Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 17:26


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Мұхтар мен Айсәуленің айтысы

Наурыздың 15-і мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Алғашқы күнгі сөз сайысының аудио нұсқасын Азаттық радиосы техникалық себептерге байланысты жаза алмаған еді. Сондықтан тек наурыздың 16-сы күні өткен айтысты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Айсәуле Бейсенхан, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.
Айсәуле Бейсенхан, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

        
Айтыстың екінші күні сахнаға екінші жұп болып қызылордалық Мұхтар Ниязов пен алматылық Айсәуле Бейсенхан шықты. 

Осы уақытқа дейін облыстық және қалалық айтыстарда ғана көрініп жүрген Айсәуле Бейсенхан бірде «Шет елдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздардың басын кесіп, талға іліп қойғым келеді» десе, енді бірде «Ақтау түрмесінен қашып шыққан уахаббист емессің бе?» деп, Мұхтар Ниязовтың сақалын сөз етті. Ол Жаңаөзен тақырыбына да тоқталды.

 - Қытай десем Батысым еске түсіп,
Көңілім көп нәрсеге алаң екен.
Адайдай рухы асқақ ел де,
Дәрменсіздік танытып қалады екен.
Күрекшісі ырза боп бес тиынға,
Күзетшісі миллиондап алады екен.
Өз ырысы өзіне бұйырмаған,
Әлемде ең момақан қазақ екен,
Аңқаулығы сонда да мазақ екен, - деді Айсәуле Бейсенхан.

Қарсыласының бұл сөзін қостаған Мұхтар Ниязов былай деді:

 - Айтасың кеп жағдайын Жаңаөзеннің,
Бұл өзі қазір ғана піскен еді.
Ақ-қараны ажыратып айырмасаң,
Әрине, күзден кейін қыс келеді.
Бірақ та біздің халық - аңқау халық,
Алтын болып шығатын мыс дегені.
Астыңдағы қара алтын - байлығыңды,
Көрінген көртышқан кеп тістеледі.
Қазақтың қай кезде де, білеміз ғой,
Келімсегі төрінде түстенеді.
Ал өзі босағада жатып алып,
Бостандық жайлы қызық түс көреді, - деді.

Мұхтар мен Айсәуленің айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--

 
Айтыстың радио нұсқасын келесі аптадан бастап әр сейсенбіде, сағат 19.30-20.00 аралығында, Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сико Қайдан: Актобе
03.04.2012 16:12
+0 / -0
Бул айтыста Мухтар бауырым Айсауледен басым болды.Мухтар бауырым мын жаса!Казактын 1 туар улдарыннын б!р!с!н.Казылар саган бал койганда ад!л койса екен,баганды томендетпей!

Кімнен: Самат Отегенов Қайдан: Маңғыстау
03.04.2012 19:41
+0 / -0
Біз Қазақпыз біз аңқау емеспіз айтыскерлер! не болды сонша аңқау аңқау деп өзіңді кемсітіп жатсыңғой, бізде аңқау бар болса ол билік басындағы Нұррик және жағымпаз жантықтары

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?