Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:48

ӘЛЕУМЕТ

Қазақ зиялылары қытай билігі Қажығұмар Шабданұлының сүйегін де бермей қойғанын айтады

Қытайда үйқамақта отырып, кіндік қаны тамған атамекені - Қазақстанға жетуді ақтық демі таусылғанша аңсап өткен диссидент жазушы Қажығұмар Шабданұлының дүниеден өткеніне жеті күн толғанда Алматыда жұртшылық өкілдері марқұмға құран бағыштап, ас берді.

Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда басылып шыққан «Қылмыс» (алты томдық) және «Пана» кітаптарының мұқабасы. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
x
Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда басылып шыққан «Қылмыс» (алты томдық) және «Пана» кітаптарының мұқабасы. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Көзінің тірісінде бірнеше рет сотталып, ұзақ жылдар бойы қытай түрмесінің тозағынан өткен қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлын еске алуға онымен бірге әйгілі Тарым лагерінің азабын көргендер, Қытайда онымен таныс-біліс болғандар, марқұмның Қазақстанда тұратын туыстары, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен журналистер көп жиналды.


ОРЫНДАЛМАҒАН АРМАН


Ақпанның 22-сі күні сәске түсте жиналған қауым әуелі марқұмға арнап құран бағыштады. Бұдан кейін Қажығұмар Шабданұлының туған елі мен жеріне, ұлтына қалдырған рухани мұрасы мен күрескер жазушының тауқыметке толы тағдыры жайлы естеліктер айтылды.

– Шыңжаңдағы қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған Қажекеңе бұл дүниеде бұралаңы көп, тағдыры аса қиын өмір бұйырды. Оның түрмеде отырған ұзақ-қысқа мерзімдері мен үйқамақта отырған уақытының
Жазушы Қабдеш Жұмаділов Қажығұмар Шабданұлына берілген аста сөйлеп тұр. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
бәрін қосып санағанда қырық жылдың үстіне шығып кетеді. Мен біраз жұрттан сұрастырып көрдім, өмірінің қырық жылдан астам уақытын тұтқын болып өткізген жазушы дүниежүзінде жоққа тән екен.

Қажекеңді күрескер, қайсар жазушы деп атаймыз, ал ол сонысы үшін азап тартқан шын мәніндегі азапкер жазушы еді. Қытай билігі оған «халық жауы, қылмыскер» деген айдар тағып, соттады. Қылмыскер атанатындай ол адамға қиянат жасап, біреуді ұрып-соғып немесе кісінің ала жібін аттаған емес. Оның бар «қылмысы» – өз ұлтының сөзін сөйлеп, қазағына теңдік сұрап араша түскені, сонысы үшін ұзақ жылдар түрме тауқыметін көріп, бақилық болғанша биліктің қатаң бақылауында болды.

Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бұл пәниден өтті. Әдетте қазақ бұл жасқа келіп, өмірде бала сүйіп, артына ұрпақ қалдырған адамның арманы жоқ деп жатады ғой, Қажекең де ұрпақсыз емес, шүкір. Бірақ оның көзі тірісінде аңсаған ең үлкен арманы орындалған жоқ – кіндік қаны тамған туған жерге жете алмай кетті. Елге оралуға жәрдемдесуді өтініп біздің елдің президентіне екі дүркін хат жазды, ол өтініш туралы «Қазақ әдебиеті» газеті де жариялады. Президенттің құлағына жетпеді, қолына тимеді деп айта алмаймын, мүмкін емес. Тиді. Бірақ қол ұшын берген ешкім болмады, – деді жазушы Қабдеш Жұмаділов.

Оның айтуынша, Қажығұмар Шабданұлы қайтыс болған соң марқұмның денесін туған жеріне әкеліп, Қазақстанға жерлеуді мақсат тұтқан Қазақстандық ақын-жазушылар мен қоғам өкілдері Бейжіңдегі қазақ елшілігі арқылы талпыныс жасағанымен, қытай билігі диссидент жазушының сүйегін де бермей қойыпты.

Қабдеш Жұмаділовтің Қажығұмар Шабданұлына берілген астағы сөзі.


Қабдеш Жұмаділов совет өкіметі тұсындағы ашаршылықтан бөтен елге бассауғалаған қазақ отбасындағы баланың жат жерде өсіп ержеткен соң атамекенге деген сағынышы Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романына өзек болғанын атап өтті.

Қытайда дүниеден өткен қазақ жазушысына Алматыда қатым түсіріп, ас беру шарасын abai.kz интернет порталы мен Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қор ұйымдастырды.


ТАРЫМ ТҰТҚЫНДАРЫ

Алматыда өткен Қажығұмар Шабданұлын еске алу жиынына кезінде марқұммен бірге Қытайдағы Такламақан шөліндегі атышулы Тарым лагерінде сот жазасын өтеген адамдар да қатысты.

Олар әйгілі жазушымен бірге айдауда болған кездерін еске алды.

1962 жылы 21 жасында сот үкімі бойынша 12 жыл түрме жазасына кесілген
Солдан оңға: Жұмабек Өсерұлы мен Айтмұхан Райқанұлы – Қытайдың Тарым түрмесінде Қажығұмар Шабданұлымен бірге айдауда болған қазақтар. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
және бес жыл саяси құқықтан айырылған Айтмұхан Райқанұлы айдаудағы қазақтарға Қажығұмар Шабданұлының ақылшы болғанын айтып берді.

– Кеңес сұрап барған бізге ол кісі: «Ассалаумалайкүм!» деп сәлем бере келгенде «Уәғалайкумассалам!» деп жауап беріп, іштей «иә, тәубә, қазағымның біреуі тірі жүр екен ғой» деп қуанып қаламын. Ал, сәлден соң ол менен: «Қажығұмар, сіз қай туған боласыз?» деп сұрайды, онысына ренжіп қаламын. Міне, менің берер ақыл-кеңесім осы деген еді, – деді Айтмұхан Райқанұлы.

Осы кісі сияқты Қытайда 1962 жылы 22 жасында 12 жылға сотталған Жұмабек Өсерұлының өз айтуынша, ол Қажығұмармен айдауда жүргенде екі рет кездесіпті. Әуелі Тарым лагерінде айдауда болған кезде, кейін, 60-шы жылдардың аяғында Қажығұмар Шабданұлы төрт адаммен бірге түрмеден қашып шығып, кейін ұсталып қайтадан қамалғанда оны жолықтырғанын айтып берді.

– Бақыт деген күрес деп білетіндер үшін Қажыағаң бақытты адам. Өйткені бүкіл өмірі өзінің ұлты, халқы үшін күреспен өтті. Ел аузында «Көп сұрайды, азға разы болады» деген сөз бар. Қажыағаң Отаныма келсем, осы жерде еңбек етсем, елге жерленсем деп көп сұрады. Бірақ бұл сұрағаны ол кісіге бұйырмады. Енді міне туыс-достары, ағайын-жұрт жиналып оны еске алып жатыр екен, мен білетін Қажыағаң туған жерінде өзіне деген осы құрметке де разы болар еді. Өйткені, ол нағыз ер болатын, – деді Жұмабек Өсерұлы.


КҮРЕСКЕР ЖАЗУШЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ

Қытайдың Шәуешек қаласында тұрып жатқан қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы биыл ақпанның 15-і күні дүниеден өтті. Марқұм арада екі күні өткенде сол қалада жерленді.

Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған.

1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне
Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда басылып шыққан «Қылмыс» (алты томдық) және «Пана» кітаптарының мұқабасы. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
байланысы бар деген айыптаумен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып, абақтыға түскен. 1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1958 жылы «оңшыл», «халық жауы» деген саяси айыптаулармен бас бостандығынан айрылып сотталған ол 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда болған.

1980 жылы жазасын өтеп әрі ақталып шыққан соң аз уақыт бостандықта болады. Осы кезеңде жазушы өзінің «Қылмыс» атты романын жазып жүрген еді.

1986 жылдың желтоқсан айының отызы күні тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады» шетел жансызы деген айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Жаза мерзімін Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өтейді.

Түрмеден шыққаннан кейін өмірінің соңына дейін Қытай билігі оны ешқайда шығармай үйқамақта ұстады.

Қытай үкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.

Қарт қаламгер ақтық демі үзілгенше өзінің кіндік қаны тамған жері – Қазақстанға оралуды аңсап өтті.

Қазақстанда тұңғыш рет 2009 жылы толық көлемде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан екі мың данамен жарық көрген Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын 2010 жылы қаңтар айында мәдени саясат және өнертану институты Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынған болатын.

Бірақ сыйлық тағайындайтын комиссия «бұл шығарманың Қазақстанға қатысы жоқ» дегенді көлденең тартып, оны тізімінен алып тастаған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мөлдір
23.02.2011 17:42
+0 / -0
"Қажығұмар Шабданұлы қайтыс болған соң марқұмның денесін туған жеріне әкеліп, Қазақстанға жерлеуді мақсат тұтқан Қазақстандық ақын-жазушылар мен қоғам өкілдері Бейжіңдегі қазақ елшілігі талпыныс жасағанымен, қытай билігі диссидент жазушының сүйегін де бермей қойыпты."

ол қытай бермейді ал "біздікілер" алмайды ол үлкен саясат - "үлкен ойын"... тек қана асыл ағаның со ойынның құрбаны болып қалғаны жанға батады

Кімнен: гани Қайдан: Аякөз
23.02.2011 18:52
+0 / -0
Асыл аға Сіздің қазақ үшін сіңірген еңбегіңізді бағалайтын күн туар, бірақ тірі күнде іздеуші табылмады Біз жаяу жүріп Сізді іздеуге шамамыз болмады қолымызда билік жоқ ал биліктегілер құзғұн құсап алдындағы өлекседен аса алмады Рұхы биік азаматтардың қолы қысқа Сізден және Сіздің туған туыстарыңыздан бас иіп кешірім Сұраймыз. жаныңыз жаннәтә болсын

Кімнен: TRM Қайдан: Astana
23.02.2011 18:58
+0 / -0
Қазіргі билік төбімен құртылғанда ғана, барлық мәселе шешіледі деп ойлаймын. Күндердің күнінде Қажығұмар сүйегі Таңсығымен табысады.

Кімнен: M.A.
23.02.2011 21:17
+0 / -0
Қажығұмар ағама

Қажеке-ау, кешір мені, қазағыңды...
Сардалаңды, таудан аққан бұлағыңды!

Болмағанда, бір топырақ салайын деп едім,
Ұялғаннан өзім бұрын өлейін деп едім...
Бұйырмады, бұйыртпады, қайтейін...
Сен кеттің... Елің қалды тұлдыр жетім...

Тау қалды сағынышын өтей алмай.
Жау қалды қуанышын жасыра алмай.
Ел қалды соңғы қазақпен қоштасып –
Өмір сүрген қазақтығын ұмытпай!

Уа, дариға, неткен қатал тегеурінің!
Кетті ағам, жалғыз қалды жаман інің...

Жалғыз қалды тау мен тас сағындырған,
Кіндік қаның тамған жер тамсандырған,
Қол үшін бере алмаған елің саған,
Жау қолында өз ұлын танымаған.
Ескі жұрттай орта жолда құлазыған,
Бұл елің қазағымды танымаған,
Бөтенсіп барады мына маған!

Көшер едім, кетер едім мына елден!
Қажеке-ау, кешір мені, кетем мен!

Мен кетемін, Қажеке-ау, кетер едім...
Жібермейді сөздерің жазып кеткен...


М. А.

Кімнен: Сәкен Қайдан: қызылорда
23.02.2011 22:41
+0 / -0
үкіметтен кімдер қатысты асқа, олар Қажекеңнің кітаптарын шығаруды қолға алмай ма екен
Пікір алмасу

Кімнен: қонақ
24.02.2011 13:15
+0 / -0
үкімет адамдары, әкімдер деген жолаған жоқ ол жерге, ас алматыдағы бөгенбай батыр мен шамші қалдыаяқов көшелері қиылысына жаөын пугасов деген ресторанда болды. кісі расында көп келді, келгендерге орын жетпей қалды, қосымша стол қоюға тура келді.

қабдеш жұмаділов, ғаббас қабышов, мұрат әуезов, уақап қыдырхан, мұхтар шаханов, қажытай илясов, басқа да жазушылар, ақындар, редакторлар, әртістер болды. жазушылар одағының бастығы нұрлан оразалин сықылды былтыр қажығұмарға тірсінде мемлекеттік сыйлықты қимаған, ал қазір қажекеңнің асында тамақты соғып жеп, кекірік атып оны-мұны сөйлегендерді де көрдік.

Кімнен: arnur Қайдан: almaty
23.02.2011 23:00
+0 / -0
қазақтынң быр туар ақыны Қажғұмар Шабдан ұлы жатқан жеріңіз жаннатта топырағыңыз торқа болсын!!! Қариалар азайып бара жатыр неменеге жетістің бала батыр ..біз соңғы ұрпақтар бала батыр болуғада жарамаймыз, барында қадырын білмедік айтқан өсиетін ескермедік тыңдамадық,,,,,қайран қазақтар!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: оскемен
24.02.2011 05:49
+0 / -0
қазақтың сонғы нәндерінің бірі рухы биік асыл ағамыз Қажғұмар Шабдан ұлының жаны жәннәтта болсын!!!!!!!!!

Кімнен: Намысшыл ҚАЗАҚ Қайдан: Атырау
24.02.2011 07:55
+0 / -0
АТА жаныңыз жаннатта болғай. Шіркін АСЫЛ Аталар\Ағалар Бұыртса біздің ауылдада ТОЙ болар.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
24.02.2011 10:07
+0 / -0
Мынау жұрт не дейді, мен не деймін! Бауырлар-ау, мынау тұрған "старший брат" Ресейден Хан Кенеміздің басын туған топырағына қайтара алмай пұшайман болып отырғанымызда ата жауымыз шүршіттен Қажығұмардың мәйітін қалай қайтармақшымыз?
Бұл асылдарымыз қазақтарға ғана асыл, ал ойраттың шатасына олар керек пе?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2011 13:45
+0 / -0
"Ал, сәлден соң ол менен: «Қажығұмар, сіз қай туған боласыз?» деп сұрайды, онысына ренжіп қаламын. Міне, менің берер ақыл-кеңесім осы деген еді, – деді Айтмұхан Райқанұлы"

Söylem durıs qurılmağan, tüsiniksiz.
Пікір алмасу

Кімнен: Қарабалта
28.02.2011 22:08
+0 / -0
не түсінбейтіні бар? Ру-руға, жүз-мүзге бөлінбеңдер, бәрің - қазақсыңдар! Сендерге берер ақыл-кеңесім сол дегені ғой ақсақалдың. Бірақ осы қарапайым қағиданы түсінбейтін тек жалғыз сен ғана емессің-ау, өкініштісі...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2011 13:55
+0 / -0
Qurmetti Azattıq! Qajekeñ kitaptarın scan jasap Pdf.-te nemese Djvu.-de özderiñizdiñ sayt kitaphanañızda ornalastırsañız keremet bolar edi. Jalpı qazaq kitabı tiyrajı birer mıñ ğana bolğan soñ elge, oqırmanına ol mülde jetpeydi de dewge boladı. Al scan köşirmeleri internette tursa jalpak elge de oquwğa mümkinşilik tuwar edi. Qurmetpet Maqsat

Кімнен: Өзімғой
26.02.2011 15:52
+0 / -0
Біріншіден: Иманы жолдасы болғай, марқұмның көре алмай кеткен
қызықтары мен орындай алмаған армандарын артында қалған
ұрпақтарына нәсіп еткей.Екіншіден: Өлгеннен соң жер төбелегеннен
не пайда, зиялысымақтар көзі тірісінде НӘНнің алдына жиналып барып
талап қойып табандап тұрса болар едіғой. Қашқан жауға-қатын ер.
Референдум, сайлау, сен күнкөсем деп жалбақтағанша, ИТТЕР !

Кімнен: kok bori Қайдан: ayawli kulja
27.02.2011 02:16
+0 / -0
ayawli jaziwximiz,ariyne ulitimizdeng janaxiri jan agamezding aktik armanina jetkiziw iysi kazakting borxi edi (xamasi kelgen) kitay ukimetide
buringeday emes bargansayin <demokirattanip> baradi...egerde alatawday
arka suyer egemendi tawelsiz memleketimizden jaygana bir surawxi bolgan
bolsa(suwdengda surawi bar) aganing armani iske aspaytinina men senbeymin ...xetelde jurgen kazakting <sanawxisi >bar birak <surawxisi>
ay kim biledi barma-jokpa...

Кімнен: Bek altai Қайдан: astana
28.02.2011 01:36
+0 / -0
kazax ushin bar omirin arnagan kajigumar atamdai adam endi kazaxka buiyrarma eken! ultimizdin kaitpas ruxin somdagandai kurishtan jaratilgan adam eken goi. kara kitaidan kajigumar atamnin ar azabi ushin kek alar kun tusa goi shirkin!!! ata, topiraginiz torka janiniz jannatta bolsin!!! sizdin ruxiniz, askak tulganiz mangi jasaidi!!!!

Кімнен: Сәкеи Қайдан: Қытаи-Ұрімжі
28.02.2011 16:49
+0 / -0
Қытайдың ішкі-сіртқы құпия атаулысынан мүлде бейхабар қазақтан қытайға келген де, келетін де титтей қауіп-қатер жоқ еді! Қаисыбыр «дипломаттарымыздың» көпе-көрінеу бұлталақшыл әдеттерімен: ол алай ғой, бұлай ғой... Деп билікті қор­ғаштайтын көлгірліктеріне сен­беймін
айттың не, айтпадың не, бізде қаиран қажағаның аруағынан кешірім сұраудан басқа лаж қалмады.

Кімнен: Жиренше
28.02.2011 22:14
+0 / -0
тірісінде іргеде тұрған Қазақстанға жетуді аңсаған жалғыз шалды елге әкелуді биліктен талап ете алмай, оны қойып тым құрмағанда бір сыйлықты оған қимаған соң, енді өліп қалғанда өтірік ойбайлап шаштарыңды жұлғандарыңа жол болсын, өңшең ынжық, қызмет пен көкқағазға арын мен барын сатқан жетесіздер! Түбі шілдің боғындай быт-шыт боп шашылып кетесіңдер ғой, соған келе жатырсыңдар өзі де!

Кімнен: Көркеуде Мыңқырқарұлы Қайдан: Ақтөбе-Қаратөбе, бәрібір
28.02.2011 23:31
+0 / -0
Қытай саясатшылары дәл кәзір Қазақстанның қазағының қазақшылығын барлай бақылап отыр: егер сүйегін әкелмесек - бүкіл елге сын. Әкелмесек - Шығыс Түркістанның барлық түрк халықтары бетімізге түкірер. Өзге елдер мұндай арыстың шапынының етегін де шаң-топыраққа малғанын көрмейсіз. Тек біз ғана жетесіздіктен бәрін төгіп-шашып далбалақтап жүргеніміз, жұртқа күлкі болып. Ех!

Кімнен: Қазақ қызы
01.03.2011 13:48
+0 / -0
Жаны жаннатта Иманы жолдас болсын!Қажығұмар Шабданұлынын шығармаларын қайдан табуға болады,бізде дүкендерде еркін сатылымда ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Сәкеи Қайдан: Қытаи-Ұрімжі
03.03.2011 13:06
+0 / -0
мына жалғанымнан ол кісінің шығармаларын оқи аласыз
http://www.kzazamat.net/bbs/

Кімнен: ogelan Қайдан: altay
02.03.2011 19:15
+0 / -0
hajagamde ,bul kisining erlik jigerin oylasam hazergi el basendagelarde holemnan kelse togexarlar hatarena turgezep tukirip hana tastar edim ... janengez janatta bolsen!