Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:45

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Алтынбектің өмірі мен өлімі

Алтынбектің қазасынан соң төңірегі бөлініп кетті

Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылы ақпанның 11-інде қаза тапқан соң оның пікірлестері, жанында жүрген серіктері әрқилы саяси трансформациялардан өтті. Кейбірі билікке оралды, «оңшыл» мен «солшылға» айналды.

Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы түскен суреті. Алматы, 8 ақпан, 2006 жыл.
Мәтін көлемі - +

Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімінен кейін оның саяси қызметіне әрқилы баға берілді. Көптеген сарапшылардың пікірі «Алтынбек Сәрсенбайұлы бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі саяси кезеңнен өтті – яғни әуелі Назарбаев режимін орнықтыруға елеулі еңбек сіңірді, кейін сол режимге қарсы қызмет еткен негізгі саяси фигураға айналды» деген ойға саяды.

Сонымен қатар «Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі – оппозицияға сес көрсетудің бір жолы болды, бұл қастандық Қазақстан оппозициясының жүрегін шайлықтырып тастады» деген де пікірлер шықты.

Кейбір саясаткерлер «бұл өлім билікте жүрсе де оппозицияға іш тарта қарайтындарды да қатты үрейлендіргенін» айтады. Олар Қазақстанның жаңа саяси тарихында оқтын-оқтын байқалатын «биліктен оппозицияға кету үрдісінің» соңғы жылдары тоқтап қалуын Алтынбек өлімімен байланыстырады.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ СЕРІКТЕРІ

1993 жылы билікке араласқан Алтынбек Сәрсенбайұлы он жыл ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңындағы ықпалды тұлғалардың біріне айналды. Ол серіктері мен пікірлестерін қалыптастырып, бірнеше адамның жоғары лауазымды қызметке жетуіне себеп болды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы Азаттық радиосына 2003 жылы берген сұқбатында 2001 жылғы саяси дүрбелеңнен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» 
Алтынбек Сәрсенбайұлы (оңнан санағанда үшінші) «Әділетті Қазақстан үшін!» қоғамдық қозғалысының жиынында. 20 наурыз 2005 жыл.
x
Алтынбек Сәрсенбайұлы (оңнан санағанда үшінші) «Әділетті Қазақстан үшін!» қоғамдық қозғалысының жиынында. 20 наурыз 2005 жыл.
​​қозғалысын құрып, кейін одан конструктивті оппозициялық ұстанымына қарай бөлініп шыққан «Ақ жол» партиясын құрушылардың ішінен Ораз Жандосов, Әлихан Бәйменов, Жанат Ертілесова, Қайрат Келімбетов, Сауат Мыңбаевтарды «өз серіктерім» деп атаған еді.

Алтынбек Сәрсенбайұлының көзі тірісінде құрылған «Нағыз Ақ жол» партиясы ЖСДП-мен бірігіп, 1990 жылдардағы «Азат» қозғалысының атауын иеленуі партияның бұрынғы кейбір мүшелерінің наразылығын туғызып, партия қатарынан шығуына әсер етті. Соның бірі Жасарал Қуанышәлин:

– Алтынбексіз Болат Әбілов, Төлеген Жүкеев, Ораз Жандосовтар бірден қаусап қалды ғой. Алтынбек тірі болғанда Болат Әбіловтер қазіргідей Ақордамен байланыста жұмыс істемес еді. Партияның атын өзгертіп, өзара быт-шыт болып, қайдағы жоқ әрекеттерге бармай, халықпен жұмыс істеуші еді, – деді Азаттық радиосына 2011 жылы берген сұқбатында.

Алтынбек Сәрсенбайұлы «серіктерім» деп атаған азаматтардың біразы көп ұзамай-ақ билікке оралды. Алтынбектің қазасынан кейін де оппозицияда қалған Ораз Жандосов соңғы жылдары саяси белсенділігін бәсеңдетіп, экономикалық мәселелермен шұғылдануға ойысты.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ДОСТАРЫ

Кейбір сарапшылар қазіргі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әрі президент көмекшісі Марат Тәжинді, бірнеше жыл президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып, таяуда «Нұр Отан» тізімімен мәжіліс депутаттығына өткен Мәулен Әшімбаевты да Алтынбек Сәрсенбайұлымен пікірлес адамдардың қатарына қосады.

«Ақ жол» партиясы екіге жарылғаннан кейін Алтынбек Сәрсенбайұлы Әлихан 
Марат Тәжин Қазақстанның сыртқы істер министрі кезінде. 4 желтоқсан 2008 жыл.
x
Марат Тәжин Қазақстанның сыртқы істер министрі кезінде. 4 желтоқсан 2008 жыл.
​​Бәйменовке жазған хатында: «...басыма төніп тұрған қауіп болса, мен оны (көмекті – ред.) досым – ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Марат Тәжиннен неге сұрамаймын. Ол маған, тіпті, қажет болса бір рота солдатын бермес пе еді» деген еді.

2006 жылы ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы қайтыс болғанда Марат Тәжин президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінде отырды. Көбіне көлеңкеде жүрсе де Қазақстандағы басты идеологтардың бірінен саналатын Марат Тәжин «өзінде жоқ бір рота солдатты» бере алмайтын еді, бірақ досының қазасы туралы да пікір айтпады.

Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы «Алтекеңнің билік төңірегіндегі пікірлестеріне ренжісек, осы тұрғыдан ренжиміз» дейді.

– Алтекең қайтқанда Марат Тәжин әулетімізге келіп, көңіл айтты. Естелік кітапқа да өз ойын жазып берді. Бұл жағынан алып қарағанда, Тәжинді достықты, кешегі сыйластықты сатқан деп айтуға болмайды. Оны да, мүмкін, айтызбасы айтқызбай, тежегіші тежеп тұрған шығар. Бірақ меніңше, оның ішкі ойы, адами көзқарасы тура болса керек, – деді «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Азаттық радиосының тілшісіне айтқан әңгімесінде.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ

Рысбек Сәрсенбайұлы «Алтынбек билікте жүргенде тағы да басқа көптеген адамдардың оның ықпалында болғанын, соның ішінде Ерлан Қарин (қазір «Нұр 
Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин. Астана, 13 қыркүйек 2011 жыл.
x
Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин. Астана, 13 қыркүйек 2011 жыл.
​​Отан» партиясының хатшысы – ред.) тәрізді бірқатар кейінгі буын саясаттанушылар Алтынбек бағыт берген саясаттану, мемлекеттану мектебінен өткенін» сөз етті.

Ол «Алтынбектің шәкірті әрі пікірлес-кеңесшісі Айдос Сарымның құрылтайшылығындағы кейбір веб-сайттар соңғы кездері билікшіл «Ақ жол» партиясына қолдау танытатын материалдарға біршама орын бергенін» айтады.

– Мүмкін, қазір Айдос кішкене адасыңқырап жүрген шығар. Арғы-бергісін сараласа, бұрынғы мақсатына қайта оралуы мүмкін. Оның Перуашевтар жағына шығып, солардың диірменіне су құйып бергенін, әрине, мен де дұрыс дей алмаймын. Бірақ ол қандай мақсатпен, неліктен соған барды? Мүмкін, «Алаш арыстарының идеясын жалғастырамыз» дегенге сеніп қалды ма, әлде басқадай себептері болды ма – нақты айта алмаймын, – деді Рысбек Сәрсенбай.
Жұмыс істеу керек. Ақша жасау керек. Бұл – күнкөріс.

Ал саясаттанушы Айдос Сарым өзі жетекшілік ететін сайттар «Ақжол» партиясының ғана емес, коммунистердің де, «Руханияттың» да жарнамалық материалдарын жариялағанын, «онда тұрған ештеңе жоқ екенін» айтады.

Оның пікірінше, «Жұмыс істеу керек. Ақша жасау керек. Бұл – күнкөріс».

– Менің түсінігімде, дәл бүгінгідей жағдайдың өзінде билікпен жұмыс істеу керек. Билікті мүмкіндігінше халық ырқына қарай бұру – әрбір ойлы азаматтың міндеті. 
Саясаттанушы Айдос Сарым «Ұлы Дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы кезінде. Алматы, 15 қазан 2011 жыл.
x
Саясаттанушы Айдос Сарым «Ұлы Дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы кезінде. Алматы, 15 қазан 2011 жыл.
​​«Бұл билік өзгермей, ештеңе өзгермейді» деп ат құйрығын шарт кесу – ең оңай жол. Шындап келгенде, биліктің ұлттық мәселеге қарай трансформациялануы әлі де мүмкін нәрсе, – дейді Айдос Сарым.

Бірақ ол биліктің бірқатар ақпарат құралдарына айтқан сөздері бұрмаланғанын, «қазан айында берген сұқбаты Жаңаөзен оқиғасынан кейін, яғни желтоқсанда жарияланып, оған өзі айтпаған сөздер қосылып кеткенін», Жаңаөзен оқиғасына байланысты өзі айтқан сөзін газеттен оқып, телеарнадан көргенде «жағасын ұстағанын, бірақ ақпарат құралдарымен соттасатын ойы да, уақыты да жоқ екенін» айтты.

Айдос Сарымнан «Нағыз Ақ жол» «Азат» қозғалысының атауын иеленген соң ол партиядан шығу себебін сұраған едік. Саясаттанушы «идеологиялық түйткіл себеп болғанын» айтты.

– Өз басым социал-демократиялық идеяларды қабылдай алмаймын. Алтынбек, Болат, Ораздар басқарған «Нағыз Ақ жол» шын мәнінде оңшыл күш болатын. Ұлттық бағыттағы мемлекетшіл оңшыл күш деп есептеймін. Сол бағыттан социалистік бағыттағы солшыл бағытқа өткеннен кейін басқаша жол іздедік, – дейді Айдос Сарым

Бірақ Айдос Сарым жоғарыда сөз болған саясаткерлермен «әлі күнге араласып, пікірлесіп тұратынын» ескертіп өтті.

Ал саясаткер Төлеген Жүкеевтің айтуынша, «Айдос Сарым билік жағына шыққан емес».
Алтынбек Сәрсенбайұлының өзі де оппозициядан билікке аз уақыт қайта барған.

– Қазақтың мүддесін айтып, Алтекеңнің интеллектуалдық-саяси мұрасын нақты жүзеге асырып жүргендердің бірі – Айдос, – дейді саясаткер.

Төлеген Жүкеев «Алтынбек Сәрсенбайұлының өзі де оппозициядан билікке аз уақыт қайта барған» дей келе:

– Кей саясатшылар «тактика ретінде ондай айлаға баруға болады» деп есептейді, – деді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
10.02.2012 10:20
+2 / -0
Алтынбек ағамыздын аруагына тагзым етеміз осындай ел баскаруга кабілетті агаларымыздан козін жойган жогары жактагылардын ісі оны бізде бүткіл ауыл біледі казір барінін козі ашык осы кісіні серіктерімен аткызган адамнын есімі Ұрсұлтан кеткенде беттері ашык болады сол кезде халықпен Алла тағаламыз бергей жазасын амин!амин!

Кімнен: нұршәмші Қайдан: алматы
10.02.2012 10:54
+0 / -0
Алтекенің әруағы риза болсын. біздер оны сатып кеткен жоқпыз. Оппозиция ішіне Серғазыны қалдырып, өзіміз пока бойтасалап жүрміз. Біз әлі айтамыз өз ойымызды. Уақыты келгенде айтамыз. Әзір ерте. Біз Алтекені сатқан жоқпыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
10.02.2012 20:39
+0 / -0
Курстасы дархан камзабекұлы мыңбай, Алтекеңнің өзін болмаса, халқын сатты.Жаңаөзне оқиғасы кезінде нағыз қандай екенін, адам баласының қандай азғындыққа бара алатынын көрсетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.02.2012 09:32
+0 / -0
2030жылыБҰЛҒАҢ ЕТІП ШЫҒАРСЫҢДАР. қазіше "нур отанда"халықты қаралап жүре тұрыңдар. Митинг көрсе қашыңдар. Алтекең осылай албастылармен бірге қалай оқыды екен?

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
10.02.2012 10:56
+0 / -0
Алтекең де, достары мен шәкірттері де билік пен оппозиция арасындағы теке тірестегі қайшылықты тұлғалар екені байқалады. Бұндай жағдайда қазекем: "Екі кеменің артын ұстаған суға кетеді" деуші еді. Достары мен шәкірттері суға кетіп қалмаса жарады...
Пікір алмасу

Кімнен: Амангелді Қайдан: Қарағанды қаласы
10.02.2012 13:17
+0 / -0
Суға кете қоймас, әр нәрсенің сұрауы бар демеушіме еді. Кезінде өздері көсем көрген көрегеннің сөздерін кейінгілері көкейлеріне шын тоқи алған болса, шындық олардың бүйірін бірібір тесіп шығатын болады. Сол сәтте ниетсіздері көрініп, жақсылары бөлініп ел көсегесін көгертер!!

Кімнен: Өзбек Қайдан: Ташкент
10.02.2012 13:37
+0 / -0
Мені бір ой мазалап жүр. Алтекең бір естелік мақаласында: "1998 жылы Ташкентте орын алған ақпан жарылыстарынан кейін Ресей соны себеп қылып, шекараларыңды лаңкестерден қорғап тұрамыз деп біздің оңтүстік шекарамызға әскерін әкелмекші болды. Сонда Президент осы ұсынысты қабылдауға әбден бейіл болып қалған екен, түні бойы Ресейдің әскерін ел ішіне кіргізуге болмайтынын түсіндіріп, бетін әрең бері бұрдым. Немесе қазір Ресей әскері мойнымызға мініп алып отыратын еді" деген мағанада жазған еді. Егер Алтекең қазір тірі болғанда, Қазақты мүлде жер бетінен жоюуы мүмкін Кеден Одағының құрылуына да жол бермес пе еді, кім білген. Осылар ойға келсе қандай арда азаматтан айрылғанымызға қатты қайғырамыз. Пікірлестері мен шәкірттері бытырап кеткенін ел көріп отыр, кімнен титтей қайыр бар! Қазақтың ертеңгі күні бұлыңғыр, осыған қарағанда.
Пікір алмасу

Кімнен: Ұялшақ
10.02.2012 15:34
+1 / -0
Негізі, НӘН-нің басында шөкімдей миы жоқ қой деймін. Тек ел-жұртты алдағанды ғана білетін Алдар сияқты. Әрбір айтқан сөздерінен біз ұялатын болдық.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
10.02.2012 15:53
+0 / -0
Қазақта ЕБ қарсы сөз айтатын бір жөні түзу адам қалмады. Жүрек жоқ. айтуға. Шындап келгенде, жеп отырған наны мен жайлы креслодан айырылып қалам деп қорқады барлығы. Халықты ойлап, қарсы сөз айтарға жан қалмады. Баолығы артымен дем алуда. Еліміз сасып кетті, соан болар. Енді міне; өзбек ағайындарымыз да күлетін болыпты бізге.
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
10.02.2012 18:22
+0 / -0
Осы жезөкше биліктен азар да безер болатынымыз осы емес пе. Бұл билік қазаққа жау билік. Мұны қолдаушылар да жау. Қолдаушылардың айтатын уәжі де қорқынышты. Ертең НӘН- тың орнына келген адам да жейді ғой - дейді. Балығы мұның жегіш екенін де біледі. Және қолдайды. Осындай екіжүзді қолдаушылармен ұзаққа бара қоймасы анық.

Кімнен: Тәшкі айдаушы Қайдан: Көк базар
10.02.2012 17:00
+0 / -0
Амал бар ма! Іш күйіп, жүрек сыздайды, осындай азаматты Алла тағалам бізге беріп тұрғанда айырылып қалдық!
Айдың, Күннің аманында қанішер жендеттің оғына ұшты. Билік өзі ұйымдастырып, өзі атты.
Маңдайы тайқы халық екенбіз. Соры арылмаған ел екенбіз. Әйтпесе айтыңдаршы, қандай мемлекет билікке "мынауың дұрыс емес, дат!" деген адамын байлап апарып, атып тастайды?
Енді жоғары жақта отырғандардан осындай жанкештілікке барып, отырған креслосын тастап халық жағына шығатын ер табыла ма? Қайдам.
Шығамын дегендерге кеше Жаңаөзен оқиғасы үлкен себеп еді ғой. "Халқымды бұлай қырып жатқанда, мәнсаптың маған керегі не!" деп біреуі шыға келгенде қандай болар еді.
Халық иіріліп тұр. Айнала тұман сияқты. Қайда бағыт алуды білмейді.
Базарда тәшкіні де бет алды, бағытсыз айдай алмайсың. Оның да құйтырқы жолдары бар, оны саған істің жөнін білетін байырғы тәшкіші үйретеді.
"Алтынбекті атып кетіпті" дегенді естігенде мен далаға шықтым, орталықтың біраз жерін жаяу шарладым. Сол күндері көшеде ардақты ұлдан айырылдық деп жылап тұрған, тым болмаса топ болып тұрған 5-6 адамды да жолықтыра алмадым.
Осынша қорқақ, осынша ынжық, осынша байғұс халық екенімізге сонда көзім жетті.
Неге сол күндері орталық алаңға шығып зар еңіремедік. Кім атты деп сұрамадық? Неге?
Біреудің тышқақ лағына тас атып, аяғын сындырып қарашы, құн сұрайды, сотқа арыз жазуы да мүмкін. Сонда біз қара халық мұңын мұңдаған адамның жоқшысы бола алмадық.
Артық айтсам кешіріңдер, іште жатқан запыран ғой.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
10.02.2012 21:30
+0 / -0
Алтекеңнің Серғазы Мұхтарбектен басқа шын досы болмаған сияқты.

Кімнен: Беріш Қайдан: Туған өлке
11.02.2012 04:42
+0 / -0
Алтынбектеи асыл аға жарық еттіде жоқ болды. Жүрек қан жылаиды қолдан келер амал жоқ.Қаиітсем халқымды оилаған ұлы мақсатыма жеткізем ,елімді өркениетті елдердің қатарына қосуды армандаған есіл ер бір сәтте Отанын сатқан опасыздардың қолынан қаза болды.Сотсыз атуға НӘН нің өзі тікелеи бұирық берген бұған дәлел кешегі Жаңаозендегі қанды қырғын. Атуға бұирық берген бұл адам қоғам үшүн,ел үшүн,болашақ үшүн өте қауіпті .Әрбір сөзін мұқиат тыңдасаңыз алдаудың қас шебері ,түлкідеи өте сақ әрі өте қу екеніне көзіңіз жетер еді.Сол қулығымен адамды өзіне тартып арбап алатын керемет қасиеті тағы бар.Жиырма жылда бұл адамның қыр сырын сырыттаи көп зеріттедім.Қысқаша аиытқанда елімізге өте қауіпті адам. Біз білмеитін ,біз білетін НӘН нің қателіктері шаш етектен ,алда әлі талаи әттеңайлардың куәсі боламыз. Соңғы кезде өзін мәңгілік тарихта алтын адам қылып ұлт көсемі болып Астанасымен бірге қалуға жумыстанып жатыр. Қандаи құдірет өз халқын сөздерімен, жолдауымен санасын улап ұиықтатып тастаған,қандаи шебер еді қасына суға батпаитын,отқа жанбаитын жүрегі жоқ адамдарды жинап алған .Қанша аиытсақта елін сүиген Алтынбектеи ардақтымды жоғалтып алғаным анық. Жаның жәнәтта болсын халқы сүиген батырым.
Пікір алмасу

Кімнен: Төреқыз Қайдан: Қазақстан
14.02.2012 00:06
+0 / -0
Алтынбектің өлімінің шындығы ашылатын күн жақын.
Пікір алмасу

Кімнен: Азат Қайдан: Алматы
28.02.2012 01:46
+0 / -0
түні бойы Ресейдің әскерін ел ішіне кіргізуге болмайтынын түсіндіріп, бетін әрең бері бұрдым. Немесе қазір Ресей әскері мойнымызға мініп алып отыратын еді" деген мағанада жазған еді. Егер Алтекең қазір тірі болғанда.......
-------------------------------
Қарағым-ау! Ресей әскері Қазақстаннан ешқашан шыққан да емес. Сарышағанда, Дегелеңде, Байқоңырда ,т.б.ж. толып тұр ғой.