Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:32

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасын еске алғандар «ширек ғасырда жеке басқа табынуға қайта оралдық» дейді

Алғашқы кезде үміт болғанымен, Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 25 жылда «осы елде шынайы бостандық, тәуелсіздік және тағы басқа жақсы институттар орнайды» деген арманның ақталмағанын айтады сарапшылар.

Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Мәтін көлемі - +

«Желтоқсан оқиғасы демократияның бір көрінісі болды. Жастардың жаппай алаңға шығуы халық рухының көтерілгенін байқатты. Бірақ тәуелсіздікті жариялағаннан кейінгі 20 жыл ішінде жағдай кері кетті» дейді Жоғарғы кеңестің бұрынғы депутаты Жасарал Қуанышәлин.

«НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТАБЫНУ» ДӘУІРІ

– Өкінішке қарай, бұрын халықтың өз үнін айтуға мүмкіндігі, сөз бостандығы, сайлаудың аз да болса әділдігі, жалпы мемлекеттік
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 28 желтоқсан 2010 ж.
​​құрылымдардың бастапқы кезде халыққа шамалы жақындығы болған еді – осының барлығы кейін жойылып бітті.  Өйткені, 1995 жылы Қазақстанның соңғы тәуелсіз парламентін күштеп жойғаннан кейін (мен өзім сол парламенттің депутаты болғанмын), Назарбаев өзінің жеке билік режимін орнату ісіне түпкілікті кірісті де соны жүзеге асырды, – деді Жасарал Қуанышәлин.

Оның пікірінше, алғашқы демократиялық парламенттен кейін, жалған сайлауларда құрылатын парламенттер пайда болды да, «Назарбаев өзінің жеке билік режимін орнатып, демократия да, сөз бостандығы да, сот ісінің тәуелсіздігі де, бүкіл еркіндік құндылықтары жойылды».

– Желтоқсан оқиғасының 25 жылдық қарсаңында мына жеке билік режимінің әбден шектен шығып, Назарбаевтың жеке басына табыну жағдайына жеткендігіне куә болып отырмыз, – дейді Жасарал Қуанышәлин.

«Қазіргі билік Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығын атап өтпейді, өйткені ол оқиға – Назарбаев билігіне қадалған шөңге» деп есептейді саясаткер. Оның ойынша, Желтоқсан оқиғасын мереке емес, қасіретті күн ретінде атап өту керек.

КІНӘЛІ 44 АДАМ

Желтоқсан оқиғасын тергеу үшін құрылған жоғарғы кеңес комиссиясының төрағасы болған Мұхтар Шахановтың айтуынша, комиссия көтеріліске қатысқандарды жаппай жазалауға, репрессиялауға
Ақын Мұхтар Шаханов. Алматы, 16 желтоқсан 2009 ж.
​​кінәлі 44 адамның аты-жөнін анықтады. Ол тізімге кірмей қалған ресми тұлғалар да болған. «Оларды қоссақ, онда барлығын түгел жауып тастайтын еді» деп мойындады Шаханов.

Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы қарсаңында Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» деген 3 томдық кітап жазып бітіргенін, онда көптеген беймәлім деректер қамтылғанын, осы кітаптың тек бірінші томын ғана басып шығарғанын айтады.

Оның сөзіне қарағанда, комиссия Желтоқсан оқиғасында 168 адамның өлгенін анықтап, прокуратурға тапсырған. Бірақ прокуратура комиссия тапсырған одан басқа да мәселелердің біреуін де тексермей, сол бойы жауап тастаған көрінеді.

«ТУҒАН ХАЛҚЫНА ҚАРУ КӨТЕРМЕЙДІ»

Желтоқсан оқиғасын тергеу үшін кезінде жоғарғы кеңес депутаттарынан балама комиссия құрған Жасарал Қуанышәлиннің ойынша, қазіргі кезде де жастар алда-жалда наразылық шеруіне шыға қалса, билік оларға қарсы күш қолданудан, қантөгуден және жаппай жазаға тартудан тайынбайды.

Ол осы сөзіне дәлел ретінде Шаңырақ оқиғасын, Шаңырақ ісі бойынша сотталған 4 азаматты, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің тағдырын,
1986 жылғы желтоқсан қозғалысына қатысқан композитор Хасен Қожахмет, 1 желтоқсан 2009 ж.
​​Маңғыстауда бірнеше айдан бері ереуіл өткізіп жатқан мұнайшылардың қудалануын, тағы басқа да жайттарды айтты.

Ал Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталған, ең алғашқы «Желтоқсан» ұйымының құрылтайшысы әрі төрағасы Хасен Қожахмет Жасарал Қуанышәлиннің пікіріне – халықтың, оның ішінде жастардың билікке наразылық танытарына – күмәнмен қарайды.

– Сталиндік тоталитарлық заманда, тіпті, халықты аштан қырған 1931-32 жылдардың өзінде Қазақстанда жүздеген көтеріліс болды. Ал қазір халық сол Сталин дәуіріндегіден бетер қорқақ болып кетті. «Ол кезде елдің көбі оқымаған, қараңғы, надан болды» дейміз. Ал қазір оқыған халық қорқақ болып барады, – дейді Хасен Қожахмет.

Оның ойынша, халық наразылық танытса, Назарбаев бастаған билік 1986 жылғыдай күш қолдануға бара қоймайды.

– Ал күш қолдана қалса, онда армия да, құқық қорғау мекемелері де туған халқына қарсы қару көтермей, халық жағына өтеді, – деп сенеді Хасен Қожахмет.

Желтоқсан оқиғасының бағалануы, оған қазіргі биліктің көзқарасы Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде де сөз болды.

Дөңгелек үстелдің толық аудио-нұсқасын мына жерден тыңдаңыздар:



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Елімай Қайдан: Шымкент
23.11.2011 09:22
+0 / -0
Желтоксан оқиғасының ашылғанын қала берді шындықтың беті ашылғанына қатты қалар едім қазіргі билік ауыспай бул ашылмайтын сыңайлы.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.11.2011 09:35
+0 / -0
Желтоқсан көтерілісі-халық көтерілісі. Осында біреулер ол қолдан жасалынған, яғни біреулер әдейі ұйымдастырған деп жатады. Әрине кез-келген акцияның басында онсыз да белгілі, белгісіз адамдар болатыны ақиқат. Алайда сол кезде алаңға жиылған 10 000 жастардың барлығы да тек "біреулер" арқылы келген жоқ қой ол ортаға. Сол көтерілісшілердің шамамен 88-90 пайызы "ҚАЗАҚ" деген намысқа тырысып келді деп ойлаймын.

Мейлі өтер нәрсе өтті. Бірақ келешекте мына Назарбаев кеткен күні бәрі де айқындалатынына сенемін.

Мені бір ойландырып отырғаны өткенде ана бір "желтоқсаншы" Гүлбахрам Жүніс дегеннің "Желтоқсанның 25 жылдығына алаңға тек "желтоқсаншылар" ғана келсін, басқалар бізге кедергі келтіреді" деген сөзіне қайран қалғаным. Сонда Гүлбахрам сол кездегі (1986 ж) халықтың арасынан шықпай, аспаннан екі аяғы салбырап түсіп пе? Жоқ әлде?...
Пікір алмасу

Кімнен: Жұлдыз Әбділда
25.11.2011 10:31
+0 / -0
Өкінішке орай, Желтоқсанды да монополиялап алғысы келетін топтар бар.

Кімнен: erkalar
23.11.2011 10:19
+0 / -0
"Желтоқсан 86" тобы
http://www.facebook.com/pages/%D0%96%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD-86/109922615768242

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
23.11.2011 11:30
+0 / -0
1986 жылдан қазір айырмашылық көп. Ол уақытта арқасын Москваға тіреп тұрды, қазір де онысы бар, бірақ Москва бұрынғыдай ашықтан-ашық көмек жасай алмайды. Сосын тіркелмеген қару-жарақ ел ішінде көп, қарсылыққа тап болады.Оқиға Ливия вариантымен өрбіп кетуі мүмкін. Тегіннен тегін кім құл болғысы келсін, өзіндей адамға.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2011 12:00
+0 / -0
елге іріткі салуды ойлайтындар көп. Осы Шаханов пен Жасаралға не жетпейді.Олар шын мәнінде халықтың қамын ойлап отыр ма?Әлде саяси ұпай жинаушылар ма?!Жастар-қашанда қоғамның қозғаушы күші. Оларды билік саяси ойындарда негізгі күш ретінде қолданады.
Пікір алмасу

Кімнен: Серік Қайдан: Астана
24.11.2011 00:51
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген оясыз, Шахановқа не жетпейтінін білмеймін, ал Жасаралға жетпейтіні - Қазақстанның Назарбаев сияқты озбыр және арсыз басшыдан құтылып, шын мәніндегі тәуелсіз, ұлттық және демократиялық мемлекетке айналғаны. Бірақ биліктің сен сиқты топас құйыршығына мұның қажеті жоқ қой...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2011 12:22
+0 / -0
Хасен Қожақмет дұрыс айтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Мақсат
24.11.2011 00:58
+0 / -0
"– Ал күш қолдана қалса, онда армия да, құқық қорғау мекемелері де туған халқына қарсы қару көтермей, халық жағына өтеді, – деп сенеді Хасен Қожахмет".
Бос сөз. Шаңырақты ойрандаған, Заманбек, Алтынбектерді атып тастаған, Маңғыстауда ереуілшілердің жетекшілерін өлтірген және басқа да қылмыстар жасап жатқан Назарбаев билігі тақ үшін ешкімді де аямайды. Сондықтан мен Жәкеңнің пікіріне қосылам.
Пікір алмасу

Кімнен: Жұлдыз Әбділда
25.11.2011 10:29
+0 / -0
Хасен Қожа-Ахмет ағамыз қатты қайран қалдырып отыр. 2006 жылы 7 шілде күні Алматының іргесіндегі "Бақай" ықшамауданындағы "заңсыз салынған" үйлерді бұзу полицейлердің көмегімен жүзеге асты. Таңғы сағат төртте барып, бүтіндей бір ауылды ішіндегі дүние-мүлкімен күреп тастаған уақытта полицейлер міз бақпастан қарап тұрған болатын. Арада апта өткенде "Шаңырақта" да полиция мен халықтың арасында қарулы қақтығыс болды. Қару және арнайы құралдарды қолдана отырып, 2000-ға жуық полиция қызметкері мен СОБР жасағының не істегеніне көпшілік куә. Одан кейін де Желтоқсан оқиғасының кезіндегіден бір де кем емес қудалау болды. Бір ғана ерекшелігі, Желтоқсанның кезінде қудаланушы қазақ еді де, қудалаушылар көбіне-көп басқа ұлттың өкілдері болатын. Ал Шаңырақ оқиғасы бойынша екі тарап та қазақтар болды. Осыдан кейін полиция халықтың жағына шығады деп ойлаудың өзі бекершілік. Тіпті, полиция қызметкерлерінің ішінде сот кезінде халыққа көпе-көрінеу жала жапқандар да болды...

Кімнен: Jans Қайдан: Almaty
23.11.2011 12:39
+0 / -0
ote jaksi jazlgan makal eken,,,,,kazir rasinda solai bolip ketti.....jastardin jureginde jiger jok....kobi barmak basti koz kistiga uirenip algan..........jogariga jaramsaktana beredi sorlilar...........

Кімнен: Нысанбай Қайдан: Алматы
23.11.2011 15:29
+0 / -0
Қолдан жасалынған оқиғаны қанша қампитуға тырысқандарыңмен, түк те өнбейді... Сол кезде алаңға барғандардың дені қызық көру үшін барғандарын өздері де мойындап жүр. Нағыз желтоқсаншы болатын болса, қайда сол жігіттер мен қыздар? Жыл құрғатпай 17 желтоқсанда сол жерге баратындардың бірі менмін ғой... Көретінім, үрпиісіп-үрпиісіп ат төбеліндей болып әр жерде тұрған адамдар... Бұл оқиғаның неліктен орын алғанына үңілсеңдерші...
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ
24.11.2011 15:47
+0 / -0
Мыңқылдамашы. Өзің "алаңға қызық көру үшін баруға" да жарамай тұрып, желтоқсаншыларға топырақ шашуға жарап қалған екенсің, қоян жүрек қорқақ. Тарт тіліңді Желтоқсаннан!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
23.11.2011 20:12
+0 / -0
Гүлбаһрам дарынсыз актриса" Бар болғаны....

Кімнен: НУРКЕН Қайдан: Шымкент
25.11.2011 18:48
+0 / -0
ммм жақсы жақсы бірақ көзбен көрмегенен кейін әрденкені бір айту қажеті жоқ деп ойлаймын ! ''Аты жөні көрсетілмеген'' және ''Мақсат''
Пікір алмасу

Кімнен: Сыраға - бал
26.11.2011 00:37
+0 / -0
ммм жақсы жақсы бірақ өзің түсінбейтін әңгімеге араласып әрденкені бір айту қажеті жоқ деп ойлаймын ! "Шымкенттің" "Нұркені".

Кімнен: Қазақ Албан
06.12.2011 00:32
+0 / -0
ол рас енді!!! жасыратыны жоқ, Қазақтың жағдайы қиын! Әлі сол, босағадағы өгей ұл сияқты жүрміз өз жерімізде! Сырт қарымыз 114 млрд. доллар,мұнаймен-газ, пайдалы қазба шет ел компаниялары иемденіп алған,билік - өз тілін, ділін білмейтін,халқына жаны ашымайтын /мәңгүр/ адамдардың қолында! Қанша шыдауға болады, құры сөзден іске көшетін кез келді!!!