арысқа алғысымды ақтарамын.
Шырайлы «Төле би» мен Түлкібасым,
Қарға аунаған түлкідей құлпырасың.
Үш жүздің басын қосқан Ордабасы,
Бөлектеу оған деген ел бағасы.
Қазақтың хандығының бесігі еді,
Созақтың несібелі кең даласы.
... Түркістанда «Тайқазан» тұрған кезде,
Қазақтың несібесі таусылмайды, - деді. Алайда ақын көктем басталған тұста бірнеше елді мекенін су басқан облыстағы төтенше ахуал жайлы сөз қозғамады.

Әсем Ережеқызы да қарсыласынан қалыспай, Оңтүстіктен шыққан белгілі  адамдарды тізіп шықты.

 - Кешегі Домалақтай әз анамыз,
Көненің бізге жеткен дастаны боп.
Төле би сөйлеп кетсе, хан тосылған,
Осындай елге жамау қарттарың көп.
Тәушендей ақын апам өтті кеше,
Өлеңін көңілімде сақтадым көп.
Өмірден ерте кеткен Бекзаттарың,
Қалады батыр ұлдың атпалы боп, - деді.
Бегарыс пен Әсемнің айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сико
02.04.2012 19:28
+0 / -0
Керемет айтыс болды.Бекарыста Асемде кайымдасып суырып салма айтыс корсетт!.Жюрилер неге бага койганда тарылды екен!

Кімнен: adaybalasi Қайдан: adaistan
08.04.2012 00:14
+0 / -0
baska kandai akindar katisti

Кімнен: шымат Қайдан: астана
21.04.2012 16:09
+0 / -0
1 кайымнын ишине канша 4 жолдык олен сидырган Бекарыс.....базар жок...

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?