Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:19

ӘЛЕМ

Таиландта ұсталған Ил-76 ұшағы экипажына қарсы тергеу амалдары өз елдерінде жалғасуы мүмкін

Ақпанның 11 күні Таиланд прокуратурасы Бангкок түрмесінде қамауда жатқан Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыптарды алып тастағанын мәлімдеді. Дегенмен де ұшқыштарға қатысты сот ісі Қазақстанда жалғасуы мүмкін.

Мәтін көлемі - +

САЯСИ ШЕШІМ

Алайда, Таиланд прокуратурасы ұшқыштардың кінәсіздігі дәлелденбегенін де атап өткен деп жазады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Аталған ақпараттық агенттіктің жариялаған хабарламаларына қарағанда, Таиландтың бас прокуроры «Қазақстан мен Беларусь азаматтарын қылмыстық қудалауға Таиланд пен әлемдік қауымдастық мүдделі емес» деп мәлімдеген.


Сонымен бірге, Таиланд прокуратурасының ресми өкілі  Танафик Молафруек «экипаж мүшелеріне айып тағу мемлекеттер арасындағы жақсы қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз барлық айыптаулардан бас тартып, оларды елдеріне қайтарамыз» деп журналистерге мәлім еткен.


Бұған дейін Таиланд үкіметі прокуратураға «Бұл істі одан әрі тексеру үшін экипаж мүшелерін өз елдерінің билік орындарына тапсыруын» айтып өтінішпен қайырылған болатын.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨРТ ҰШҚЫШ ӨЗ ЕЛІНДЕ ЖАЗАЛАНУЫ МҮМКІН


Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Асқар Әбдірахманов Таиланд прокуратурасының ұшқыштарға тағылған айыптарды алып тастағанын растады.


- Таиланд прокуратурасы тарапынан ұшқыштарға ешқандай да айыптар тағылмайтыны туралы мәлімдеме болғанын растаймыз. Енді іс жабылуы тиіс және ұшқыштар Таиландтың көші-қон полициясының қарамағына тапсырылады. Таиланд көші-қон полициясы өзінің процедураларынан өткізгеннен кейін елдің территориясынан шығуға рұқсат беруі тиіс. Ол рұқсаттың қандай мерзімде болатыны бізге әзірше белгісіз, – деді Асқар Әбдірахманов.


Сонымен бірге, Таиланд билігі Қазақстан мен Беларустың құқық қорғау орындары қару-жарақ тасымалы дауына іліккен азаматтарына байланысты өздерінің тергеу ісін жүргізеді деп есептейтінін жария еткен болатын.


- Бұл сұраққа әзірше жауап бере алмаймын. Ондай мүмкіндікті толығымен жоққа шығаруға болмайды, зерттелу үстінде,- деп жауап берді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің арнаулы өкілі Асқар Әбдірахманов Азаттық радиосына берген сұхбатында.

 

 ҚАРУ ТАСЫҒАН ЖҰМБАҚ ҰШАҚ


Естеріңізге сала кетсек, Ил-76 ұшағы Солтүстік Кореядан 35 тоннадан астам қару тиеп шығып, Таиланд астанасы Бангкок әуежайына жағармай құю үшін аялдаған кезде Таиланд полициясының құрығына іліккен болатын. Таиланд полициясы Солтүстік Кореядан ұшып шыққан ұшақты БҰҰ ның Солтүстік Кореяға қару-жарақ саудасына тыйым салған № 1874 резолюциясына сәйкес тексерген.


Таиланд полициясы Ил-76 ұшағы экипажын тұтқындап, қамауға алып, ел заңына сәйкес бес пункт бойынша айып тағып, қылмыстық іс қозғаған болатын. Қаңтардың 14 күні Таиланд полициясы қылмыстық істі тергеуді аяқтап, прокуратураның қарауына тапсырған еді.


Таиланд БАҚ ы хабарлағандай, ұшқыштар елдеріне қайтарылғанымен, 35 тоннадан астам қару тиелген Ил-76 ұшағынан ұсталған күйі тұтқында қала бермек.


Алайда, Ил-76 ұшағы бортындағы жүктің иесі мен ұшақтың қайда бет алғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Бұған дейін ұшқыштар соңғы қону алаңымыз Украина деген еді, бірақ, Украина жағы мұны жоққа шығарды.

Ал, қазақстандық ұшқыштардың отбасылары Ил-76 экипаж мүшелерінің босатылатынын естіп қуануда.

 

- Біз олардың кінәсіз екендігіне о бастан сенгенбіз. Мұндай шешім шыққанына қуаныштымыз. Бұл әділдіктің салтанат құруы. Біз бұл істе бізді қолдағандардың бәріне ризашылығымызды білдіреміз, - дейді қазақстандық ұшқыш Виктор Абдуллаевтың қызы Яна Абдуллаева.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Атырау
15.02.2010 15:47
+0 / -0
Барлық жақтын да бұл іске бірен-сарандап қатысы бар деп ойлаймын

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
15.02.2010 16:35
+0 / -0
...Тек жүрмей, бейбіт елде қару тиеп жүргендерін қарашы! Кінәсіз болса елдің онда несі бар еді, айтыңдаршы!? Қазақтың осындайға келгенде неге шу ете қалатынына таң қалам. Абай атам айтқандай ол не баласы, не туысы емес.. Қазір тіпті бар аузы бар қазақ соларды айтып шулап жатыр, тақ бір елдің намысын қорғап алтын алып келе жатқандай еміренеді бәрі, оларға жандары ауырып мүсіркейді әуелді... Жалпы Ұлтқа абырой емес, ұят силаған олaрдың Қазақстанды отаным деуге қақысы жоқ! Сол торға түскен жерінде қамалып қала берсе рауа еді.