Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:30

МӘДЕНИЕТ

20 жылға жақындағанда үкімет қазақша тіл сындырды

Премьер-министр Кәрім Мәсімов үкімет отырысын алғаш рет қазақ тілінде жүргізген соң қазақ және орыстілді журналистер арасында түрлі пікірлер пайда болып, қалам ұстаған қауым екі топқа бөлініп үлгерді. Алғашқылары ендігі әрі үкімет отырыстарын қазақ тіліне аударып берудің қажеті шамалы деп қуанса, соңғылары бұл жайтқа сақтықпен қарап отыр.

Мәтін көлемі - +
Қазақстандық «КТК» телеарнасының Астана қаласындағы тілшісі Нұржан Сабырұлы осы аптаның сейсенбісі ерекше есінде қалған күн болғандығын айтады.

- Кез келген жиындардың орыс тілінде өтетіндігіне етіміз әбден үйреніп кеткен. Қазақша амандасып, одан арғысы орыс тілде жалғасады, бұл жолы да дәл солай болады деген оймен отырғанбыз, бірақ бұл жолғы отырыс мүлдем өзгеше өтті, - деп еске алады Нұржан.

Дегенмен, премьер-министр Кәрім Мәсімовтың үкімет отырысын бастан-аяқ қазақ тілінде өткізетіндігіне журналистерден өзгелері дайын болған сияқты. Өйткені, сол күні отырысқа қатысқан министрлердің барлығы дерлік өз баяндамаларын қазақ тілінде оқыған.
 
Алайда, бұл сырттан бақылап отырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында түсініспеушілік тудырды, дейді Нұржан Сабырұлы.

- Журналистер отырған жерде Мәсімовтың 5 минуттан артық мемлекеттік тілде сөйлеп бара жатқанын орыстілді басылым журналистері жақсы қабылдаған жоқ. Айта кету керек, әдетте үкімет отырысы өтіп жатқанда журналистер отыратын залда өлі тыныштық болады. Ал, сол күні бірқатар әріптестеріміз, премьердің сөзін тыңдамай, орындарынан тұрып, өзара гу-гу әңгімеге кірісіп кетті. Содан кейін тілшілердің бірі дауыс көтеріп, тыныштыққа шақыруға мәжбүр болды, - дейді журналист.

Дәл сол күні Нұржанмен бірге үкімет отырысын бақылаған «КазТАГ» агенттігінің тілшісі Дина Ермағанбетова үкіметтің қазақша сөйлеуіне соңғы кездері парламент депутаттары тарапынан мемлекеттік тілдің қолданысына қатысты сындардың жиі айтылып жатқаны себеп болды дегенді айтады. Дегенмен, орыс тілінде ақпарат беретін Дина үшін үкімет отырыстарының мемлекеттік тілде жүргізілуі қуанарлық жайт емес көрінеді.

- Әрине, бұл менің жұмысыма кері әсер етпек. Өйткені мен ақпарат таратушымын, сондықтан, маған отырыстың барысында кімнің не айтқанын бақылап отырып, дереу ақпараттарды жөнелтіп отыру керек. Мен қазақ болсам да қазақ тілін жетік меңгермегенмін, сол себепті қазақ тілінде жүргізілген жиындарды маған қосымша уақыт жұмсап аударып отыруға тура келеді. Ол дегеніңіз менің ақпаратымның жеделдігіне кері әсер ететіні сөзсіз, - дейді Дина Ермағанбетова.

Осы уақиғадан кейін, орыс тілді журналистер алдағы уақытта үкіметтің баспасөз орталығы ілеспе аударма жүйесін енгізеді деген пікір білдіріп отыр. Мұндай жүйелер қазір парламенттің қос палатасында бар.

Ал парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан премьер-министрдің бұл қадамын орнынан қозғалған сеңмен теңеп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қадамға Қазақстандағы кез келген азамат түсіністікпен қарауы керек деп есептейді.

- Үкімет отырысы мемлекеттік тілде өткені осы екен, артынан-ақ орыстілді басылымдарда «Қазақстанда ресми тілдің жағдайы мүшкіл» - деп байбалам сала бастады. Бұл дегеніңіз орынсыз. Өйткені, біз Қазақстанда ұлтаралық қатынастарды сақтай отырып, Конституцияның аясында жұмыс істеп келеміз. Ал жеке өзімнің пікірім, егер осылай бара берсе, ұлттық құрамымыздың өсуіне байланысты, тілдің қолдану аясының кеңеюіне байланысты болашақта Конституцияның 7-бабына өзгеріс енгізілуі де мүмкін.


(1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.

2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-ші бабы).


Айта кету керек, Қазақстан 2010 жылдан бастап толықтай мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшпек. Алайда, сарапшы мамандар мемлекеттің ісін толықтай қазақтілді етудің ауылы әлі алыс дегенді айтады.

Мәселен, саясаттанушы Дос Көшімнің пайымдауынша, тәуелсіздік алғанына 19 жылға кеткен Қазақстан үшін мемлекеттік тілде үкімет отырысының алғаш рет өткізілуі атойлап, той жасайтындай уақиға емес. Алайда, қазіргі таңда осының өзіне қуануға тура келіп отыр, бірақ үкіметбасының алда да барлық отырыстар мемлекеттік тілде жүргізіледі дегеніне аса сеніп отырған жоқ ол.

- Талай министрлер мен билік басында отырған азаматтардың осылай жасаймыз дегенін естігенбіз. Ұмытпасам, Ертісбаев болуы керек, «бір жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп аламын»  деп кеуде соққан, үйренбей-ақ кетті. Сондықтан, саясаткерлердің сөзіне көп сене берудің қажеті жоқ, - дейді Дос Көшім.

Ал Кәрім Мәсімов сөзінде тұрып, алда биліктегілердің бәрі қазақша сөйлей бастаса, онда әрине, Қазақстан президенті де қос тілді қосамжарлап сөйлеуін қояр еді дейді сұхбаттасымыз.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: cамат Қайдан: ақтөбе
19.04.2009 18:43
+0 / -0
оң хабар.бірақ алда талай асу бар.азаттықтын 20 жылдығына қарай тіл мәселесі шешіледі деп ойлауға негіз бар.

Кімнен: cамат Қайдан: fактөбе
20.04.2009 10:35
+0 / -0
үмітсіз шайтан деген.иншаллах,азаттықтын 20 жылдығын нағыз азат ел ретінде қарсы алармыз .

Кімнен: alban Қайдан: albania
20.04.2009 15:31
+0 / -0
anau ana zhaqqa ketpei eshqashan azat el bolmaising

Кімнен: марат Қайдан: алматы
20.04.2009 15:35
+0 / -0
дұрыс екен

Кімнен: сұңқар Қайдан: астана
20.04.2009 15:55
+0 / -0
Кәрім Мәсімовтың үш елеулі еңбегі:
1. көш жүре-жүре түзеледі.
2. біз әлі дайын емеспіз
3. бүкілдей мемілекеттік тіле сөйлеу әлі ерте. деген үш кербақпа сөздің түптамырына балта шапты.
біге өз ана тілін білмейтін журналистертің керегі шамалы.

Кімнен: Максим
20.04.2009 17:06
+0 / -0
Дина карындас жумысынан айырылып калуын мумкин, тез арада казакша уйрен айналайын.

Кімнен: atirau
20.04.2009 18:08
+0 / -0
balik basinan... tuzelsin,bari durus

Кімнен: Мхт Қайдан: астана
21.04.2009 19:26
+0 / -0
Дүние кезек деген осы. Баяғыда, 90-шы жылдары, "Халық кеңесінде" парламенттік тілші болып Самат Ибраимовтың бөлімінде жұмыс істеп жүргенде Парламенттің талай ақпаратын таңды таңға ұрып қазақшаға аударып едік. "Советы Казахстан" деген газетке рахат болатын. Министрлердің дайын баяндамасын орыс тілінде алады да бір рет оқып нөмерге сала салатын... Сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Баекеновтың баяндамасын аударғаным ерекше есте қалыпты. Бірнеше бет баяндаманы жұмыстан шаршап келіп түнгі үшке дейін аударып, сонда да соңына дейін жете алмай, соңғы жағын таң атқанша отырып әйелім аударып еді... Заман-ай... соның еске түскенін қараңызшы...Мхт

Кімнен: әселім Қайдан: астана
23.04.2009 14:56
+0 / -0
Шыныменде Үкіметтің алғашқы рет қазақ тілінде сөйлей басатуы көкіргімізге қуаныш әкелді. Сол кезде журналистер отырған залда орыс тілді қазақ әрптестеріміздің ана сүтімен келген қазақ тіліне менсінбей қарауы намысымызға тиді. Ал әріптестеріміздің мемлекеттік тілін білмеуі үлкен кемшілік деп білемін.
Біз екі тілді журналист болып жургенде, олардың қолынан мұндай ерлік келмейме екен.

Кімнен: Шамшырақ Қайдан: Қарағанды
23.04.2009 15:50
+0 / -0
Үкіметтің қазақ тілінде сөйлегені өз тілін өгейсініп жүрген қара көзді шұбар тілді журналистерге үлгі болғай! Әйтпесе ақпарат майданында орыс тілді БАҚ-тардың өздерін өктем санайтыны бар.Өйткені, шенеуніктер шеке көрстер жиынның барлығы орыс тілінде өтеді.Ал қазақ тілді журналистер болса өзі қазақ сөзі орыс көкелердің айтпағын аударып беруге мәжбүр болады.Енді міне қазақ тілді тілшілердің айы оңынан туғандай!Ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік.

Кімнен: Жанболат
23.04.2009 16:44
+0 / -0
Барлық жиындарда, шет елде жүргенде Ел басының өзі бастап қазақ тілінде сөйлесе дұрыс болар еді.Қазақстанды басқа елге таныту үшін және де қазақ деген ұлттын бар екенін білер еді. Амал не әзірге олай болмай тұр.

Кімнен: Baursak Sorpa
24.04.2009 09:13
+0 / -0
Osilai bara bara ozgeremiz. En bastisi
OPTIMIST boluimiz kerek!
Kazaktar kazakka komektesu kerek, kai zherde bolsada!
Alga kandastarim!!!

Кімнен: Берік Қайдан: Орал
24.04.2009 16:09
+0 / -0
Кәрім Мәсімов қазақтардың өздері көп жылдар шеше алмаған тіл проблемасын бір күнде шешті.Осыдан кейін қазақ тілі проблемасы түкпілікті шешілу үшін мемлекет басшылығына басқа ұлт өкілдерін көбірек тартуымыз керек-ау деген заңды ой туындайды.