Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:19

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Жаңаөзен мұнайшылары мәселені аса жоғары лауазымдылардың шешуін талап етеді

Жаңаөзендегі ереуілшілермен келіссөзді бастаған бітімгершілік комиссиясы бір мәмлеге келе алмады. Мұнайшылар өз талаптары толық орындалмайынша орындарынан қозғалмайтындарын айтты. Оларды бірнеше күннен бері қала тұрғындары да қолдауда.

Мәтін көлемі - +

БІТІМГЕРШІЛІКТЕН БІТІМ БОЛМАДЫ

Наурыздың 17-сінде Жаңаөзенде наразылық білдіруші мұнайшылармен келісімге келу мақсатында құрылған бітімгершілік комиссиясының жұмысынан қорытынды шыққан жоқ. Мұнайшылар келісім хаттамасына қол қоюдан бас тартты деп хабарлады белсенділердің бірі Наталья Әжіғалиева Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша таңертеңгі сағат 10-да басталған келісім комиссиясының отырысы кешкі сағат 16-ға дейін созылған. Оған «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры Кенжебек Ибрашев, оның орынбасары, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Владимир Мирошников және басқа мұнайгаз өндіру басқармаларының бастықтары қатысқан. Кепілдік беруші тұлға ретінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов сайланған. Бұлардан басқа қала әкімі, прокурорлар да болған.

-Олар келісім хаттамасына қол қоюды сұрады. Егер біз қол қойсақ, былтырғы жылғы жағдайлар қайталанып, талаптарымыз сөз жүзінде қалмақ. Сондықтан біз келісімді «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, парламент депутаттары мен ұлттық компания директоры Қайыргелді Қабылдин мырзалардың деңгейінде өткізуді сұраймыз,-дейді Наталья Әжіғалиева.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин


Оның айтуынша осы құрылған бітімгершілік комиссиясының қолынан жұмысшылар талабын шешу келмейді. Ал әбден қажыған мұнайшылар үшін ең бастысы айтқандарының орындалатынына кепілдік беретін ресми құжат керек. Сондықтан мұнайшылар талаптары толық орындалмай орындарынан қозғала қоймайды дейді Наталья Әжіғалиева.

Сондай-ақ жұмысшылар өздеріне «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы тарапынан айтылып жатқан жалақының өзгертілмейтіні, аймақтық және салалық коэфициенттердің төленетіні жайлы әңгімелерді де құрғақ уәде деп санайтындарын айтады.Өйткені, бұл айтылғандарды нақтылайтын бір де бір ресми құжатты әлі ешкім көрмеген.

Ал «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы наурыздың 17-сінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы жағдай туралы ресми баспасөз мәлімдемесін таратқан еді. Онда наурыздың 16-сында «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдиннің Жаңаөзенге барып жұмысшылармен кездескені айтылған. Ол мұнайшылардың талаптарын заң шеңберінде талқылау үшін бітімгершілік комиссиясын құрып, келіссөз жүргізуді ұсынған. Осыған сәйкес наурыздың 17-сінде жұмысшылар келісім жасау үшін өз араларынан 12 адамды өкіл етіп сайлады делінген ресми баспасөз мәлімдемесінде.

Бұған қоса компания басшылығы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмыскерлеріне, оның ішінде, бітімгершілік комиссия мүшелеріне 2010 жылғы наурыздың 1-нен басталған ереуілге қатысқаны үшін тәртіптік жауапкершілік шараларын қолданбауға кепілдік береді. Облыс және қала әкімдігі, сондай-ақ құқық қорғау органдары да осындай кепілдік берді деп көрсетілген.

Бірақ жұмысшылардың айтуынша «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының президенті келгенмен ешнәрсе шешілмеген.

-Ұлттық компания басшысы Қайыргелді Қабылдин алдымызға келгенмен қойған сауалдарымызға нақты жауап берген жоқ. Ол акциялардың сатылуы жайлы ешқандай түсініктеме айта алмаймын деді. Бітімгершілік комиссиясына қатысып, жұмысшылар талабына көзбе-көз жауап беру орнына Астанаға кері кетіп қалды,-деп мәлімдеді «Мұнай-газ өндіру басқармасы-2» кәсіпорыны машинисі Күнсұлу Әйтішева.

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Жұмысшылар талаптарының бірі - «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры Кенжебек Ибрашевті, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Бағытқали Бисекенді, оның өндіріс жөніндегі орынбасары Амантай Аңшыбаевты, кәсіподақ төрағасы Мақсат Ибағаровты орынан алу еді. Олар әзірге талаптарының ішінара ғана орындалып, филиал директоры Бағытқали Бискеннің ғана қызметінен кеткенін айтады.

- Бірақ бірқатар басшы қызметкерлер әлі лауызымдарынан кеткен жоқ. Олар біздің әлеуметтік мәселемізді шеше алмайды. Сондықтан біз олардың орнынан алынуын талап етуден танбаймыз,-деп мәлімдеді Наталья Әжіғалиева.

Ал «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы хабарлаған ресми ақпаратқа сүйенсек, филиал басшысы Бағытқали Бисекен қызметкерлер алдында ереуілшілер талаптарына сәйкес жұмыстан кететіндігін мәлімдеген. Ол өзінің бұл қадамға шиеленіскен жағдай шешіліп, өндіріс қалыпты жұмыс ырғағына көшеді деген сеніммен барғанын айтқан.
"Қазмұнайгаз" Өндіріс Барлау" директоры Кенжебек Ибрашев (ортада),"Өзенмұнайғаздың" бұрынғы директоры Бағытқали Бейсекен ( оң жақта),"Өзенмұнайгаздың" директоры міндетін атқарушы Владимир Мирошников( сол жақта) ереуілшілермен келіссөздер өткізуде. Жаңаөзен, наурыз, 2010 жыл.


Компания басшылығының хабарлауынша, Бағытқали Бисекен «Өзенмұнайгаз» өндірстік филиалында қызмет еткен уақытта мұнай өндіру көлемі артып, жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында асханалар, медициналық бөлімшелер, шаруашылық-тұрмыстық кешендер және басқа нысандарға жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Қазір «Өзенмұнайгаз» директорының міндетін «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Мирошников атқаруда.

ЕРЕУІЛГЕ ЕКІ АПТА БОЛҒАНДА ДЕПУТАТТАР ОЯНДЫ

Тағы бір белгілі болғаны наурыздың 17-сі күні парламент мәжілісінің бірқатар депутаттары Жаңаөзендегі жағдайға байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған. Солардың бірі Зейнулла Алшымбаевтың пайымдауынша, мұнайшылардың ереуілінен кейбір саяси ұйымдар ұпай жинауға тырысып жатыр. Сондықтан да депутаттар мұнайшылардың талаптарын Мұнай және газ, Еңбек министрліктері, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы басшыларымен бірлесе отырып шешім қабылдауды сұраған.

Сонымен, наурыздың 1-нен басталған «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының ереуілі әлі басылған жоқ. Олар өздері талап еткен лауызымды адамдар келмейінше, тапжылмайтындарын мәлімдеп отыр. Ереуілдеткен мұнайшыларға қала жұртшылығы да қолдау білдіріп, Жаңөзен тұрғындары бірнеше күн қатарынан қала әкімшілігі маңындағы Тәуелсіздік алаңына жиналуда. Олар мұнайшылардың мәселесі шешіліп, қаланың әлеуметтік жағдайы түзелмей алаңға шығуларын тоқатпаймыз дейді. 
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ Қайдан: ауылдан
17.03.2010 23:08
+0 / -0
ЕРЕУІЛГЕ ЕКІ АПТА БОЛҒАНДА ДЕПУТАТТАР ОЯНДЫ
Нусқаумен ояныатын өңшең ығай мен сығай "халық қалаулысы" атанып отыр.Жаңаөзендиктер жарайсыңдар! Намысшыл қазақ Қарақалпақ пен Туркімен ,Адай қазақтарында ғана сақталған екен!

Кімнен: Жортыс Қайдан: Жанаозен
17.03.2010 23:49
+0 / -0
Жанаозендеги жалгыз туйир Тауелсиздик аланын темирмен коршап тастад.Енди халык наразылыгын кайда барып билдиреди.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.03.2010 11:56
+0 / -0
Маған осы жерде отырып "қу сөзден қуырдақ пісірген "ұнамайды, бірақ қолымнан келер ештеңе жоқ, ӨКІНІШТІ!! Мен тек сіздердің амандықтарыңызды тілеймін.Шегінбеңіздер!!!

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
18.03.2010 14:42
+0 / -0
Жарайсыңдар Жаңаөзендіктер! Қайтпаңдар! Талаптарың орындаоғанша қозғалмаңдар! Өз дегеніне тек солай ғана жетуге болады. Бұл "бабуиндер" әлі түсінбепті халықтың енді алдауға көнбейтінін, енді алданбайтынын, алданып алданып болғанын. Әлі алдай береміз, алдағанға көнеді деп ойлаған болса керек. Жоғарыдағы басшылары солай үйретіп жіберген ғой. Тек осылай қарым қатынас жасау керек бұл иттермен. Қайтпаңдар! Ең негізгі талаптарың толығымен орындалғанша қайтпаңдар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.03.2010 15:31
+0 / -0
Адайлар өздігінен ешкімге ұрынбайды, бірақ есесін ешкімге жібермейді. Айбынды Адайлар осы күнге дейі шыдап келді, шыдам таусылды. Айналайын Жаңаөзендік Адайларым сіздерге Алла жар болсын, Пір Бекет атам, 362 әулие қолдасын. Алған беттен енді шегінбеу керек. Барлық Алаш халқы сіздерді қолдайды. Қалған мұнайшылар осыншама жігерсіз болғаны ма? Жетібай, Қаламқас, Қаражнбас, Атырау, Ақтөбе мен Құмкөлдегі құлдыққа үйренген бауырлар солай жүре берсін. Ендігі жерде олар қатындары мен қыздарын қытай қойнына салып алса да тырп ете алмайды. Қытайға бодан болып болды. Сіздер оларға көрген жерде Қытайдың құлдары деп беттеріне айтуға және құлдарша қабылдауға толық хақыларыңыз бар.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Жанаөзен
18.03.2010 17:30
+0 / -0
Артық сөзге бармайық ағайын

Кімнен: Тілектес Қайдан: Жанаөзен
18.03.2010 18:53
+0 / -0
Дұрыс айтасын артық сөзге барудың қажеті қанша,олар да қазақтар емеспе, рас олардың арасында өзеннің мұнайшылары сияқты намысшыл адам шықпағаны өкінішті сондада олар да біз сияқты қазақтар. Біздің мұнайшылар жарады тек намысты бермеңдер. Халықтың жағдайымызды жақсарту жоғарыдағылардың міндеті,депутаттар не бағып жүр десеңші.

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақия
18.03.2010 21:40
+0 / -0
Аллаһ Жар болсын сендерге

Кімнен: adai zhary Қайдан: Aktau
18.03.2010 22:13
+0 / -0
Депутат депутат па мына облыс әкімі Көшербаев-(лақап аты Бардер) неғып отыр-қорқып. Баяғыда (Кохты әкім қоймаймыз деп)ереулді жасағандар толықтай жазасын алды деп мақтанып телевизордан жар салған. Ақтау телеарнасы, Қазақстан, Хабар неғып отыр осы жәйттарды айтпай. газет журналдар неғып отыр. Реклама жіберіп ақша тапқаннан басқа ештеңесі жоқ. Кімнің кім екені осындайда көрінет. Осы сайттың барына да шүкір!

Кімнен: Берік Қайдан: Атырау
18.03.2010 22:34
+0 / -0
Иә, өңшең құлдар!!!!!!!!!! Адайды айдап салып отыра беріңдер!!!!!!!!!! Саған дұрыс өмірдің керегі жоқ сияқты!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Қазақ қызы
19.03.2010 10:17
+0 / -0
Ағайындар анау, мынау деп бөлінгеніміз жөн емес!! Кезкелген адам жақсы өмір сүріп, өзінің қадыр қасиетін сақтағысы келеді,бұл шындық. Бізге қазіргі керегі БІРЛІК!!! Қазақ халқына қарсы келгісі келетін адамдардың күтетіні біздің ала ауыздығымыз. Осыны естен шығармайық !!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
19.03.2010 12:02
+0 / -0
ҚҰРМЕТТІ ЖАҢАӨЗЕН мұнайшылары!!!!

Міне, 15 күн босқа тұрмадыңдар. Нағыз қазақ екендеріңді барша жұртқа дәлелдедіңдер! Сендерге Жаңаөзен тұрғындарының атынан шексіз алғысымды айтамын.Неде болса айқандарыңнан қайтпай соңына дейін тұрдыңдар.Барлық талаптарың заң жүзінде орындалатына біз қуаныштымыз,ағайындар. Көре алмағандар мен сіздерге қарсы болғандар енді не айтар екен? Енді ауздарына құм құйылатын болған шығар? Жарайсыңдар, неде болса еркек екенсіңдер!!! Айқай ұрыссыз жеңдіңдер.Жеңістерің құтты болсын ЖАҢАӨЗЕН мұнайшылары мен қала тұрғындары!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2010 10:44
+0 / -0
Адай жары, сен өзің Жаңаөзедегі оқиғадан ешқандай хабарың жоқ адам көрінесің. Кеше облыс әкімі Қрымбек Көшербаев, ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акцинерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин, мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарушы директоры Болат Ақшолақов, Мәжіліс депутаттары Серік Оспанов пен Зейнолла Алшымбаев барып ереуілшілермен кездесті, қазіргі уақытқа дейін олар Өзенде. Қрымбек Елеуұлы Маңғыстау облысына келгелі бері көптің көңілінен шығуға тырысты, және ол оның қолынан келді. Қазір ол халқының сүйініші, елінің қадірлі азаматы, дұрыс саясат жүргізіп отырған, өз ісін білетін азамат.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
19.03.2010 13:04
+0 / -0
Сенің мақтап отырған Көшербаевың қалай халық қалаулысы болады? Обылыс әкімі болғалы 2-ші рет Өзенге келіп отыр.1-ші рет облыс әкімі болғанда, 2-ші рет амалсыздан халық ушығатын болғандықтан. Бір-ақ Жаңаөзенге шын жаны ашитын әкім емес.Бірнеше адам келе жатырғасын, әкімдік миссиясын орындау үшін келіп отырған ғой. Келетін болса 15 куннен бері қайда қалды,Өзенге аяғы жетпей жүр ме? Ештеңеде қолынан келмейді. Сендердің көңілдерінен шығып жатырса, сендердің жағдайларыңды жасап жатырған шығар.Біз мақтан тұтатындай облыс әкімі Жаңаөзенге еңбегі сіңген жоқ. Сондықтан өздерің мақтан тұта беріңдер. Біз ешкімге жағына алмаймыз,шынын айту керек. Өздігінен ештеңе шеше алмайтын әкім қалай қадірлі азамат, халықтың сүйініші болады? Соны айтшы.
Пікір алмасу

Кімнен: adai-zhary Қайдан: aktau
20.03.2010 13:26
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген; Сен датаны қарасайшы, мен қашан жаздым - ол өзенге қашан барды. Адам өлімі болғасын ба? Өйтіп барғаннан бармағаны жақсы еді. 19 күннен бері ен-н уқалап отырды ма, әлде енді қай жерде асфальт пен бардер ауыстыруға болады екен деп ойланды ма. Кушербаевта ұят пен бетте жоқ екен!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2010 12:06
+0 / -0
Ереуілшілер тарап кетіпті.

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
19.03.2010 13:05
+0 / -0
ҚҰРМЕТТІ ЖАҢАӨЗЕН мұнайшылары!!!!
Сендер 15 күн босқа тұрмадыңдар, жарайсыңдар!!! Айтқандарыңнан қайтпай соңына дейін ұрыссыз тұрдыңдар. Барлық талаптарың оңынан оралып, заң жүзінде орындалғанына біз қуаныштымыз. Жаңаөзен тұрғындарының атынан сендерге шексіз алғысымды айтамын. Сендерге қарсы болғандар енді не айтар екен?Ауздарына құм құйылатын болды.Барша жұрт нағыз қазақты қандай екенін білсін. Нағыз адай қайтпас ержүректерді Жаңаөзеннен табатын болды. Бала-шағаларың аман,еліміз тыныш болсын!!!

Назарға көп іліккен