Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 07:45


ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Құқық қорғаушылар аттестациясына мамандар күдікпен қарайды

Кейбір сарапшылар «құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің саны армиядан асып, Қазақстан полицейлік елге айналып барады» дейді. Олар «Қоғамдық бақылаусыз өтетін полиция қызметкерлерінің аттестациясы қаншалықты тиімді?» деген сауал қойып отыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құқық қорғау қызметкерлері неге халыққа қарсы  оқ атқандарын әңгімелеп жатыр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құқық қорғау қызметкерлері неге халыққа қарсы оқ атқандарын әңгімелеп жатыр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Сәуірдің 8-і Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу және президент жанынан жоғары аттестациялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, құқық қорғау құрылымдары мен прокуратураның бірінші басшыларынан басқа барлық қызметкерлері, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), прокуратура, қаржы полициясы және кеден комитетін қоса алғанда, өздерінің кәсіби біліктілігін дәлелдеу үшін кезектен тыс аттестациядан өтуі тиіс.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров «президенттің бұл жарлығының бүкіл құқық қорғау жүйесі мен арнайы органдардың жұмысын жаңғырту туралы бұрын қабылданған заңдар аясында шыққанын», «құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта аттестаттау - олардың қызметін жетілдіру тетіктерінің бірі және бұл арада имидж жақсарту жөнінде әңгіме жоқ екенін» айтты.

«АТТЕСТАЦИЯ ЕЛЕГІ» 

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жарлыққа қол қоюына маңызды екі фактор түрткі болғанын» айтты. Оның пікірінше, бірінші фактор  -  мемлекеттің құқық қорғау органдарының беделден жұрдай болуы мен  халық сенімінен түбегейлі айырылуы. Ал екінші фактор ретінде Жовтис «ереуілді басып-жаншу үшін полицейлер қару қолданған Жаңаөзендегі қанды оқиғаны» атады.
Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.
x
Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.
Евгений Жовтис, адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.

КНБ-ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетовтің пікірінше, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы президент жарлығының пайда болуының басты себебі - әлем қоғамдастығының Жаңаөзен қасіретіне байланысты Қазақстан билігіне қолайсыз пікірі.

 - Жаңаөзен оқиғасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алмай отырған билік, осы аттестация арқылы әлем алдында «полиция қызметкерлеріне шара қолданып жатырмыз» деп жар салмақ, - дейді бұрынғы чекист.

Арат Нарманбетов «Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер туралы» іс бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот процесінде полицейлердің көпшілігі айыпталушылардың арасынан өздерін жәбірлеген адамдарды нақты көрсетпей жатқанына назар аударды.

 - Біздің билікті мазалап жатқан да осы жағдай. Мына аттестация «елегі» арқылы олар, біріншіден, құқық қорғау органдарындағы биліктің ығына жығылмаған қызметкерлерден құтылуды көздеп отыр. Ал аттестациялық сыннан «сүрінбей өтіп», құқық қорғау органдарының қатарында қалатын қызметкерлерді осындай жолмен үркітіп алмақшы, - дейді.

«ҚИСЫНҒА ҚАЙШЫ НӘРСЕ» 

Бұрын ішкі істер министрлігінде шенді қызмет атқарған отставкадағы генерал-майор Әмірбек Тоғысов, «бүгінгі күні Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны армиядағы солдаттардан екі есе көп» екенін айтады. Оның пікірінше, «Қазақстан біртіндеп полициялық мемлекетке айналып бара жатыр, ал жемқорлыққа белшесінен батқан, құқықтық санасы төмен, біліктілігі сын көтермейтін полицей азаматтық қоғам үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін». Әмірбек Тоғысов: 
Генерал-майор Әмірбек Тоғысов, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары.Генерал-майор Әмірбек Тоғысов, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары.
x
Генерал-майор Әмірбек Тоғысов, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары.
Генерал-майор Әмірбек Тоғысов, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары.

 - «Тәртіп сақшысы» деген атқа кір келтірген, жемқорлық және басқа қылмысы үшін қызметтен қуылған полиция қызметкерлері құқық қорғау органдары қатарына ешқашан қайтып оралмауы тиіс. Тіпті, мұндай адамдардың тізімін құрса да артық етпейді», - дейді.

Саясаттанушы Досым Сәтбаевтың пікірі бойынша, «аттестация комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, оның ішінде оппозициялық партиялардың өкілдері, құқық қорғаушылар, заңгерлер және басқа да тұлғалар енсе ақылға сыятын еді». Ол:

 - Аттестация шынайы өтеді деп тек сол кезде ғана айтуға болады. Әйтпесе шенеуніктер өзін өзі қадағалау жөнінде шешім қабылдап, оны өздері орындамақ. Сосын «таудай нәтижелерге қол жеткіздік» деп жар салып жатқаны. Былайша айтқанда, қисынға қайшы нәрсе, - дейді.

Досым Сәтбаев «аттестация өткізуге бюджеттен қомақты қаржы жұмсалғанымен, бәлендей ештеңе өзгермейтінін» айтты.

«ТЕКСЕРУШІНІ КІМ ТЕКСЕРМЕК?»

Евгений Жовтистің пайымдауынша, егер аттестация өткізудің мақсаты халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін күшейту болса, бұл аттестацияға қоғамның ат салысуы шарт.

«Жемқор және кәсіби біліктілігі сын көтермейтін қызметкерлерден арылудың орнына бұл аттестацияда қолайсыз қызметкерлерден құтылатын жаппай «тазарту» шаралары жүре ме?» дегенді ескерткен құқық қорғаушы Евгений Жовтис алдағы аттестацияға байланысты «Тексерушілердің өздерін кім тексермек?» деген сауал тастады.
Досым Сәтбаев, саясаттанушы. Алматы, 25 мамыр 2010 жыл.Досым Сәтбаев, саясаттанушы. Алматы, 25 мамыр 2010 жыл.
x
Досым Сәтбаев, саясаттанушы. Алматы, 25 мамыр 2010 жыл.
Досым Сәтбаев, саясаттанушы. Алматы, 25 мамыр 2010 жыл.

Алда өтетін аттестация тақырыбы Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде талқыланды. Пікірталасқа президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тажин, президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев, КНБ-ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі, «Қазақстан ҰҚК органдарының ардагерлері» бірлестігінің жауапты хатшысы Уалитхан Қабышев түрлі себептермен қатыса алмайтындарын айтты.

Дөңгелек үстелдің орыс тіліндегі толық аудионұсқасын мына арадан тыңдауға болады:
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
17.04.2012 10:19
+0 / -0
Оппозициямыз деп жүрген абзал азаматтарымыздың біреуі президентке импичмент жария ету керек десе екіншісі "ой-бай оған тісіміз батар емес, одан да оның маңайын тазартайық" деп шыр ете түсті... Бас албасты маңайын тазартуға өлсе де жібере ме, кім өзі отырған бұтақты кеседі?! Құдайдан безген тексіз билікті құдайына келтіріп, емдеудің бір-ақ жолы бар, ол жол - "ақ патшаны" түбірімен қопарып тоңқалаң асыру, осыдан басқа жолды көріп тұрған жоқпын...
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылдың қазағына.
17.04.2012 20:45
+0 / -0
11-ҚАҢТАРДА 100АРТЫҚ ЗИЯЛЫ "Жас алашқа" жиналғанда нобайы "осы айналасын тазалауды аитты". Сонда мұны Шаханов тағы басқаларға Серік Сапарғали "зиялының қатарынан шығып, әиел көйлеггін киіуді ұсынды.Содан 23-қантарда Сапарғали түрмеге тоғытылды.Мұқаңдар өз ролінде.
Пікір алмасу

Кімнен: АРМАН Қайдан: КАРАГАНДА
17.04.2012 20:53
+0 / -0
КаЙдАгЫ АТЕСТАТЦИЯ ПАРА БЕРСЕДЕ ОТЕДИГОЙ АЙТЕУИР КАЗИР ПАРА АЛМАЙТЫН АДАМ КАЛМАДЫ АУ ДЕЙМ ОСЫ

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
17.04.2012 12:44
+0 / -0
бұл енді бұдан да бетер жауыз қатыгез дерін тек қана өзінің хожайын дарын қорғайтын соған серт беретін дерін таңдап алатын аттестация десей ,бізде мына Грузиндер сияқты жемқорлар мен күресуді үйрену керек Саакашвили не қылды,биліке келгенен киін 85мың мент бар еді соның 75мыңын босатып жіберді өиткені ол сол баяғыдан қалған жемқорлар оларды тәрбиелудің өзі қиын болатын оданда солардың орнына басқадан жастарды алыу керек екенін түсінді оларды дұрыс жаңадан тәрбеилеп жемқорлықтан таза оиы өрісі басқаша тәрбие беру болатын,бізде бірақ бұның бәрі киін болатын нәрсе ,кәзір оны армандаудың өзі қиын нәрсе
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
17.04.2012 16:26
+0 / -0
Дурыс айтын озине серт беретиндер керек кари какпаска

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 13:41
+0 / -0
Бос әуре

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 16:00
+0 / -0
аттестация дегенің тұрған қыпп-қызыл ақша!

Кімнен: Шындық .
17.04.2012 18:33
+0 / -0
Бұл кезекті бір қомылым , одан бір нәрсе өзгере қоиыуы екіталаи , нәтижеде бермеиді баяғы жартас сол жартас болып қалады . Бұл таза Ресеиге еліктеу , құқық қорғау жүиесін аттестациалау Ресееи кешеғана бастап еді , бүгін Қазақстан билігі бастағалы отыр , телевидение қалаи Ресеи каналдарына еліктесе , президентте еліктеуін қоиар емес . Тәуелсіз елдің өз жолы , бағыт бағдары әдірем қалғанба. Бұл өзгерістен ештеңе шықпаиды бәрі сол күиінде қалады . Грузияның таңдаған жолымен жүргенде бір нәтиже болар еді Басты кеиіпкер кетпеи саланың бәрі сол күиінде қала бермек . Отанын жарқыратып көрсете алмаи отырған билік жақсы жағына қараи өзгеріс жасауға ұмтылды дегенге өз басым сенбеимін . Алдап арбау деген атпен қоиылғалы отырған қоиылыммен халқын сендіруге талпынған әрекеті . Ештеңе өзгермеиді сол қатқан күиінді қатып қала бермек .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 19:05
+0 / -0
Алматы әкімі жол полициясына патрульдеп қана жүруге рұхсат беріп, жол тосып тоқтатуға тыйым салған еді. Соңғы апталарда Алматыда ол тыйымға қарамай, тығылып тұрып, жол тосатын жолполдар жиілеп кетті. Сол атестацияға ақша жинап жатыр-ау.

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
17.04.2012 23:21
+0 / -0
тест коз бояугой сондада кайта тапсыру болмаса бираз мангурттерден тазарылар еди
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 00:37
+0 / -0
Сандырақтай түс ақшасы көкесі барлар қалады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 15:55
+0 / -0
Полиция қызметкерлеріне бірінші кезекте диктант жаздыру керек. Бір сөзден 3 қате жібереді.

Кімнен: Қонақ Қайдан: Орал
20.04.2012 21:26
+0 / -0
Білімдерін тексеру, яғни аттестация өте дұрыс, бірақ олардың 70-80 проценті өте алмайтыны айдан анық.

Кімнен: тілеулес Қайдан: тараз
21.04.2012 07:26
+1 / -0
бұл дегенін қып-қызыл ақша осыдан қара да тұр,жүрген боқ қарындардар өз нармативтерінен өте алмайды,ал арасында бір сөзде үш-төрт қате жәңе өзге түгіл өзі оқый алмайды полициясы бар,сондықтан бұл таза парақорлардын ең таза қыйналмай ақша алатын ең оңай жолы,ал егер ғайыптан тайып таза аттетация бола қалса 70 пайызы өте алмайды, өйткені қазір жәй қарапайым ақшасы шатыры жоқ адамдар прокурор,фин-пол дегенге жұмысқа кірмек түгіл есігіне де қарай алмайды

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:54
+0 / -0
Пара алуға жасалып отырған келесі мүмкіндік қой бұл. Пара бергендер қалып, бере алмағандар орынды босатады деген сөз ғой баяғы.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?