Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 04:37


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

«Аяғынан неге атпады?»

Азаттық тілшісі Шетпе станциясында болған толқу кезінде полиция қолынан оққа ұшқан Төребек Төлегеновтың Маңғыстау облысы Жармыш ауылындағы үйінде болған еді. Марқұмның әкесі ұлының басын сүйеп отырғанда өзіне де оқ атылғанын айтады.

Желтоқсанның 17-і Шетпедегі толқу кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Төребек Төлегеновтың құжатқа түскен суреті.
Желтоқсанның 17-і Шетпедегі толқу кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Төребек Төлегеновтың құжатқа түскен суреті.
Мәтін көлемі - +

Маңғыстау облысындағы толқу кезінде қаза болғандардың бірі – 30 жастағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің сержанты Төребек Төлегенов. Желтоқсанның 22-сі күні Азаттық тілшісімен тілдескен туыстарының айтуынша, ол қызметін атқару кезінде қаза болды. 

ҚАРАЛЫ ҮЙДЕ

Төребек Төлегеновтар отбасының тұңғышы екен. Ата-анасы келін түсіруге дайындалып жүргендігін айтады. Оның әкесі 55 жастағы Жәнібек қазір жұмыссыз. «Қаражанбасмұнай» компаниясының құрамындағы «Арғымақ сервис» компаниясы оны жұмыстан босатқан. Себебі белгісіз. Баласы жайлы айтқанда әкенің көзінен аққан жас тарамдап бетін жуды.

- Кезекті ауысымнан келген баламды сол күні қосымша күш керек деп жұмысқа кері шақырды. Арнайы киімін киіп кеткен еді. Қызметтік арнаулы көлігі болмаған соң такси жалдап барған. Кетіп бара жатқанда басынан тиген оқтан қаза болды, - деді Жәнібек Төлегенов Азаттық тілшісіне.
Шетпеге кіріп келгенімізде ештемеге түсінбей қалдық. Ешқандай ескерту болған жоқ. Бізге оқ жаудыра бастады. Біреуі машинаны тесіп өтті. Біз жеткенде Төребек жүріп кетіпті.

Баласына оқ тигені туралы хабарды естіген соң ата-анасы бірден Шетпеге қарай жол тартқан. Оларды Жәнібектің інісі Мейірбек Көпбаев көлігімен апарған екен.

- Шетпеге кіріп келгенімізде ештемеге түсінбей қалдық. Ешқандай ескерту болған жоқ. Бізге оқ жаудыра бастады. Біреуі машинаны тесіп өтті. Біз жеткенде Төребек жүріп кетіпті, - деді Мейірбек Көпбаев.

Жәнібектің айтуынша, оқ тиіп жатқан баласының басын сүйеп отырғанда оның өзін аяғынан атқан екен.

- Маған атылған оқ балағымды тесіп өтті, - деп ол шалбарын көрсетті. - Ал мынау баланы атқан гильза. Аудан әкімі келіп кетті, қасына ертіп алған ауылдың бетке ұстарлары бар. «Менің қой деп айтуға құқым жоқ еді» деді.

Ішіне шері сыймаған анасы Зерік Тауасарова еңіреп баласына жоқтау айтты.

«Бармағы кетті-ау тісінде,
Арманы кетті-ау ішінде.
Аяғынан неге атпады?
Қолынан неге атпады?»

- Баламның қазасы ел президентінен бастап аудан, ауыл әкімдерінің мойнында деп санаймын, - деді зарлаған ана.
Зерік Тауасарова (сол жақта), Шетпе станциясында желтоқсанның 17-і күнгі полициямен қақтығыс кезінде қаза тапқан Төребек Төлегеновтың анасы жоқтау айтып отыр. Шетпе, Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жылЗерік Тауасарова (сол жақта), Шетпе станциясында желтоқсанның 17-і күнгі полициямен қақтығыс кезінде қаза тапқан Төребек Төлегеновтың анасы жоқтау айтып отыр. Шетпе, Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл
x
Зерік Тауасарова (сол жақта), Шетпе станциясында желтоқсанның 17-і күнгі полициямен қақтығыс кезінде қаза тапқан Төребек Төлегеновтың анасы жоқтау айтып отыр. Шетпе, Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл
Зерік Тауасарова (сол жақта), Шетпе станциясында желтоқсанның 17-і күнгі полициямен қақтығыс кезінде қаза тапқан Төребек Төлегеновтың анасы жоқтау айтып отыр. Шетпе, Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл

Жәнібек Төлегеновтың айтуынша, сол күні жаралы адамдарды таситын жедел жәрдем  көлігі де бензині болмағандықтан шықпай қалған.

- Жігіттер жараланғандарды арқалап тасып жатты ауруханаға. Жиналғандар жолаушылар пойызына шабуыл жасамаған. Бірақ полицейлер көрінгеннің бәрін ата берген. Неге? - деді ол.

Үйдегі жылау толастаған жоқ. Төребектің жеңгесімін деген Зәуре есімді келіншек ауруханада иығынан жараланған он жасар баланы көргенін айтты. Оны анасы дүкенге жұмсаған екен.

- Қайным текке өлді, оқ қақ маңдайынан тиген, - деді Зәуре марқұм Төребек Төлегенов туралы.

«ОЛ  АР ЖАҚТАН БОЛДЫ»

Шетпедегі жағдайға түсініктеме берген жол полициясының подполковнигі Серік Қожаев бір топ жас жігіт темір жолды бөгеп, бұзақылық жасады деп санайды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полковник Хайдар Сарин жиналған жұртқа оқ жаудырғанын Азаттық тілшісіне ашық айтты.

- Шетпеде өлген жігіттің аты-жөні құпия емес - Төребек Төлегенов. Ол  - өрт сөндіру қызметінің сержанты. Бірақ, ол ар жақтан болды, - деп ерекше ескертті Хайдар Сарин. -Өмірімізге қауіп төнгенде тізімдік қаруды қолдануға құқымыз бар.

Серік Қожаевтың айтуынша, оқ ату туралы желтоқсанның 16-сы күні берілген орталықтандырылған бұйрық бар. «Бірақ, алдымен аспанға атып, ескерту жасалды» деді ол.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 16:24
+0 / -0
Атасының басы!!! аспанға аттым дейді ғой. қарусыз халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген Сол орталықтандырылған бұйрықтың астына кім қол қойғанын айтсын оңбаған ит неме!!!

Кімнен: Ayanat Қайдан: Aktau
26.12.2011 16:35
+0 / -0
- Шетпеде өлген жігіттің аты-жөні құпия емес - Төребек Төлегенов. Ол - өрт сөндіру қызметінің сержанты. Бірақ, ол ар жақтан болды, - деп ерекше ескертті Хайдар Сарин. -Өмірімізге қауіп төнгенде тізімдік қаруды қолдануға құқымыз бар.
Kargys atsyn seni haidar sarin!!!!Kayaktyn kukygyn aityp otsyn?Albastybaskyr neme!Dal solai mandaiynnan atylsyn sagan ok!Buyiryk keldi dep karuy jok adamdarga ok atuyn kerek pa atana nalet!
Пікір алмасу

Кімнен: жеменей Қайдан: шетпе
26.12.2011 19:51
+0 / -0
ауызга келгенди айтып сандалман. менин агамды олтирип салып басынан атып АЛЛА берсин жазаларынды капирсиндер иман жок журектеее

Кімнен: Adayka Қайдан: Janaozen
26.12.2011 17:29
+0 / -0
Maa mina kisi beti bulk etpesten ok ar jaktan bolgan dep jaba saldi,sol ok ozinin basin tesip otse keremet bolar edi eger ozinin balasina tise ne ister edi ?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 17:41
+0 / -0
Ферғана.
Көп қырылып өзбектерім,
Қаһарын қаһаныңның сезбеп пе едің?!
Әзірәйіл қуанды көзі көріп,
Әскердің оқ жаудырып тез жеткенін.

Бішкек, Ош...
Жүздеп өліп қырғыздарым,
Тағынан қуып, ханды тұрғызбадың!
Қайда да қара халық қайғы жұтып,
Сұрқия саясаттың білді ызғарын.

Жаңаөзен.
Баудай түсіп қазақтарым,
Оқ атты, мылтық кезеп кеззаптарың!
Қақырап қабырғасы қайсар ұлдың
Қарсы алды абақтыда азап таңын.

Астана,
алыс-жақын аймақтарым,
Алдында төрелердің маймақтадың!
Радио, теледидар, мұқым газет
Құптады жағымпазды сайратқанын.

Басқарған кімдер бізді?.. бағамдадық.
Сөзінен түйір дәнек таба алмадық.
Қосылып «өңкей қиқым» билеріме
Бүлікші, бұзақыны жамандадық.

Халыққа оқ атқанды айыптамай,
Жарлықты бергенді де анықтамай,
Дұшпанды шетелдегі лағнаттап,
Жағалай белсендінің жаныққаны-ай!

Бәрі айтты: «Бәтуаға тұрақтаңдар»,
Күні ертең тағы атпай ма бір атқандар?!
...Табылды ерлерім де теңдік сұрар,
Жылаған қаралыны жұбатқан бар.

Тағы да аламанды арбай билік,
«Бірлік керек» деп жатты, қандай бірлік?
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды»,
Іш – жалын, ар отына жанбай күйдік.

Алматы.
Екі миллион бұқарасы.
Бірі – мен..,
ал, мен кімнің шікәрасы?
Кешегі қайда қалды үміт-сенім,
Қайда екен шаттығымның жұқанасы?

Несіне нас-наданға кейіп келдім?
Ойласам, бір жағымсыз кейіпкермін...
Жазылған жыр еді бұл жарым түнде,
Жетісін берген күні шейіттердің.
Болат Жетекбай.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Бейнеу
26.12.2011 19:31
+0 / -0
қабырғам қайысып,жүрегім жылап отыр. Оққа ұшып,жерленген азаматтардың жаны жәннатта, иманы жолдасы болсын! Қайғырып, өзектен жарып шыққан ащы өлең жолдары барша Жаңаөзендіктердің зар-мұңы екені түсінікті. Шыдай алмай жылаймын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 17:53
+0 / -0
Қарғыс атсын сендерді полицайлар! Халықтың қарғасын арқалағандар! Балдарыңның қызығын көрмегірлер! Тозақтың отына күйгірлер! Біреудің әп-әдемі ер жеткен баласын атып, ақыл ессіңнен ауыстың ба?? Саған өлім де аздық етеді???!!! жауыз!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нурым Қайдан: Алматы
26.12.2011 18:42
+0 / -0
Биздин полицейлердин кангыган октарынын ози как мандайдан тиып жатса , далдеп атса кайтемиз.

Кімнен: Мейрамбек Қайдан: Кереку
26.12.2011 18:10
+0 / -0
Азаматымыздын жатқан жері торқы болсын. Хайдар Сарин, Оқып отырмысын. Ат деп айтты деп не, адамнын қақ мандайынан ату керек педі. Жараласанда болар едігой. Мұхтар ағамыз айтпақшы: СЕН МАЛСЫН. Өз ұлынды солай атып кетсе көрермін.
Пікір алмасу

Кімнен: Issa Қайдан: Almaty
26.12.2011 19:25
+0 / -0
Кайран казагым...
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
26.12.2011 20:28
+0 / -0
Мынау Хайдар Сарин деген нағыз адамдықтан безген неме екен, Аданың қанын мойнына жүктеп қалай тыныш ұйықтап жүр бұл мал? Алланың алдына барғанда жағдайың қиын сенің, тозақ күтіп тұр сені, тозақта ірің ішіп, қан жұтасың сен! Сенің бұл өмірдегі күндерің де қайғы мен азарға толы болады. Сені туғанына шешең де өкініп жатқан шығар, ит неме. Иттің өзі сенен жақсы.
Пікір алмасу

Кімнен: Ayanat Қайдан: Aktau
26.12.2011 23:20
+0 / -0
onyn aty bas arippen jazuga da turmaidy,kutyrgan it!

Кімнен: ағілен Қайдан: Атырау
26.12.2011 22:17
+0 / -0
Бауырымды атқан жендет Сарин Хайдардың жазасы өлім болуы керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Актау Қайдан: Актау
27.12.2011 21:42
+0 / -0
Адамнын каны ешкимди жибермейди жазасыз!каза болгандар 150 ден асты деп естидик.Кан жибермейди барибир.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 22:35
+0 / -0
Халықтың қарғысын арқалаған , малғұн! Қай бетіңмен жүресің сол елдің ішінде! Өлім, саған! ӨлІм! Жүрген жеріңе шөп шықпасын! Жалғыз қалғыр, жалғыз қал, аңырап!

Кімнен: Бәйімбет қызы Қайдан: ЖАҢАӨЗЕН
27.12.2011 00:55
+0 / -0
Бұйрық берген адам екі дүниенің қызығын көрмесин!Омондар сендердин кундерин енди караңғы!қаншама ананың көз жастары сендерди жибермесин!Амин!
Пікір алмасу

Кімнен: Қыз бала Қайдан: Қарағандыдан
27.12.2011 11:47
+0 / -0
"Но тут к разговору подключился заместитель начальника ДВД области полковник Хайдар САРИН.
- Кто в него стрелял?

- Кто стрелял? Мы стреляли!" (http://azh.kz/news/view/8241)

Кімнен: Аз қалды!
28.12.2011 00:37
+0 / -0
Аз қалды! Коммунистердің тәрбиесін алған Әбішұлы мен оның қарамағындағы жендеттердің баянды көрінген дәурендері тақап қалды. Өздеріне ор қазып жатыр. Халықты қинауға болады, бірақ халық доп секілді одан сайын ырши түседі соққыға.

Көрінде қор болғыр жетдеттердің жазасын Алла береді. Одан бұрын халық та берсе екен масқаралап тұрып. Үрім-бұтағына қара таңба басылса деген тілек бар.

Жендеттерді ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ЖЕРЛЕМЕУ керек. Олардың мәіттеріне Қазақ елінде жер бұйырмау керек. Қазақтың жерінде жатуға ешқандай жендеттің хақысы жоқ!

Кімнен: Әлия
29.12.2011 22:13
+0 / -0
ОМОН-дар мен полицейлерге бір жақсы күн болып, ой бір жасап қалды-ау. бейшараларға жумыс табылып, қолдарына қару ұстап, одан қалды алдына келген адамды омірме қауіп төндірді деп атып. Сол атылған адамды жоқтаушылардың көз жасы сендердің бастарыңа көрінсін, аналардың шері , сендердей бейшараны туған шешелеріңнің шері болсын, зорлық көруші қыздарымыздың зары сендердің сормаңдай қатындарың мен қарындас, қыздарыңа көрінсін. Полиция мен ОМОН ең абыройсыз, сорлы екендеріңді тағы да бір мойындап бердіңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.01.2012 13:20
+0 / -0
Сол омондардын сол жерде жакын туыстары жок па екен оларда олип каладыго деп ойламайма сондай тас журек адамдар болады екенгой сену киын

Кімнен: азамат Қайдан: аккайынский
01.01.2012 17:33
+0 / -0
Азаматымыздын жатқан жері торқы болсын. Хайдар Сарин, Оқып отырмысын. Ат деп айтты деп не, адамнын қақ мандайынан ату керек педі.
Пікір алмасу

Кімнен: жеменей
01.01.2012 20:22
+0 / -0
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені екі сөйлемейк х.с

Кімнен: азамат Қайдан: аккайынский смирново
06.01.2012 16:52
+0 / -0
Қайғырып, өзектен жарып шыққан ащы өлең жолдары барша Жаңаөзендіктердің зар-мұңы екені түсінікті.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?