Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Қазақстан

Азаттық сайты - әлемдік Online Journalism Awards сыйлығының иегері

Сыйлық Сан-Франциско қаласында өткен салтанатты жиында Азаттық радиосы қазақ редакциясының директоры Едіге Мағауинге табыс етілді. Сан - Франциско, 3 қазан, 2009 жыл.

04.10.2009

Азаттық Радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қазақ қызметі) интернет журналистика саласында әлемдегі ең мәртебелі Online Journalism Awards сыйлығының жеңімпазы атанды.

Азаттық радиосының интернет сайты бұл сыйлықты "Ағылшын тілді емес шағын сайт" категориясында (General Excellence in Online Journalism, Small Site) алып отыр. Сыйлық сенбі күні кешкілік Сан-Франциско қаласында өткен салтанатты жиында Азаттық радиосы қазақ редакциясының директоры Едіге Мағауинге тапсырылды.

Жеңімпазды анықтау барысында Азаттық радиосының адам құқықтарын қорғау мен еркін ақпарат жеткізудегі қызметі ескеріліп, марапаттау барысында ерекше атап көрсетілді.

Азаттық радиосы «Online Journalism Awards» сыйлығының мәресіне итальяндық Centro және испандық Lainformacion сайттарымен бірге жеткен болатын.

Азаттық радиосының жаңарған веб сайты 2008 жылдың тамызынан бері қазақ және орыс тілдерінде шыға бастады. 2008 жылдың қараша айында Азаттық радиосы Қазақстандағы белгілі "Ұлттық интернет сыйлығы - Award.KZ" байқауының екі бірдей бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

Азаттық радиосы демократия және адам құқықтарын сақтау принциптерін қолдайды. Азаттық радиосы билеуші немесе оппозициялық саяси партиялардан, эмигрант қауымдастықтарынан, коммерциялық және басқа да сипаттағы ұйымдардан, хабар тарату аймағындағы, не одан тыс жерлердегі діни ұйымдардан тәуелсіз БАҚ.

Қазіргі таңда Азаттық радиосында қырықтан астам қызметкер жұмыс істейді.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Кімнен: қазақ оқырманы Қайдан: Қазақстан
04.10.2009 12:22
Бәрекелді! Құтты болсын!

Кімнен: Талғат Қайдан: Алматы
04.10.2009 12:25
Азаттық радиосының қызметкерлері мен оқырмандарын осынау мәртебелі сыйлықпен құттықтаймын!

Кімнен: halmurat Қайдан: mongolia
04.10.2009 12:49
Бәрекелді, жарайсыңдар!

Кімнен: Әріптес Қайдан: Прага
04.10.2009 12:52
Ағайын сыйлығымыз құтты болсын! Жыл сайын осындай мәртебелі сыйлықтар ала берейік.

Кімнен: Оқырман Қайдан: Шалғайдан
04.10.2009 12:55
Жеңіс құтты болсын, азаттықтар!!! Алған беттеріңнен қайтпаңдар!!!

Кімнен: Мағаш Қайдан: Қарағанды
04.10.2009 13:34
Едіге бастаған азаттық қаламгерлерді отбасымның атынан жоғары дәрежелі марапаттарымен құттықтаймын. Бәйгеде үнемі жұлдыздарың жансын.

Кімнен: Ақылбек Шаяхмет Қайдан: Қостанай
04.10.2009 13:45
Жеңіс құтты болсын!
Ұзағынан болсын!

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
04.10.2009 14:56
Сыйлықтарыңыз құттыболсын! Қуанып, шын жүректен құттықтаймын!

Кімнен: 007 Қайдан: астана
04.10.2009 17:29
Құтты болсын!!! азаттықтың қадамы,
Шындық шырқап, шыңға өрмелеп барады.
Жетпістегі, кеңестіде талқан қып,
Жаңалықпен адам заттқа қарады.
Бостандығы, бостандығы адамның,
Азаттықтың шырқайтұғын бәр әні.

Кімнен: Қамбар Қайдан: Қарағанды
04.10.2009 18:18
Жүлде құтты болсын Азаттық радиосы!!! Жасай беріңдер!!!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
04.10.2009 18:26
2030-ға аман жетіңдер...

Кімнен: qirgiz oqirmani Қайдан: bishkek
04.10.2009 18:42
azattyqtin qazaq qizmeting sayti syliq algan bolsa, bul jaqsi qabar.Alayda sizder osi dal qazaqstandagiday turli syliq,maraptarding artinan quip ketken joqsizdar ma??? shindarinindi aytinizdarshi?
misali, azattyqting qazaq qizmeting sayti azattyqting qirgiz qizmeting saytinan nesimen artiq bolgani usin osinday syliq alip otir??? osini maqalada tusindirip zassanizdar sizderding syliqtaringiz turali mening tusinigim ozgerer edi..

Кімнен: altai Қайдан: altaidan
04.10.2009 20:37
qutti bolsin; ult maselesi, oralmandar jaiin kotere berinder; senderden basqa kim aitadi

Кімнен: halmurat Қайдан: mongolia
04.10.2009 21:13
Сыйлық алған жақсы ғой. Мұндай сәтте ағайынға сын айту да қиын екен. Дегенмен мына қырғыз оқырманның сөзінде жан бар. Бұлардың Үналгысы біздің Азаттықтың сайтынан әлдеқайда бай, әрі тез тез жаңаланып тұрады. Біраз күн екеуін салыстырып оқысаңыздар бұған көздеріңіз жететін болады.
Азаттықта бір кемшілік бар. Адам құқығын қорғаймыз деп кей кейде қайдағы біреулердің күнін жоқтайды. Әсілі Азаттық тек қазағымның ғана жоқтаушысы болса жөн еді...
Егер Казахстанға (әрине Қазақстан емес) арналған болса бұларыңыз әбден жөн ғой, ал бүкіл қазаққа арналғаны шын болса басқалардың күні бізге сонша қызық емес. Басқалар деп әрине түркі әлемінен тыстарды айтып отырмын ғой. Оқырмандарыңыздың біразы Қытай және шетелдегі қазақтар дейсіздер ғой. Міне сол қазақтарды сіздердің кей тым көңілшектік танытқан хабарларыңыз әсте қызықтырмайды, тіпті жалықтырады. Бұндайдан аулақ болсаңыздар. Ал басқа жағынан жарайсындар, Азаттықтар.

Кімнен: Әріптес Қайдан: Астана
05.10.2009 09:25
Азаттықтың журналистерін шын жүректен құттықтаймын! Сіздер кәсіпқой шеберліктеріңізбен "қазақ журналистері заман үрдісінен қалып қойған" деген сыңаржақ, тоңмойын қағиданың быт-шытын шығарып, қазақ журналистикасы ешкімнен кем еместігін, шынайы сөз бостандығы мен еркіндігі бар кезде жарқырап топтан оза алатынын да іспен дәлелдеп келе жатырсыздар. Сол үшін де сіздерге мың да бір рахмет, еңбектеріңіз жемісті, ізденістеріңіз табысты болсын, бауырлар!

Кімнен: Kazak kysy Қайдан: alystan
05.10.2009 09:40
Azattyktyn ak zholyndagy enbekteriniz tabysty bolsyn! Okinishke orai, milliondagan kazak Sizderdin habarlarynyzdan beihabar goi!

Кімнен: ӘРІПТЕС Қайдан: АЛМАТЫ
05.10.2009 09:46
АЙТСЫН, СЫЙЛЫҚ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! ЖЫЛ САЙЫН АЛА БЕРГЕН ЖАҚСЫ. БІРАҚ, БІЗ ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ, ЕЛДІҢ КӨЗІ, СӨЗІ ӨТІП КЕТЕДІ ДЕП ҚОРЫҚПАЙСЫЗ БА? СОНДЫҚТАН, КЕЛЕР ЖЫЛЫ ТАҒЫ БІР СЫЙЛЫҚ АЛЫП, БІРНЕШЕ ЖЫЛ ДЕМАЛА ТҰРҒАНЫМЫЗ ДҰРЫС БОЛАДЫ. ӘЙТПЕСЕ САЙТТЫҢ ЖЕТІСТІГІН КӨРЕ АЛМАЙТЫНДАР АЗ ЕМЕС.

Кімнен: Оқырман Қайдан: Астана
05.10.2009 12:15
Сыйлықтарыңыз құтты болсын! Сіздердің әлемдік деңгейде иеленген сыйлықтарыңыз Қазақ журналистикасының тарихында қалатын дүние ғой, Сәттіліктер тілеймін.

Кімнен: Садуақас Қайдан: Алматы
05.10.2009 13:40
Осы "Азаттық" радиосының хабарлары қай толқында тыңдалады?? Бұрын тыңдалатын радио қәзір тыңдалмайтын болды....Бұны көптеген тыңдарман растайды. Сонда бұл сыйлықты сіздерге не үшін бергенін түсінбеймін!!

Кімнен: Мақсат
05.10.2009 13:51
Құттықтауларға қосыламын. Редакцияға тілек: бірегей, тың мақалаларды, әсіресе журналистік зерттеулерді дамытсаңыздар. Алматы, Астана деп шектелмей, аймақтарға көбірек орын берсеңіздер. Сенсацияның нағыз көмбесі сол аймақтарда сіресіп жатыр мұрты бұзылмай. Сосын ескі үлгідегі мақалаларға текке тер төкпесеңіздер. Мысалға сайттарыңызда берілген ащы ішектей шұбатылған сұқбаттарды қараңыздаршы, кілең өзін мақтаған адамдардың сөздері, ешкімге қызықты емес. Одан да қоғамдағы актуальный проблемаларды ашып, басқа сми қозғамайтын материалдар жазсаңдар пайдалырақ, біз сондайды күтеміз
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Мәтін көлемі - +