Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:36

БАС ТАҚЫРЫПТАР

ЖСДП жетекшілері мен белсенділері қамалды

Алматыда ЖСДП белсенділері өткізген митингіде сайлау қорытындысына наразылық білдіріліп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуы айыпталды. Жиын тыныш аяқталғанымен, соңыра оппозицияның кейбір жетекшілерін полицияға алып кетті. Сот ЖСДП басшыларын әкімшілік жауапқа тартты.

Полиция шерушілерді Абай ескерткішіне жібермеді, наразылық шарасы ескерткішке жақын маңда өтті. «Азат ЖСДП» белсенділері парламент сайлауы қорытындысына қарсылық білдіріп, Жаңаөзен құрбандарын еске алды. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Жиынға келген алғашқы лек Абай ескерткішінің түбіне өтпек болғанда, шарбақтың сыртынан сап құраған полиция күштері оларды ілгері өткізбеді. Бірақ жиын ескерткіштен төмен, "Қазақстан" қонақ үйі мен Абай ескерткіші арасындағы алаңда өтті.

Жиында мыңға жуық адам келді. Оппозициялық ЖСДП партиясының өкілдерінен өзге де қарапайым тұрғындар да, сондай-ақ 15 қаңтардағы мәжіліс және мәслихат сайлау алдында «Руханият» партиясының «рухани көсемі» болып сайланған Мұхтар Шаханов та қатысты.

Жиында 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасы, 15 қаңтардағы мәжіліс және мәслихат сайлауы, сондай-ақ таяуда қамауға алынған оппозициялық белсенділер мен журналситердің жайы сөз болды.  

Митингіге жиналғандарды бақылап тұрған полиция. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
x
Митингіге жиналғандарды бақылап тұрған полиция. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
​​
Жиын барысын тәртіп күштері сырттай бақылап тұрды. Жиын өтерден бір күн бұрын Абай ескерткішінің түбі арнайы шарбақтармен қоршалып, елдің ескерткіш түбіне кедергі жасалды.

«ӘЛЕУМЕТТІК АРАЗДЫҚТЫ ТУҒЫЗЫП ОТЫРҒАН БИЛІКТІҢ ӨЗІ»

Жиын басында сөйлеген Болат Әбілев оппозициялық күштердің өз жиындарын алғаш рет Алматы қаласының ортасындағы көрнекі тұсқа билік рұқсат бермесе де өткізіп отырғанына тоқталып, мұның өзі де «жеңіс» екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол «еркіндік, әділдік жолында бүкіл әлем өзгеріп жатқанын, мұсылман араб елдері, туысқан қырғыз халқы көтерілгенін, енді көршілес орыстар да көтеріліп жатқанын айтып, жұртшылықты жиынға қорықпай келуге шақырды.

"Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Влдаимир Козлов, «Взгляд» газетінің бас редакторы Винявский, қоғамдық белсенділер Серік Сапарғали, Айжангүл Амирова, Болат Атабаевтардың заңсыз қудаланып жатқанын айта келе, «Әлеуметік араздық туғызып отырған биліктің өзі - «Нұр Отан»,- деді ол. 
"Азат" ЖСДП жетекшілерінің бірі Болат Әбілев митингте сөйлеп тұр. 28 қаңтар, 2012 жыл.
x
"Азат" ЖСДП жетекшілерінің бірі Болат Әбілев митингте сөйлеп тұр. 28 қаңтар, 2012 жыл.
​​   

Болат Әбілев сондай-ақ, «Кедендік одаққа қарсымыз, авторитарлы  Путин мен Лукашенколармен бірге өмір сүргіміз келмейді», «Ел тағдырын бір адам емес халықтың өзі шешсін», «90-шы жылдары жекешеліндірілген ірі кәсіпорындар мемлекетке қайтарылсын» дейтін ұрандар тастады.

«ДЕМОКРАТИЯ ҚАЙДА?»

Ал сайлау алдындағы бәсекеден алынып тасталған «Руханият» партиясының жетекшілерінің бірі Мұхтар Шаханов «Қазақстанда сөз бостандығы, жиын, шеру өткізу бостандығы жоқтығын айтып, «демократияның қайда екенін» жұртшылықтан сұрады.

«Жаңаөзендегі қарапайым халыққа оқ ату – қылмыстың қылмысы. Қаншама халықты қырғызып қойып қарап отыра алмаймыз. Қазір қит етсең, өз пікіріңді айтсаң - халық жауысың. Сайлау әділетсіз өтті. Сайлау қорытындысын алдын- ала жасап қойды»,-дейді Мұхтар Шаханов.

«КӨТЕРІЛУ КЕРЕК... БІРАҚ»

«Бүгінгі билікпен ымыраға келіп, мәселе шешу деген бос сөз» деген Жармахан Тұяқбай сөзінде халықты көтіріліске шақырды. Бірақ «конституцияны бұзамыз деп отырған жоқпыз» деп қосып қойды ізінше. 
"Азат" ЖСДП басшыларының бірі Жармахан Тұяқбай. 28 қаңтар, 2012 жыл.
x
"Азат" ЖСДП басшыларының бірі Жармахан Тұяқбай. 28 қаңтар, 2012 жыл.
​​ 

«Бүгін 100 адам, ертең 10 мың, одан кейін 100 мың адам талап қойса ғана билік санасады. Әйтпесе ат төбеліндей оппозицияның жиынынан олар сескенбейді, әрі кетсе қамап тастаймыз деп ойлайды. Халықтың сөзін айтып жүрген жалпы ұлттық социал-демократиялық партияға өткен сайлауда халық бір жарым-ақ пайыз дауыс берді дегенге сенесіздер ме?-деді ол. Жиналған көпшіліктің арасына «жоқ» деп жауаптар естіліп жатты. 
   
«Бүгін талап қоймасақ, енді Солтүстік Кореядағы секілді «Нұрсұлтан Әбішұлы аман болсын деп еңіреп отыратын боламыз»,- дейді Жармахан Тұяқай.

Жиынды жүргізіп тұрған Әміржан Қосанов «жиын кезінде жұртшылықпен диалог жасау тәсілін» бірнеше рет қолданып, халықпен «жария тілдесті» 

«ПРЕЗИДЕНТ КЕШІРІМ СҰРАСЫН»

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай болса «Абай- ұлттық мақтанышымыз. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытамыз» деген сөзді қазіргі қанқұйлы биліктің басында отырған Назарбаев айтқан еді. Біз міне кемеңгер ақын бабамыздың, Абай атамыздың ескерткішіне жете алмай тұрмыз. 1917 жылдағыдай, қысқы сарайды алуға бара жатқандай, мына мәдениет сарайын жаулап алатындай көріп отыр. Бұл нені көрсетеді? Бұл – биліктің бейшаралығын, ақымақтығын. Ақыл-есінің кемдігін көрсетеді",-деп бастады сөзін.
"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
x
"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
​​

Сондай-ақ «мұндай билікпен алысқа бара аламыз ба? Әрине жоқ. Өз елін талан-таражға салған, халқына оқ атқан бұл биліктен ешқандай қайыр жоқ. деген ол «Жаңаөзенде қанды қасапқа айналдырған ҰҚК мен ішкі істер министрлігінің басшылары және бас прокуроры орнынан кетуі керек. Әбіқаевтар мен Қасымовтар билікте отырған жағдайда Жаңаөзендегі қасап тексерілмейді",-деді.

Рысбек Сәрсенбай «президент қатесін түзетсін, әйтпесе оған да «кет» деуге тура келеді» дейді. «Егер президент өзі сенген, өзіне ант беріп, алдында құрдай жорғалаған кадрларын кетірмесе, онда президенттің өзінен де кетіңіз деп талап етуге тиіспіз. Сіздердің «кет» деген осы дауыстарыңыздан Назарбаев қалтырап, қатты қорқады. Халқынан кешірім сұрасын» деп сөйледі «Жас Алаш» газетінің бас редакторы.

«НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗІ ЖАУАП БЕРСІН»

Жиын барысында сөз алғандар арасында, «Гүлжан.орг» веб-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева,  қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан,  белгілі суретші, өзінің оппозициялық флеш-мобтарымен танылған Қанат Ибрагимов, өзін Жаңаөзен тұрғынымын деп таныстырған тағы да екі адам болды. Жастар атынан шығып сөйлеген тағы бір жас жігіт «жастарды үйде саясат туралы айтып, уақыт өлтірмей алаңға» келуге шақырды. Алаңға жиналғандарды келесі жолы әрқайсысы 10 адамнан ертіп келуге шақырды.

Жиын аяғына қарай «Аман-саулық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова осы жиын үстінде қабылданатын қарарды жұртшылыққа оқып берді.  

Алматыдағы оппозиция митингісі. 28 қаңтар, 2012 жыл
x
Алматыдағы оппозиция митингісі. 28 қаңтар, 2012 жыл
​​
Қарарда Жаңаөзен оқиғасына айыпты жоғары лауазымды қызметкерлердің атын атап, барынша қатаң жазаға тарту. Ол үшін билік пен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен азаматтық қоғам құру; таяуда қамалған қоғамдық белсенділер мен журналистерді тез арада босату; мәжіліс пен мәслихат сайлауының қорытындыларығ күшін жою жайы айтылды.

Сондай-ақ, сайлау туралы жаңа заң қабылдап, ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сай келетін қайта сайлау өткізу, саяси реформа жүргізу, секілді тағы да басқа талаптар болған еді.

Бірақ қарар оқылып болған шақта Гүлжан Ерғалиева шығып, қарарға «Жаңаөзенде атылған оққа Назарбаевтың жеке өз басы жауап береді» деп қосуды ұсынды.

" Басқа елдердің президенттері ел алдында жауап беріп жүр, сол секілді Назарбаев та Жаңаөзенде төгілген қан үшін жауап берсін",-деді. Жиналған жүртшылықтың дауыстап, қолдай кеткені Гүлжан Ерғалиеваның бұл сөзі қаншалықты әсерлі болғанын көрсетті.

«АЛЛАДАН САЯСИ ТІЛЕК»

Жиын соңында Әміржан Қосанов Жаңаөзен құрбандарына бағыштап құран оқу жөнінде ұсыныс түсіп жатқанын айтып, ортаға молданы шақырған еді. Құранды мақамдап оқып шыққан молданың аят соңындағы тілегі саяси ұрандарға ұқсады.  

«Поэзия пайғамбары, ұлы Абай атамыздың басына жиналып, әділет, ақиқат, шындық жолында жүрген азаматтардың Алла тілегін қабыл қылсын, Маңғыстау өңіріндегі 362 әулие, қасиетті Пір Бекет атамыздың әруағы жебесін, өз мұңын айтып алаңға бейбіт түрде шыққан, жеті ай бойы алаңда аштық жариялап, билікке сөзін өткізе алмаған халыққа оқ атқан қандықол билікті Алла жазаласын!- деп бет сипады. Болат Әбілев дауыс зорайтқыш мегафонды молданың алдына ұстап отырды.
Митингіні бақылап тұрған полиция. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
x
Митингіні бақылап тұрған полиция. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
​​


Жиын бір жарым сағатқа созылды. Бұл шара билік тарапынан рұқсат етілмеген жиын ретінде аталған болатын. ЖСДП қаңтардың 17-сі күні де Алматыдағы Тәуелсіздік монументі маңында сайлау қортындысына наразылық білдіріп, митингі өткізген еді.

МИТИНГІДЕН КЕЙІНГІ СОТ

Алматыдағы бүгінгі митингіден кейін «Азат» ЖСДП басшысы Жармахан Тұяқбай мен бас хатшысы Әміржан Қосановты,  «Азат» ЖСДП-ның президиум мүшелері Балташ Тұрсымбаев пен Әмірбек Тоғысовты үйлерінен Медеу аудандық ішкі істер департаментіне алып кеткен.

«Біз төртеуміз қазір Медеу аудандық ішкі істер департаментінде түсініктеме жазып жатырмыз. Жиын өткізіп, заң бұзғанымыз үшін ісімізді бүгін сотта қарауға дайындап жатыр» деді Азаттық радиосының тілшісіне телефон арқылы хабарласқан Әміржан Қосанов.

Сенбі күні кешкісін Алматының ауданаралық әкімшілік соты ЖСДП-ның тең төрағалары Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілевті, партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов пен белсенді Әмірбек Тоғысовты сенбі күні рұқсат етілмеген митинг өткізгендері үшін әкімшілік жауапқа тартты.

Сот оппозициялық белсенділердің әрқайсысын «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзғаны үшін" айыпты деп тауып, Әбілев пен Қосанов, Тоғысов үшеуін15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (30 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салған

Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны және пікірін отырып айтқаны үшін "сотқа кұрмет көрсетпеді" деп айтыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік жамалып, ол 18 тәулікке қамалды.

Ұсталғандардың бірі Балташ Тұрсымбаевты түсініктеме жазғызған соң босатқан.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Сымбат Қайдан: Актау
28.01.2012 14:51
+0 / -0
Курметти Азаттык! осы жиында соз сойлеген адамдардын создерин жазасыздар ма....жане де суреттерди кобирек жарияласаныздар
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
28.01.2012 15:32
+0 / -0
Қымбатты Сымбат!

Назар аударғаныңызға алғыс білдіреміз. Тілегіңіз орындалады.

Құрметпен, Азаттығыңыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 11:20
+0 / -0
қазақ тіліне айдарып үлгере алмай жатқан шығар))))
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Мағжан
29.01.2012 06:47
+0 / -0
Жиналды өңшең ноян ей.....

Ей, ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарт қыран қанжығалы қар Бөгенбай,
Бөгеннің жас жолбарыс жеткіншегі,
Аузынан жалын шашқан-ай жас Жанатай!

Балталы екпіні оттан Оразымбет,
Сіргелі шапшаң оқтан Ібел-Шібек,
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін,
Такапар Қошқарұлы Ержәнібек!

Осындай өңшең көкжал жиылысты-ай!
Күңіреніп жолбарыстай,
Ай, жау қайда? - деп!! .....
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат Қайдан: Астана
29.01.2012 07:40
+0 / -0
Айналайын модератор, анау шошайған қол суретін құртыңдаршы. Оқуға кедергі жасайды. Ол бойынша бәрібір ешкім дауыс беріп жатқан жоқ қой
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
29.01.2012 16:34
+0 / -0
қамап тастаса тағыда шығу керек митингі жасап.15 күн деп тағы 2 айга созып жібереді.Алматынын жастары ендігі кезек сендердікі шығу керек корықпан.Бізде ком.сагаты бітсін қызықты корсетеміз менттерге.Қашан олар халық жақтан болады соған дейін оларға қорлық болады өмір сүру.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 15:20
+0 / -0
"29 Қаңтар күні Москва уақытымен 14-00 де РЕН ТВ берген "Репортерские истории" деген бағдарламаны тауып осы жерден көруге мүмкіндік бесреңіздер екен.
Біраз жерді шарлап таба алмай қойдым, барлық сайттарға тосқауыл қойып тастаған сияқты.
Тауып жатсаңыздар6 жария қылыңыздаршы. Рахмет.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Ақтау
28.01.2012 14:51
+0 / -0
Тағы да сорлы болып қайтты оппозиция! үкімет кесін-дейді, онан да президент кетсін деп жазу керек еді. Оппозиция ешнәрсе істей алмайсыңдар, біздің халық ондай оянатын болған жоқ, әлі ұйықтап жатыр, кейбірі енді тұрып шәйларын ішіп жатқан шығар!
Пікір алмасу

Кімнен: Қанатбек Қайдан: Алматы облысы, Қапал ауыл
28.01.2012 15:27
+0 / -0
Ақтаулық оқырманға толық қосыламын. Үкімет кетсін деген мәлімдеме өте күлкілі. Әрі ұят Жармахан, Болат, Әміржан мырза Мәсімов отставкаға кеткенімен түкте өзгермейтінін бізден жақсы білесіздер ғой. Бұндай жалған ұранның қажеті не? Назарбаевсыз Қазақстан деген ұранмен шықпайсыздар ма? Нағыз оппозиция, ұлтшыл, мемлкетшіл жандар Серіа Сапарғали, Болат Атабайлар. Ал Мәсімовпен күресулер ренжімесін. Бұл кісілер әрине азаматтық қоғамның дамуы үшін үлес қосқан азаматтар. Алайда, сіздердің күрестеріңіз нағыз оппозицияның қарекеті емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Қанатбек досыма Қайдан: Қапал ауылынан
28.01.2012 19:42
+0 / -0
Қанатбек, сен осы жиынға қатыстың ба!? Әлде, Қапалдан Алматыға баратын автобусқа ақшаң болмай қалды ма? Өзің осы жиынға барып, "Назарбаев кет" деп айтып, қанша халықты мазалап, босқа оятпай-ақ, бәрін уақытынан бұрын өзгертіп, кемі 4 жылдан кейін Қапалдағы үйіңе Батыр болып қайтып келуің керек еді.
Пікір алмасу

Кімнен: арбамен қоянға жетеміз
29.01.2012 00:21
+0 / -0
Саспа баурым, көш жүре түзелер, бастамасы болды ғой. Әлі сен де қосылып тілеген жазуыңды көтеріп шығарсың, тек көрермен болмай
Пікір алмасу

Кімнен: laz Қайдан: шетпе
29.01.2012 12:54
+0 / -0
Бугин ЖСДП Казахстанда оппозиция бар екенин корсетти. Алматы халкы аз да болса кошеге шыкты. Алматы ушин бул оте аз. Алмаптыда 50-100 мын халык кошеге шыгаруга болады. Себеби биликке наразы халык коп. Жанаозен мен Шетпеде халыкты кырып жатканда Казахстаннын бир облысында казак бауырлар неге митингке шыкпады, кошеге шыгып биликти сынап, халыкка ок атуды токтатуды сурап кошеге шыгып биликке наразылыгын билдирмеди деп конилим калып еди. Киевте Москвада Лондонда тагы коптеген шет елдерде халык жанаозендиктерди колдап кошеге шыкканда казактар неге унсиз калды деп конилимиз бузылган, казактар соншама коркак па деп. Осы жыл ел тарихында улкен озгеристерге толы жыл болатын сиякты.Сен козгалды, казак ояна бастады, енди осы истин басы касында журген ел азаматтардын жагдайы киындаиды. Оларды кудалаиды, олтиреди. Казак котериле алмаиды деген соз рас ау дим. Корка корка батыр болатын кез келген сиякты. Кашангы шыдаи беремиз. ....................
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.01.2012 17:45
+0 / -0
қама десе қамап, саба десе сабап, ат десе атып қара жамылғандай болып жүрген полициялардың жағдайлары жақсы болғаныма бұйрықты екі еткізбей орындайдығой әлде олар білмейме ары таза адал халыққа қарсы шығып жүргенін

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 15:10
+0 / -0
Адам аз.
Себебі өн бойымызда, тамыр-тамырымызда ата тегімізден бері үрей, қорқыныш аралас қан ағып жатыр.
Тағдыр бізді, қазақтарды, жасытып, жуасытып тастаған. Қорқыныш зіл батпан болып еңсемізді езіп тұр. Қорқыныш санамызда тұр.
Мен де билікке қанша кіжінгенмен, үйде отырмын. Шыға алмаймын. Шықсам кішкентай ғана бизнесіме үкімет жариялайтын тендерден кейде тиын-тебен тиіп қалады, кейде тимей қалады. Шықсам, сол тиын-тебеннен айырылып қаламын. Одан айырылсам, күн көре алмаймын.
Осылай менің жайым.
Алматылық.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қой баяғы Қайдан: Алматы
28.01.2012 16:02
+0 / -0
Жиынға 2 мыңдай адам қатысқан сияқты.бірақ Алматыда 2млн-ға жуық,пригородта 2-млнға жуық халық тұратынын ескерсек бұл әр 2000 адамның біреуі қатысты деген жөн.Ресей деген бізден жүз есе көзі ашық екенін дәлелдеді.Қазақбайғұс митингіге баруға жүрегі дауаламай біздің бабамыз батыр болған.Бастықтардың аталары оданда бетер батыр болған әйел-балдарына Шерхан Мұртаза сияқты өтірік күркіреп жүрген жайымыз бар.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
28.01.2012 21:20
+0 / -0
+5! Әсіресе "..Шерхан Мұртаза сияқты өтірік күркіреп жүрген жайымыз бар" деген теңеу үшін.
Пікір алмасу

Кімнен: Зере Қайдан: Митингіден
29.01.2012 18:17
+0 / -0
Неге Тұяқбай айыппұлмен ғана құтылды? Өткенде ол өзге серіктерімен бірге әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл алды емес пе. Осы жолы қалайша қамалмады?
Жұма күні жалғыз өзі өткізген баспасөз мәжілісі тағы бар. ЖСДП тең төрағасы ретінде емес, төрағасы ретінде сөз сөйледі сол кезде. Осының бәрі күдікті ойларға жетелейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 09:57
+0 / -0
Жұртты алалап соттау оппозиция ішінде іріткі тудыру үшін әдейі қолданатын биліктің ежелгі амалы ғой, бауырым-ау!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 23:23
+0 / -0
Қазақ түске дейін ұйықтайды. Тұрып пока шайын ішіп, керіліп-созылып болғанша, кеш болады. Ол митингіні не қылсын. Боқ қарыны тоқ болса , болды оған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 23:21
+0 / -0
ендншн отыра бер, сол тиын - тебеніңмен, қайыршының күйін кешіп. Сорлы екенсің ғой, сорлы.

Кімнен: КӨЗ КӨРГЕН Қайдан: Алматы
28.01.2012 15:11
+0 / -0
неше екенін білмедік.жсдп ұлтшыл Хасен Қожахмет,Жасарал Қуанышалин сияқты халық сөзін айтар азаматтарға сөз бермеді. ЖАҢАӨЗЕН тақырыбын жекешелендіріп алғысы келетін секілді.
Пікір алмасу

Кімнен: Көз көргенге
28.01.2012 16:13
+0 / -0
"Анаған сөз бермеді, мынаған сөз бермеді" деп онсыз да азғантай оппозицияны бөлмеңдерші осы. Алдымен осылай қайта-қайта митинг ұйымдастырып, халықтың бойындағы үрейді жеңіп алу керек. "Критическая массадан" өткеннен кейін өкпелеріңді айта жатарсыңдар. ЖСДП басшыларының бұл жиынға шығуының өзі, біле білсек, үлкен азаматтық, ерлік. Өйткені олар өздерін қандай қиындықтар күтіп тұрғанын бізден гөрі жақсы біліп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 03:26
+0 / -0
Сөз бермеді деп тойда отырған жоқ қой, немесе құдалықта.
Қазіргі сағатта тек қана ҰЛТ мүддесін ойлау керек.
Бізді бір ғана сұрақ мазалау керек:
Билік неге халыққа оқ атты? Кім бұйрық берді?
Осыған жауап алмай және ол хайуанды жазаламай іс бітпек емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Дина Қайдан: Алматыдан
28.01.2012 17:26
+0 / -0
Жасарал мен Хасен Кожахметтин карасы коринбеди гой ол жерде, айтпесе соз сойлемиз десе, оларга берер еди деп ойлаймын, Жасарал Абиловты жек коретини бар тагы, ол жяне Шаханов журген жерге келмейди...
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.01.2012 22:17
+0 / -0
Қыстың аязында бастамасы жақсы, енді жалғастыра беру керек, күн жылынған сайын халық көбейе береді, басқа облыстарда қосылады. Алматылықтар ,қорықпаңдар, Қапшағайдағы,тағы да басқа сол жақтағы әскери бөлімдер Жаңаөзенге, Ақтауға орналастырылып жатыр. Жармаханның құрылтай идеясы да дұрыс сияқты, ақылдасып пішкен тон келте болмас деген. Жарқын болашақ үшін! Балаларымыз үшін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.01.2012 01:07
+0 / -0
Мұқтар Тайжан болды ма? кім біледі?

--- биолғанда қолдап, пндап англый!

һа һа һа! өреміз уақыт өте кеңейді, саған тәртібіне үйретер
Пікір алмасу

Кімнен: Арашашы, татуластырушы Қайдан: Ұйқыдағы елден
28.01.2012 20:00
+0 / -0
Биліктегілер халықты алдап-сулап, әлдилеп, ұйықтатушылар.
Бүгінгі жиынға қатысқандар халықты сылап-сипап, жылатпай шәйін ішкізіп,оятушылар.
Хасен Қожахмет пен Жасарал Қуанышалин істің адамдары. Олардың уақыты әлі келген жоқ. Уақыты келгенде, олар да батырлармен қосылып, қажетті "іске" кіріседі. "Істі" бітіргеннен соң қайтадан демалысқа кетеді.
Әркімнің өз орындары бар ғой. Сондықтан ешкімге ренжімеңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
29.01.2012 13:15
+0 / -0
Жасарал мен Хасен істің адамдары дегенің де дұрыс, бірақ дайындықсыз істің неге айналып кетуі мүмкін екені Жаңаөзенде көрінді ғой. Жармахан дұрыс айтады" билік көптен қорқады" деп. "Терең батырады,көп қорқытады" деген қазақ дана ғой. Бастама дұрыс,сәтті өтті деп есептеймін. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биліктің психологиялық шабуылына қарамастан, осыншама адамның республика алаңына келуі қуанышты. Көктемге қарай Жармаханның айтқаны болады деп сенемін, он мың, жиырма мыңдар болады, сол уақытта талап та күшейеді. Жалпы, Жармахан ағаның сайлаудан кейінгі қимылдары мен сөздері халықты ертетін сөздер.
Пікір алмасу

Кімнен: Бейсенғали Қайдан: Атырау
29.01.2012 21:24
+0 / -0
дайындықсыз істің неге айналып кетуі мүмкін екені Жаңаөзенде көрінді ғой.
______________________
Қате пікір. Жеті ай бойы жүрген мұнайшылар ереуілін "дайындықсыз іс" деу обал. Бұрын мұндай ұзақ ереуіл болған емес Қазақстанда.
Ал оның қанды қырғынмен аяқталуы ереуіл "дайындықсыз іс" болғандықтан емес, керісінше, мұнайшылардың өте жақсы дайындалған күшті қозғалысын езіп-жаншу үшін арандатулардың бәрін өзі жасағандықтан. Бұл жөнінде осы сайтта шыққан "Убийца не скорбит по своим жертвам" деген мақаласында Жасарал Қуанышалин өте жақсы айтты. Демек, бәріне кінәлі тек билік, сол үшін ол жауап беру керек. Ал билік болса өзінің ескі әдетімен қазір барлық бәлені халыққа және халықтың азаматтарына жауып жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Бейсенғали Қайдан: Атырау
29.01.2012 22:13
+0 / -0
Кешірерсіздер, "мұнайшылардың өте жақсы дайындалған күшті қозғалысын езіп-жаншу үшін арандатулардың бәрін өзі жасағандықтан" деген сөйлемде "биліктің" деген сөз түсіп қалыпты. "арандатулардың бәрін БИЛІКТІҢ өзі жасағандықтан" деп оқуды өтінем.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
29.01.2012 22:30
+0 / -0
Бейсенғали сенікі де дұрыс. Мүмкін менің дайындықсыз дегенім дұрыс болмаған болар. Менің айтайын дегенім, тек ауызбіршілікпен ғана жеңеміз, біздің күшіміз көптігімізде, бірақ сол қаруымызды пайдалана алмай жатырмыз. Өзен мен Ақтау мұнайшылары қатар ереуілдегенмен, кейбір жағдайларда, біртұтастық байқалмады, билік соны пайдаланып, жұмысшылардың арасына жік салды, кейбір профсоюз жетекшілерін сатып алып, оларды қарсы қойды. Ұрып,соққаны, өлтіргендерін айтпағанда. Менің ойым, мүмкін мен қателесетін шығармын, егер Қаражанбас пен Жаңаөзен біртұтас қимыл жасағанда, билік Өзендегі қырғынға тәуекел ете алмас еді. Сондықтан,ілгеріде шашырамай біртұтас организм болып жұмылып атсалысайық ағайын. Сотталған, жазаланғандарды ұмыт қалдырмай, босатқанға шейін талап ете беру керек. Соттаған соттарды есте сақтау керек,сазайларын тартатын қылып. Полицей,КНБшниктерді, видекамераға түсіріп алып сақтап отырайық. Олардың өздерінің әдісін өздеріне қолданайық. Көптің аты көп,жеңіс бізде болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Бейсенғали Қайдан: Атырау
30.01.2012 16:02
+0 / -0
Бұл пікіріңмен келісем, иілмеген қазақ. Ал маған салса тіпті тек Маңғыстау мұнайшылары ғана емес, жалпы бүкіл Қазақстан мұнайшылары түгел жұмыла көтерілгенде одан да жақсы болар еді. Ал егер еліміздің барлық кәсіпорындары жаппай көтерілсе, НӘН сөз жоқ тоңқалаң асады. Бірақ бұл әзірше тек тәтті арман болып тұр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:44
+0 / -0
Бұл екі азамат шын халықшыл болса, жандарына адамдар топтасатын еді ғой...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 15:29
+0 / -0
Дегенмен алғашқы қозғалыс бар, енді рекламаны күшейтіп, келесі жиынға жақсырақ дайындалу керек.
ЖСДП халық арасындағы жұмысты күшейтуі қажет

Кімнен: Бір Жан
28.01.2012 15:34
+0 / -0
Жақсы, өтті. Енді ақпарат қайда? Видеосы... Неше сағат болды өткеніне, енді күт, қашан салғанша көк ішек болып. Кім шығып сөйледі, не деді?

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
28.01.2012 15:36
+0 / -0
Әшейінде оппозиция өкілдерін жамандап жазуда дес бермейтін Азаттық радиосы осы митинг жөнінде мардымды жаза алмапты ғой. Әлде билікке жалтақтап артық жаза алмадыңдар ма? Осы митингіге бара алмаған біз сияқты шалғайдағы азаматтар хабар күтіп отырмыз, арты не болды, кімдер қандай ел үшін сөз сөйледі, кімдер қарсы болды, қайта жиналатын күндерін қашанға белгіледі дегендей... Осы жөнінде толығырақ мәліметтер керек. Видео болса тіпті керемет. Азаттықтар (радио) басшыларыңның нұсқауын күтпей халық үшін қызмет етіңіздер. Ел үшін туған адам, елі үшін өлу керек. Мына мақаларыңды оқып отырып оппозицияны кемсітіп көрсеткендей әсер алдым, өйткені бірнеше жүз адам жиналды, бір жарым сағат сарнады болды дегендей. Қайта осындай митингі өткізіп, халықты оятуға әрекет еткен адамдарды халық алдында (жете алмаған, қатыса алмаған, қорқып бармаған халыққа) көтермелеу керек. Бір ауыз сөзге тоқтаған, бір ауыз сөзге өре шапқан халық емеспіз бе? Мүмкін сіздердің осы жазған мақалаларыңыз халыққа түрлі ой салар?!, бірі қосылсар. Егер сіздер халыққа ашығын жетізсеңіздер, халық онда елі үшін ояна бастайды. Болмаса осындай мардымсыз, кері тартпа мақала арқылы халықтың сенімін, ынжырғасын түсіресіздер. Осылай ояна бер халқым. Алла жар болсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:48
+0 / -0
Мына пікіріңіз - қиғаш.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 16:18
+0 / -0
Жаңаөзен тақырыбы бір партия түгілі ондаған партия жекешелендіре алмайтын тым ауқымды тақырып, бұл - өмірлік тақырып және ақыр түбінде Назарбай бастаған бандиттердің к...не күл сеуіп, тұқым-теберін құрдымға жіберетін тақырып.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 16:55
+0 / -0
Көрдіңдерме? біздің Қазаққа дайындап қойған иттерін! осы милиция дегендерден әбден тойдым, бастарында ми жоқ па, жоқ бастары жоқ па? қашан көрсең халықты басып-жаншып, ұруға дайын тұрады, қимылдары белсенді, халықты басуды жақсы көріп, қызығып істейді. К+ та видеодан көрдім. Менше биліктегілер осы милицияларды жұмысқа қабылдағанда тексеріп көріп, бастары істемейтіндері мен ұр да жықтарын алады ау деймін. Ондайларда өзі милиция болуға жүгіретін сияқты ғой. Әйтпесе олар да халықтың балалары ғой, осы уаққа дейін түсінетін болды ғой! Жәнкештілер неғып милицияларға жүгіреді десем, текелер әбден қитығына тиісіп болған сияқты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 17:32
+0 / -0
Ел үшін жүрген ерлерді кешеде, бүгінде арашалап ала алмаған қазағым не істей қояр дейсің? 70 жыл бойы орыстар қысып, шошқаның етін беріп, арам жегізіп рухын өлтірсе, енді 20 жыл бойы малғұндар келіп тұра алмайтындай етіп тастаған. Көшеде жүріп жөн сұрағанға теріс айналып кететін болдық, жамандықты көріп тұріп, қайтармайтын болдық. Әкеміз аштан өлгендей, Алланың берген ризығын назарбай беріп отыр, бірдеме десем, тамағымнан айырылам деп, намысымызды нанға сатып отырмыз. Жаңаөзенде анау 20 жыл аш байлап қойған иттерін жіберіп Қазақты талатты, шегараға бара қалсаң ақша сұрап тағы да йттер шығады алдыңнан. Дінімізді тауып, арамнан сақтана бастап едік, атамызда ондай болмаған, біздің ата-бабаларымыз жалаңаш жүрген, көті-басын көрсетіп, намазды есіне түскенде, ниетімен оқи салған, дәрет алып, киім кимей деп - жетпіс жылда өзгеріске үшыраған, тура жолда болмаса да аталарымызды айта саламыз. Жұмысқа кіру үшін пара беру, сотқа бару тойға бару болды, адам өлтіргендермен халықты тонағандарды назарбайдың рақымшылығына іліндіріп (кім ол рақымшылық ететін, Алла ғана рақымшылық етеді) арыз айтқан өлгелі жүрген кедейді түрмеге тыға салатын болдық, күнәні көзімізді бақырайтып қойып жасап, оны дәстүр қылып алдық. 20 жыл бойы сөзбен дамып, өтірік айтып, ұшқалы отырмыз, соның бәрі енді шыға бастап жатыр дамығанымыз. Кәсіп істейін десең бір жейді, документ жаса деп бір жейді, жұмысқа кірсең бір жейді, өшірет алсаң тағы сол. Сөйтіп бір-біріміздің етімізді жеп бір күні сүйегіміз қалатын шығар!
Пікір алмасу

Кімнен: Маншук Қайдан: Шымкент
30.01.2012 00:47
+0 / -0
Менттерді аямау керек. Олардың ішінде дұрысы бар дегенге өз басым сенбеймін. Дұрыстары болса Жанаөзеннен кейін жұмыстарын тастау керек деп ойлаймын. Сол алатын 70мың тенгесін басқа адал жұмыстанда табатын еді ғой. Халықты қырып тастау деген не сұмдық. Ішінде бала шаға да бар. Халықты тонау деген не. Оларды кешіруге болмайды. Менттерді соттау керек деген митинг болса өз басым барамын. ГЕН. Касымовты да соттау керек. Срочно.

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
28.01.2012 16:53
+0 / -0
Құрметті азаттықтар! Видео қайда, видео? Кім, не айтқанын біле алмай отырмыз, тезірек видеоны шығарыңыздаршы. Сонымен қатар 5-10 минуттық емес, кәдімгі басынан-аяғына дейінгі көріністі тұтастай көрсететін видеоны салыңыздаршы!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 17:58
+0 / -0
http://www.youtube.com/user/KplusTV?blend=1&ob=0#p/u/1/3JcG6k8MiAk
Пікір алмасу

Кімнен: 007
29.01.2012 00:30
+0 / -0
http://www.guljan.org/ru/news/informblok/2012/January/1294
Толық көруге болады.
Пікір алмасу

Кімнен: сұңқар
28.01.2012 18:15
+0 / -0
орта азия көктемінің бастауы http://www.guljan.org/
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 20:02
+0 / -0
http://www.guljan.org/ - ашылмайды, кол енгіз дейді, бірақ код-ты көрсетпей тұр, қалай ашамыз сайтты

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Астана
28.01.2012 17:31
+0 / -0
Бәрегелді! Бұл орта азия көктемінің батслуы болғай!! Қазақстандықтар, оққа қарсы шабқан, жаңаөзен жастары мен мұнайшыларының қайтпас қайратын тағыда қайталады. халықтың мұңы мен зарын жүрегімен түйсінетін ақын жазушылар мен әнші-күйші, сыушы, спортшылар ендігі бастама сіздермен болады деп түсінейік.

Кімнен: абыз қыз Қайдан: құлсары
28.01.2012 17:37
+0 / -0
Митингке шыққан халықты неге сынайсыңдар? Өткен жолғыдан бүгін жақсы жиналыпты. Келесі жолы бұданда көп болады. Халық бірте бірте оянып келе жатыр емес пе. Көш жүре бара түзеледі деген. Алла бұйыртса, болашақта бүкіл Қазақстан шығатын болады. Соған жеткізсін!

Кімнен: Наркаска Қайдан: Актау
28.01.2012 17:47
+0 / -0
Бэсе,онсыз да жетим конилим Жанаозеннен кейин кулазып калган ,жогары жакта елим деген ер калмады ма , бул калай болганы деп ойлаганмын.Жарайсындар, Алматылыктар.Сен козгалды деген осы,эйтпесе итак та аш карнымды билик отирикпен тойдырып болды.Неде болса оппозиция ерледи.Истерин онга бассын,АЛЛА жар болсын.Абай болындар.Биз тилекши.
Пікір алмасу

Кімнен: өзіміз Қайдан: Алматы
28.01.2012 18:17
+0 / -0
Митинг тек Алматы мен Атырауда ғана болды ма? Басқа қалаларда ұйымдастыратын азаматтар болмағаны ма? Әлде қаңғыған автомат оғы тиіп кетер деп қорықты ма екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Маншук Қайдан: Шымкент
30.01.2012 00:37
+0 / -0
Шыққымыз ақ келеді. Ұйымдастырушылар болмай тұр. Журналистер мен орыстың әжелері шығамыз дейді
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
28.01.2012 18:19
+0 / -0
жарайсындар ЖСДП.қорықпан басын алға.біз әрқашанда сіздермен біргеміз.Енді бас бұқсақ болды ҚҰЛ боламыз.Өзендегі ком.сагаты біткесінде талай қызықтар болады.ҚАЗВҚтар ОЯНындар қашанғы Ұйықтап жатасындар.Болар енді.

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
28.01.2012 18:45
+0 / -0
видиоларга карасан полицейлер кадимгилей жуасып калыпты, алдынгыларында кадимгидей кол кайырып автобуска тиегенин корип едик енди жуасып калыпты жуасып. Онын да оз себеби бар шыгар иштери билетин А???
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 19:21
+0 / -0
Kz.news Абилев пен Қосановты 15 тәулікке қамауға сот шешім шығарды депті

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 19:29
+0 / -0
Бұның соңы жақсылыққа алып келмейді. Елбасына бәрібір оның жасы келді. Ол Кадаффи секілді бәрін қиратады. Биліктен кету оңай емес, барлығын бейбіт жолмен шешу керек. Ойланайық ағайын
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
28.01.2012 21:25
+0 / -0
сонда Каддафи сияқты қор бөліп өлу жақсы ма оған?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Орда.
29.01.2012 15:33
+0 / -0
Назарбаев патша болып тур гой. Ал Каддафидiн олiмi шыныменда ит олiм болды. Кiм патшасына ит олiм тiлесiн. Арине, патшанын озi "ИТ ОЛIМДI" калап алмаса!!!

Кімнен: Сымбат Қайдан: Актау
28.01.2012 19:53
+0 / -0
Курметти Азаттык! осы митингинин толык видеосын неге коймадыныздар ....сонша кутип едим....халыкты оятуга, казактардын, жастардын намысын жигерлейтин, рухын оятатын нарсенин барин биздер тек кур создермен емес тусирилген видеомен оята аламыз.билик "Азаттын" басшыларын алып кетсе бул ис тагы да аяксыз кала ма деп коркамын....Назарбаевтын атын атап онын биликтен кетуин талап еткен азаматтардын сози ерликпен пара-пар десе де болады...осында отырып алып акыл айтканша сендер сол аланга шыгып Назарбаевтын атын атай аласындар ма екен.....осыганда шукир...келеси уйымдастырылатын митингиге будан да коп адам катысатынына сенейик.....Актауда уйымдастыратын адам жок па екен.....

Кімнен: казак Қайдан: алматы
28.01.2012 20:00
+0 / -0
Өй, бұл пікір білдірушілерде айтады екен-ау. Ананы айтпадыма, мынаны айтпады ма, оппозиция әлсіз, өтірік, халықты ойлайтын адам жоқ, былай айтса жақсы болар еді деген не сөз өзі. Не деген қырсық мынау қазақ. Дәл қазір бір-бірімізбен айтысатын кезбе. Барлығымыздың мақсатымыз қандықол билікті кетіру емеспе. Ендеше неге қырсық сөйлеп отырсыңдар бәрің. Оппозиция жаман болсын жақсы болсын мәселе онда емес. Мәселе алаңға 1000 да болсын адамнын басы жиналды. Өз құқын қорғау үшін, мына режимге қарсылығын білдіру үшін, әбден шаршаған, саяси реформаларды қалайтын азаматтар жиналып отыр. Бізге осында халықтың санын көбейтіп келу керек еді. Өз-өздеріңе сұрақ қойындаршы, мен елде әділдік орнату үшін қандай үлесімді қосытым және қоса аламын деп. Егер әр адам өзінің азаматтық ұстанымымен алаңға шығып өз мүддесін қорғаған болса бізге оппозицияның да керегі болмас еді. Билік халықпен санасатын еді. Сондықтан құр көпірмей осы жағын көп ойлайық!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 20:52
+0 / -0
Менттар да қазақтың балдары ғой. Өткенде бірі айтады, билік тойымсыз екен, қазір халықтың көзі ашық қой-деп қарап тұр. Күтпеп ем. Олар байғұстар қайтсін, 45 жастан пенсияға шығу үшін, бұйрықты орындауға бар. Басқа қолдарынан ештеңе келмейді. Басқа халыққа пайдалы нәрсе істеу үшін, әкесі де, таңдаған мандықтары да бой бермеген.
Пікір алмасу

Кімнен: Медиманов Түйебай Қайдан: Ақтау
28.01.2012 22:33
+0 / -0
Менттер бұйрықты орындамаудан қорықса, Мұхтар Алиев айтқан жоқ па, не істеу керек екенін. Бұйрықты орындамауға қорқатын болсаңдар адамға атпаңдар, жоғары қарата атыңдар , адамға тимейтін қылып деген жоқ па. Жалпы, олардың басында миы бар адам емес пе, атайын деп тұрғандары қоян емес, адам екенін көріп тұрған жоқ па,өздерінің ата-аналары,тумаластары бар адамдар ма, неге ақылдарын айтпайды. Адамның қаны жібермейді! Соны түсінсін. Қасымовтың сөзі анау, полицейлерге ешкім бұйрық берген жоқ деп.өздері атты деп. Маңғыстаудың 4 полицейін қылмыстық жауапқа тартқалы жатыр. Құрбандыққа шалып жіберді деген сөз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 23:37
+0 / -0
Біздің билік бүлдірерін бүлдіріп, енді тып-тыныш қана, сен жақсы, мен жақсы деп, артын жауып сла қойғысы келеді. Барлық бүлікті өздері ұйымдастырған. Атуға бұйрық берген де өздері. Оның ішінде Аслан Мусин Назарбаевты көндірген деп Республика сайтында жазылды ғой. Неге жауап бермей отыр? Осылай жылы жауып, қоя салғысы келе ме? Сонда не үшін өлтірілді жазықсыз адамдар? Енді бүкіл әскери күштер Жаңаөзен мен Ақтауды күзететін болады күндіз-түн. Себебі, билік қатты қорқады адайлардан да, басқа халықтан да. Халқымыз оянып, көтерілуде.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.01.2012 21:21
+0 / -0
Кім не десе о десін Жармахан аға жарады! Шынымды айтсам ,ол кісінің бұрынғы қимылдары менің көңілімді көншітпейтін еді. Бүгін өзін көрсетті. Жәке, батырсыз. Сіздің соңыңыздан халық ереді, тек құдайдан сіздің басыңыздың амандығын тілейміз. Енді Жасарал ағаның ол жерде болған болмағанын білмеймін, болса ол кісіге сөз бермеді дегенге сенбеймін. Жалпы, бұл бір бірімізбен кіжіңдесіп жүретін уақыт емес. Оған уақытта жоқ. Лидерді халық таңдайды. Бастамасы жақсы. Сең қозғалды. Шеруге шығу деген халықтың конституциялық құқы. Оларды соттаулары заңсыздық. Заңсыз үкім шығарған соттарды "қара тізімге" жаза беру керек. Жауап беретін уақыттары келеді.

Кімнен: zheltocsan
28.01.2012 21:29
+0 / -0
Болат ағамыз өзіне ұқсаған молданы қайдан тауып алды екен?
Пікір алмасу

Кімнен: КӨП Қазақтың бірі Қайдан: Алматы
29.01.2012 08:41
+0 / -0
Болат аға негізінен молданы дұрыс таңдаған .АЛЛА разы болсын.Себебі муфти Әбдісаттар мешітке барған жамағатқа "елім,жерім,дінім, деп жүрген елбасымыз аман болсын "деп дұға жасайды. ОНЫМЕН қоса бізге мемлекет соғып берді деп бөседі. біз дербісалы логикасымен ойласақ елі, жері болмаған мүсәпір халықпыз, Дұрыс имамдар көп,бірақ оларДЕРБІСАЛЫ МУФТИ ЛИНИЯСЫнан алыс кетуге қызметтен айырламын деп қорқады.имам байғұстар АЛАҢға жоламай-ақ тығылып отырып Жаңаөзенде қайтысболғандарға дұға жасаса ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ оларға сауапты молынан жазады деп үміттенеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
29.01.2012 22:35
+0 / -0
Маңғыстау өңіріндегі 362 әулие, қасиетті Пір Бекет атамыздың әруағы жебесін,
_________________

ендеше, сіз маған әулилер бізді қалай "жебейтінін", және "жебеу" дегеннің өзінің не екенін түсіндіріп берші? Әбсаттардан "жебеу" туралы есітіп көрмеп едім.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:59
+0 / -0
Құран оқыған жігіт молда екенін білмедім. Алайда, өзіндік көзқарасы бар, елдің қамын айтып жүретін азамат екенін бұрыннан білемін. Болат - демократ.
Жақсының
Жақсыға
Жақын жүргені -
Жақсы!
емес пе, Желтоқсан бауырым?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 21:59
+0 / -0
менттер құранға қолын жайды ма екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 22:45
+0 / -0
мынау Митингіні бақылап тұрған полициялар Қазақтың Ежелгі Батырлары секілді екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 09:13
+0 / -0
Өз халқын тонап, өз халқына оқ атқан, жаралы жандарды тепкінің астына алған полицияны ежелгі батырларға теңегеніңізге жол болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
29.01.2012 00:18
+0 / -0
міне сұрақ! Құранға қол жаю демекші, ертеректе Назарбаев, сол кездегі Алматы қаласының әкімі болса керек Храпунов, т.б. шенеуніктер қатысып тұрған бір жиында, ұмытпасам, молда бата қайырып тұрды. Әдепкіде молда қолын жая бастағанына қарамай Назарбаев бейнебір қасындағыларды сынап көргісі келгендей қолын жая қойған жоқ. Соған еріп шенеуніктерден ешбіреуі қол жаймай тұрған. Кенет сәлден кейін Назарбаев қолын жайды, соған ере Храпунов та қолын жая қалды, бірақ басқа шенеуніктердің қол жайған-жаймағанын аңғара алмай қалдым. Соған қарағанда шенеуніктеріміз Назарбаев Құдайға сен десе сеніп, сенбе десе сенбейтін сияқты көрінді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ансарым Қайдан: Туркестан
30.01.2012 21:24
+0 / -0
Ой казактарым.ай осы бетте де коимаисындар гой теке т1рест1кт1. осы ауыз б1рш1л1к жоктыктыгын Ел басы мен Ак орда итаршылары паидалануда. неге б1р1кпеис1ндер. Даладагы кутырган каскырдай ет1п жана озенд1ктерд1 кырды.АЗ БА????баилыкты к1м кор1нген талап жеп.б1з журм1з осекпен тоиып.не керек.НЕ КЕРЕК.!!!!!!! Оппозицияны келекелемей РАХМЕТ деу орнына т1лдер1нд1 касудасындар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 23:41
+0 / -0
Шенеуіктер ғана емес, мешіттегі имамдардың өзі аллаға сенбейді. Назарбаевқа сенеді. Алладан қорықпайды, Назарбаевтан өлердей қорқып, бұтына ты...ып қоя жаздайды. Назарбаевтың қол жайып, бет сипағанын тіпті көрген емеспін. Менімше, ол вообще ештеңеңге сенбейтін сияқты.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі