Accessibility links

Алматының қоқыс полигоны басшылығының өрттен қаза болған бес кісі туралы өз болжамы бар


Алматы қалалық қоқыс полигонында өртенген күркенің орны. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 18 қаңтар 2010 жыл
Алматы қалалық қоқыс полигонында өртенген күркенің орны. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 18 қаңтар 2010 жыл

Алматы қаласының тұрмыстық қоқыс полигонында өрт болған жерден мәйіттері табылған бес кісі Өзбекстан азаматтары болуы ықтимал. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Полигон басшылығы қазалы оқиға полигонның аумағында болмаған деп отыр.


БЕЛГІСІЗ БЕСЕУДІҢ МӘЙІТІ

Бейсенбі күні, Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне полиция басқармасындағылар осыдан бірер күн бұрын ауданның аумағында орналасқан Алматы қалалық қоқыс полигонындағы өрттен кейін мәйіттері табылған бес адамның өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

– Бұл істің барлық материалдары тергеуде, біз қазір нақты неден болғанын білмейміз, қылмыстық іс қозғалып, бұл неден болғаны, кім
Өртте жанып кеткен күркенің орнынан бес адамның мәйіті табылған. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 18 қаңтар 2010 жыл.
өртенгені тергеу барысында анықталады, – деді полиция басқармасының өкілі Ербол Үмбеталиев.

Алматы қалалық қоқыс полигонында сейсенбіден бейсенбіге қараған түні тұтанған өртті сөндіру барысында бес кісінің күйген өлі денесі табылғаны туралы ақпанның 17-сі күні Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлаған-ды.

Мекеме таратқан ақпаратта қаза тапқан бес азаматтың ішінде бір бала болғаны, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары болуы мүмкін деген болжам келтірілген.

Қоқыстағы өрт туралы хабар аймақтық шұғыл қызметке 23 сағат 23 минутта түскен. Мамандардың бағалауы бойынша, тілсіз жау 48 шаршы метр ауьақты қамтыған.

Өрттің шығу себебі туралы әзірге ресми органдар ештеме айтқан жоқ.

ҚОҚЫС МАҢЫНДАҒЫ ЛАШЫҚТАР

Оқиға болған жерге бейсенбі күні барған Азаттық тілшісіне полигон маңында екі күзетшіден өзге адам кезікпеді. Әрбір 10-15 минут сайын қаладан қоқыс тиеп әкелген жүк көліктері қоқысты осында тастап қайтып жатты.

Күзетшілердің сөзіне қарағанда, аумағы 30 гектардан астам жерді құрайтын полигонның кіре берісінде темір қақпа болғанымен, басқа
Өртеніп кеткен лашыққа таяу жерде қирап қалған әлдененің үйінділері байқалады. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 18 қаңтар 2010 жыл.
жерлер қоршалмаған. Өрт шыққан жерді көрсету туралы өтінішімізге кейінірек келген полигон басшылығы өкілдерінің бірі әрең келісті.

Қоқыстар үйілген жерден шамамен 400 метрдей қашықтықтағы өрт болған орынға бардық.

Аумағы шамамен 2-3 метрдей болатын жерде, жартылай жанып кеткен көрпе-төсеншітер мен сынған ескі ыдыс-аяқтың қалдықтары жатыр. Май балшықтан жасалған, қолдан салынған пештің үстінде бірнеше күйген шәйнектер көзге шалынады.

Осы жерде қалған жартылай желінген нан қалдықтары, мұнда адамдар тұрғандығын аңғартады. Азаттық тілшісін ертіп алып барған азамат бұл жерде тұрақты баспанасы жоқ жандар тұруы мүмкін деген болжамын айтты.
Өртенген лашықтың орнындағы жартылай жанып, қирап жатқан зат қалдықтары. 18 қаңтар, 2010 жыл.


Өртенген лашықтан шамамен 50-60 метр жерде, кем дегенде 3 лашықтың орны тәрізді қиратылған үйіндіні байқадық. Дегенмен, бұл маңда Азаттық тілшісіне ешбір тірі жан кездеспеді.

Полигонға кіретін негізгі қақпадан өзге қалған аймағы қоршалмағандықтан бұл жерге кіріп шығу аса қиын емес дейді ондағы басшылық Бұл жерде тұрақты мекені жоқ азаматтардан өзге көрші жатқан Әйтей ауылының тұрғындары заңсыз кірген жайттар болған. Олар бөтелке, темірлер жинап, сатып күн көреді. Бұл, әрине, біз үшін жақсы емес, сондықтан біз оларды қуып шығуға тырысамыз. – дейді қоқыс полигонына бақылау жасайтын «Рlazma energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Айдар Жантайлақов.

Одан өзге қоқыс полигонының бас директоры, қайғылы оқиға полигон аумағынан тыс жерде болғандығын айтып отыр.
Өрттің орнында шашылып жатқан киімдер де көзге шалынады. 18 ақпан, 2010 жыл.


– Полигонмен шекаралас жерде шаруа қожалығы орналасқан. Сол жерде бір үй тұрғызылған, ол үй деуге келмейді, бірнеше қада қадалып соған картон және тағы басқа материалдардан үйшік тұрғызған. Сол жерде 5 адамнан тұратын бір отбасы тұрған. 4 ересек адам және бір бала. Соңғы суықтарға байланысты пеш жағып, байқаусызда өртеніп кеткен сияқты. Бірақ полигон территориясында ешнәрсе болған жоқ, – дейді Айдар Жантайлақов.

Ол сондай-ақ қазіргі кезде тұрмыстыққ қалдық пен қоқыс жиналатын полигон аумағына бөтен адамдар рұқсатсыз кіріп кетпес үшін оны тұтастай қоршау жоспарланып отырғанынан хабардар етті.
XS
SM
MD
LG