Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:21

САЯСАТ

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынысы Брежневті еске салды

Қазақстан сенаты «Халық қаһарманы» деген мемлекеттік жоғары атақты Назарбаевқа оның келісімінсіз-ақ табыстау туралы қаулы шығарды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ресми түрде Назарбаев өзін-өзі марапаттай алмайды, бірақ марапаттау туралы жарлыққа Қазақстан президентінің өзі қол қояды.

1 желтоқсан күні парламент сенаты «Ұлт лидері – Қазақстанның тұңғыш президенті туралы конституциялық заңға қосымша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан қабылдады. Бұл заң жобасы бойынша Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы, оған қоса «Отан» ордені мен «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі қоса беріледі.

ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТАРИХИ РОЛІ»

Сенат отырысында Қазақстанның әділет министрі Рашид Түсіпбеков сөз сөйледі. Ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы үшін Назарбаевтың қандай тарихи роль атқарғаны туралы айтты. Сенат құжатында Назарбаевтың «жаңа тәуелсіз елдің негізін салушы, конституцияны қорғаушы, елдің бірлігін, азаматтардың еркіндігі мен құқығының сақталуын қамтамасыз еткен адам екені» жазылған.

Ал әділет министрінің айтуынша, «Халық қаһарманының» «Алтын жұлдызы» мен «Отан» орденін табыстау салтанатының еш қиындығы жоқ.

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныстар бұған дейін де талай айтылған. Бірақ оны жүзеге асырудың заңдық тетігі ​​болмаған, оның үстіне президенттің өзі мұндай ұсыныстан жария түрде 
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Санкт-Петербург, 19 қазан 2011 жыл.
​​бас тартып келді. Бірақ кейінгі кезде елде Назарбаевтың атымен аталатын нысандар саны көбейіп, оған тіпті ескерткіш те қойылды. Енді билік президентті осы жоғары атақпен марапаттаудың «заңды жолын» тапты.

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру жайлы ұсынысты бұл жолы Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов айтқан еді. Оның пікірінше, Қазақстан республикасының тәуелсіздігі – 16 желтоқсан күні президент «Халық қаһарманы» болуы керек. Бұл – президентке «Алтын жұлдыз» айырықша белгісі мен «Отан» орденін қоса табыстау керек деген сөз.

Мұндай дәстүр Совет одағы кезінде болған. Әдетте Совет одағының батыры атағымен бірге Ленин ордені қоса табыс етілетін.

«БІЗДІҢ ХАЛЫҚТЫҢ МІНЕЗІ»

Сенат бұл ұсынысқа байланысты Назарбаевтың не айтарынан хабарсыз. Президенттің жақын досы, «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев Азаттық радиосына берген сұхбатында президенттің «сыйлық атаулыға салқын қарайтынын» айтты. Оның пікірінше, президенттікке сайлаған халықтың жоғары сенімі – Назарбаев үшін ең жоғары марапат.

Мақсұт Нәрікбаев «Қазақстан президенті Назарбаевтың дұрыс ұстанымы мен дұрыс саясатының нәтижесінде Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта 
«Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев.
​​айтарлықтай жетістікке жетіп отыр» дейді.

– Президент мұндай құрметке лайық. Ол тәуелсіз Қазақстанды бірінші күннен басқарып келеді. Бірақ бұл мәселенің өзге, моральдық жағы да бар. Президенттің өзі «Халық қаһарманы» деген атақты алудан үнемі бас тартып келді. Мұның бәріне қарамастан, біз, тіпті, өз бетімізше оған ескерткіш те орнатып қойдық. Ол ескерткіш қоюға да қарсы болған. Бірақ мұны ешкім тыңдап жатқан жоқ. Біздің халықтың мінезі сондай ғой, – дейді Мақсұт Нәрікбаев.

НАЗАРБАЕВ ПЕН БРЕЖНЕВ

Елдегі оппозиция Назарбаевтың жеке басына табынушылықтың жаңаша өрбуіне қатысты ашық түрде ешнәрсе деген жоқ. Бұл марапат сөз болған күндері саяси партия атаулы сайлау алдындағы құрылтайларын өткізіп, депутаттыққа кандидаттарын тіркеп жатты. Бірде-бір құрылтайда Назарбаевқа берілмек жоғары марапат туралы ешкім тіс жарған жоқ.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козлов Азаттыққа берген сұхбатында президенттің мұндай жоғары атаққа лайық емес екенін айтады. Оның пікірінше, былтыры берілген «Ұлт 
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козлов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
​​көшбасшысы» деген атақ та Назарбаевқа лайық емес. Козлов бүгінгі Қазақстанды Брежневтің тұсындағы «дамыған социализм дәуірімен» салыстырады.

– Біраз өмірім Совет одағы тұсында өтті. Мен Брежнев дәуірінің күні қалай батқанын көрген адаммын. Брежневке елде бар жоғары атақ атаулыны түр-түрімен табыстап, марапат пен шектен шыққан мадақтаулардың бәрін айтып, екіжүзділік пен жағымпаздықтың түр-түрін танытқан болатынбыз. Бүгін дәл осындай көріністің Қазақстанда қайталанып жатқанын байқауға болады. Меніңше, мұның бәрі Назарбаев дәуірінің күні таяғанын білдіретін болса керек. Мен бұған қатты қуанамын, – дейді Владимир Козлов.

Оның айтуынша, Қазақстан президентінің есіміндегі «Нұр» деген сөзді кез-келген нәрсеге тіркеп, кез-келген жерде қолданып, қадірін кетіру де «қалыптасқан дәстүрге» айналып кеткен.

Желтоқсанның 1-і күні Алматы қаласында өткен ғалымдар форумында медицина мен химия саласындағы жоғары технология үшін аса қажет жаңа минерал ашылғаны мәлім болды. Ғалымдар жаңа минералды «Нұрназен» деп атауға шешім қабылдады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
01.12.2011 22:40
+0 / -0
Нәрікбаев, енесінен емшек сұраған ботаға ұқсап қалған екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.12.2011 23:10
+0 / -0
шал алжып бара жатыр

Кімнен: Нұрлан Қайдан: Талдықорған
01.12.2011 23:20
+0 / -0
Бүгін Қазақстан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» деген атақ беруге ұсыныс жасалды. Өткен жылы ол «Ұлт ​​көшбасшысы» деген атақты да алды. Енді Қазақстан президентіне әл қолы жете алмай жүрген атақтарда бар: мысалы үшін Еңбегі сіңген Қазақстан Жер жүзіне әйгілі атақты әншісі немесе Қазақстанның Еңбегі сіңген атақты спорт мастері.
Менің түсінбейтінім: айналасында күні-түні жатпай шауып жүргендер мұны неге ескермеді екен, өте ұят. Оларды осы сараңдығы үшін жауапқа тартып, Сібірге жіберу керек. Ал, "Халықтың атақты малшысы не мұнайшысы" деген атақтарды баяғыда берген жөн болатын еді. Бұл неғып Мақсұт Нәрікбаев сияқты Назарбаевтың жан достарының естеріне келмеді екен?!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
01.12.2011 23:40
+0 / -0
Ашқарақ, тексіз ұрыға соншама марапат пен қаһарман атағын беру тек біздің Боратстанда ғана шығар, неткен мал болып кеткен ұлт едік! Жүрегім айнып кетті. Айналасы өңшең жарамсақтар мен жантықтарға ханның өзі де лайық болған соң ендігі қалған б-қ тіршілігіне осы бастан бастап түкіре беру керек...

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Астана
01.12.2011 23:41
+0 / -0
көпті қаралай беріп қайтеміз, ол атақты жанында жүргендер бермейді тіпті бергісіде келмейді тек оны сұрап алады, немесе бұйырады бермесінші ол жұмыстан кетеді, керек болса темір тордың аржағынан бірақ шығады. атамыз кеткенен кейін ағалар өзі айғайлап айтатын болады. ал бұл силықтар шалға некерек деп таң қалудың орны жоқ, себебі нобель силығын алудың алғы шарты керек деген шығар бір білгіш. алжыған шалды кім алдап ақшасын асамай жатыр дейсіз.

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Актау
01.12.2011 23:53
+0 / -0
Тасмаганбетовке жол берсе ол Туриктин премьери министоры Эрдоган сиякты болатын шыгар деп ойлайм, ал калгандарына озине ози сыйлаткан сыйлыктарына аунай берсин дер едим.

Кімнен: сәмет
02.12.2011 00:55
+0 / -0
Нобель алып джек пот ұтамын деп сеніп қалып ала алмағасын қапаланбасын деп жантықтар утешительный приз беріп жатқаны да

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 02:12
+0 / -0
Cол бір сөлкебайды несіне аяйсыңдар, бере салмайсыңдар ма?!! Жылаған балаға емшек беретін әдетті ұмытқан неткен қазақсыңдар! Жылатпай бере салыңдаршы!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.12.2011 10:28
+0 / -0
"Халық Қаһарманы" дейді, қай бір жерден оқыдым "Ғұламалардың ғұламасы" деген атақ бермекші екен М. Жұрынов бастаған "әлеумет". "Елбасылық", "Көшбасшылық" дей ме-ау, "Сараманның сараманы", "Метроның алғашқы жолаушысы" дей ме-ау, ми да ашып кетті санамаласақ. сонда деймін-ау шынымен осы Назарбаевтың "крышасы" кетіп қалған, болмаса оны айналасындағылап адам санатына қоспайды, екінің бірі. Адам санатына қоспайтыны Назарбаевқа қатысы жоқ жерден де, яғни ондай білімі болмаса да бере беретін болыпты итке сүйек лақтырғандай. Оның алдынан өтпейді де ешболмаса. "Нұреке мына бір атақты сізге берейін деп жатырмыз" деп құлаққағыс етер болса НАН да ойланып көретін шығар ешболмаса, "Қойыңдар бұл білімді мен түсіне бермеймін ғой, елден ұят болар" деп сәл де болса "қымсынатынтынтта" сәл "қызарыңқырып"? Әлде бетіндегі қызылдың бәрі өшіп кетті ме екен?

Енді не қалды, сонау Кеңестік Кезеңнен қалған мектептерге, ауруханалардың маңдайшасына да жазып қоямыз-ау сірә, "Осы ұйымның Құрметті азаматы" деп пе, жоқ әлде онан бір "майлы" сөздерді келтіріп...

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
02.12.2011 10:43
+0 / -0

БАР МА ЕКЕН БАР ҚАЗАҚТА БАСЫ БАР ЖАН?

Бар ма осы бар қазақта басы бар жан,
Мен үшін соны білу – асыл арман!
Уа, Қазақ!
Сенен де,
Өзгелерден
Басқалардан,
Қауыпты төніп тұрған жасыра алман!
Жасыра алман қатерді, алапатты,
Алпауыттар қазақты талап жатыр –
Баса көрме қасиет – ашынуды,
Тәк-тәк деме,
Жусатпа ашуыңды...
Тағдырыңды мінгізіп көк есекке,
Алып қашты «Нұрекең» ғасырыңды...

(Қайда бармақ жанымды алып қашып?!
Үйренбеген халқымды анық басып...
Баулыды текті ұлтымды мерездікке,
Ұрлық ету кетті ғой қалыптасып...)

Мынау өлең...
Ғашығым тағдыр жазған,
Түсінер деп ойлаймын басы бар жан...
Әңгіме не,
Қалмады-ау еш әңгіме,
Өлім алды тұр ұлтым
Жасыра алман.
Тағдырымды бұтына қысып алып,
Мына билік барымды тартып алған:
– Болашақ деп оттайды, жетістік деп,
Уа қазағым, сенбеңдер, бәрі жалған!
Ажал!..
Ажал!..
Тырнап тұр ғұмырымды –
Тірі қалу ұлт үшін – асыл арман.
Бар ма екен бар қазақта басы бар жан?
Менің үшін сол сұрақ – болды-ау, арман!


Кімнен: СолДАТ Қайдан: Алматы
02.12.2011 12:50
+0 / -0
Назарбай мақтауға кенде емес. Құлақ құрышын қандырып күнбе күн төбесін көкке жеткізіп қоямыз.
Бір ақиқатын айтса, Нәрікбаев айтты. Оның сөзіне салсақ, қазақ тумысынан құйрық жалағыш екен. ЖАСЫРА АЛАМЫЗ БА? Назарбайды қоя тұрып, өз бастығымыздың алдында құрдай жорғалайтын адетимизди ұмытып кеттик пе әлде? Мойындаймыз ба осыны?!
Қазақ "асау" халық болса, НАН ды баяғыда-ақ тақтан тайдырар еді. Бірақ қырғыз құрлы мінез таныта алмайтынымыз белгілі. оның үстіне Назарбайда қу. Тіптен шектен шығатын шараларға бармайды. Асып төгелетін жағдайға жеткізбейді. Не ары емес, не бері емес халге түсіріп қояды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 14:09
+0 / -0
Ұят-ай! Не болып бара жатырмыз, біз осы? Ай-ай-ай! Тіптен, ұят! Сөзім жоқ!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 14:43
+0 / -0
Рахаттың әкесі Мұқтар Әлиев алған сыйлықты Нұрекеңе қимайсыңдар ма? ала берсінші, құрысын...

Кімнен: Есімхан
02.12.2011 17:16
+0 / -0
Брежнев өз заманында 6 рет халық хаһарманы атағын алған, Ал Түркіменстанның бұрынғы президенті марқұм "ҰЛЫ"Сапармұрат Ниязов 5 рет халық хаһарманы атағын алған, оның қасында бір рет бергенде тұрған ештеме жоқ.