Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:51

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Еркебұлан мен Дидардың айтысы

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың төртінші жұбы – астаналық Еркебұлан Қайназаров пен пен қарағандылық Дидар Қамиев. Умра қажылыққа барып қайтқан қос ақынның да көп айтқаны дін жайы болды.

Айтыскер ақын Дидар Хамиев. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
x
Айтыскер ақын Дидар Хамиев. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Дидар Қамиев әулие-әмбиелердің басына түнеуді, халықтың Түркістанды «Кіші Мекке» деп атайтынын сынап, қарсыласының оңтүстік өңірден екенін меңзеп, былай деді:

– Ереке келген жерің Түркістан ғой,
Әңгімем осы жерден бекімек пе.
Сол жерді «Кіші Мекке» дейтіндер көп,
Оны да айта кетейін осы ретте.
Кіші қажы болам деп талай қазақ,
Барып жүр алты рет пе, жеті рет пе.
Қалаңның қасиеті бар дейді ғой,
Бедеуді жіберетін декретке.
Киелі Түркістанды «шірікстан» қып,
Ұяттың қызылы тұр екі бетте.
Жақында умраға барып келдің,
Кіші қажылықты өтеудің реті кеп те.
Көзіңмен өзің көріп қайттың бе екен,
Әлемде болмайтынын екі Мекке.
Осыны жерлестеріңе түсіндіріп,
Қалаңдағы жағдайды тез ретте.
«Түркістан – кіші Мекке» деген сөздің,
Жоқ екенін не Құран, не сүннетте.
Кіші қажы болмайтының Түркістанда,
Қысы-жазы тұрсаң да өшіретте.
Адамның адасуы бір-ақ сәтте,
Иман кәміл болмаса көкіректе.

Түбі Түркістаннан шыққан, бұл күнде Астананың атынан айтысқа түсіп жүрген Еркебұлан Қайназаров та Мекке мен Түркістанды «салыстырып»,
Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
екеуінің «ауа райы ғана ұқсайтынын» айтты:

– Бұл Мекке – мұсылмандар құштар мекен,
Түркістан – түркі қастер тұтқан мекен.
Екеуін салыстырып мен айтайын,
Ел алдырында жасырынып, бұқпай бекем.
Меккедегі адамдар намаз оқып,
Жер бетінде ораза ұстайды екен.
Біз құсап ақ шүберек байлап алып,
Аққу мен сұнқар боп ұшпайды екен.
Қағбаның қабырғасын айналғанмен,
Біз құсап қабірлерді құшпайды екен.
Ол жақтың адамдары бар тілекті,
Бір Алладан сұрауды нықтайды екен.
Біз құсап тілегімді орында деп,
Өліп кеткен атасын қыспайды екен.
Олардың ішетіні зәмзәм ғана,
Шөлдесе де сол судан ұрттайды екен.
Біз құсап анда-санда болады деп,
Нолевка сыралардан жұтпайды екен.
Отыз бес-қырық градус аптаптарда,
Құлшылық қып Қағбадан шықпайды екен.
Қысқасы, Мекке менен Түркістанның
Сол ауа райы ғана ұқсайды екен, – деді.

Ақындар «Сауд Арабиясы мен Қазақстанда ғана мұсылмандар басқа жұртқа үлгі етуге татитындай тұрмыс кешіп жатқанын» да айтып өтуді ұмытқан жоқ.

Айтысты бастаған – Еркебұлан Қайназаров.

Еркебұлан мен Дидардың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Nazerke Қайдан: ESIK
13.05.2011 19:57
+0 / -0
Jandarbek Bulgakovtyn aitystar jinagy barma baska aitystardy kaidan aluga bolady.Amanjol aganyn aitytaryn anam jaksy koredi berulerinizdi suraimyn.

Кімнен: aitiskumar Қайдан: ozelim
13.05.2011 20:50
+0 / -0
amanjol agannin aitistari kabar arnasindagi arkivte kaz kalpinda tolip tur. al jandarbektiki sonin koks sandiginda

Кімнен: Макаш Қайдан: Орал
14.05.2011 01:48
+0 / -0
Ak jaiyktyn tulpary Mels agamyzdy Aibek Kalievty Rinat Zaiytovty Jandarbek Bulgakovty xabar arnasy kokyska laktyra salady Olarga Amanjol siyakty bilikti maktagwtar gana kerek

Кімнен: Мамытбек Қайдан: Туркистан
14.05.2011 02:03
+0 / -0
Aubek Mels Rinat Zhandarbek suakty ahundarga ewkawan habap arnasynan oryn jok Amanjol suiaktu jagumpaz bolsan gana arxibte saktalaun degenmen haluk juirikterdu tanudu alga waiurlar!!!!!!!!!!!!!1

Кімнен: arman Қайдан: almati
14.05.2011 14:17
+0 / -0
didar ak tirna jaili jaksi aittin. baska molda taptin ba deseiwi

Кімнен: Магжан Қайдан: АСТАНА
15.05.2011 10:28
+0 / -0
Дидар жаксы акын!!!!Нагыз суырып салма акындардын бірі!!!ЖАРАЙСЫН ДИДАР!!!!

Кімнен: Арман Қайдан: Атырау
15.05.2011 21:51
+0 / -0
Жуырда Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында руханиятқа шөліркеген жұртымыз төл өнеріміз – айтыспен қауышты. Бірақ түс мезгілінен кешкі сегізге дейін созылған айтыс діни уағыз бен «көсемдерге» ода сипатында өрбіді. Айтысты ұйымдастырушы «Жас Отан» деген аты ғана, әйтпесе «той иесі» басқалар екені анық көрініп тұрды. Бұл жолғы айтыстың қамқорлары ретінде Қайрат Сатыбалды, Бекболат тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков тәрізді «дін көсемдері» төрден орын алды. Ақиқатты тіліп айтуға тиіс айтыскерлер кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатын қолбалаға айналғанға ұқсайды. Қажылық парыздарын өтеген ақындар арасындағы төрт масһабтың тұтастығын көксеген «Төртеу түгел болса...» атты тақырыппен өткен айтыстан көзі қарақты жұрттың көңілі қалды. Бұлай дейтін себебіміз – айтыстың бірінші бөлімінде малтасын езіп отырған ақындарға көрермендер арасынан ескерту-хат түскен болатын: «Діннен басқа қазақта мәселе жоқ па?» деген тұрғыда. Бірақ оны елеп-ескерген есті жан бой көрсетпеді. «Асыл арна» теледидары ұстанымындағы діни ағым ақындардың аузын майлап, саналарын байлап алғаны анық байқалды. Қазақтың тағдырынан қажылық пен қаражат қымбат екені әр ақынның сөзі мен жүзінен көрініп тұрды. Әлгі төрде отырған «көсемдерге» кім жақсы жағынып қалса, соның асығы алшысынан түсерін іштері сезеді, бәлем... Өйткені бас жүлдеге екі милллион теңге тігілген. Одан кейінгі орындарға да аз қаражат қарастырылмаған (І орынға 1,5 миллион теңге тігілген). Бұл қайдан келген батпан құйрық екенін бір құдай біледі? Әлде жоғары жақтан уағыз сипатындағы айтыстан қомақты ақша белгілеу жөнінде бұйрық бола ма? Қысқасы, айтысқа қатысушы Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Тоба Өтепбаев, Айбек Ережепов, Сырым Әуесқан, Төреғали Төрәлі, Дидар Қалиев, Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев, Жандарбек Бұлғақов, Қуаныш Шарманов, Біржан Байуов, Нұрмат мансұров, Мақсат Аханов,Асылан Ғафуров, Мейіржан Әлібеков, Нұрлан Мұсаев, Былғынбек Имашев – бәрі-бәрі қомақты сый-сияпаттан құр қалмады. Шыншылдықты ту еткен Ринат Зайытовтың ақтық сынға жетпей сүрінгені түсініксіз болды. Әлде «Құнанбайдың мешітін көрмесем де, Меккедегі Қайрекеңнің жерін көрдік», - дегені баз біреулерге ұнамай қалды ма екен (Қайрекең дегені – Қайрат Сатыбалды. – Ред.)? Сақал қою, хиджаб кию, намаз оқу, құдайға серік қосу тәрізді әңгімелер айтыстың өн бойынан көрініс тауып отырды. Әсіресе ата-баба дәстүрін жоққа шығару айрықша белең алды. Айтыскер Дидар Қалиев бірде «Түркістан - шірікстан» деп соқса, келесі бірде аруақтарға тіл тигізіп, өз ата-бабаларына тісін батырып, қарсыласы айтқандай, «ауызға сыймайтын» сөздер айтты. Ақындар құдды туристік агенттіктердегідей қажылықты «жұмаққа жолдама», «жұмаққа кіретін грант» деп асыра мақтап жатты. Кезінде адал маңдай терімен, өз бала-шағасының ғана емес, халқының, рулы елінің жағдайын жасап барып қана қажылыққа баратын қазақтың ғұрпын бұлар ұмытқан тәрізді. Әйтпесе қайдан келгені белгісіз (бәлкім, ұлттың көз жасынан жиналған арам ақша) қаражатпен Меккеге барып келе салып, елдің алдына шығып уағыз айту – санаға сыйымсыз. Ұлттың киімін киіп алып, домбырасын ұстап, төл өнерін алға тарта отырып, қазақтың өзіне шабуыл жасау деп түсінген жөн шығар мұны.Айтса да, бұл айтыстың қанын сорып, қаңқасын бергендей әсер қалдырды. Бір кездері ашық түрде музыканы харамға балаған Мұхамеджан Тазабеков, Бекболат Тілеухандар неліктен ет жүректері елжіреп, айтыстың маңынан табыла қалды екен? Әлде бұл халықты баурап, өз ағымдарының жетегіне ергізудің бір айласы ма? Қысқасы, бұл айтыс ұлттық өнердің абыройына нұқсан келтіргені анық. Еліміздегі діни ағымдардан хабары жоқ жастардың санасына дұрыс емес көзқарастарды сыналап сіңіруге ұмтылғаны тағы бар. Айтыстың бұл қадамы қазаққа жасалған қастандық сияқты көрінді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2011 20:55
+0 / -0
«Қабірлердегі біреулерге сен (сөз) естірте алмайсың» (Фатыр сүресі: 22-аят).

«(Әй, Аллаһ) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз» (Фатиха сүресі: 5-аят).

«Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Аллаһтан өзге бір дос та, қолдаушы (шапағатшы) да жоқ. Олардың сақсынулары керек» (Әнъам сүресі: 51-аят).

Аллаһ Тағала айтады: «Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың» (Жүніс сүресі: 106-аят).


Айша (р.ғ.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) өмірден өтер алдында өзіне өлім белгілері келе бастаған кезде бүркеулі бетін ашып: «Пайғамбарларының қабірлерін құлшылық жасайтын жайға (храмға) айналдырып алған яһудилер мен христиандарға Аллаһтың лағынеті болсын!» деп, бетін қайтадан жауып алған екен. (Бұхари, Мүслим).


Ибн Мәсъуд (р.ғ.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) мына сөздерін естігенін баяндайды: «Адамдардың ең жамандары қиямет жақындаған кезде тіршілік етіп, қабірлерді сыйынатын орындар етіп алатындар».


Ол жөнінде Жәбирдің (р.ғ.) былай дегені риуаят етіледі:
Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) қабірді сырлауға, үстіне отыруға, кесене тұрғызуға, (топырағын) биік етіп көтеруге және оған бір нәрсе жазуға тыйым салды» (Мүслим, Әбу Дәуд, Нәсәи,
Пікір алмасу

Кімнен: Алмат Қайдан: Алматы
17.05.2011 17:42
+0 / -0
Арман! Атырау!
Айтыс тамаша өтті! Неменесіне тісіңді қайрап, қызғанып отырсың? Ә?

Кімнен: Қақе Қайдан: Жаңаөзен
16.05.2011 04:04
+0 / -0
Ақындар айтысында Ринат өз орнын тапты. жарайсың бауырым сені бүкіл қазақ қолдайды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2011 21:16
+0 / -0
Еркебұлан Қайназаров та мықты ақын екен!!!!

Кімнен: АБАЙ Қайдан: ЖАНАУЗЕН
21.05.2011 00:11
+0 / -0
Дидар жарайсын айтысына ризамыз Еркебулан саганда коп коп рахмет екеуинеде АЛЛА разы болсын

Кімнен: kazak Қайдан: karagandy
21.05.2011 19:55
+0 / -0
erkebulan degem jenipti