Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Қазақстан

Қазақ зиялылары Совет үкіметі тұсындағы аштыққа саяси баға беруді талап еткен алғашқы қадам жасады

«Аштыққа саяси баға беру» тақырыбында ғылыми конференцияға қатысушылар. Алматы, 11 қыркүйек, 2009 жыл.

11.09.2009
Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

Алматыда 11 қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған «Аштыққа саяси баға беру» тақырыбында ғылыми конференция болып өтті. Конференцияға жиналғандар 1931-1933 жылғы ашаршылық - совет үкіметі тарапынан қазақ ұлтына қасақана жасалған зор қиянатқа саяси баға берілетін уақыт жетті деп атап көрсетті.

Совет өкіметінің қасақана қолдан ұйымдастыруымен 1931-1933 жылдары Қазақстанда болған жаппай ашаршылық кезінде тарихи деректер бойынша, 4 млн. қазақ аштан қырылған. Аштық салдарынан 281 мың 231 адам атамекені Қазақстаннан шетелге бассауғалап босып, кеткен. Ресми деректерге қарағанда, 1929-1933 жылдары аралығыында совет өкіметінің қазақ халқына жат саясатына қарсы 172 көтеріліс болған. Бұл көтеріліске қатысушылар саны ресми ақпарларда 80 мың адам деп көрсетілген.

«АШТЫҚҚА САЯСИ БАҒА БЕРІЛУІ ТИІС»

Ашарлықты көзімен көрген куәлердің бірі Салық Зиманов балалық шағында көрген естеліктерін айта келіп, шетел ауған қазақтардың сандық дерегін де өз сөзінде келтіріп өтті.

Академик Салық Зиманов. Алматы, 11 қыркүйек, 2009 жыл.

 

- Аштан қырылғандарды арбамен тасып, қазылған шұңқырларға апарып тастап жататын. Олардың арасында тірілер де бар болатын. Әлі құрып, орнынан тұра алмай қалғандарды да өлілермен бірге шұңқырға тоғытатын. Үлкендер жұмыстан қайтып келісімен, әлгі шұңқырға барып, ашық-шашық шыбын үймелеп жатқан өліктердің бетін жауып қайтатын. Кемпір, шалдар әр жерде қалатын. Ол кезде негізінен 35-40 жастағылар қырылып жататын. Тіпті, Атырауға арқадан бала әкеліп сатып жатыр екен деп те еститінбіз. Қаладағы біреулер астыққа айырбастап алатын болуы керек. Базарда тышқанның, иттің етін сатқандар да болды. Жергілікті қазақтар өздері әрең күн көріп отырса да, аштарды қолдан келгенше паналатуға тырысатын, - деді Салық Зиманов.

 

Салық Зимановтың келтірген деректері бойынша, ашарлық жылдары Қапқазға 5 мың қазақ, Түркіменге 90 мың қазақ, Иранға 15 мың қазақ бассауғалап кеткен. Оның сыртында, Қытайға, Моңғолияға және басқа елдерге ауып кеткендер бар.

 

Қазақ зиялыларының бірінші рет қоғамдық деңгейде ашаршылық мәселесін талқылап, оған саяси баға беру керектігін парламенттің алдына қоюының өзі үлкен жетістік деп бағалады конферецияға қатысушылар. Аштық тақырыбына жазылған қазақ әдебиетіндегі алғашқы толыққанды шығарма «Ақ боз үй» кітабының ауторы, жазушы Смағұл Елубай қазақ зиялылары атынан парламентке ашық хат жазылғанын мәлім етті.

Ашаршылық тақырыбына жазылған "Ақбоз үй" романының ауторы, жазушы Смағұл Елубай. Алматы, 11 қыркүйек, 2009 жыл.

 

- Біз бұл мәселені парламенттің алдына қоямыз. Бұған парламент келісімін береді деп ойлаймыз. Қолдағаннан кейін бірнеше баптан тұратын аштыққа байланысты іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Жұрттың ұсынысы 1920-30-шы жылдары 4 млн. қазақтың қырылуына кім кінәлі? Бұған кім жауап береді дейді. Бұған коммунистік партия кінәлі. Сондықтан, коммунистік партия символикалық түрде сотқа тартылып, жұрт алдында айыбы мойнына қойылуы тиіс,- деді Смағұл Елубай.

 

«АШТЫҚ - СОВЕТ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚҚА ЖАСАҒАН ҚИЯНАТЫНЫҢ БІР ҰШЫҒЫ ҒАНА»

 

Алайда, саясаттанушы, мемлекеттік тілді қолдау қорының төрағасы Берік Әбдіғали қазіргі билік аштыққа саяси баға беруде Ресейге жалтақтайтын шығар дейді. Оның ойынша, биліктің аштыққа саяси баға беруін күтіп отырмай-ақ, зиялылар, жалпы қазақ қоғамы ұлттық тарихи мәселелерге қозғау сала беруі қажет. Саясаттанушының пікірінше, сонда ғана билік совет өкіметі тарапынан жасалған қиянаттарды мойындайды.

 

Қазақстан Жазушылар одағында өткен конференцияға тарихшылар да қатысты. Алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді аштық - совет өкіметінің қазақ халқына жасаған зор зұлымдықтарының бірі ғана. Сондықтан, совет өкіметінің ұлтқа жасаған қасақана қиянаттардың басында тұрған совет өкіметінің бүкіл қызметіне толықтай саяси баға берілуі қажет екенін атап көрсетті.

-Аштық -трагедияның бір бұтағы ғана. Оның қатарында репрессия да бар. Ең басты шабуыл ұлттық санаға жасалды. Сөйтіп, совет өкіметі ұлттық сананы шайып жіберді. Сол үшін біз сталинизм мен кеңестік жүйеге кешенді түрде толықтай саяси баға беруіміз керек. Сосын бізде шешілмей жатқан үлкен нәрсе ол -  өзімен бірге аштықты, репрессияны, ұлттық сананың дағдарысын ала келген советтік билікке кешенді зерттеу жоқ. Қазір зерттеулердің бәрі үзік-үзік.

Тарихшы Мәмбет Қойгелді. Алматы, 11 қыркүйек, 2009 жыл



Кешенді зерттеу жасалу үшін арнайы ғылыми орталықтар ашылу керек те, оған жас буын ғалымдар яғни тарихшылар, филологтар, социологтар, философтар тартылуы қажет. Қазіргі кезде 20-шы ғасырдағы қазақ тарихы әлі жазылған жоқ. Оның мұрағаттары да ашылған жоқ. Біз Тәуелсіз елміз. Кімге жалтақтаймыз. Егер біз дамуымызды дұрыс бағытқа қойғымыз келсе, тарихымызды толықтай зерттеп, оны тұжырымдап, оқулықтарға енгізгеннен кейін ғана әрі қарай жылжуымыз керек деп ойлаймын,- деді Мәмбет Қойгелді.

 

Сонымен қатар, конференцияға қатысқан актер Асанәлі Әшімов қазақ зиялыларының бастамасының орынды екенін айта келіп, мұндай ашық хаттардың көбі аяқсыз қалып қоятынын және ұлт мәселесіне келгенде, бүгінгі зиялылардың әлі күнге жалтақтық танытып келе жатқанын да атап өтті.

 

Қазақстанда 1921- 22-ші жылдары да аштық болып, онда 1млн. 200 мың қазақ қырылып қалған болатын. Сол кездегі алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы аштарға көмек орталықтарын құрып, елге шығып, сауын-салауат жинап, Торғайдағы аштыққа ұшыраған қазақтарға 8 мың бас мал айдап апарып үлестірген болатын. 14 малшы жалдап, 8 мың малды Торғай қазақтарына апарып үлестіргені үшін Жүсіпбек Аймауытов сотты болып, Алаш зиялыларының араша түсуімен ақталып шыққан еді.


(Бұл деректер тарихшы һәм жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным Алаш» кітабынан алынды)

Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
12.09.2009 01:10
Ия, Кеңес дәуіріндегі ақылға сыймас басқару жүйесінің кесірінен қазақ халқы қатты күйзеліске ұшырады, талай алашымыздың зиялы арыстарымыздан еш себепсіз айрылдық, ұлттық құндылыққа ие салт-дәстүрімізден, ұлттық тәрбиемізден айрылдық, дінімізден безуге дейін жетіп, имансыз арамы жалақор кәпірлердің арбауына түстік, айтып мұңдай берсгенімізбен, шындықты ашуға бірімізді қақпайлаумен әлекпіз, бірақ өткенді ұмытуға мүлде болмайды! Ащы шындық қайткен күнде де ашылуы тиіс және әрбір алаштың қазіргі ұрпағы Қазақ елінің қазіргі күйінің "буымен" секеңдеп емес, өткенін біліп жүруі үшін зиялыларымыздың бар шындықты ашулары жолында Алладан жәрдем тілеймін.

Кімнен: Rauan
12.09.2009 02:39
шынында да уақыт келді,егер мемлекет осы жолы да педальды басар болса, онда радикалдық ағын өрістеуіне жол ашылары сөзсіз,сондықтан буын шығартпай мәселенің бетіне тік қарайтын уақыт келді деп есептеймін.

Кімнен: Қалың жұрт Қайдан: Ақтау
12.09.2009 03:08
АШТЫҚҚА САЯСИ БАҒА БЕРІЛУІ ТИІС
4 миллион деген көп қой.
Кәзір түркмендердің саны 5 миллион.Жалмауыздардан жауап алу керек.

Кімнен: Шаянбай Қайдан: Астана
12.09.2009 08:42
Қазақ зиялылары енді қалыптаса бастады деп айтуға болады...

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
12.09.2009 12:02
Бұл мәселе НӘН-мен келісілді ме, соған мән беру қажет.

Кімнен: vb
12.09.2009 15:09
orystan qorykkandarynan bastaryn kumga tigip koyip otyr NAN men jaktastary. Bul maseleni Rahat,Akejan siyaktilarga kotertu kerek. Koldarynan bok kelmese de osi problemaga kol ushin berip uyattarin jusin. Syrtta jurgender bolmasa eldegi sayasatkerlerden bul iste keler payda az. Oryska bir auiz soz aytkansha oz halkin boktagan ongayirak NANga.

Кімнен: көтек
12.09.2009 22:47
А что второй украниский фронт открывают!?

Кімнен: көтек
12.09.2009 22:49
решено№ будет второй украинский фронт ура таварисщчи!

Кімнен: долалай
12.09.2009 22:53
бер жағында шетте отырған кім никалай акуевпа?

Кімнен: долалай
12.09.2009 22:56
Салық аға өте сыйлайтын адамым. Ол кісі шындықты еш жасырмай төтесін айтады. Заңгерлердің ақсақалдардың ішіндегі ең сыйлысы. Қазір тоқсаннан асқан болу керек. Әлі ісі де ойы да бәрі де түзу. Өмір жасыңыз ұсақ болсын. Әлі де халқыңызға еңбек етуіңізге тілектеспін. Көп інілеріңіздің бірі.

Кімнен: долалай
12.09.2009 22:59
Сәкең көп нәрсені бүкпелемей сөйлейді. сондықтан болар ресми жиын тойға шақырыла бермейді. Оны бәрі сыйлайды бірақ оның ақыл ойы мен парасаты күнделікті күрбең тірліктен асып кеткенін бәрі түсінеді.

Кімнен: Qazaq Қайдан: China
12.09.2009 23:46
Qytaida zhasaityn qazaqtardyng vshten biri orystardyng qyrghynynan qashyp kelgenderding urpaghy.Bul durystap qolgha alynatyn kezi keldi, bughan dein de keshikkenimiz zhetedi, orystardy keshirim suratu kerek,okintu kerek,opyntu kerek. Bul taryh ushin kerek, sol ushin , olardyn bul kundegi sasyq keudesin basu ga kerek,zhastar buny biluge kerek.

Кімнен: KAZTUBE Қайдан: KZ
13.09.2009 06:19
Қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен,өмірі өнеге болатындай жеке тұлға,кеңес кезеңінің қоғам қайраткері Ілияс Омарұлы Омаровтың өмірі туралы бейне фильм>>> http://www.kaztube.kz/Video/91b8a062-6c11-430d-8b78-fd0febc78eee

Кімнен: Alban Қайдан: almaty
13.09.2009 20:01
Коммунистер жон дейк, ал арамыздан шыккан белсендилер (жарамсактар) туралы не айтасыздар?

Кімнен: Men Qazaq Қайдан: Ewropa
15.09.2009 19:31
Maimenkelewding keregi joq. Bul qazaq halqyna jasalgan qyrgyn. Onyng batystagy aty "genocide". Bizding osy jasandy ashtyqty halyqaralyq kolemde "genocide" dep atap, qabyldatuwymyz kerek. Sonda qana aruwaqtardyng armanyn aqtagan bolamyz. Basqasy kopirme "rheotoric" bos soz.

Кімнен: KAZAK Қайдан: KAZAKIA
16.09.2009 07:30
Ewropadagi Men Qazaq durys aittyn.

Кімнен: Nurgul Қайдан: Almaty
18.09.2009 01:34
Inshalla, sen kozgaldy...Kazah intelegensiasynyn bastamasy uzagynan bolsyn. Bul bireumen ursysu yshin emes,tarih yshin, zhazyksyz ketken aruaktar aldyndagygy arbir tiri kazahtyn paryzy... Orys halky da kormegendi korgen,munda Kompartia men shovinisterdin isi, "kuldyk psihologiadan" arylatyn sat zhetti.Alga, kazaktar...
     
Мәтін көлемі - +