Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:13

ҚАЗАҚСТАН

Алматыда Назарбаевқа ескерткіш қойылды

Туынды авторлары Алматыда «таудың шыңында отырған президенттің еліне нұр шашып тұрған сәті» бейнеленгенін айтып жатқан кезде Астанаға жиналған ғалымдар қартаймаудың амалын іздеп отырды.

Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің ашылуы. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

2011 жылы 11-айдың 11-і күні сағат 11-де Алматыда, Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы паркте президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды. Президент мүсіні «Қазақстан» деп аталатын мемориалдық кешенінің ортасында тұр.

«ЕЛІНЕ НҰР ШАШҚАН»

Композиция қола, гранит, мәрмәрден бүркіттің қанаты сұлбасында жасалған.

– Мүсіннің артқы бетінде орналасқан қыранның екі қанатында Қазақстан тарихында елеулі орын алатын екі қала – Астана мен Алматы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева ескерткіштің ашылу салтанатында тұр. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
​​бейнеленген. Ал 4 метрлік мүсінді сомдауыма 9 ай кетті. Құдды балам сияқты, – дейді монументтің авторы, мүсінші Шоқан Төлеш.

Ескерткіште президент оң қолын сәл көтеріп отыр.

– Сол қолы орнында мықты – елі бай-қуатты, жалпы тұрақтылықты, мықтылықты білдіреді. Ал мына оң қолын енді «таудың жоғарғы шыңына отырған пезидент қолынан нұр шашып тұр еліне» деп бейнеледім, – дейді мүсінші.

«Мүсін демеушілер қаржысына жасалғанын» айтқан Шоқан Төлеш демеушілердің кім екенін, қанша қаржы жұмсалғанын «айта алмаймын» деді.

«ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТІРІ КЕЗІНДЕ ЖАСАУ КЕРЕК»

Ескерткіштің ашылу салтанатына билік, өнер және мәдениет өкілдері қатысты. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов бар.

Ескерткішке келгендер Қазақстан президентінің «мұндай құрметке лайық адам екенін» айтысты. 
Жолдастар, мен Нұрсұлтан Әбішұлын...  ұлы Бірінші Петрмен салыстырамын

- Жолдастар, мен Нұрсұлтан Әбішұлын батпаққа Петроградты салған ұлы Бірінші Петрмен салыстырамын. Нұрсұлтан Әбішұлы шөл далада әдемі астана орнатты, - деді Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Алматы қаласының құрметті азаматы Сұлтан Жиенбаев.

Сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, жиырма жыл бұрын әлемдік державалар басшылары «Қазақстанның қандай ел екенін, қазақтың кім екенін білмейтін». Қазір олар Қазақстанның беделін әлемдік деңгейге шығарған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне құлақ асады деді депутат.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, ескерткішті Қазақстанның суретшілер, сәулетшілер, дизайнерлер мен қала құрылысшылары одақтары тұңғыш президент туралы Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес өз қаржыларына орнатқан.

Ал мүсінші Шоқан Төлеш бұл ескерткіш «зиялы қауым өкілдерінің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған тартуы» деді.

– Жақсылықты тірі кезінде жасау керек қой. Мысалы, шынымен жасалған болса, ондай адамдардың мүсінін адам бар кезінде жасау керек, қастерлеу керек. Өйткені ол кісінің еңбегі зор, – дейді мүсінші.

Оның пікірінше, мүсіннің «ғұмыры ұзақ болмақ».

ҚАРТАЙМАУҒА ҚАРСЫ АМАЛ

Алматыда президент Назарбаевқа ескерткіш орнатып, «ғұмыры ұзақ болсын»  деп жатқан кезде Астанада адам жасын ұзартуға байланысты жиын өтті.

Назарбаев университеті ұйымдастырып отырған халықаралық конференцияда ғалымдар адам жасын ұзарту мен ағзаның қартаюына 
Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
​​қарсы жаңа жобаларды сөз етті.

Екі күнге созылатын шараға қазақ ғалымдарына қоса АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбританиядан 40-тан астам маман келді.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, мамандар регенеративті медицина, геномика, жасушалы биология, нанотехнологиялар мен ұзақ өмір сүру саласындағы жаңа стратегияларды ақылдасады.

– Адамның қалыпты, әдеттегі қартаюы шамамен 100-120 жылға созылады. Алайда патологиялық қартаю деген түсінік бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта оған қарсы геронто технологиялар мен геронто инжиниринг салалары дамытылып жатыр. Сондықтан біздің алдымызда болашақта гендік және жасуша деңгейінде патологиялық қартаюды анықтайтын биомаркерлерді дайындау мақсаты тұр, – дейді Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылым орталығының бас директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділов.

Адам жасын ұзарту, қартаюға қарсы дәрі ойлап табу – Қазақстан президенті Назарбаевтың да бірнеше рет айтқан мәселесі. Президент соңғы рет 2010 жылы желтоқсанның 7-сінде Назарбаев университеті студенттеріне дәріс оқығанда болашақта Қазақстаннан Нобель сыйлығын алатын адамның шығатынына сенімді екенін айтып, өзі құралпыластардың кәрілікке қарсы дәріні тағатсыздана күтіп отырғанын жеткізген.

– Менімен жасты адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмірді ұзартатын жаңалықтарды қатты тосып жүр, мұның тезірек болғанын қалайды, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

​​



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.11.2011 18:21
+1 / -0
Дариға Назарбаева - папасына сыйлық жасадым деп мәз болып тұрған шығар. мында кілең байлар жиналып алған ғой, қарапайып халықтар қайда, бірақ надан елге надан басшы ғана лайықты гой! Кафирлер сендер құтыра тұрыңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: KOKJAL
12.11.2011 01:48
+0 / -0
Еліміз аман , іргеміз бүтін болсын деңыз !!! Қаптаған қара бұлт та мәңгілік емес ... айыгады ....

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
11.11.2011 18:26
+0 / -0
Ескерткіш. Екі қанаты бар. Оң жағындағы періште қазақша, сол жағындағысы орысша сөйлейді. Сол қолдың, зүүн гардың, жоңғардың екпіні мықты.

Кімнен: ЖАС ПАТРИОТ Қайдан: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН
11.11.2011 18:29
+0 / -0
Жарбиып билік отыр жар басында,
Құдай боп, қазақтардың арқасында.
Ұлтымның өне-бойын тіміскілеп –
Көз алмай арқалаған дорбасынан...

Кімнен: Жәй адам
11.11.2011 18:33
+0 / -0
Жер таянған жаман ырым дейтін, оған қоса тірі адамға ескерткіш қоюға болмайды деген де бар. Нұрекеңнің оң қолы "әлі де бере түс, ол жаққа өзіммен бірге ала кетейін" деген ишаратты білдіреді екен. Ескерткішті жасаушылар алдымен оған көрсетіп алмағаны ма, әлде Нұрекеңнің деңгейі соншалықты төмен бе?

Кімнен: Tau Қайдан: Alatidan
11.11.2011 19:15
+0 / -0
Astin miktap ustap alganinna karaganda tak ornikti emesau deyim osi.. uzak otirsa kualp ketetinin jaksi beynelegen....

Кімнен: 13
11.11.2011 20:04
+0 / -0
Япырмай, мынау өзі жалпы тұрқы қалқыйған қарақұспа, әлде самұрықпа, әлгі неміс-фашистерінің баскиім маңдайына жапсырылған белгісінен бір аумайды, енді свастикасы жетіспей тұр, неге асықты екен, жасадың жасадың түгел жасау керекқой. Әлде ОЛ кісінің өзі бірнәрсені бастап аяқтамай тастап жүреберуші еді, сол мінезін меңзедімекен, ә-ә-ә.

Кімнен: iniwek Қайдан: texas
11.11.2011 20:12
+0 / -0
11.11.11. ademi sagat 11 de .
Kelesi jyly 12.12.12. kuni eel aman , jurt tynyw bolsa tagy bir mereke bolaryna kumanim jok.

Кімнен: Нұрболат
11.11.2011 20:30
+0 / -0
унитазда отырып қағаз сұрап отырған секілді, немесе жанағы қойшының атып түсірген бүркіті ме? әйтеуір ыңғайсыз отыр ғой

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
11.11.2011 20:51
+0 / -0
Нұреке әбден құтырды ғой, әлемді дүрліктірген Горбачевқа не Ельцинге ескерткіш жоқ ал мына Нұр әдбен т*шты

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
11.11.2011 21:04
+0 / -0
Пікір қоссам қосайын.

Бұрын алақаны жайылып түсетін суреттерде. ("Тойынған" болар)
Ал мына алақанның астындағы "ел түгелдей менікі, жекеменшігім" дегенді білдіріп тұрғандай ма?

Көзінен шашылған "нұр" көрмедім. Сонау алыстағы "Нобель" сыйлығын күтіп отырған көзқарас. (болар болмасы екіталай, болған күнде де дүниеге жығып алмаса?...)

Орнына тұра алмай "итініп" отырғандай... Мүмкін оң алақанының астына Ертісбаевтың иығын салып қою керек пе еді?

Жиырма жылдық отырып қалған былғары орындығының орнына қара тас қойғанын түсінбедім, мүмкін оған кесел үстіне кесел қоспақ па суретшілер..

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
11.11.2011 22:38
+0 / -0
Құтты болсын!

Кімнен: Амир Қайдан: Айтпайм(өлтіріп тастайды)
11.11.2011 23:39
+0 / -0
Нұрсұлтан атына Заты сай деп айта алмаймын... Ал Ел басы Призиденті болуға сай ЕМЕС деп анық айталам... Өзін-озі жақсы көргені соншалықты-оізне арнап Ескерткіш салдырыпты,Ел басымыздың НАДАНДЫҒЫ осыдан белгілі ғой деп ойлаймын!!!

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақ
11.11.2011 23:49
+0 / -0
ескерткіш қалай тез қойылды солай тез алынады ол күн алыс емес бұл жерге алтынбек пен заманбектің сөйлесіп отырған мүсіні қойылады әкесіне берген силығын шарбағына апарып қойсын ол кезде шарбағы болса

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.11.2011 02:44
+0 / -0
жалпы ескерткішті өлген адамға коймайма? мынаусы не?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
12.11.2011 08:11
+0 / -0
Кеше осы ескерткіштің ашылу "салтанатының" бір көрсетілімінде (қай жерден екенін ұмытып отырғаным) белгілі публицист жорналшы Ғазиз Тоғызбаев Президенттің қызы Дариға Назарбаевадан сұхбат алмақ болған жерін көрсетіп өтті. Алайда Дариға жорналшыға көңіл аудармай, оған жауап та бермей аяғын жылдамдата басып бара жатты. "Мейлі ғой" деген ой қылаң беріп өтті. "Қазір әкеңнің арқасында өзіңе қатыстыларды болмаса басқаны адам қатарына қоспай жүре тұр. Бірақ... Ия ертең әкең ол тақтан айырылған күні күнің не болмақ? (егер шет ауып кетпесең?) Міне сол кезде сенің "сұхбатыңның" бағасы беш тиын болып қалмай ма? Сол уақыттарда қазіргі сен "асынғандықтан" көзге ілмей жүргендерің сені естеріне ала ма екен өзі? Тіпті саған осы адам-ау деп мойындарын да бұрмас!

Кімнен: Қаражатқа мұқтаж адам
12.11.2011 09:58
+0 / -0
Дариғасы гүл қойды ма екен? Біздерге де қоюға баолады ма екен? ОМОН-дықтар біз сияқты қарапайым халықты қуып жібермейді ма екен?

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
12.11.2011 10:59
+0 / -0

САМҰРЫҚ

Барша жантық жабылып бір «қалмақты»,
Отырғызып тасқа мүсін сомдапты.
«Тайып кетіп» мүсіншінің қашауы,
Құдай ұрып...
Жер таянтып «оңдапты»!

Жер таянтып сол қолымен тыраңға,
Ұқсатыпты қанат жайған «қыранға».
Оң қолымен қойша өргізген ишара –
Шегі жоқ-ау, қазақтағы шыдамға!..

Көзін алмай мұхиттың ар жағынан –
Үміт етіп, аңсап жүрген бағынан:
«Нөбіл» еді!
Нобел оның күткені,
Обама емес, тіпті-дағы сағынған!

Құдайдың да аузын ұрып тымпиып,
Іс «тындырып» отыр «біреу» жымпиып...
«Свастика» нышанындай қанаттың –
Ортасында «қалмақ» тұр ғой қылтиып...

«Қыран» еді...
Самұрық боп кеткен бе!?
Егізі жоқ, бір бас қана өскен бе?
Не болды екен, орнатардай ескерткіш,
Арам байлық қу құлқынын тескенге...

Пікір алмасу

Кімнен: askar
18.11.2011 00:42
+0 / -0
kop shilik bos soz dalaga sokhkan jelmen birdey esh paydashi jokh.sozden iske koshken artikh.silteme jasap buytu kerek suytu kerek degen bos sozden jaligasin....,

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
12.11.2011 11:39
+0 / -0
САМҰРЫҚ

Барша жантық жабылып бір «қалмақты»,
Отырғызып тасқа мүсін сомдапты.
«Тайып кетіп» мүсіншінің қашауы,
Құдай ұрып...
Жер таянтып «оңдапты»!

Жер таянтып сол қолымен тыраңға,
Ұқсатыпты қанат жайған «қыранға».
Оң қолымен қойша өргізген ишара –
Шегі жоқ-ау, қазақтағы шыдамға!..

Көзін алмай мұхиттың ар жағынан –
Үміт етіп, аңсап жүрген бағынан:
«Нөбіл» еді!
Нобел оның күткені,
Обама емес, тіпті-дағы сағынған!

Құдайдың да аузын ұрып тымпитып,
Іс «тындырып» отыр «біреу» жымпиып...
«Свастика» нышанындай қанаттың –
Ортасында «қалмақ» тұр ғой қылтиып...

«Қыран» еді...
Самұрық боп кеткен бе!?
Егізі жоқ, бір бас қана өскен бе?
Не болды екен орнатардай ескерткіш,
Арам байлық қу құлқынын тескенге...

Құрметті модератор!
Осының алдында жіберген өлеңімде кішкене қате кеткен екен. "тымпиып" емес "тымпитып" дегені дұрыс.

Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
13.11.2011 20:05
+0 / -0
<<Құдайдың да аузын ұрып тымпитып,>>

бұл сөз Құдай аузын ұрған кәпірдің сасық аузынан шығатып сасық сөз
Пікір алмасу

Кімнен: Елтоқсан
13.11.2011 22:15
+0 / -0
уахабит желток ау, құдайыңның ауызын ұрып отырған ақын емес сенің көшбасың ғой неге түкірігіңді шашыратып қақалып отырсың?
және де сен ешқандай желтоқсановец емессің желтоқсанның атын жамылып жүрген дүмше молдасымақсың всего то навсего!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
14.11.2011 00:39
+0 / -0
<<құдайыңның ауызын ұрып отырған ақын емес>>

теріс сөйлейтін ақынсымақ Құдайға тілі тигені үшін тәубе қылмаса екі дүниеде аузы желкесінен шығып жүреді.

Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 09:56
+0 / -0
Ақындарға самопал желтоқсандай сауатсыз надандар баға бере алмайды. Соны түсінсе әлі адам болып кетеді.......осы желтоқсан дегені тіпті еркек емес.... жүрген жерінде сасық ауызы қарғыстан бір босамайтын көк долы қатын болуға тиісті........
Пікір алмасу

Кімнен: Казак
14.11.2011 13:03
+0 / -0
Кудайга тил тигизип куна жинап нелерин бар. Жерде журген жемкорлармен солесиндер. Ай ширкин зан байга да кедейге дер бирдей болсагой
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.11.2011 09:33
+0 / -0
Желтоқсан атын жамылып жүрген жалғыз вақабит Талғат Рысқұбеков емессің бе әй? Сен тіпті желтоқсан оқиғасында болған жоқсың ғой

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.11.2011 11:57
+0 / -0
Қанша тонна метал шығындалды екен, ә? Қытай асырып сатып жібергім кеп тұрғаны.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.11.2011 12:26
+0 / -0
Енді мына жерге келіп Әбіш Кекілбаев кунде осы ескерткіштің қолын суйіп журмесе болды да....не осы ескерткішті сую керек деп кітап жазып кетпесе болды...
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі