Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Қазақстан

Сот басталысымен-ақ Жовтистің адвокаты Воронов судьяның әділдігіне күмән келтірді

Құқыққорғаушының қорғаушысы Виталий Воронов.

02.09.2009
Мәншүк АСАУТАЙ

Сәрсенбіде Алматы облысының Бақанас ауылында Адам құқықтары мен жаңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісі бойынша сот жалғасты. Айыпталушының адвокаттарының судья Чолан Толқыновты алмастыру жөніндегі өтініші қанағаттандырылмады.

СУДЬЯ ТОЛҚЫНОВ ПРОЦЕСТЕН ӨЗІН ШЕТТЕТКЕН ЖОҚ

Жовтистің ісіне қатысты сәрсенбі күнгі сот отырысында алдымен екі жақтың өтініш хаттары қаралды.

Біздің радиомызға берген түсініктемесінде айыпталушы Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Воронов өздерінің бірқатар өтініш хаттар бергендігіне қарамастан, судья Чолан Толқынов ешқайсысын қанағаттандырмағандығын айтты.

– Айыптаушы жақтың сарапшылардан жауап алу, сондай-ақ қосымша куәгерлерді шақырту туралы өтініш хаттары толық қанағаттандырылды. Ал қорғаушы жақтан берілген екі өтініш хат: бірі – сот-автотехникалық сараптаманы қайта өткізу, екіншісі – алдын ала жүргізілген тергеу шараларын жарамсыз деп тану талаптарымызды қанағаттандырмады, – дейді Виталий Воронов.

Бұдан бұрын қорғаушы жақ қылмыс құрамы болмағандықтан, істі тоқтату туралы арыз-шағым берген болатын. Сондай-ақ, айыпталушыға елден ешқайда шықпау туралы шектеу шарасын қайта қарау туралы өтініш те берілген еді. Алайда олар да қанағаттандырылмаған болатын.

Судьяның осы жауаптарын негізге алған қорғаушы жақ судья Чолан Толқыновты басқа судьяға алмастыру туралы өтініш берген екен.

– Аталған жайттарды ескерсек, судьяның әділдігі мен бейтараптығына күмән туып отыр, сондықтан істі басқа судья жүргізгенін қалаймыз, – деп атап көрсетті адвокат В.Воронов.

Түстен кейін жалғасқан сот отырысында судьяны алмастыру туралы өтініш қаперге алынбады, Чолан Толқынов сот процесін ары қарай жалғастырды.

– Сот отырысының екінші жартысында авто-техникалық сараптама жасаған Кравченкодан, қайтыс болған жігіттің ағасынан жауап алынды. Жауап алу әлі аяқталған жоқ, сот отырысы ертең, қыркүйектің 3-інде сағат 11 де жалғасатын болады, – деді біздің радиомызға түсініктеме берген адвокат В.Воронов.

ЖОВТИСТІҢ ӨЗІ ДЕ КҮМӘН МЕН КҮДІК ҚҰШАҒЫНДА

Айыпталушы Жовтистің өзі бұл істің саяси тапсырыс екендігін мәлімдеп отыр.

– Заңдық тұрғыдан түсіндірсем, мен жол жүру ережесін бұзған жоқпын. Оны дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар бар. Екі тәуелсіз автотехник маманының және бір дәрігердің қорытындысы алынды. Бұл қорытындылар менің кінәсіздігімді көрсетеді. Дегенмен, алдын ала тергеу амалдарының заң шеңберінен шығып кетуі, қылмыстық процесуалды кодекс баптарының өрескел бұзылуы мені қатты алаңдатуда. Соттың бүгінгі әрекетін көріп тұрып мені ақтап шығарады дегенге сену қиын әрине. Тағы да қайталап айтамын, бұл қылмыстық істің саяси астары бар, – дейді Евгений Жовтис.

Бұдан өзге халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы Қазақстан үкіметін Евгений Жовтиске қатысты соттың әділ өтуін қамтамасыз етуге шақырды. Құқық қорғаушылар бұл іс «саяси мақсатқа» пайдаланылып кете ме деген алаңдаушылық білдіруде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, құқыққорғаушы Евгений Жовтис өзі жүргізіп келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлігімен шілденің 26-сы күні сағат 22.30-дың шамасында Қараой-Алматы тас жолының 131-шақырымында қағып кеткен 34 жасар жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан еді.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
02.09.2009 23:50
Істің ұзаққа созылғандығынан-ақ саясилана бастағаны белгілі. Енді ең кемі Жовтисті елден шығармауға, сөйтіп Қазақстан мемлекетіндегі кейбір кемшіліктерді үлкен мінберлерден айттырмауға күш салынатыны ақиқат.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
03.09.2009 11:10
Біздің елде заң сақталып адам құқығы қорғалады десе, ешуақытта сенбеймін. Менің жоғары сотқа берген арызым қабылданып тұрып жоқ болып кетті. Ешкім таба алмады. Менде түбіртек тұр қабылданған. Бас прокуратураға берілген арызға мүлде басқа жауапты бере салған. Адамның ақылына сыймайды. Құдайдан қорқатын, халықтан ұялатын жоғарыда адамды көрмей тұрмын. Б.Тілеухан мырзаға көшірмесі кеткен хабардар, бірақ ешқандай жауабын көрмей тұрмын. Мөңке бидің: "Ақыр заман болғанда, құрамалы үйің болады, құбылмалы биің болады " дегені осы шығар. Бұлда заманның ақыры емес. Тарих ешуақытта кешірмейді. Он-онбес жылдан кейін бұларды "кешегі халықты еркін тонаған уақыттағы ел билеген жемқорлар" деп айтатын болады. Ақырын берсін!

Кімнен: Атыраулық
03.09.2009 12:52
Мен бір нәрсені түсінбеймін, кісіні өлтіргені ақиқат болса не созбалайтыны бар? Біздегі сот жүйесінің әлсіздігі осындайда көрінеді, үлкен сабақ болатын болды. Бұл жерде Қазақстандық сот жүйесі берік ұстанымынан қайтпауы керек.

Кімнен: shetkazakh Қайдан: europa
08.09.2009 05:01
sonda europada barligi duris kukigikorgalip jemkorilik jok sondai dep oilaisindarma ondai emes.bularda keremet bolip turgan tugi jok.bulardin armani kazakhstani damimai tek shiki zatin arzanga alu oi gana bar.aitkanda konsen biz olardin dinie kiru kerek aitkanimen juru kerek.bular kobisinde sirtka aitpaidi ishte oilar bize jaman sondiktan bulardi jol bermei kisip kun korsetpeu kerek men osilardin ortasinda turam jaksi bilen bulardi
     
Мәтін көлемі - +

Мультимедиа