Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:49

САЯСАТ

Оппозиция мәңгілік президенттік институт енгізілуіне қарсы болса, Сенат оған қолдау танытады

Алматыда «Азат» партиясы мен Әділетті Қазақстан үшін қозғалысының жетекшілері «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолдау тапқан президентті өмірінің соңына шейін билікте қалдыру туралы бастамаға қарсылықтарын мәлімдеді. Сенат болса бұл мәселе турасында президенттің пікірін білгісі келеді.

Оппозиция жетекшілері Болат Әбілов (сол жақта)пен Жармахан Тұяқбай. Алматы, 16 қыркүйек, 2009 жыл.
x
Оппозиция жетекшілері Болат Әбілов (сол жақта)пен Жармахан Тұяқбай. Алматы, 16 қыркүйек, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТЕР БОЛСА БОЛАТ ТА БАҒЫН СЫНАР ЕДІ


Жалпы ұлттық социал демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай «Нұр Отан» партиясының «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заңның қабылдануына қатысты ұсынысын «жағымпаздық» деп бағалап, мемлекет басшысын бұл ұсыныстан бас тартуды өтінді.
Оппозиция жетекшісі Жармахан Тұяқбай баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 қыркүйек 2009 жыл.

- Бұл ұсыныс тек қана себеп. Бүгінгі біздің елдегі қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалардың тығырыққа тірелуінің себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бастама- жағымпаздық пен президентке ұнаудың, оның сеніміне кіре отырып, өздерінің


дұрыс емес ойларын жүзеге асырудың көрінісі, - дейді Ж.Тұяқбай.

Ж.Тұяқбай Нұрсұлтан Назарбаев барлық айтылғандарды ой елегінен өткізіп дұрыс шешім қабылдап «өмірлік президенттен» бас тартуы мүмкін деген үмітінің бар екендігін айтады. Алайда «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов Н. Назарбаев билікте отырғанда президенттік сайлаудың болмайтындығына сенімді.

- Президенттің бүгінгі халық арасындағы беделі шамамен 30 пайызды құрайды. Уақыт өте ол да азаюы мүмкін. Сондықтан президентке бұл құжатты қабылдап, өзін өмірлік басшы етіп тағайындау ыңғайлы,- дейді Болат Әбілов. 

Әбіловтың айтуынша, президентікке лайықты бірқатар азаматтар бар.

- Мәселен, Әкежан Қажыгелдин, Ғалымжан Жақиянов, өзіміздің Қосанов Әміржан бар, әділ сайлау болатындығына сенімді болсам мен де бағымды сынап көрер едім. Алайда бізде Назарбаев билікте отырғанша әділ сайлау, тіпті сайлау да болмайды, - дейді «Азат» партиясының жетекшісі.

"БҰЛ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРАТЫН ЖАҒДАЙ"

Оның сөзіне қарағанда, осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы мен президент әкімшілігі арасында жарыс басталған. Қыркүйектің басында ақтөбелік профессор Закретдин Байдосов, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды басқаруды және әрқашан елге басшылық жасай беруіңіз керек деген ұсыныс айтқан болатын. Үш күн өткеннен соң президенттік «Нұр Отан» партиясы
Назарбаевтың өмірлік президент болуын қарастыратын «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заң қабылдауды ұсынды.
"Азат" партиясының төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 16 қыркүйек 2009 жыл.



- Мен шетелдерде болып, өзімнің Қазақстаннан екендігімді айтқанымда маған бізде мұнай мен коррупцияның көп екендігін айтқан кездер болды. Енді бізге кезінде Борат мазақ еткен Қазақстаннан екендігімізді айтып күлетін болады. Біз мәңгілік президент заңдастырылған әлемдегі жалғыз мемлекет болатын болдық, - дейді Болат Әбілов.

«Азат» партиясының жетекшісі әділ сайлаудың өткізіліп билік басына білікті әрі белсенді жастардың келуін армандағанымен, өмірлік президенттік өкілеттік туралы бастама Назарбаевтың өзінен шығып жатқанына сенімді.


ПРОФЕССОР САЙЛАУҒА ҚАРЖЫ ЖҰМСАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ ДЕП БІЛЕДІ


Алайда, қазіргі президентті өмір бойы билікте қалдыру туралы бастаманы алғашқы болып көтерген ақтөбелік профессор Закретдин Байдосов білікті жастардың бар екендігіне күмәнмен қарайды.

- Қазақстан тәуелсіз алған 18 жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы ретіндегі ролі зор. Оны жоққа шығаруға болмайды. Осы қарқынмен жылжи берсек, біздің әлі де жетер жетістіктеріміз аз болмайды. Мен басқалар үшін жауап бере алмаймын, алайда мен бүгінгі президенттің жүргізіп отырған саясатын қолдаймын!- дейді Азаттық радиосына сұхбат берген Закретдин Байдосов.

Ұстаздың ұтымды ойлары көкейінде біраздан бері жүрген екен.

Түркменстанның мәңгілік президенті Сапармұрат Ниязов және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ашхабадтағы әуежайда. Мұрағаттағы сурет.
- Егемендігімізді алғаннан бері бірнеше рет сайлаулар болды. Оларға қыруар қаржы жұмсалды. Адам күші мен уақыт та кетті. Міне осының барлығын ойластыра келе «Осы сайлаудың қажеті бар ма?» деген ой келді. Қазіргі кезде Қазақстан өркендеу, даму сатысының алдында тұр. Осыны ары қарай жалғастыру үшін, сайлау өткізбей-ақ, президентімізге өкілеттік беріп, ары қарай билігін жүргізе берсе дұрыс болар еді деген менің өзімнің ойым болатын, - деді профессор.


ОППОЗИЦИЯ ҚАРСЫ ҚОЛ ЖИНАСА, СЕНАТ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІН БІЛМЕКШІ

Алайда оппозиция өкілдері «Жиырма жылдық жеке-дара басқару Қазақстан өмірінің барлық жағының дамуына орны толмас шығын келтірді, өркениетті әлемде елдің бәсекеге қабілетсіз екенін анықтап берді. Әсіресе, саяси жүйеге келтірілген зиян аса қауіпті» - деген мәлімдемесін жариялады.

«Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов: «егер президенттің өмір бойғы таққа отыруы туралы ой жүзеге асырыла бастаса, біз республика бойынша наразылық акцияларын өткіземіз. Одан өзге қазірдің өзінде осы ұсынысқа қарсы азаматтардың қолын жинауды қолға алып жатырмыз».- деді.

Ал бұл кезде кейбір сенаторлар «Ұлт көшбасшысы» жөніндегі заңды қабылдауға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Сәрсенбі күні парламент сенатының вице-спикері Александр Судьин журналистерге берген сұхбатында «Ұлт көшбасшысы» туралы заң қабылдануы қажет деп мәлімдеді.

Ал ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша сенат комитетінің төрағасы Евгений Аман бұл мәселеге байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың пікіріне құлақ асуды ұсынып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
17.09.2009 01:20
+0 / -0
"Мәңгілікке" қарсымын.... Болат 30 пайыз алады депті....12 пайыз да оған қазіргі кезде көптік етеді....

Кімнен: qamazhai Қайдан: qarabastan
17.09.2009 04:11
+0 / -0
Nazarbaevtan basqa ul tumap pa qazzaqting qatindari, bul negilgan zaman, alde bir-eki gasir keyin sheginip kettik pe eken.

Кімнен: Аягоз Қайдан: Семей
17.09.2009 09:03
+0 / -0
Бул президенттің нағыз сыналатын тұсы. Егер рационалды шешім қабылдап жатса құба құп!!!! Мәңгілік ештеңе жоқ екенін білуге тиісті ғой. Айтпақшы өмірлік президентті заңдастырған Сапармұрат Ниязов көп ұзамай қайтыс болған-ды.

Кімнен: Галым
17.09.2009 09:13
+0 / -0
қазақтың 12 пайызы жағымпаз болғаныма сонда?

Кімнен: Дос Қайдан: Алматы
17.09.2009 09:13
+0 / -0
Расында, қазіргі уақытта президенттің беделі жермен жексен болды. 2012-жылғы сайлау әділ өтетін болса /бірақ олай болмайды/ Нұрсұлтан тақтан тоңқалаң асады. Ал, сайлау әділ өтпеген соң халық наразылығы ушығып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, Нұрекең қазірден бастап дайындыққа кіріскен болса керек. Мұндай мәселелер өздігінен айтылмайды. Екіншіден, ОБСЕ-ге торага боламыз деп отырған кезде президент әкімшілігінің Елбасын жарнамалау үшін істеген сауатсыз пи-ары. Яғни, парламент пен "халық" мемлекет басшысынан елді мәңгілік басқаруды сұрайды. Сол кезде Нұрекең шығып, жоқ болмайды. Бұл демократияға сәйкес келмейді - деп айды аспанға шығарады. Сөйтіп, күллі Еуропа Қазақстанда демократия барына имандай сенеді. Үшіншіден, бұл билік төңірегіндегі мүдделі топ өкілдерінің президентті әлем алдында әбден қарабет етуді көздеген пасық әрекеті болуы да ғажап емес. Қалай болған күнде де бұл масқара нәрсе. Егер осы ой президенттен шықса, онда ол кісі мүлдем ынсапсыз адам екен. Ал, президент әкімшілігінен болса, олар жағымпаздықтың шыңына жетті - деген сөз. Ал, Ақтөбелік Байдосов ол - ойыншық. Айт деген сөзді айтты. Жалпы, жарамсақтар өлтіріп болды-ау осы.

Кімнен: Oralbai Қайдан: qazaqeli
17.09.2009 09:41
+0 / -0
Bul o'rkenietti elderde bolmaghan jaghdai.jaghympazdar osy arqyly qazaqystannyngda,tipti,o'zderi qoldap otyrghan prezidenttingde bedelin tu'sirdi.bul jaghdai xalyqqa tas-qamal,jabyq qoghamda o'mir su'rip jatqandai a'ser qaldyrady.

Кімнен: Мәмбетов Қайдан: Астана
17.09.2009 10:16
+0 / -0
Массовый жағымпаздық пен национальный позордан қашан құтыламыз?

Кімнен: 007 Қайдан: астана
17.09.2009 10:53
+0 / -0
бұл екі партияның қолынан ештеме келмей келгенін ескерсек, онда «Ұлт көшбасшысы» туралы заң қабылданатындығына шүбаланудың керегі жоқ.

Кімнен: Қалман Қайдан: Батыс
17.09.2009 12:16
+0 / -0
Дос /К/ айтқан пікірлеріне 100% қосыламын. Менін ойымды дәл айтқан. Тағы да кімнін саяси болжамдары бар. Келіңіздер, ақылдасайық... Дәл қазір оппозицияның қолынан ештеңе келе қоймас.

Кімнен: Қабанбай Қайдан: СЕМЕЙ
17.09.2009 14:15
+0 / -0
Қазаққа бір ғана шығар жол бар, ол - мына биліктегі парақорларды, ұлт сатқындарын, арам байларды тұтасымен құрту керек, барлығын соттап, жазалап, қазақ елін арамдардан аластау керек, халықтан тонап, ұрлап алған барша байлықты қазаққа қайтару керек, бүкіл әлемде тарыдай шашылып жүрген қазақты бір тудың астына жинау керек, Мұнай, Газ, Табиғи байлықты тұтасымен халықтық меншікке алу керек, шетелге сатылған байлық көздерін қайтадан заңсыз деп жариялау керек, қазақ елінде барлықты қазақша сарнату керек, орыстардың және олардың қолшоқпарларының кеңес кезіндегі қылмыстарын анықтап, Халықаралық сот ашу керек, желтоқсанда қазақ жастарын қырғындауға қатысқандарға халықаралық жазалау жәриялау керек, жазасын беру керек

Кімнен: Mao Zedong Қайдан: Hazah Dalase
17.09.2009 15:24
+0 / -0
Meltehtan akimyat tuwade.
Bulay bola berse, kunderding birinde
haleh holena harew alep hazirgi huwerxah
okimetingdi birah kunde awdarep tastayde...
Oneng daleli Hergezstan...Han togiwding betin are helsen!!!
Sondehtan beybitxilik bolsen desek demokrateyaleh saylamde jalgasterewemez kerek.
Kox jure-jure duzeledi. Artha xeginiwde aste bolmayde. Biz 21 gaserda jasap jatermez agayendar...

Кімнен: Шегебай Қайдан: Сыр елінен
17.09.2009 22:43
+0 / -0
- Қазақстан тәуелсіздік алған 18 жылдың ішінде Н.Назарбаев ел басшысы болудан қалай шаршамай жүр. Тіпті, бұнысы енді артық қой. Ал, енді елге мәңгілік президент болу бұл ұят емес пе? Өркениетті ел болмағымыз қайда,сонда біз қайда бара жатырмыз. Онан да оны "ХАН" ету жөнінде ПРЕЗИДЕНТ АППАРАТы мен ПАРЛАМЕНТКЕ референдум өткізу жөнінде өтініш беру керек шығар деп Ақтөбеліктердің құлағына сыбырлау керек екен.

Кімнен: Мурат Қайдан: Алтай
17.09.2009 22:50
+0 / -0
Қабанбай мен сіэбен толық келісем.қосарым тариықтан бері қалқымызды сатып қара басының қамын оилайтын ұлт сатқындарын жазалайтен уақыт жетті,керек болса оларды әшкере де,жасеренда жазалау керек.

Кімнен: Шын Алашұлы Қайдан: Маңғыстау
18.09.2009 19:39
+0 / -0
Азат партиясы жасасын!!!!!!!!!

Кімнен: nuk Қайдан: Almaty
19.09.2009 03:52
+0 / -0
XXI gasyrdagy orkenietti Kazakstannyn Uly prezidenti "mazakka bara koimas" degen umittemin. Baska sozim zho....

Кімнен: nuk Қайдан: Almaty
19.09.2009 03:54
+0 / -0
Ottagyrlar gauyp tastagan demeisinder ma?

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
21.09.2009 02:27
+0 / -0
Үзілді-кесілді қарсымын! Геронтократия басқарған мемлекет КСРО күйреді, мына түрде Қазақстанның күйреуі де ғажап емес. Бірақ сайлау да болмай жай ғана заңсымақпен бүкіл елді ақымақ қылу жүзеге асайын деп тұрған сыңайлы. Шет елге шықпай тыныш жүрген абзал, әйтпесе қанденіне дейін бізге күле ма деп ойлаймын.

Кімнен: Imigrant Қайдан: US
21.09.2009 07:14
+0 / -0
Kazakh Elinde Ukimet pen duris elge jan ashir Bashilik kelmegenshe jan jaktagi kazakhtar kaitip kelmeitin shigar. Ozgerister bolsa gana kazakh Eline kaitadi.

Кімнен: Айша хажы Қайдан: Қазақстан
22.09.2009 08:51
+0 / -0
Қазақ: "Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" деуші еді, Жармахан Тұяқбай мырзаны Парламенттегі қызметі кезінен танып, қатты құрметтейтін едім, әлі де сол пікірім өзгерген жоқ. Тек қалайша оппозиция болып кеткенін ешбір ұға алмай ақ қойдым. Ал Бутяның тілден де имандылықтан да алыс жігіт екенін бірнеше мәрте көріп, түңіліп едім. Ал приватизация кезінде осы бала алдамас деп ойлап, купондарымды осыған салып едім, соған өкінемін. Отбасымның, өзімнің, елімнің бас садақасы болсын, Алла ендігі тағдырымызды мұндай адамдардың қолына бере көрмесін! Елбасым Нұрсұлтанның ғұмыры ұзақ болып, деніне саулық берсін! Ол иншалла, әділетті адам! Қанша қиыншылық болса да ар абыройына қылау түсіріп көрген емес! Тіпті артық ет болмасын деп асты да өзінен тартып ішеді. Яғни нәпсісін тия білген, тежей білген тақуа адам! Шүкір етейік, ағайын!Ғайбат жасамайық, ауызбірлікте болайық!

Кімнен: alshe Қайдан: USA
22.09.2009 09:41
+0 / -0
nazarbayding Tahitang tuseten vakete endejete,Kazakh kalehe kul emes.ozibelep siyimen tuspese tahitan.oda kara tuiyening karenen Kalekh jarade!!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі