Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:05

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Айбек пен Дидар

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл айтыста сахнаға бесінші жұп болып торғайлық Айбек Қалиев пен қарағандылық Дидар Қамиев пен  шықты.

Ақындар сахнаға шығар алдында айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман:

– Ақындарды қақпайлағаныңмен ақиқатты айтудан тартынбайды. Жалпы, айтыс дегеннің өзі – оппозициялық өнер. Елдің жоғын жоқтап, ақиқатты тіліп айтпаса, айтыстың қасиеті кетіп қалады. Біздің айтқыш ақындарымыз бар. Соның бірі – қатты айтам деп, бізден қағажу көріп жүрген Айбек Қалиев, – деп алдын-ала «ақталды».
Дидар Қамиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Қарсыласы Дидар Қамиевтің «Атақты Қалиевті шаң қаптырып, өзгеріс ​​енгізейін тарихқа» деген сөзін ілік еткен, «қатты айтам деп, қағажу көріп жүрген» Айбек Қалиев:

– Тарихты өзгерткіштер, сенсіз де көп,
Өгізін өрге салған жұрттарың бар.
Қазақстан тарихын 91-ден,
Бастағысы кеп жүрген мұрттарың бар.
Екі ауыз сөз сөйлеген бабалардан
Би шығарып, шындықтан сырттадыңдар.
Ауыл-үйдің тентегінен кітап жазып,
Қолдан батыр жасаған сырттаның бар.
Алладан айнымаған Абайды да,
«Буддист» деп шатып жүрген қырттарың бар.
Қазақтың тарихына қиянат қып,
Қай сайтанның зәрінен ұрттадыңдар, – деді.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының тікелей эфирінен де тыңдай аласыздар.

Айбек Қалиев пен Дидар Қамиевтің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ Қайдан: Орталық Қазақстан
14.10.2011 14:56
+0 / -0
Сіздер Ақтауда Қашағанның 170 жылдығына орай өткізілген айтысты жариялайсызба? Жане де сіздерде Астананың туған күніне орай өткізілген айтыс жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: казах Қайдан: орталык казахстан
21.10.2011 14:26
+0 / -0
Админ сендер койган суракка жауап бермейсиндерме?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.10.2011 15:02
+0 / -0
Құрметті казах!
Өкінішке қарай, Ақтауда Қашағанның 170 жылдығына орай өткізілген айтыс та, Астана күніне орай өткізілген айтыс та жоқ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.10.2011 17:30
+1 / -0
Айбектей ақыны бар халық өлмек емес!

Кімнен: маңғыстау
14.10.2011 23:30
+0 / -1
Бекболаттың астындағы ақындарма????уахаха

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.10.2011 23:34
+0 / -0
Дидар адам болмайды ТҮРКІСТАН-ШІРКІСТАН деп журген адамго,нағыз салафит
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2011 22:10
+0 / -0
Туркистанды ширикстан дейтин Кикымдарга Карасартовтар керек, Каракесек дейди, Каракесектен, Казыбектерден садака кеткир. сол аталарын Туркистанда жаткан жок па?

Кімнен: Миялы Қайдан: Қызылқоға
15.10.2011 09:57
+0 / -0
Қазақта Айбек өткір қылыш сияқты, шындықты жарып айтар ақын санаулы. Тек өнерің өрге бассын Айбек ақын.......

Кімнен: Arujan Қайдан: almaty
15.10.2011 13:09
+0 / -0
Айбектин айтысын корсем ишим пысыыыып кетеди зарланыыып кашан корсен жылап отырады жаным ашиды кейде

Кімнен: Nayman Qarakerey Қайдан: Almaty
15.10.2011 13:19
+0 / -0
Айбек -нағыз ақын,Айбек,алған бетіңнен қайтпа,артыңда қалың елің қазағың тұр. Айбектей қазақтан түмені болса,біздің тағдырымыз басқаша болған болар еді,,,,,

Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
15.10.2011 14:35
+0 / -0
Дидар мыкты акын!Бул айтыста женісті Дидарга беру керек еді!Жарайсын Дидар !Алла разы болсын саган!!!

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
15.10.2011 14:51
+0 / -0
Сонау 90-шы жылдардың аяғында әкем айтып отырушы еді; Айбек сауатты, жақсы ақын екен деп. Аман болыңыз Айбек аға!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.10.2011 15:16
+0 / -0
Қазақта мақал бар ғой "боқ жемесе иттің басы ауырады деген" бұл сірә ,"маңғыстау" деген атпен шығып отырған қонақ сияқтыларға айтылса керек....?

Кімнен: маңғыстау
15.10.2011 17:32
+0 / -0
менің айтқаным отірік емеско,Бекболат мактаулыққа туратын адам емеско,аферистко
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Шүлден Қайдан: Астана
16.10.2011 01:31
+0 / -0
при чем тут Бекболат? Мұнда айтыс қой.

Кімнен: гулнур Қайдан: актау
15.10.2011 20:49
+0 / -0
актауда жакында болган айтысты корсетиндерши отинем

Кімнен: Жанар Қайдан: Алматы
17.10.2011 17:19
+0 / -0
Айбек ақын - нағыз ақиқаттың ақ дауылын соқтыратын ақын. Жарайсың, қазақтың маңдайына біткен ақын ұлы. Қазақтың ұлтшыл қыздары, сіздің қарындастарыңыз. Біз сізді қолдаймыз, бар болыңыз. Айтысқа қатысып жүріңізші үнемі.

Кімнен: Жанар Есімсеріқызы Қайдан: Астана
17.10.2011 17:54
+0 / -0
Айбек арқалы ақын. Ол Ахмет пен Міржақыптың сынығы. Айбекке аллам жаңылмас жақ берсін. Әркез тіліне орамды да, мәнерлі сөз салсын!!!

Кімнен: Онгар Қайдан: Баканас
18.10.2011 17:49
+0 / -0
Ринат Жандарбек Айбек Айнур Сара сынды акындар елдин айызын кандырады.Тек кана саттилик тилеймин

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: ЖАНАОЗЕН
25.10.2011 13:50
+0 / -0
акындар шындыкты гана айтсын бiра шындык тек жамандаудан турмайды онын iшiнде нагыз ерлердин ерлигиде барго

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: Жанаозен
25.10.2011 23:35
+0 / -0
Дидар менiнше Айбектi таза жендi