Accessibility links

Назарбаев ант беру кезінде бір сөйлемнен сегіз қате жіберді


Нұрсұлтан Назарбаев, қайта сайланған Қазақстан президенті ретінде ант беріп тұр. Астана, 8 сәуір 2011 жыл
Нұрсұлтан Назарбаев, қайта сайланған Қазақстан президенті ретінде ант беріп тұр. Астана, 8 сәуір 2011 жыл

Сәуірдің 8-і Астанада өткен президент инаугурациясы кезінде қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұрып Конституцияның 42-бабындағы 1-тармағын сөзбе-сөз оқып шыға алмады.


Қазақстан конституциясының 42-бабының 1-тармағы

Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуірдің 8-і өткен инаугурацияда берген анты (сөзбе-сөз жазбаша нұсқасы)

«Қазақстан халқына адал қызмет істеуге, Қазақстан республикасыменен [конституциясы] оның заңдарын қатал сақтауға, азаматтардың құқықтарыменен бостандығына кепілдік беруге, Қазақстан республикасының [президентінің] өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал орындауға салтанатты түрде ант етемін».

Президент Назарбаевтың ант беру сөзінде 1) «қызмет етуге» тіркесі «қызмет істеуге» болып өзгереді; 2-3) «менен» жалғауы екі рет артық қосылады, 3-4) «конституциясы» және «президентінің» сөздері түсіп қалады; 5) «қатаң сақтауға» тіркесі «қатал сақтауға» болып кетеді; 6) «бостандықтарына» сөзі жекеше түрде «бостандығына» болып айтылады; 7) «республикасы» сөзіне ілік септігінің «ның» жалғауы артық жалғанады және 8) «адал атқаруға» тіркесі «адал орындауға» болып өзгереді.

Президент Назарбаевтың инаугурацияда салтанатты ант берген сөзі. Астана, 8 сәуір 2011 жыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:26 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG