Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:09

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Қызылағаштағы су тасқынында жоғалған адамдар саны нақтыланып, шығын есептелуде

Қызылағаш аулында тіршілік қайта жанданып, апатан аман қалғандар орала бастады. Тұрғындар да, құтқарушылар да үйінділерді тазарту барысында қаза болған адамдар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтады.

Мәтін көлемі - +

РЕСМИ ДЕРЕККЕ ЕЛ СЕНБЕЙДІ

Алматы облыстық әкімдігінің ақпаратына қарағанда, су тасқынына дейін Қызылағаш ауылында 465 үй, 2240 адам болған. Ал, су тасқынынан кейін ауылға 95 отбасы ғана қайтып оралыпты.

- Құтқару жұмыстары барысында көрші ауылға 300 адам жеткізілген. Талдықорған қаласына басында 700 жүзден астам адам апарылған болса, қазір олардың саны мыңның үстінде. Іздестіріліп жатқан адамдардың тізімінде болған, кейін туысқандарынан табылған адамдар да анықталуда. Және үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Осы күнге дейін олардыңсаны отыз жеті, - деді Алматы облысы әкімшілігі баспасөз қызметінің бас маманы Сағыныш Намазшамова.
Қызылағаштағы су тасқыны мал-жанға оңай тимеді. 14 наурыз, 2010 жыл


Сонымен бірге, Сағыныш Намазшамова су тасқыны салдарынан келген шығынды анықтау үшін мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы мен сейсмология институтының мамандары бірлесіп Қызылағаш аулында жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сағыныш Намазшамова су тасқыны салдарынан қаза болған адамдардың отбасыларына үкімет қорынан бөлінген 500 мың теңге қаржының қашан келетіні және қалай берілетіні әзірге белгісіз дегенді айтады.

ТІРІ ТІРЛІГІН ЖАСАЙДЫ

Қызылағаш аулының тұрғыны Қайрат Еренғайып қаржылай көмек алмағандарын, тек аз ғана мөлшерде азық-түлік беріліп тұрғанын айтты.

Оның айтуынша, су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған кейбір отбасылар әлі күнге табылмаған.

- Бағана жігіттер атпен екі отбасын іздеуге шыққан. Бір отбасынан екеуін тапқан, үшеуі жоқ екен. Ал, бір отбасын таппай келді. Қазір жұрт ес жиып қалды. Қаза болған адамдар туралы айтылып жүрген дерекке мүлдем сенбейміз. Асылы, одан көп. Азаматтар жүздеген адам опат болды, көзімізбен көрдік деп отыр, - деді Қайрат Еренғайып.

Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Элдор Райымбеков су тасқыны кезінде хабар-ошарсыз кеткен адамдар туралы нақты дерек әлі жоқ, дегенмен бұл мәселе анықталуда деді.

«ЖАУ КЕТКЕН СОҢ ҚЫЛЫШЫҢДЫ ТАСҚА ШАП»  
Қызылағаштағы табиғат апатынан кейінгі көріністердің тағы бірі. 14 наурыз, 2010 жыл.


Алматы облысы аумағында барлығы 148 су қоймасы бар. Қызылағаштағы су тасқынынан кейін, яғни 15 наурыздан бастап, су қоймаларының жағдайы және олардың кімнің меншігінде екені тексерілуде. Сондай-ақ, облыстық прокуратуры «Қызылағаш» су қоймасы қалай және қандай жолмен жекешелендірілгенін анықтамақ.

Су тасқыны кезінде қырылған малдың өлексесін тез арада жинап, көмбесе, ауру тарауы мүмкін екенін 15 наурызда оқиға орнына барған ЖСДП «Азат» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Маржан Аспандиярова айтқан болатын.

Ал, Алматы облысы әкімдігі қырылған малдың өлексесі жиналып, көміліп жатқан БАҚ ына хабарлаған еді.

Қазақстан үкімет басшысы облыс басшылары мен ұлттық компанияларға су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беруді тапсырды. Осыған байланысты бірқатар облыс әкімдері  тұрғындарға үндеу де жариялады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ??
17.03.2010 10:16
+0 / -0
су қоймаларының жағдайы және олардың кімнің меншігінде екені тексерілуде. Сондай-ақ, облыстық прокуратуры «Қызылағаш» су қоймасы қалай және қандай жолмен жекешелендірілгенін анықтамақ-сұмдық қой. Бәрін жекешелендіріп не істемек мына пенделер??Сонда халықтың "қамын жеп,жарғақ құлағы жастыққа тимей жатқан" мына бастықтар не бітіріп отырған осының бәрін білмей??

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
17.03.2010 11:26
+0 / -0
Обал болған екен айналайындар ай, бауырларым ай....
Онсыз да қиналып, "Шықпа, жаным шықпа" деп отырған елге...
Жандары жәннатта болсын енді, не дейміз басқа...
Ал тірі қалғандарға "тірі адам тіршілігін істейді" дегендей тіршілік жасау керек. Су қоймасының қауіпсіздігіне кімдер жауап береді, сол адамдар жауапқа тартылуы керек. Үкімет көрсетсін көмегін, көрейік "дағдарысты еңсеріп тастап, дамып келе жатқан Қазақстан" Үкіметінің шамасын. Әшейінде қоймайды ғой осы, "Хабар" мен "Қазақстаннан" күнде қақсап, "Бізде бәрі тамаша, сұмдық дамып жатырмыз, шетелдіктер бізге тамсанып, бізден тәжірибе, үлгі алып жатыр" деп. Дәлелдеңдер кәне дамып кеткендеріңді. Көрсетіңдер уақытылы көмектеріңді дұрыстап. "Ұры Отан" мүшелерінің бір күндік жалақысын аударғаннан ештеңе бітпейді.

...P.S. Ал енді тақырыпқа қатысы жоқ бір әңгіме. Сіздермен сыр бөліскім келіп кетті. "Хабар" мен "Қазақстан" демекші, шаршатты осы екі телеарна. Қосып қалсаң "Ойбай, бізде бәрі тамаша!".
Әзірбайжан елінде мынадай бір мысқыл бар екен: "Мен теледидардан көрсетілетін Әзірбайжанда өмір сүргім келеді" деген.
Қашан таратады бұл арналар шынайы ақпаратты? Қайта осындай "Азаттық" сияқтылар болмаса білмеймін не істерімізді.
Қиын, қиын жағдай ағайындар... Шаршадық қой... Бір шарасын жасайтын, осының бәрін өзгертетін адам болса сол адамның артынан еріп кетер едім...

Кімнен: saule Қайдан: талды-корган каласы
17.03.2010 11:38
+0 / -0
курбан каза тапкандардын саны37 ден алде кайда коп деп естып жатырмыз,сонда теледидар отырк хабар таратама?

Кімнен: бақсы Қайдан: Талдықорған
17.03.2010 11:52
+0 / -0

Қаза болғандардың санын жасырып отырғандарын қазір бәрі айтып жүр. Орыс та , қазақ та! 37 санын айтып адамдардың жынына тиіп болды. Ақпарат құралдары қайда Қазақстандағы? Осылай жазықсыз қырылған бала-шағаның көз жасына қалып, үндемей отыра бермекпіз бе? Биліктен шынайы ақпаратты талап ететін азаматтар бар ма, жоқ па Бұл Қазақ Жерінде?

Кімнен: мереке Қайдан: Алматы
17.03.2010 13:24
+0 / -0
Канша адам,канша наресте,биреудин баласы мен немерелери обал болган,өте қайғылы оқиға! Жан бағып отырган малдары канша шығын.Хабардан корип естип жатырмыз.Кызылагаш тургындарына конил айтамын.Сіздерге Алла сабырлық пен шыдамдылық берсин.Арты қайырлы болсын бауырларым.
Адам шыгындарын неге жасырып отыр?Кім кіналі?
Жоғарғы қызметте отырған ағаларыма өтініш айткым келеди,бундай қателіктер бұдан кейін қайталанбай,барлығын тексеруде ұстауларыңызды өтінішпен сұраймын.Амандықта жүздескенше.

Кімнен: Жандос,Баглан Қайдан: Алматы
17.03.2010 19:05
+0 / -0
Бұл бір елімізді дүр сілкіндірер жағдай болды, әйтседе оған қатты қайғырып отырған үкімет басшылығын көріп отырғанымыз шамалы. Туған туыстары қайтыс болған ағайындардың қайғыларына ортақпыз! Кейінгі кезде барлық су қоймаларын үкімет жекешеге сатып жіберген, сол себептен көп жерлердегі су қоймаларында жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілмейді, соның салдарынан осындай жағдайға душар болып отырмыз. Шындап келегнде халықтың көкейінде айтары сөзі көп, оларды тыңдап жатқан кім бар?

Кімнен: болат Қайдан: орал
17.03.2010 20:03
+0 / -0
депутаттар бүгін ғана үнсіздік жариялауда бір апта әткендеқарабет

Кімнен: Арай Қайдан: Талғар
17.03.2010 21:06
+0 / -0
Ассалаумағалейкум бауырлар! Мұның бәрі бекер емес деп ойлаймын. Бәрі де Алланың ісі ғой. Бұйрық. Аллахты мойындамай келесіңғой қазағымай оянсаңшы! Обал деп айтпаңыздар бұл Аллахтың бұйрығына қарсы келгендік болады.Ойлап көріңіздерші??? Тағдыр деген болады емеспе, маңдайыңа жазылғаныңнан қашып құтыла алмайды екенсің бәрібір. Біздің ло кісілердің алдындағы парызымыз артынан Құран бағыштау. Сауабы жетсін Аллахтан бәрімізге иман сұраймын. Қияметте рахымына бөлесе екен. Амииииииин

Кімнен: Жиренше
17.03.2010 21:56
+0 / -0
Қызылағаштағы оқиға туралы Жиреншенің мақаласы. Оқып, пікір жазыңыздар. http://www.zonakz.net/blogs/user/zhirenshe/9895.html

Кімнен: Қара қазақ Қайдан: Қызылордадан
17.03.2010 22:59
+0 / -0
Қаным басыма шауып отыр.Теледидардан Жер жерден көмек берілуде.Дұрыс!Марқумдардың топырағы торқа болсын!
Коробкаларға Нур Отаннын атын жазып ,теледидардан жиналыс жасап көмек жіберу керек пе?Адамдар жанұясымен жоқ болган,ал билік өз партиясын ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙДА да жарнамалап жанталасып ПИЯР ЖАСАП жатыр.жасап жатканы Жиіркенішті.Қайғыға душар болғандарға көмек емес өз аттары үшин жасап жатқандай әсер қалдырады.Президент қылмыстық іс қозғауға нұсқау берди.Ал бермесе ше? Адамдар қырылғанына қарамастан Прокуратура нұсқау кутіп ,өз міндетін орындамай отыра бере ме ?Қайғы үстінде бұндай нарсені айту да абес шығар,бірақ сол қайғыға билік те себеп болғасын айтпай болмас.Ұят жоқ,намыс жоқ.ойымдағыны айтатын сөз де жоқ.

Кімнен: Ашық хат
18.03.2010 12:23
+0 / -0
Алматы облысы Ақсу ауданы
Қызылағаш ауылындағы
2010 жылы 11 наурызда су
апатына ұшыраған тұрғындардан
Елбасы Н.А.Назарбаев мырзаға:


Ашық хат

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тікелей нұсқау беріп, апат салдарын анықтап, зардап шеккен халыққа жедел түрде көмек көрсету туралы ел тізгінін ұстаған азаматтарға берген тапсырмаңызға, сондай-ақ, Қызылағаш тұрғындарынан хал сұраған жедел хатыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сонымен бірге, апатқа ұшыраған ауылды өз көзімен көріп қайтқан Карім Мәсімов қатарлы мырзаларға, күнді-түнге жалғап жапалы жұмыс жүргізіп жатқан әскерилерге, кадрларға, дәрігерлерге өз еркімен келіп көмек қолын созып жатқан еріктілерге шын жүректен рахмет айта отырып өзіңізге бірқанша өтініш-тілегіміз бар.
Бірінші, апат барысында қайтыс болған адам саны, қираған баспана, шығын болған мал, техника, автокөлік т.б. нәрселердің саны дұрыс анықталып, саналуын сұраймыз. Сонымен қатар, апатқа ұшыратуға себепкер болған және оның алдын алуға селқос қараған жауапты адамдардың ҚР-ның қылмыстық кодекісінде көрсетілген заң актілеріне сәйкес қатаң жазаға тартылуын талап етеміз.
Екіншіден, өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес ел басшыларының апатқа ұшыраған халыққа баспана тұрғызып, ауылды бұрынғы қалпына келтіріп беретініне сенеміз. Деседе, осы барыста мына жағдыйларды ерекше ескеруін талап етеміз. Атап айтсақ, Қызылағаш тұрғындарының жалпы жан санының 50 пайыздан астамы оралман қандастар болып табылады. Олардың 80 пайыздан астамының өз атында жалға алып игіліктеніп отырған егістік және шабындық жері жоқ. Бұл мәселе өткен жылдарда да талай рет көтерілген болсада нақты шешімін таппағандықтан өзгелердің жерін жалдап, күн көріп келегенбіз. Сондықтан осы реткі апатқа байланысты жалпы жоспарда баспана мәселесімен қатар егістік жер мәселесінің де бірге шешілуін сұраймыз.
Үшіншіден, Қызылағаш ауылында қоныс тепкен оралман және тұрғылықты қандастар өзара береке бірлігіміз жарасып, бір-бірімізбен бауыр-туыс, құда-жекжат болып тіршілік етіп келгенбіз. Сол себепті ауылды қайта құру барысында ынтымағы жарасқан мекеніміздің бұрынғы атақ-абыройын бұзбай, адамдарды бөліп-жармай сол қалпында орналастыруын талап етеміз.
Төртіншіден, осы реткі апат салдарынан ауыл тұрғындарының қолындағы жалпы техникасы, куәлік-құжаттары және күн көріп отырған азын-аулақ малы түгелдей опат болды. Алдағы тіршілікті тыңнан бастау үшін, қыруар қаражат керек болатыны белгілі. Сондықтан басшылық апатқа ұшыраған халыққа ұзақ мерзімге әрі барынша төмен пайызда несие қарастырса екен. Сол қаражат арқылы егіс техникаларын алып, шаруашылықты өркендетіп, тіршілікті жаңадан бастап, ойран болған мекенімізді қайтадан гүлдендірсек деген ықыласымыз бар.
Бесіншіден, қазіргі 90 пайыз қиранды мен үйіндіге айналған мекеннің үстіне қайта тұрғызылған ауылға қоныстануды жүрегіміз қаламайды. Өйткені, ойран болған орынға көптеген ауылдастарымыздың қаны төгіліп, , мүрдесі топырағына оранды. Мыңдаған малдың қаны төгілді, тұтыну бұйымдарының күллісі көміліп қалды. Сол себепті, қарғыс атқан қаралы қирандыдан бөлек орынға қоныс жөткеп, өзге жерден тың іргетас қаланыуын жалпымыз талап етеміз.

Кімнен: Ашық хат
18.03.2010 12:23
+0 / -0
Ең әуелі шын пейілімізбен Алладан жәрдем, Алланың жердегі көлеңкесі патшадан оң шешім нақты көмек күтеміз.

Құрметпен Қызылағаштағы су апатынан тірі қалған ауыл тұрғындары атынан:

Азат Тұрсын
Әшім Әбдіхалық
Ділбар Сейтілда
Асқар Ертай
Мейіржан Әліхан
Мамыр Қуаныш
Аят Дәкей
Абай Көкен
Әшім Аңсаған
Ысқақ Көкен
Құралбек Ажыбай
Уатқан Қызырбек
Тұрсынжан Әліхан
Мәрия Әліхан
Сәдуақас Қуанбек
Айнұр Мазан
Жанар Азат
Еркінтай Азат
Оразбай Өркенбек
Оразбай Дәлелбек
Жеделхан Сара
Жеделхан Нұх
Қызырбек Анаргүл
Қызырбек Бақанай
Қызырбек Зира
Сатыпалды Арапат
Ұлан Арапат
Жеделхан Мүлік
Бағжанар Мінәп
Гоман Шаттық
Гоман Гуля
Санат Мінәп
Тоқтасын Толқын
Әшім Ержан
Тұрлықожа Амангелді
Саламат Ажыбай
Тоқтасын Нұржан
Әшім Қайрат
Қызырбек Қуанған
Құрманжан Ажыбай
Серік Ажыбай
Тоқтасын Жарқын
Ералы Әділет
Сейітқазы Әлбатыр
Серғазы Сетер
Абай Көкен
Сауытбек Әли
Молдағазы Қызыбек
Қызырбек Кәдірхан
Төрехан Базарбек
Әлеш Әлімбай
Әбек Оқап
Оқап Тұрған
Әбдібақит Расылқан
Қайша Әбдыбақит
Гүлмира Оқап
Жұмабай Дәулетбек
Жазира Оқап
Жаңылбек Баратқан
Мырзахан Базарбек
Жұманәлі Дәулетбек
Қуанберді Сайділда
Елшат Арай
Тасқын Елшат
Гүлзина Қапархан
Нұргелді Қапарқан
Уатай Жұлдыз
Гүлнұр Сейтілхан
Молдақасым Базарбек
Дәуітқан Базарбек
Тоқтасын Ерлан
Серғазы Болат
Әлеш Шәлен
Сейітқазы Ержан
Сейітқазы Тәліп
Сейітқазы Тәттімбет
Сейітқазы Қизат
Балғын Елшат
Әлеш Сәли
...
Бастаған 250 адам. Бұл тізім бұдан да ары жалғасады

Кімнен: ArKazakh Қайдан: Almati
20.03.2010 17:27
+0 / -0
Кімнен: Қайдан: Almati
Kizil aghashtagi suw taskini Kazakh halhina koldan zhasalghan asa auir katigezdik kilmis!!! endi mundai kilmistar kaytalanbas ushin Obilisting, Audanning, Auilding Akimderin zhane Totenshe zhaghidayding zhauapti basshilarin katang zhazalau kerek!!! nedegen sumdik edi auilding 2000dai turgindarin kazirge deyin tugendep bola almagandik!!! base butin Respubilikamizding halik sanin ali sanap bolmadi bul zhetesizder!!! sauatsizdar!!

Кімнен: ArKazakh Қайдан: Almati
20.03.2010 17:56
+0 / -0
Akpan ayinning ayaginda kitayding Altai aymaginda kaling kar jauip Kazakh malshilari apatka ushiradi budan habar tapkan Kitayding Piremir Ministiri Wenjiabau Urumji kalasina konbay Beijingnen tura Altay aymagina uship kelip malshilardan hal surap sol maydanda karzhi bolip apatka ushiragan malshilarding kiyinshiligin sheshti ari malshilarding uyin aralap birge tamaktandi......!!! Al bizding jaman Sarit Kizilagashting tobesinnen uship ote shikti......???

Кімнен: qazaq Қайдан: qazaq
22.03.2010 01:41
+0 / -0
Қаралы қазаға қарамастан,наурызды тойлап жатқан бұл қазақта ес барма?

Кімнен: бақсы Қайдан: Талдықорған
23.03.2010 00:03
+0 / -0

Иә, қаралы ауылға қарамастан Қазақтар наурызды тойлап жатыр. Қазақ өзіне өзі қалай қарайтынын бүкіл әлемге айдай етіп жайып салды. Не абырой қалды! Қазақ жас нәрестенің өлі денесінің фотосына қарай алмайды. Оған денесі түршігеді. Бір апта өтпей жатып түк болмағандай сауық-сайранға домалайды. Жанымды жегідей жеген жаман ой: ,, Жарайды іріп-шіріген Билік ақиқатты жасырғысы келіп, әдейі қаралы күндер жарияламасын. Бірақ халық, халықтың шын қалаулылары атанып жүргендер қайда? Наурызда ән айтып, би билеген әртістер неге бір ауыз сөз айтпады? Ұлт жанашырлары қайда? Неге үн жоқ? Осыншама азғындаған халық болғанымыз ба? Шырылдаған шегірткеше ән айтқанна басқа біздің қолымыздан келер ештеңе жоқ па? Бұлай болса, мен әлгі Боратты шығарып жүрген евреймен толық келісемін. Қара бет болдық қой басқа ұлттарға. Олардың өзі шын көңілдерімен көмектерін беріп, шынайы қабырғалары қайысып тұрғанда біздің қазекең әзіл-сықақты ұрып тұр сахнадан. Біртұтас ұлттың осыншама ар-ұяттан безгеніне сенгім келмейді. Бұлай болғанда біз нағыз құл болып жаратылған екенбіз! Ендеше тоз-тоз болып құрудың аз-ақ алдында тұрған сияқтымыз,, Не айтасыңдар осы сөзіме, Қазақ ұлтының балалары?