Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:11

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Жалғыз қызынан айырылған ана айыпкерлердің жазасын қатаңдатуды сұрайды

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген 7 жасар қыздың туыстары облыстық соттың үкімімен келіспей, екі айыпкерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрайды. Ал бірі – 20 жылға, екіншісі 25 жылға түрме жазасына кесілген екеу кінәсіз екендерін айтып отыр.

Мәтін көлемі - +

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Элман Велиевті 25 жылға, Максим Старченконы 20 жылға қатаң тәртіптегі түрме жазасына кесу туралы шығарған үкімімен жәбірленуші тарап келіспей отыр. Қатыгездікпен өлтірілген кәмелетке толмаған қыз баланың туыстары айыпкерлерді өмір бойы бас бостандықтарынан айыруды сұрап, наурыздың 2-сі күні апелляциялық шағым берді.

ҚЫЛМЫС

Бұл қылмыс былтыр тамыздың 9-ы күні кеші сағат жетілер шамасында Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінде жасалған.

Тергеу қорытындысында әкесінің үйінде Максим Старченкомен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған Эльман Велиевтің аулада ойнап жүрген өгей қызының құрбысы – 7 жастағы Г.-ны алдап-сулап үйге кіргізіп алғаны, содан кейін есікті тарс бекітіп, баланың аузын қолдарымен жауып, екеуінің кәмелетке толмаған қызды зорлағаны анықталғаны жазылған.

Қиналған қыздың шырқыраған дауысын көршілері де естіпті.

– Мен жануардың дауысы ма деп ойладым. Адамның даусына ұқсамайтындай болды. Есігін қағып ем, Эльман есікті жартылай ашты да, өгей қызымен ұрсысып жатқанын айтты. Есікті жапты да, «Настя, шық!» деп айқайлады. Сосын бірден тыныштала қалды, – дейді сотқа куәгер ретінде қатысқан Болат Естурлин.

Біршама уақыттан соң қызын іздеп шыққан анасы оны үй маңынан таба алмаған.

– Сол күні кешкі сағат жетілерде әпкем Г.-ны тамаққа шақырып іздеп таппаған. Таңертең полицияға барған. Тек үш күннен кейін ғана оның денесін үй маңындағы арықтан тапты, құрттап кетіпті. Тек киімінен ғана таныдық. Олар қатаң жаза алмайынша жанымыз тыныштық таппайды. Әпкем әлі есін жия алмай жүр. Жалғызынан айрылған жаман ғой. Жұбата алмаймыз оны, – дейді Г.-ның нағашы әпкесі Мәлика Құрбанова.

Зияда Құрбанова қызының мәйітін қылмыскерлер үш күн бойы басқа жерде сақтаған деген күдігін айтады. Өйткені полиция әлгі арықты бірнеше рет қарап шығыпты.

Шымкент полициясы осы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тамыздың 12-сі күні 26 жастағы Эльман Велиев пен 27 жастағы Максим Старченконы ұстады. Екеуі де еш жерде жұмыс істемейді.

Ал қылмыс жасалған күні пәтердің иесі, Эльман Велиевтің 67 жастағы
Адвокат Абай Бейсенов облыстық сот ғимараты алдында. Шымкент, 10 желтоқсан 2010 жыл.
әкесі жұмысында – қаладағы дүкендердің бірінде қарауылдық кезекшілігін атқарыпты.

2010 жылы қыркүйектің 2-сі күнгі Шымкент калалық сот-медициналық сараптамасында көзі тірісінде қызбен жыныстық қатынас жасалғаны, денесі мен бас сүйегі бірнеше жерден қатты зақымданғаны жазылған. Сонымен бірге сарапшылар мәйіттен табылған шәуеттің қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген екі ер адамдыкімен сәйкес келетінін анықталғаны туралы қорытынды жасаған.

– Бұлар кішкентай қызды сау жерін қалдырмай айуандықпен зорлаған соң басын балғамен жарып, өлі денесін сөмкеге тығып, түн болғанда үйдің маңындағы арыққа апарып тастағанын тергеу толық дәлелдеді. Мәйіттің құрттап кеткеніне қарамастан, сараптама жұмыстары толықтай өткізіліп, дәлел тапты, – дейді жәбірленушінің қорғаушысы Абай Бейсенов.

Сот-психиатриялық сараптау қорытындысы екі күдіктінің де ақыл-есі түзу екенін анықтады.

ЖАЗА

Күдіктілерге қарсы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыптар тағылды. Заңда «топ болып адам зорлау» және «кәмелеттік жасқа толмаған баланың қорғансыздығын пайдаланып зорлау» қылмыстары бойынша 20 жылға дейін, ал «қатыгездікпен адам өлтіргені» үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза беру көзделген.

Ақпанның 22-сі күні Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Элман Велиевті 25 жылға, Максим Старченконы 20 жылға қатаң тәртіптегі түрме жазасына кесу туралы үкім шығарды. Сот ол екеуін кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы азаптап өлтіргені үшін айыпты деп таныды.
Қатыгездікпен өлтірілген жеті жасар қыздың әжесі Қалима Құрбанова. Шымкент, 10 желтоқсан, 2010 жыл.
Алайда қылмыскерлер қолынан көз жұмған қыздың анасы мен әжесі бұл үкімге қанағаттанбады.

– Менің немеремді осыншама қорлықпен өлтіргендер ертең 10-15 жылда тайраңдап түрмеден шығып жүре ме? Менің қызым қазір жүрек дертіне ұшырады. Төсек тартып тұра алмай жатыр. Өмір сүргісі келмейтінін айтады. Мен енді қызымнан да айрылуым керек пе? Біз қызымызды қорлықпен өлтіргендерді көргіміз келмейді, – дейді қастандық құрбаны болған бүлдіршіннің әжесі Қалима Құрбанова.

Облыстық соттың айыпталғандардың жазасын ауырлататын «жайттар анықталмаған» деп тануына жәбірленуші тараптың қорғаушысы Абай Бейсенов қарсы уәж айтады.

– Сот олардың бұрын-соңды сотты болмағанын ескерді және сотталушылардың жазасын ауырлататын мән-жай анықталмаған деп тапты. Біріншіден, бұл топ болып жасалған қылмыс. Екіншіден, қылмыс мас күйінде жасалған. Осының өзі жазаны ауырлататын жайттарға жатады. Олардың адам аузы бармайтын қылмысты өз қолдарымен жасағандары сотта толық дәлелін тапты, – дейді қорғаушы Абай Бейсенов.

Жабық өткен сотта Эльман Велиев те, Максим Старченко да өздерінің кінәсіз екендігін айтып, айыптарын мойындамаған. Сот үкіміне олардың атынан апелляциялық шағым түсірмекші болып отырған адвокаттары Азаттық тілшісімен сөйлесуден бас тартты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Еркебұлан Қайдан: Астана
03.03.2011 14:34
+0 / -0
Бүтін бір отбасын ойран еткен айуандардың жазасын ауырлататын мән-жайды іздегендері қызық екен. Кінәлары дәлелденген болса өмірбақи бас бостандығынан айыруды қолдауымыз керек. Бұған немқұрайдылықпен қарауға болмайды.

Кімнен: Бір жан.
03.03.2011 16:34
+0 / -0
Ондай иттерді атып, асу да аздық етеді.

Кімнен: Мәке
03.03.2011 17:34
+0 / -0
ой облыстық сот қараса түсінікті..кілең парақор жемқорлар, оларға ақшадан артық құдірет жоқ! Оны бәрі біледі. жазықсызды жазықты етіп, кінәсіз адамды қамап, айыптап жататын оқо-ның сотын Құдай ұрсын! Бетіңеқарап тұрып, артыңнан пышақ сұғатындар отыр онда кілең!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Казак кызы Қайдан: Актау
03.03.2011 17:37
+0 / -0
Ой маскара???????? не деген канпезерлер,канишерлер,арамтамактар-ай олардын тырылей канын ишу керек,напсылерин тубынен кесып тастау керек!нагиз иттер!!!!!!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.03.2011 17:44
+0 / -0
Осындайда өлім жазасын қолданса болар еді

Кімнен: Өскемен
03.03.2011 18:08
+0 / -0
Ондай малдарды ел алдына шығарып атып тастау керек, басқаларға да сабақ болсын. Оларға өлім жазасынан артық жаза жоқ. Олардың тірі болып адам ретінде жер басып жүруі артық іс.

Кімнен: Оралған Қайдан: Астана
03.03.2011 18:15
+0 / -0
Адамзат жаралғалы бар өлім жазасын алып тастаған үкіметтің өзі арсыз боп тұр ғой. Енді бір уақттан кейін ұрлық жасағандарды да қорғайтын заң шығатын болар.

Кімнен: Ақыл
03.03.2011 18:36
+0 / -0
Бұл кәпірлерді елдің алдына шығарып ату керек! Қап, Сталин жоқ қой мұндайларға
НАН қара! Көзіңді аш! Қазағың қандай қасірет шеккенін! Бұл тек бір мысал ғана!!!

Кімнен: Мамыр
03.03.2011 18:36
+0 / -0
Қанішерлер онымен қоймай, аппеляциялық шағым жазбақшы. Хайуандар одан да жер басып жүруден бас тартсашы. Қаршадай қыздың қаны жібермесін! Бұларды хайуанға теңеп, жануарларға тіл тигізгенім артық болар. Бұларды кім деуге, не деуге болады?
Бұл хабарды кеше 31-ден естігенде, жүрегімнің ауырғаны-ай.. Обал-ай балаға. Қалай ғана дәттері барды екен? Бұлардың ендігі өмірін тозаққа айналдырып, көздерінен қан ағызып отыру керек, өмір дегеннің, оның құндылығы дегеннің, ана қасіретінің не екенін түсіндіріп, өздерін қорлау керек! Бірақ бұларға өлім жазасы кесілгені дұрыс! Олардың жер бетінде жүруге еш хақысы жоқ! Олар о дүниеге де қабылданбас...

Кімнен: Аман Қайдан: Флматы
03.03.2011 19:56
+0 / -0
Ең бастысы сотталса болды,қалғанын ана жақтағы жігіттермен келіссе болды. Әділ жазаларын алады. Мүмкін олар күтіп те отырған шығар.Қайғыда отырған жандарды жүгіртіп қинай бермей ау,Шымкенттің жігіттері шаруаны өздерің -ақ тындыра берсеңдерші.Намысшыл едіңдер ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Жайна
03.03.2011 21:28
+0 / -0
Ия түрмеде 101 деген жазамен келгендерді қатты қинайды дегенді естіген едім, екеуін аямасын енді, жауыздар. Мал болып кеткен.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
03.03.2011 21:07
+0 / -0
Модераторға! фотоны сөйлемдердің үстіне жариялапсыздар, әріптерді оқу қиын болып жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
04.03.2011 01:16
+0 / -0
Тәке, ондай кезде F5 деген түймені басып, сайтты жаңартып алыңыз. Фото мен сөйлем орындарында тұр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.03.2011 21:41
+0 / -0
Өлім жазасы, тым құрыса өмірлік түрме жазасын беруді қолдау акциясын жүргізейік. Шымкенттіктер қайдасыңдар? Бүкіл қазақстан халқы қозғалу керек кой, сотқа дауыс жинайық. Сот шешімін өзгертейік. Байғұс ана, енді қалай өмір сүреді екен бұл фәниде. Обал болды ғой.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Алматы
03.03.2011 22:23
+0 / -0
Қанішер, арсыздар. Осыларды қандай ана туып, қандай ғана ана тәрбиеледі екен. Өздерін қинап тұрып өлтірсе ғой. Оларды өлтіру аз, олардың туған-туыс, ана-әкесін - бәрін ел-жұртқа танытып қарабет қылып, масқаралау керек!

Кімнен: Хомейни
04.03.2011 06:40
+0 / -0
Күдіктің бәрі Велиевтың әкесіне келіп тіреледі . Оқыңыздар:
http://www.time.kz/index.php?newsid=19270

Кімнен: Жайлау Қайдан: Теріскей
04.03.2011 07:46
+0 / -0
Заңға өзгеріс керек. Екеуінің де жұмыртқасын медициналық жолмен сылып алып тастап, өмірлікке бас бостандығынан айыру керек.

Кімнен: Жарас
04.03.2011 08:35
+0 / -0
Шымкенттіктердің жиналып жұмылуына қосыламын!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.03.2011 08:39
+0 / -0
Манау қанішерлерді түрмеде тозақтың отын көздеріне көрсету керек. он бес жылда шығып кету ойларында бар екен, боқ жепті, ол жақтан тозаққа аттанасыңдар аюандар

Кімнен: Асылзат
04.03.2011 08:40
+0 / -0
Булар жудэ биреудин жалгыз кызын каршадай булдиршинди олтирип койып кинэсизбиз деп отыр гой шошкалар
елдин алдына шыгарып койып ату керек мундай иттерди

Кімнен: қияңқы Қайдан: қазақия
04.03.2011 10:23
+0 / -0
Алла жазаларын берсін! Түрмеден шығара қоймас оларды. Осындай қатыгездікке қалай барады екен?! Хайуан да бұлай істемес болар.

Кімнен: Жарас
04.03.2011 15:42
+0 / -0
Шошқадан жаралғандар! Үрім бұтақтарымен бірге жазалау керек қой мұндай айуандарды
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі