Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 18:36


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Ерсайлықтар «қара» тізімді жойып, жұмыс беруді талап етеді

Маңғыстау облысының Қарақия ауылындағы Құрық кентінде орналасқан Ersai Caspian Contractor LCC («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясы 2011 жылы мамыр айында ереуілге шыққан 700-ден астам жұмысшымен еңбек шартын бұзған еді. Олар Азаттық тілшісіне содан бері жұмыссыз жүргендерін айтты.

«Ersai Caspian Contractor LLC» («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясы жұмысшыларының 11 мамырда басталған ереуілі аштыққа ұласқан еді. Маңғыстау, 25 мамыр 2011 жыл.
«Ersai Caspian Contractor LLC» («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясы жұмысшыларының 11 мамырда басталған ереуілі аштыққа ұласқан еді. Маңғыстау, 25 мамыр 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
 
Жұмысшылар «наразылық білдіргендерді Батыс Қазақстанда ешқандай шетелдік компания жұмысқа алмайды, өйткені сенімсіздер тізімі жасалған» дейді.  

«ҚАРА», «ҚЫЗЫЛ» ЖӘНЕ «САРЫ» ТІЗІМ

Жұмысшылардың айтуынша, былтырғы мамыр ереуіліне қатысқандар тек «қара» ғана емес, «қызыл» және «сары» тізімдерге енгізілген.

Мәселен «қара тізімге» ереуілде белсенді болғандар кірсе, «қызыл тізімге» ереуіл барысында жұмысшыларға түрлі қолғабыс жасағандар, көлік тауып бергендер, суретке түсіргендер, бейнетаспаға жазуға әркеттенгендер еніпті. «Сары тізімге» ереуілге қатысы болмаса да, наразылармен араласатын жұмысшылар кірген. Ersai Caspian Contractor LCC компаниясынан жұмыстан шығарылған Кәрім Жалын:
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
x
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.

 - Билік Жаңаөзендегі ереуілден соң «Өзенмұнайгаз» бен «Қаражанбасмұнай» компанияларының мұнайшыларына жұмыс тауып беріп жатқанымен, Ерсай жұмысшыларының жағдайы өзгермей тұр. Былтырғы наразылықтан соң «қара тізімге» енген жұмысшылар саны қазір 120 адамнан асты. Оларды ешқандай компания жұмысқа алмайды. Өйткені, бұл тізім Батыс Қазақстандағы барлық шетелдік компанияларға таратылған. Кез келген компанияға барсаңыз, алдымен осы тізімнен іздеп, тексереді, - дейді.

Кәрім Жалынның айтуынша, 2011 жылы мамырда өткен наразылық шарасынан кейін, ереуілшілерді қайта жұмысқа шақырған Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының басшылығы 28 адамнан басқаларының жұмысқа шығуына болатынын ескерткен.

Алайда жұмысшылар жаз бойы талаптарын бірге қойып келе жатқандықтан, «жұмысқа бәрімізді алыңыздар» деген арыз айтқан. Ерсай жұмысшылары «бәріміз бірдей бұрынғы орындарымызға қабылданбайынша, жұмысқа кірмейміз» дейді.

 - Осылайша отыз шақты адамнан басталған «қара» тізім ұлғая келе жүзден асты. Қазір тепсе темір үзетін жігіттер екі қолға бір жұмыс таба алмай қаңғып жүр. Олардың арасында Орал жақтан келген 300-ден астам жұмысшы да бар, - дейді Кәрім Жалын.

«ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР»

Ерсайлықтар «Ақтау мен Жаңаөзендегі еңбек дауынан туындаған талаптың соңы билік пен халықтың қақтығысына ұласып, енді тынши бастағанымен, тағы бір жаппай наразылық Ерсайдан шығуы әбден мүмкін» екенін айтты.
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
x
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.
Ерсай компаниясының жұмыстан қуылған жұмысшалыры наразылық шарасында. Орал, 11 қаңтар 2012 жыл.

 - Өйткені ел қажып бітті. 12 мың тұрғыны бар Құрық кентінде бүгінде тек жұмыссыздар тұрады. Адамдар аш құрсақ өмір сүре алмайды ғой. Тағы бір наразылық осы Ерсайдан шығуы әбден мүмкін. Бұған дейін біз қойған талаптар - қарапайым жұмысшылардың жалақысын 24 мың теңгеден 48 мың теңгеге дейін көбейту, шетелдік және қазақ жұмысшыларының жалақысының арасындағы теңсіздікті жою. Бұл талаптарымыз сол беті жерде қалды. Еңбек шартына өзгеріс енгізуді, әлеуметтік пакеттерді сұрағанбыз. Ол жұмыс берушіге ұнаған жоқ, бір сөзбен айтқанда, құл болдық, - дейді Кәрім Жалын.

Ерсайлықтар бір үйден 6 мұнайшыға дейін жұмысқа кіре алмай жүргендер бар екенін айтып, «шыдамның да шегі бар» дейді. 

«ҚОЛЫ ТИМЕЙТІН БАСШЫЛАР»

Ersai Caspian Contractor LCC компаниясының бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Әділет Адамға Азаттық тілшісі үш күн ұдайы хабарласып, сөйлесуге тырысты. Алайда жұмысшылар шағымы туралы сұрақтарды қоюдың реті келмеді. Компания хатшысы Алтынгүл Ахметованың айтуынша, ол үнемі кеңседен тыс жерлерде жұмыспен жүреді.

- Әділет Адамның қолы тимейді, тек сәуірдің 9-ы босауы мүмкін. Ал Ерсай компаниясының бас директоры Камелло Тереза мен оның орынбасары Ян Чан жұмыста жоқ, - деді Алтынгүл Ахметова.

2011 жылы мамырдың 11-і осы компанияның жүздеген жұмысшылары аштық жариялап, наразылық акциясын бастаған еді. Олар компания басшылығынан шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылықты жойып, айлықты көбейтуді, еңбек шартына өзгерістер енгізіп, қайта жасауды және «Қарақия» тәуелсіз кәсіподақ ұйымы мен компания басшылығының арасында келіссөздерді бастауды талап етті. Ереуіл кезінде мұнайшыларға ауыл тұрғындары да қосылды. Олар компания мен ауыл арасындағы жолға шығып, оны жауып тастаған болатын.

«Ersai Caspian Contractor LLC» - Италияның «Сайпем Интернешнл Б.В.» және Қазақстанның «ЕРС Холдингз» компаниялары арасындағы тең үлеспен 2003 жылы құрылған кәсіпорын.

Компанияның негізгі активтері шоғырланған «Каспийская верфь» металды конструкциялар заводы Маңғыстау облысының Құрық ауылына жақын маңда орналасқан. Бұл компания Қашаған кенішіндегі «D» аралы үшін құбыр эстакадаларын салады, монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
05.04.2012 18:31
+0 / -0
Жанаозен ереуилинен кейн Казакстанда жумысшылар наразылыкка шыкса талаптарын корыкканынан орындап жатыр гой. наразылыкка шыкпасан талабынды орындамайды бизде кен байтак казакстанымда менин.

Кімнен: Шаке
05.04.2012 19:35
+0 / -0
Керек жақсылықты ешкім саған бере салмаиды оны қолдарынан биліктен тартып алу керек .

Кімнен: жанашыр Қайдан: тирден
05.04.2012 20:08
+0 / -0
Ерсайлықтардың бір алдырған жері өткенде ЖӨге Шүкеев келді, басқа да келіп кетіп жүргендер болды, сол мүмкіншілікті пайдалану керек еді, оларда келіп тұрып алғанда атып салуға дәті бармас, бір шешімін тапқан болар еді.

Кімнен: Алдаспан Қайдан: Ақтау
06.04.2012 00:01
+0 / -0
Ерсайлықтар үшін әлде де кеш емес, керісінше ,нағыз қимылдайтын уақыт. Көрікті қызған кезде соқ деген бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.04.2012 10:19
+0 / -0
дурыс, жумысшылар талабы орынды.орындлау керек, болмаса Мәсімовтын отставкага кетуін талап ету керек. Сол баскарган укиметтин кесири гой.

Кімнен: Құрық кентінің тұрғыны Қайдан: Құрық
06.04.2012 14:21
+0 / -0
Құрық кентінде екі мыңға жуық отбасы болса, әр отбасында бір адам Ерсай мекемесінде қызмет атқарып, тұрмыстары айтарлықтай жақсы болмаса да, күндерін көруші еді. Қазір жағдай жаман, жұмыссыз босып жүрген адам көп. Негізі Құрықта бұлақтың көзі - Ерсай мекемесі, басқа өндіріс ошақтары жоқ деуге болады. Жұмысшылар талаптарының орындалмауына барлық Құрық кенті тұрғындары наразылық білдірді, Ешқандай мекеме де, билік те бір ауылдың тілегін аяқ асты қылып "мүйіз сұрағандарды құлағынан айырып", ереуілге шыққан жұмысшыларды жұмыстан босатты. Солардың арасында менің екі ағам 8 айдан бері жұмыссыз, бармаған жері, баспаған тауы жок, еш жер жұмысқа алмайды. Жалғыз менің ағаларым емес, барлық ереуілшілер егетін егін де, бағатын мал да жоқ, теңізден балық та аулай алмайсың - рұқсат қағаз керек, жұмыс тағы жоқ деп қатты қынжылуда. Міне елу елге енейін деп жүрген, күнде байлығын айтып Европаға жар салып жүрген Қазақстанды білмеймін, Құрықтың тұрғындарының қарны аш, төбесінен қарасаң да, қапталынан қарасаң да Алдар көсенің жыртық үйіндей сіңірі шыққан кедей. Құрықты көруге болады. Қазақ үкіметі 700 жұмысшы 12 мыңға жуық тұрғынның арыз талаптарын орындамай шетке ысырып тастағанына қатты ызалымын. Заң қайда? Жаны ашыр азаматтар қайда? Елді басқарып отырған билік қайда? Елбасымыз деп ардақ тұтып жүрген Назарбаев қайда? Азаттықтан айналайын, елге еткен еңбегіңіз үшін құлаққа жеткізген сүбелі сөздеріңіз үшін...

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
06.04.2012 15:12
+0 / -0
Мына ұятсыз үкімет Маңғыстаудың қанын әбден сорып бітті-ау!
Осы мен Маңғыстау халқына қарап, тамсанамын - ешнәрседен қаймықпай, наразылық ұйымдастыруда, ал біздің Оңтүстікте керісінше елбасыны мақтап әлек.
Меніңше барлық қазақтарға Маңғыстау халқынан үлгі алу керек - қиыншылыққа қарамай өздерінің "нағыз намысшыл" екенін дәлелдеді.
Маңғыстау халқы аман бол!
Пікір алмасу

Кімнен: елдос Қайдан: маңғыстау облысы
06.04.2012 15:42
+0 / -0
әумин

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: БҚО
07.04.2012 17:10
+0 / -0
Егер билік халқының күйін көре алмаса, ең маңызды мәселелерін шеше алмаса не бітіріп жүр? Әуелі елі мен халқының жағдайын жетістіріп алсын да,содан соң ғана мақтана берсін әлемге! Жұртына күлкі болмай.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
09.04.2012 09:44
+0 / -0
Біздің билік өз атын өзі шақыратын көкек сияқты. Мақтанғанда алдына жан салмайды-ау, жан салмайды. Мақтаған қыз тойда осырар деген бар емес па?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?