Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 01:06


ӘЛЕУМЕТ

«Полициямен атысқандардың» ісін кім тексеріп жатқаны белгісіз

Атыс болған маңда жүрген полицейлер. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Атыс болған маңда жүрген полицейлер. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Ақтөбедегі атыстан кейін іле-шала Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «оқиғаның діни экстремизмге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын» айтты.

Бірақ Ақтөбедегі құқық қорғау және қауіпсіздік органдары бұл іспен қай органның айналысып жатқанын төрт күннен бері айтпай отыр.

Облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев:

- Бұл іспен спецпрокуратура айналысып жатыр. Біздің құзырымызда емес, - деп жауап берді.

Ал Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Ләйлә Тәжина:

- Прокуратура - қадағалаушы орган. Бұл іс ІІД құзырында. Бізде производствода жоқ, - деді. 

«ЖОЛМЫРЗАНЫ ДІНГЕ БОЛА ӘСКЕРГЕ АЛМАПТЫ»

Маусымның 23-і күні Ақтөбе қаласы Краснощеков көшесіндегі 46-үй маңында «полицияға қарулы қарсылық көрсетті» деп сипатталған үш жігіт пен полиция атысқан еді. Үш жігіттің екеуі (1991 жылы туған Жолмырза Бекбауов, 1989 жылы туған Ерназар Мырзағали) сол жерде көз жұмып, біреуі (1994 жылы туған Ғабит Құрманқұл) тірі қалған.

Маусымның 26-сы күні Жолмырза Бекбауовты туыстары жер қойнына тапсырды. 
Жолмырза Бекбауовқа іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.Жолмырза Бекбауовқа іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
x
Жолмырза Бекбауовқа іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
Жолмырза Бекбауовқа іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
Марқұмның сүйегі Ақтөбе қаласындағы Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан жатақханадан шығарылды. Көршілерінің  айтуынша, қоштасуға «200-ге жуық сақалды адам» жиналған. 

Жерлеу рәсімінде болған «Стан ТВ» арнасының тілшісі Дәнеш Байболат: 

 - Жолмырза Бекбауовтың сүйегін моргтан кеше берді. Жатақханада тұрады екен. Жолмырзаның ауыраяқ әйелі бар екен. Бірақ оны көрген жоқпыз. Ағасымен сөйлестік. Далада бір топ адам отырды. Бәрі - сақал қойған, қысқа балақ. Олар Жолмырзаның жаназасына келіпті. Сүйекті үйге кіргізген жоқ. Бірден сол жерде жинала қалып, шамасы екі жүз қаралы адам, бәрі сақалды, 5-10 минуттың төңірегінде, тез жаназасын шығарып, сүйекті алып кетті. Бізбен сөйлескендері «Жолмырзамен жақсы араласқанбыз. Жақсы жігіт, бәріміздің бауырымыз» деді, - дейді.

Дәнеш Байболаттың айтуынша, Жолмырза Бекбауовты дінге қатысы болғаны үшін Қазақстан қарулы күштерінің қатарына алмай қойған.  

 - Жолмырзаны кезінде армия қатарына алмай қойыпты. Ағасына жақсы бір танысы әскерге оны не үшін алмай қойған себептерін айтып берген. Оны әскер қатарына дінге бет бұрып, сақал қойғаны үшін алмапты. Әскер қатарына барғаннан кейін басқа балаларды да бүлдіруі мүмкін деген қауіппен әскерге алмаған екен, - дейді журналист.  

«ЕРНАЗАР ҚАРЖЫ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ОҚУЫН ТАСТАДЫ»

Ал марқұм Ерназар Мырзағалидың анасы маусымның 24-і күні телефонмен берген сұхбатында «Балам қаржы тапшылығынан «Дүниедегі» оқуын тастап кетті» деген еді.

«Дүние» университетіндегі оқу бөлімінің қызметкері Әлия Інжілова Қарауылкелді 
Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
x
Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
Ерназар Мырзағалиға іздеу жариялаған қағаз. Ақтөбе, 23 маусым 2012 жыл.
ауылының тұрғыны Ерназар Мырзағалидың 2006-2008 жылдар аралығында осы университетте білім алғанын растады. Ол мұнай-газ ісі факультетінде оқыған. Алғашқы жылы оқу ақысы - 130 мың теңге, екінші жылы 135 мың теңге болыпты.

Маусымның 23-і күнгі атыс кезінде жарақат алған екі полицей мен бір күдікті қазір Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында ем алып жатыр. Осы аурухананың бас дәрігері Сәубет Келімбердиевтің айтуынша, үшеуінің де жағдайлары жаман емес.

– Басқа ештеңе айта алмаймын. Қалған ақпаратты полициядан алыңдар, – деді Сәубет Келімбердиев.

«АТЫС МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНДЕ БОЛДЫ»

Маусымның 23-і күні үш күдікті бой тасалап, полицияға қарулы қарсылық көрсеткен  ғимаратты ішкі істер бөлімінің екі адамы бар автопатрулі дүйсенбі күні де күзетіп тұрды.

– Бізге бұл жерге журналистер тұрмақ ғимарат иелерін де өткізуге тыйым салынған, – деді аты-жөнін атамауды жөн көрген полиция қызметкері.
Полициямен қарулы қақтығыс болған Краснощеков көшесіндегі №46 үй. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.Полициямен қарулы қақтығыс болған Краснощеков көшесіндегі №46 үй. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.
x
Полициямен қарулы қақтығыс болған Краснощеков көшесіндегі №46 үй. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.
Полициямен қарулы қақтығыс болған Краснощеков көшесіндегі №46 үй. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.

Краснощеков көшесіндегі атыс болған № 46 үйдің теміржолға арқасын беріп тұрған ауласында металл қабылдайтын пункт, ұстахана, т.б. өндірістік цехтар бар.

Сол маңдағы Еңбекші көшесінің тұрғыны Валера «Атыс металл қабылдайтын пунктта болды» дейді. Оның айтуынша, сол күні түс әлетінде арнайы жасақ сарбаздары келіп, отбасын қауіпсіз аймаққа көшіре бастаған.

 – Алдымен полицейлер металл қабылдайтын пункттің біздің ауламызға қарайтын терезесіне граната ма, дымовая шашка ма бірдеңені лақтырып жіберді. Қою түтінді көрдім. Полицейлер содан кейін ғана отбасымды далаға алып шықты, – дейді ол.

Валера күшті жарылыстарды естігенін де айтты. «Балалар қатты қорқып, сойған торайша шыңғырды» дейді ол балабақша жасындағы үш жиенін көрсетіп.

«ҚЫДЫР АТА» ЖӘНЕ «ӘРУАҚТЫҢ ҚҰДІРЕТІ»

Жергілікті жұрт «Қыдыр ата» деп атайтын емші Жанарыс Еңсепов те – Еңбекші көшесінің тұрғыны. Ем алуға келген жұртты да өз үйінде қабылдайды. Маусымның 23-і күні ақпарат агенттіктерінің бірі «Қарулы топ бірнеше адамды кепілдікке алған. Олардың қатарында емші Қыдыр ата да бар» деген ақпарат таратқан еді. 
"Қыдыр атадан" ем алмақшы болып, кезек күтіп отырған адамдар. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл."Қыдыр атадан" ем алмақшы болып, кезек күтіп отырған адамдар. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.
x
"Қыдыр атадан" ем алмақшы болып, кезек күтіп отырған адамдар. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.
"Қыдыр атадан" ем алмақшы болып, кезек күтіп отырған адамдар. Ақтөбе, 25 маусым 2012 жыл.

 – Қыдыр ата – дін-аман. Әдеттегідей ем жүргізіп жатыр, – деді өзін «Арманмын» деп таныстырған жас жігіт. 

Ол Азаттық тілшісін емшіге өткізбей қойды.

Аты-жөнін атамауды жөн санаған тағы бір емделуші «қарулы үш жігіт металл қабылдайтын пункттен бұрын Қыдыр атаның үйіне кіріп келген» деді.

Ал «Қыдыр ата» аталып кеткен Жанарыс Еңсеповтің «шапағатын көріп, ішімдікті қойып кеткен» жас жігіт: 

 – Жұрт дүрлігіп кетті. Сол сәтте олар (үш жігіт) емшіге кіре алмай, келген беттерімен кері қашты. Соңдарынан полиция қуып келе жатса керек. Ентігіп тұрды. Олар басқа бір жерде болса, адамдарға зардабын тигізер еді. Ол жігіттерді тоқтатып, кері қайтарған – әруақтың құдыреті, – деді.

Бұл мақала Азаттық тілшісі Нұртай Лақанның қатысуымен әзірленді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алшын
27.06.2012 18:22
+0 / -0
Осы сақалды жігіттердің мақсаттары қандай? Билікке, қоғамға, саясатқа көзқарастары қандай? Қалай өмір сүріп жатыр, жұмыс істейді ма, күнкөріс ақшаны қалай табады? Неликтен қаруды пайдаланады? Арамызда жүрген марсияндар сияқты. Болмаса бұлар дінді жамылып жүрген ұйымдасқан қылмыс топтар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: білгіш
27.06.2012 20:24
+0 / -0
Назарбаев "араб көктемінен" қатты қорқады. сосын ол мұсылмандардың басына әңгір таяқ ойнату үстінде. "Қорыққан бірінші жұдырықтайды" деп қазақ бекер айтпаса керек.

ал сақалға келетін болсақ, одан қорқатын ештеңе жоқ. Ол сақал, Абай мен Ыбырайдан, Бұхар мен Абылайдан қалған сақал.
Ердің көркі сақал,
сөздің көркі мақал
деген халықтың ұрпағымыз
Пікір алмасу

Кімнен: Алшын
27.06.2012 22:05
+0 / -0
Түсінбегесін сұрап жатырмын, қазақтардың бір-бірін қырып жатқанына жаным аурады. Өзімнің інілерім де намаз оқиды, бірақ аналардың іс-әрекеттерін түсінбедім. Сірә, бұны тек дін жағдайын білетін адамдар айталатын шығар.
Жас буын елдің дамуына қатысу керек еді, ал олар қатардан шығып кетіп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: тарғыл
27.06.2012 23:31
+0 / -0
Абай мен ыбырайдай сақал қою мен бұлардың сақал қоюы ұқсамайды, әсылы сақал парыз деп емес, ''сақал шықса сауап '', ''сақалды таза ретті қою '' деп жазылған екен .және бұл мұртты қырып тастап, сақал ғана қою дегендік емес .өйткені қазақтың жасы үлкендері, ақсақалдары ғана мұрт сақал шықса, мұрт сақалын екі бетіне қаптатпай қысқартып ретті қойған. Жастар жасы үлкендерден асырып ұзын қалың сақал қоймаған. Барлығы мәзхәп білместіктен .
Пікір алмасу

Кімнен: Darhan
28.06.2012 14:15
+0 / -0
Alwyn. Bul adamdar! oi pikirleri,jurek sezimderi, sana sezimi, bilim dengeyi. dindi jamilip otirip jalgan akparattarmen nemese adam psihologiyasin kajetti darejede programmalau arkili ozderinin pasyk pigildarin iske asyru uwin koldanatin uiymdardin kurbandari.
Пікір алмасу

Кімнен: Turar Қайдан: Almaty
29.06.2012 12:38
+0 / -0
саламалейкум Алшын. койып отырган сурактарын орынды. сакалдылардын басты максаттары Қазақстан жерінде уахабилік идеологияны таратып жатыр. уахабилік ағым ХҮІІ ғасырда пайда болған ислам ішіндегі ағым. негізін қалаған адам Мухаммед ибн Абдул-Уаххаб ибн Сүлеймен Сауд Аравия елі, Недж ауданы, Рияз қаласы маңындағы Уяайна ауылында дүниеге келген. олардың іліміне сәйкес барлық жаңашылдықты және исламдағы ұлттық ерекшеліктерді түбегейлі жоққа шығарады. Қазіргі заманғы көптеген адамдар үшін уахабилердің «таза ислам» идеясы тартымды көрінетіндігін ескерте кеткен жөн. Өйткені ол көптеген наным-сенімнен, архайкалық дағдыдан, ғұрыптан бас тартуға шақырады. Бұдан бөлек, ондай қауымға кірген адам ешқандай қиындықсыз әрі еңбектенбей-ақ формалды түрде өзін басқалардан жоғары тұрмын деп санауға мүмкіндік алады, себебі ол өз сенімінің ең дұрыс екендігіне бек сенімді.Уахабилер мұсылман өз пайымдауында Құран мен Хадистегі нақты түсініктерге сүйенуі керек және оларды түсіну үшін ақыл-ой дәлелі мен логика әдістерін пайдаланбауы қажет деп санайды. Қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, мәселен, ата-бабаға құран бағыштау олардың көзқарасы бойынша пұтқа табынушылық болып саналады, осыған сәйкес оған шектеу қойылып, жадыдан мәңгілікке өшірілуі тиіс. Шындығында олардың «таза исламға» шақыруы – мұсылмандарға ешкім тексермеген, ештеңемен дәлелденбеген Құран мәтіндерінің түсінігін телуге ниеттену болып табылады. Уахабилер Құранның нақты түсініктерінің қажеттілігі туралы айта келе бірден тиімді жағына ұмтылады, әрі қасиетті мәтіндерді өздерінің пайымынша түсіндіруге тырысып бағады. Бұл түсіндіруге кез келген қарсылықты олар Құранмен келіспеу деп бағалайды. Яғни, өздерімен ымыраға келмеген адамды іс жүзінде дінсіз деп санайды. бір ескертетін сакалдылардын баріде уахабилер емес. біздің дәстүрлі Абу Ханифа мазхабын ұстанатын жігіттерде сақал қояды. сондықтан барлығын уахаби деп санау қателік болар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Алшын
29.06.2012 13:51
+0 / -0
Рахмет, Тұрар. Қазақтың дәстүрлі діні елдің әдет-ғұрыптарымен сәкес болғандықтан қалың қазақ елі оны қабылдаған. Ал аналардың діні адамның сана-сезімін өлтіріп, мал қылып жіберетін болғаны. Сұмдық!
Ал бұнымен қалай күресеміз, оларды қалай суырып аламыз? Уланып кетті ғой! Күш көрсеткен пайда бермейді, олар қарсылық білідіріп, шейіт болып жатыр. Керісінше полиция елді өзіне қарсы койып алады, өйткені олар қазақ, олардың ата-анасы, туыстары бар. Орыстарда мақал бар "клин клином вышибают". Сауатты дін мамандары араласу керек.

Кімнен: Ленин Қайдан: мавзолей
27.06.2012 18:39
+0 / -0
Барлық елдердің сақалдылары бірігіңдер!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Darhan
28.06.2012 14:23
+0 / -0
Ou Lenin myrza!!! Sakaldilardi biriktirip arkan tokyisynba?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.06.2012 19:16
+0 / -0
қазақстаннын полисайлары сияқтыда тек мылтық ала жугіретін
қыдырата аруағын алақ жұлаққа да көрсетпейме екен бүлікшінің көкесі сол ғой

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
27.06.2012 19:19
+0 / -0
Әттең, Ақтөбеде емеспін, әйткенде "сақалдылармен" (мен өзім сақалсыз болсамда) бірге барып биліктің жендеттерінің қолынан қаза болған ҚАЗАҚ бауырымның жаназасының ішінде бірге болатын едім , оның аруағына бағыштап құран оқыған болар едім.
Пікір алмасу

Кімнен: Darhan
28.06.2012 14:19
+0 / -0
Aty jonderi belgili. Auylynda otyrypta Kuran okip sauabin bagiwtauyna ew kedergi jok bauyrym!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.06.2012 21:25
+2 / -0
Қазақтың санасын көтермей, мұндай надандық жалғаса береді. Мына қу билікке қазақтың санасының төмен, надан болғаны тиімді болып тұр ғой. Сана біліммен көтеріледі. Ал, қазақстанда білім беру жүйесі әлдеқашан күйреп, құрыған. Кезіндегі 10 жылдық біліммен тең білім алу үшін бүгінде кемінде магистр болуың керек.

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
27.06.2012 23:19
+0 / -0
Мұсылман қазақтардың қанын судай шашқан жауыз билік пен оның қарғылы төбеттері, седерге өлім келсін!! Аллах жазаларыңды берер!! Иншаллах, құтылмассыңдар!!!

Кімнен: ДАУРЕН Қайдан: ШАЛКАРСТАН
27.06.2012 23:58
+0 / -0
Алшын дурыс айтады. акшаны қайдан алып жатыр? енді бұлардың адасуына ешкімде кінәлі емес. бұлар кімдер деген кезде сұрақтың жауабы, олар-исламшылдар дейміз. міне осылай біз ислам дінін терістеп жатырмыз. ал өздерің ойланыңдар, бұл кімге пайдалы деген сұрақ туады. исламның жауы кімдер сонда? қазір сақалды көрсек шошитын болдық . бұған не себеп? білімсіздік. кезінде пайғамбарымыз дінді қорғау мақсатында соғысқан. кәпірлермен. ал қазір кіммен соғысып, кімнен қорғап жатыр дінді? жарайды, билікке қарсы шықсын делік. бірақ хадисте ар қоғамның өз патшасы болады деген. біз тек ата дінімізді умытып, әрі қарай осылай дінді қаралай беретін боламыз...

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
28.06.2012 10:19
+0 / -0
Бұл үш бала неге таксисті өлтірді екен, кім біледі? Осы туралы неге ешкім айтпайды? Байғұс таксистің не жазығы бар?
Мұнда Ақтөбенің қазақтары бар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.06.2012 12:16
+0 / -0
ДВД мен прокуратура ештеңе айтпаса Ақтөбенің қазақтары не болып, не қойып жатқанын құмалақ шашып біле ме?Сосын таксист өлген жоқ. Тірі.Бұлардың өлтіргендері 1 полицей. 2 полицей жарақат алған.

Кімнен: кожбан Қайдан: Қазақия
28.06.2012 12:11
+0 / -0
Білгіш ал кесілген балак туралы не айтасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.06.2012 13:02
+0 / -0
Ой сол прокуратураның айтқанында тұрған не бар, мықтаса тағы бір лапшаны іле салмай ма, олар не айтады екен деп күтіп отырған біз жоқ. Әйтеуір атыс шабысқа үйреніп кеткен сияқтымыз, ее қаламызда тағы болып жатыр деп жүре беретін халге жеттік қой несін айтайын.

Кімнен: Darhan
28.06.2012 14:05
+0 / -0
Kydyr ata dep atyn jamilgan adam. Alayaktin nagiz ozi. Alayaktigina kozindi jekizgin kelse aldina bar. kundelikti ne istep ne koyarindi kundelikke jazip jur. Ozin bir kunderi tusinesin!!!! Ankau halykka aramza molda.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?