Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 15:17


ӘЛЕУМЕТ

Полициямен атыста қаза тапқандар саны 9-ға жеткені хабарланды

Оқиға маңындағы әскери көлік. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
Оқиға маңындағы әскери көлік. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, тамыздың 17-сінде Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округіне қарайтын «Таң» саяжайлар массивіндегі үйлердің бірінде «террорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін тоғыз адамның көзі жойылған».

Бас прокуратура бұл оқиғаның Алматыдағы шілде айында болған жарылыспен байланысы бар екенін хабарлады.

Аталмыш орган «2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде адамдар өліміне әкелген жарылыс болды. Факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-233-бабымен (терроризмге дайындалу) іс қозғалған еді. Аталған саяжай алабындағы үйлердің бірінде осы қылмысты жасады деген күдіктілер анықталды» деген хабар таратты.

Қазір мәйіттерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер журналистерді оқиға орнына жібермеді.

«АНТИТЕРРОРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ»  

Прокуратура хабарламасында күдіктілерді ұстау кезінде олардың құқық қорғау органдарына қарсылық көрсеткені туралы жазылған. Арнайы жасақтың бір сарбазы жарақат алған.
Оқиға маңындағы полицейлер мен журналист. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.Оқиға маңындағы полицейлер мен журналист. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
x
Оқиға маңындағы полицейлер мен журналист. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
Оқиға маңындағы полицейлер мен журналист. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.

Хабарламада «Сағат [таңғы] бес жарымда антитеррорлық операция жарияланып, сол аумақта ерекше құқықтық режим енгізілді, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді» деп жазылған. 

«Бұл оқиғаға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында зерттеу және жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады бас прокуратура.

Қарапайым тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ.   

ЖАРЫЛЫС ПЕН АТЫС 

Азаттықтың оқиға орнында жүрген  тілшіcінің хабарлауынша, Бағанашыл елді мекеніндегі Алматы және Мамыр көшелерінің қиылысында тұрған, үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полицейлер оқиға орнына журналистерді жібермеген.

Тұрғындар көліктерін көше қиылысына тастап, Мамыр көшесіне жаяулап кетіп жатыр. Жергілікті тұрғынның бірі «таңғы төртте жарылыс болды» дейді. Тағы бір тұрғын автоматты қарулармен оқ атылғанын айтты.

Жарылыс болды дегендер таңғы бес шамасында түтін анық көрінді деп отыр. Тұрғындардың бірі жарылыс пен атыстың дауыстарын қатар естігенін айтты. Көше 
Оқиға орнынан кетіп бара жатқан өрт сөндіру көлігі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.Оқиға орнынан кетіп бара жатқан өрт сөндіру көлігі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
x
Оқиға орнынан кетіп бара жатқан өрт сөндіру көлігі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
Оқиға орнынан кетіп бара жатқан өрт сөндіру көлігі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
бойын күзетіп тұрған полиция қызметкері Азаттық тілшісіне тиісті мәліметтерді "бәрі біткеннен кейін қалалық ішкі істер департаменті хабарлайтынын" айтты.  

Қазір жедел жәрдем,  өрт сөндіру көліктері және арнайы жасақ мінген автобустар оқиға орнынан кетіп жатыр.

Бас прокуратураға сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің жазуынша, алдын ала тергеу нәтижелері бұл оқиғаның Ақсай шатқалындағы 11 адам қаза тапқан оқиғаға қатысы жоқ екенін көрсеткен.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТАЛҚЫЛАУ
 
Бүгін таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде интернет-қолданушылар Алматы облысы маңында атыс дауысы естілгенін қызу талқылап жатты.
Оқиға маңындағы полицейлер мен әскери адам. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.Оқиға маңындағы полицейлер мен әскери адам. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
x
Оқиға маңындағы полицейлер мен әскери адам. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
Оқиға маңындағы полицейлер мен әскери адам. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.

Ainur Nurtay ‏есімді қолданушы «Таң атпастан Алматыда не болып жатыр? Әпкем "Мираста" жұмыс жасайтын. Жұмыс жаққа жібермей жатыр, Әл-Фарабиге жол жабық» деп жазды.

Интернет-қолданушылар «Неге бірде-бір ақпарат жоқ? Неге полиция үнсіз?» деп ақпарат іздеді. 

Азаттық осы оқиғаға қатысты жаңалықтарды бақылап отырады. Жаңа мәліметтерді осы мақаладан оқи аласыздар.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
17.08.2012 10:58
+0 / -0
Жаңаөзендегі қанды қырғыннан кейін атыстан көз ашпайтын болдық, осы әлгі "Қазақ Стандықтардың гарантымын" деп кеуде соғатын жемқор көксоққан не бітіріп жүр?
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат Қайдан: Астана
18.08.2012 08:58
+0 / -0
Мына тұрғандар КНБ көліктері ғой. КНБ Елбасыға тікелей бағынатыны заңмен белгіленген. Сонда, Елбасы қарсы келгенді қыруды бұйырған ба? Түсініксіз....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.08.2012 11:47
+0 / -0
Бұл көліктің Астана нөмірімен Алматыда жүргені қалай?

Кімнен: ара Қайдан: Қазақ елі!
17.08.2012 11:06
+0 / -0
бұл террор деген пәле 2010 жылы ма, әлде 2011жылы ма АҚШ бізді Қазақстан террористтер елі деп айыптаған. бірақ артынан қателесіп кеткенін айтып, кешірім сұраған.. сол батыс жылы "Вавилон наши эры" деген фильм түсіріп, Қазақстанды террористтер елі деп көрсеткен,. артынша қазақ жерінде бұрын соңды болмаған террорлап жаулап кеткен,. Атырау, Ақтөбе, Тараз және Алматыдағы жарылыстар мен атыстар соның белгісі.

АҚШ тыныш жатқан мұсылман елдерін террормен күресеміз деген желеумен бомбалап жатқаны белгілі. соның лебі бізге де жеткен сияқты. ертең АҚШ бастап, НАТО қостап "Қазақстан террористтермен күресуге қауқары жетпей жатыр, біз террористтердің көзін жоюға келдік" деп Қазақияға әскер кіргізсе таң қалмаңыздар.....
Пікір алмасу

Кімнен: АРА Қайдан: ҚАЗАҚ ЕЛІ
20.08.2012 08:59
+0 / -0
кеше кешке сағат 7лер шамасында Бағанышылдың жоғарғы жағындағы осы таң саяжайында тура осындай атыс және жарылыс болды дейді сол жақта тұратын бір танысым.

АЗАТТЫҚ, ОСЫ ЖОЛЫ ЕШТЕҢЕ ЕСТІМЕДІҢДЕР МЕ?

Кімнен: Махамбет
17.08.2012 11:27
+0 / -0
Бас салып түгел қырып тастау біртүрлі күдік тудырады.Қолға тірі түсіруден құқық қорғау орындары (нақты айтқанда билік) әлденеден қорқатын сияқты.Террорист деген соншалықты дәлелді емес. Кіммен кім соғысып жатқаны белгісіз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 11:41
+0 / -0
күдікті,«террорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін бес адамның көзі жойылған»
Сонда қылмысы дәлелденбеген, сотсыз атып тастай береме. 50 шақты арнай жасақтың 5 адамды тірілей ұстауға (ең болмаса біреуін) әлдері келмейме... қаңғыбас иттерді атқанмен бірдей болды ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 12:08
+0 / -0
Күдік тудырмай жүру үшін не істеу керек?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
17.08.2012 12:10
+0 / -0
ой ол "арнайы жасағың" көк базардың маңында шемішке сатып отырған кемпірлерге ғана батыр екенін білмеп едің?!
ал ер азаматтарға қарсы келгенде екі дәреті бірден келетін болуы керек, еш сотсыз, дәлелсіз атып тастай салады.

Сталиннің кезінде халық жауы деген термин мода болып еді, қазір модада "террорист" деген термин(((((

орыс пен батысқа кезек жалтақтаған біздің билік солардың көңілінен шығамын деп өз халқын қойдай қырып жатыр!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Кызылорда
17.08.2012 18:03
+0 / -0
оттапсың!! мықты болсаң сондайларды тауып ал да бетіне айт осы әңгімеңді! ішек қарның ақтарылып бір куыста шіріп жатар едің бастаған әңгіменді аяктай алмай
Пікір алмасу

Кімнен: Аруна Қайдан: Алматы
18.08.2012 16:23
+0 / -0
Осы менің бір байқағаным Қызылордалық бауырларымыз әдет болып кеткен бе, санасызба, жоқ мінездері жаман ба әйтеуір тілдеп, шамырқанып шыға келеді. Кішкене болсада мадениетті болыңдаршы!

Кімнен: кука
17.08.2012 12:02
+0 / -0
махамбет сізбен толық келсем,ен болмаганда бір адам тірі қалмайды бұл не сұмдық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.08.2012 06:10
+0 / -0
5 жасөспірім, Ислам университетінің студенттері екен, қоршаудан аттап қашқан жерлерінен ұсталыпты, КТК-дан естідім, байқұстарды жазықсыз террористердің сыбайластары деп құртады-ау. "Көздерін жою" операциясы ІІМ-нің модасы болып кетті. Сотсыз, сұрақсыз түсініксіз болды. Менің де бір інім сақал өсіріп, көйлегін киіп жүр, келініміз орамалын салады, 3 баласы бар, оның да отбасын келіп бір күні қырып тастай ма деп қорқамын.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақия
17.08.2012 12:13
+0 / -0
Бұл биліктен бәрін күтуге болады, үнамағандарын тероритерге қатысы бар деп сотсыз, заңсыз ата салады, сондай бір зұлым саясат жүріп жатыр қазыр

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 12:14
+0 / -0
"Лаңкестердің" Алматы төңірегінде шоғырланғаны қалай? Ақорда Астанада емес пе?
Мүмкіндіктері бола тұра ешбір ланкесті тірідей ұстамай, қырып салатын біздегі күштік құрылымдарға сенбеймін.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
17.08.2012 12:35
+0 / -0
біздін оңкей адам аткыш полиция сымактарымыз жакын барып устауга коркады сосын алыстан атып көздерін жоюга кіріседі ол террористпе баскама ода шаруалары жок атып қазақ бауырларымызды қырып батыр атагын алып даңдасиды ол кіл өліктер тек қырылып жаткан қазақ бауырларымыз ағайындар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 12:37
+0 / -0
Бастарың бірікпегенен кейін басына береді,Қазақ халқы мен билік арасындағы егес егестің шегі көрінбейді

Кімнен: 999
17.08.2012 13:02
+0 / -0
Президенттің нұрлыкөш бағдарламасын тоқтатып, қандыкөш бағдарламасын жалғастырып жатыр ау деймін. Менің оралман көршіме учасковыйлар тыныштық бермейді, елім деп еңіреп келген қандасымыз емес, түрмеден жаңа шыққан қандықол қылмыскермен бірдей
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 14:28
+0 / -0
қасқа болған қазақпыз ғой,айдың күннің аманында өйстіп қырылып отыра береміз бе

Кімнен: нагыз казак Қайдан: казакстан
17.08.2012 15:03
+0 / -0
биздердин полицейлерге онайгой олтире салады айтеуир

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 15:26
+0 / -0
Азаматы алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,

"Алаш маршынан" үзінді

Кімнен: адок Қайдан: атырау
17.08.2012 15:30
+0 / -0
терористер ақштан Қазақтарға атылган оқ

Кімнен: Қасиетті дала үні .
17.08.2012 16:00
+0 / -0
Бұл қанды оқиғаны билік терроризмге аударғасынақ жағдай белгілі , бұл жерде бір шикілік барын айытпасада белгілі .
Тірілей қолға түсірсе шындықтың беті ашылады сондықтанда барлығын шама келсе тірілей қолға түсірмеу керек .
Бұл жасақтың басшысы кім , тапсырманы орындауға кімдер бұирық берді ол бізгеғана белгісіз болып қалады ,соңғы кезде аз қан төгілдіме , саясаттағы әрбір ақпараттан қан көремін атып жатыр , қырып жатыр , соттап жатыр жалған тыныштықтың терісін жамылған билік даттауғана лайық болып қалатын түрі бар . Әрбір болған қанды оқиғалардың артында белгілі тұлғалар тұрдеп білемін , бұл жақсылыққа апарар жол емес , бұндай оқиғалар артқа шегініс , бұл даму емес, бұл жетістік емес есі кеткеннің қан құмарлығы .
Бұл қойдан жуас Қазақты басынғандығы , әрбір оқиғаны талдап жауабын өткір талап ете білсек алдымызда бізден бұндай қанды оқиғалардың шын келбетін билік жасырмаған болар еді . Енді билік бәріненде кеш қалды өздерін қашанда ақтап қала алмайды ,соңғы шанысынанда айырылды.
Алдарында бірақ жол билікті халықтың қолына беру , осынау өздері айтудан жалықпайтын тыныштығы тұрғанда орындарын босатуы керек , кетпейме онда ертең халық төңкеріп тастайды , сол кезде спрос өте қатты болады .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 17:43
+0 / -0
Өлген үндіс - жақсы үндіс... Өлген адамға қандай айдар тақсаң да, қандай жала жапсаң да бәрібір...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 23:54
+0 / -0
Bizdin poliisailer tek granatomet koldanatin bolip alipti. nege?

Кімнен: Адайка Қайдан: Алматы
17.08.2012 22:13
+0 / -0
Қазір Оптом Қазақтарды өлтіру басталып кетті. Мұның бәрі тектен-тек емес. Билік басында Отаны жоқтардың кіріп кетуі, биліктің басты Штурвалдарын алып, астыртын диверсиялық Қимылға көшті ма деген Күдік тудырады!
Мынау Жақсылық емес!
Осылай "террорист" деп оптом азаматттарымызды қыра берсе арты не болады? Ойландырарлық жайттар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.08.2012 07:29
+0 / -0
Durys aitasiz. Terrorist dep KAZAKTARDI oltirip jatur.... Sonda ne sakal koigan,oramal takkan, namaz okugan KAZAKTAR bari terrorist pa??????????????..........................................................

Кімнен: zheltocsan
18.08.2012 02:30
+0 / -0
Аталмыш орган «2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде адамдар өліміне әкелген жарылыс болды. Факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-233-бабымен (терроризмге дайындалу) іс қозғалған еді. Аталған саяжай алабындағы үйлердің бірінде осы қылмысты жасады деген күдіктілер анықталды» деген хабар таратты.
====

сонда бахабист дейтіндер бахабист дейтіндерді жарып жібергені ме? Таусамалыдығы жарылыс болған үйде бахабист дейтіндер жалдап тұрған деп жазып еді ғой. Түк түсінсем бұйырмасын.

Кімнен: алматылық
18.08.2012 03:23
+0 / -0
ие-е, сонда бұларды таңғы намаздан кейін көз ілгенде о--дүниеге оптом аттандырған екен ғой

Кімнен: сабыр
18.08.2012 05:13
+1 / -0
бұл үйді шабуылдаудың бейнекөріністерде бұларды алдымен атқылап, кейін жан-жағынан өртеп жібергені көрініп тұр, яғни бұл операцияның басынан-ақ ешкімді тірі қалдырмау жоспарланған-ды. Таусамалда төрт бала қырылды, мұнда да балалы-шағалы отбасы тұрған шығар, бұлардың сұраушысы жоқ па
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
20.08.2012 13:37
+0 / -0
бейнекөрініс қайда сілтемесін берші.
Пікір алмасу

Кімнен: 505
20.08.2012 17:03
+0 / -0
Сонда сендердің пікірлеріңше, қылмыскерлер полицияға қарсы оқ жаудырып жатса, "оларды кәмпит берем шыға ғой" деп алдау керек па? бүндай нақұрыстармен қатал күресу керек, бастарынан сипайтын уақыт өтті

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.08.2012 10:12
+0 / -0
Қазір ораза айы олар "вахабист-террористер" деп атаған адамдар бірлесіп тарауық намазына жиналғандар шығар, бала-шаға барма, жоқ па бас салып, ертең еліміздегі бар сақалдылардың бәрін сұраусыз ата берсе өзі аз халқымыздан ешкім қалмайды ғой."Шығындар, қоршаудасыңдар, шықпасаңдар атамыз" деген бұйрық беіліп жататын еді, ол да жоқ, бас алып ата беруге кім құқық беріп жатыр екен? Сұмдық болып кетті ғой?!

Кімнен: kazak Қайдан: kazakiya
18.08.2012 13:34
+0 / -0
aman bolaiyk
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?