Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Мейірбек пен Бекарыс


Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-інде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Айтыстың алғашқы жұбы – қызылордалық Мейірбек Солтанхан мен түркістандық Бекарыс Шойбеков.

Шілде айында Астана күніне арналған айтыста көзге түсіп, бірінші орынды алған Мейірбек Солтанхан – Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының тумасы. Биыл Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші курс студенті атанды.

Сөз сайысын бастаған Мейірбек: Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.



– Ойым жоқ Бекарысқа бөтен менің,
Қалаймын еңбегіңнің өтелгенін.
Патшамыз Түркістанға барып қайтты,
Көктемде ертіп алып нөкерлерін.
Патшаға арнау айтып, көрініпті
Қызметіңді кранмен көтергенің.
Көзі қысық болса да, өзі пысық,
Аман бол көтерілгіш көкем менің.
Екі жылда директор болып алып,
«Еліме қызметті етем» дедің.
Қайта айтыс ашылып аман қапсың,
Бұдан да биіктерге жетер ме едің.
Он жылға айтыс мынау тоқтап қалса,
Облысқа әкім болып кетер ме едің, – деп қарсыласының президент Назарбаевтың алдында мақтау айтқанын тілге тиек етсе, енді бірде:

– Қазағым, айрылмасаң ар-ибаңнан,
Арманың күліп шығар, әрине, алдан.
«А» дегенің ана тіл емес пе еді,
Бірақ оның түрі жоқ дами қалған.
Қасиетті Асан мен Үсен тілі
Қорлық көріп келеді әр Иваннан.
Ағылшынды міндет қып артып қойған,
Қайран билік, айналдым қағидаңнан.
Көкелер «қазақ тілі көркейеді» деп,
Көлгірсіп сөйлегенде бәрі иланған.
Бірақ та жиырма жылда ана тілдің,
Жақсарып жағдайы жоқ, жари қалған.
Кезінде жарылыстың салдарынан,
Екі басты туылған сәби болған.
Екі иыққа екі бас бітіп жатса,
Полигонның зардабы деп сан ұйғарған.
Бір ауызға үш тілді салып берген,
Парламент қиын боп тұр полигоннан, – деп тіл мәселесін сөз етті.

Мейірбек пен Бекарыстың айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG