Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 06:03


ӘЛЕУМЕТ

Жалақы: мұғалімге - 35 мың, менеджерге - «құпия»

Шенеуніктер жалақысын жыл сайын Қазақстан президентінің өзі өсіреді. Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында жалақыны директорлар кеңесі белгілейді. Зиян шегіп жатқан - бюджет саласының қызметкерлері: ғалым, дәрігер және мұғалімдердің жалақысы күнделікті ішім-жемнен аспайды. Сарапшылар «басты себеп - еңбекақыны реттеудің нарықтық тетіктерінің жоқтығы» дейді.

Ақша, теңге. Көрнекті сурет. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
Ақша, теңге. Көрнекті сурет. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Академик, молекулалық биология және биохимия институтының аға ғылыми қызметкері, нанотехнологиялар жөніндегі маман Мұрат Гильманов «Айлық жалақым - 70 мың теңге (470 долларға жуық)» дейді. Ол айлығына қосымша, ғылым докторы деген атағы үшін, шамамен 30 мың теңге (200 доллардай), ғылым кандидаты дәрежесі үшін 15 мың теңге (100 доллардай) үстемақы алады.

«АКАДЕМИК - 770,  ЛАБОРАНТ 170 ДОЛЛАР АЛАДЫ» 

Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Жұмасейітова «Аға ғылыми қызметкердің дәрежесі кафедра, бөлім меңгерушісі және ғылыми жоба жетекшісімен теңесетіндіктен, ең жоғары ставканы алады» дейді. Оның айтуынша, аға ғылыми қызметкердің айлық жалақысы еңбек өтіліне байланысты бүгінгі күні 65 мың мен 75 мың теңге аралығында.  

Оның сөзіне қарағанда, ғалымдардың көпшілігі, кем дегенде, екі ғылыми жобаны жүргізеді немесе жоғары оқу орындарында сабақ береді. «Өз басым аға және жетекші ғылыми қызметкер ретінде екі жобаға қатысып жүрмін, ал үшінші жобада жарты ставкадамын» дейді Гүлнәр Жұмасейітова. Алайда басқа жобаға қатысқаны үшін ғалымның ғылыми дәрежесі мен еңбек өтілі ескерілмей, үстемақы қосылмаған «жалаң жалақы» төленеді екен.

Ал ғылыми атағы жоқ, кіші ғылыми қызметкер болып істейтін әріптестерінің 42 мың теңге мөлшерінде (280 долларға жуық) жалақы алатынын айтқан Гүлнәр Жұмасейітова «олардың бәрінің баспанасыз жүргенін» ескертеді.
Бәрін қосқанда мен бір мыңнан аса рубль алатын едім. Ал қазір төлейтіндері ғылым мен ғалымды мазақ ету ғана.

Академик Мұрат Гильманов молекулалық биология және биохимия институты лаборанттарының айлық жалақысы 20-25 мың теңгені (шамамен 135-170 доллар) құрайтынын айтып өтті.

1991 жылға дейін ғалымдардың айлық орташа жалақысы 220 совет рублі шамасында болыпты. Ол кезде «кафедра немесе бөлімге жетекшілік етсең 350 рубль, ал академик атағың болса 650 рубль үстеме қосылатын» деген Гильманов:

- Бәрін қосқанда мен бір мыңнан аса рубль алатын едім. Ал қазір төлейтіндері ғылым мен ғалымды мазақ ету ғана, - дейді.

Совет заманында бір мың рубль айлықты тек ілеуде біреу алатын. Мұндай жалақыға академиктер мен Қиыр Шығыста жұмыс істейтін жоғары білікті қызметкерлердің, сондай-ақ КПСС орталық комитетінің саяси бюро мүшелері, яғни жоғары шенді совет басшыларының ғана қолы жететін.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 450 ДОЛЛАР

Егер ғалымдар қосымша жұмыс істеп, күнкөрістің тағы бір көздері арқылы нәпақа айыра алатын болса, орта мектеп мұғалімдерінің мұндай да мүмкіндігі жоқ. Семей қаласындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі Нағыштай Бегалинаның айтуынша, ол таңнан кешке дейін мектептің тірлігінен шыға алмайды екен.

20 жыл еңбек өтілі бар ұстаз өткен жылы жоғары санатты мұғалім деген біліктілік деңгейін алып, айлық еңбекақысы 67 мың теңгеге (450 долларға жуық) жетіпті. Жоғары санатты мұғалім Нағыштай Бегалинаның негізгі жүктемесіне тағы бес сағат қосып беріпті. Ал жоғары санаты үшін қосылатын үстемақыдан кіріс салығы мен зейнетақы жарнасын ұстағанда қалатыны - жеті мың теңгеден аспайды.

Ұстаздың сөзіне сүйенсек, аптасына 18 сағат сабақ беріп, толық жүктеме арқалап жүрген жас мұғалімдердің жалақысы бұдан да аз – 35 мың теңге (230 долларға жуық). «Жыл сайын сағат қысқарып жатқандықтан, оларға қосымша сағат та берілмейді» дейді Нағыштай Бегалина.

«ҚҰПИЯ» ДЕРЕКТЕР

Қазақтың еңбек ғылыми-зерттеу институтының директоры Серік Берішевтің пікірінше, республика бойынша алғанда, бюджет қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы өмір сүру деңгейінен төмен.

«Үкімет жалақыны индекстеп, көтеруге тырысады, еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізеді, бірақ инфляция айлық жалақының бір бөлігін жұтып қойып жатыр. Қазақстанда ресми инфляция 6-8 пайыз мөлшерінде. Бірақ инфляцияның ресми емес деңгейі бұдан жоғары» деген Берішев:

 - Өкінішке орай, мұғалімдер мен дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің жалақысы әзірше төмен деңгейде қалып отыр, - дейді.

Оның пікірінше, мемлекеттік қызметкерлердің жағдайы бұдан көш ілгері. Олардың белгіленген жалақысын Қазақстан президентінің жарлығымен өсіреді. Мемлекеттік қызметкерлердің осындай жолмен өсірілетін еңбекақысы кәсіпкерлік сектордың еңбекақысына бір табан жақын.
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры Кенжебек Ибрашев (ортада), «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрынғы директоры Бақытқали Бисекен (оң жақта) және «ӨзенМұнайГаз» директорының міндетін атқарушы Владимир Мирошников (сол жақта) ереуілші-мұнайшылармен келіссөздер жүргізуге келді. Жаңаөзен, наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры Кенжебек Ибрашев (ортада), «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрынғы директоры Бақытқали Бисекен (оң жақта) және «ӨзенМұнайГаз» директорының міндетін атқарушы Владимир Мирошников (сол жақта) ереуілші-мұнайшылармен келіссөздер жүргізуге келді. Жаңаөзен, наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры Кенжебек Ибрашев (ортада), «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрынғы директоры Бақытқали Бисекен (оң жақта) және «ӨзенМұнайГаз» директорының міндетін атқарушы Владимир Мирошников (сол жақта) ереуілші-мұнайшылармен келіссөздер жүргізуге келді. Жаңаөзен, наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры Кенжебек Ибрашев (ортада), «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрынғы директоры Бақытқали Бисекен (оң жақта) және «ӨзенМұнайГаз» директорының міндетін атқарушы Владимир Мирошников (сол жақта) ереуілші-мұнайшылармен келіссөздер жүргізуге келді. Жаңаөзен, наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингіне кіретін ұлттық компанияда жұмыс істейтіндердің жалақысын бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысымен салыстырғанда айырмашылықтың көп болуын Серік Берішев қызметкерлердің, оның ішінде топ-менеджерлердің жалақысы туралы ережені директорлар кеңесінің өзі  бекітуімен түсіндіреді.

Алайда «ҚазМұнайГаз» және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»  ұлттық компаниясы қызметкерлерінің жалақысы құпия болуына негіз жоқтығын айтқан Серік Берішев:

 - Бұл деректердің құпиялығы сонша - олардың қанша алатынын ешкім білмейді, - дейді.

Берішевтің айтуынша, ол шикізат өндіру саласына жататын кәсіпорын – «Қазақмыс» корпорациясының еңбекақы төлеу жүйесін аздап зерттеп көріпті. «Оларда, - дейді сарапшы ғалым, - қызметкерлердің еңбекақысы СССР кезіндегідей есептеледі екен, олар еңбекке ақы төлеудің ескі жүйесіне қайта оралыпты. Бұл - дұрыс шешім».

Қазақстандағы еңбекақы төлеу жүйесіндегі қазіргі келеңсіздіктің басты себебін Серік Берішев еңбекақыны реттеудің нарықтық тетіктерінің жоқтығынан көреді:

 - Біз мемлекеттік мекемелерден бастап кәсіпорындарға дейінгі барлық сала мен деңгейдегі еңбекақы төлеудің келісімдік шарттарына әлі өткеміз жоқ. Демек, біз кәсіподақтардың рөлін барынша көтеруіміз керек. Олар еңбекшілердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі талап-мүдделерін қорғауды қолға алып, өз қызметтерін атқаруы тиіс. Еңбекақыны өсіру жөнінде мәселе көтеріп, тоқтаусыз келіссөздер жүргізіп, табандылық танытулары керек. Өкінішке орай, ондай табандылық әзірше жоқ.

Ал 67 мың теңге жалақысы азық-түліктен, коммуналдық қызмет ақысын төлеу мен қоғамдық көліктің жолақысынан артылмайтынын айтқан 20 жылдық стажы бар семейлік мұғалім Нағыштай Бегалина:

 - Азық-түліктің бағасы болса шарықтап барады, қоғамдық көліктің жолақысы тағы да қымбаттады, балалардың киім-кешегін де жаңарта алмаймыз. Отбасын асырау үшін жеке кәсіппен айналысайын десең, зейнет демалысына ертерек шығармайды, -  дейді.

Оның үстіне, Нағыштай Бегалина «Алатын зейнетақым 40 мың теңгеден де аспай қала ма» деп алаңдайды.

РЕСМИ ЖАУАП

Бұл материал жариялануға даяр болған кезде Азаттық радиосының бюджет саласы мен мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық компаниялар мен шикізат өндіру саласы кәсіпорындары жұмысшыларының еңбекақысын есептеудің жүйесі мен тәртібі туралы сұрақтарына жауап келді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ішкі бақылау департаменті директоры Гүлнар Әлімбекова әзірлеген бұл жауапты ықшамдап жариялап отырмыз.

Министрлік жауабында Қазақстанда жалпы экономикадағы қызметкерлердің номиналды жалақысының орташа көрсеткіші 128 мың теңгеден 89 959 теңгеге (2012 жылдың қаңтарына шекті) дейін өскені, бюджет саласындағы қызметкерлер жалақысы 1993 жылдан 2011 жылға дейін 74 теңгеден 63 511 теңгеге дейін көбейгені айтылған.

«Қазақстандағы орташа жалақы елдегі өмір сүру деңгейіне сәйкес төлене ме?» деген сұраққа министрлік Қазақстан ТМД елдерінің ішінде орташа жалақы көлемі бойынша (620,4 АҚШ доллары) Ресейден кейінгі (782,1 доллар) екінші орында тұрғанын айтқан.

Сонымен қатар, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2008 жылмен салыстырғанда 2011 жылы екі есе өскені, ал 2011 жылғы инфляцияның (2011 жылғы желтоқсан мен 2010 жылдың желтоқсанын салыстырғанда) 7,4 пайыз болғаны жазылыпты.

Министрлік интернет-ресурстардың мәліметтерін пайдала отырып, «АҚШ пен басқа да дамыған елдерде жалақының ішкі жиынтық өнімнің құрамындағы үлесі - 60-65 пайыз, ал Қазақстан статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2011 жылы Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі жалақының үлесі 33,6 пайыз болды» деп хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұдан ары бюджеттік сала және мемлекеттік қызметкерлерге, ұлттық және қазба байлықтарды өндіруші компания еңбеккерлеріне жалақы төлеудің жүйесі мен тәртібі егжей-тегжейлі жазылған. Ал бюджеттен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеу және оларды ынталандыру жүйесі Қазақстанның еңбек кодексі бойынша, ұжымдық шарт, индивидуалды келісім және жұмыс берушінің актілері негізінде анықталатыны айтылған.

Мұнымен қатар, министрлік жауабында еңбек кодексіне сәйкес, жұмысы ауыр әрі қауіпті, зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға жоғары жалақы мен қосымша төлемдер төленетіні жазылған. Олардың жалақысы Қазақстан заңдарында белгіленген жалақы көлемінің минималды стандарттарынан, салалық және ұжымдық келісім-шарттарда көрсетілген шектен төмен болмауы тиіс.

Мәселен, мұнайгаз саласында салалық 1,8 коэффициенті белгіленген. Яғни, бұл салада істейтін бірінші разрядты жұмысшының жалақысы 31 390 теңгеден кем болмауы керек (17 439 теңгені 1,8 коэффицентіне көбейткен кезде шығатын сома).

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп жұмысшыларының орташа жалақысы 106 199 теңге болса, теміржолдағы жолаушылар тасымалы саласының қызметкерінікі - 114 793 теңге; байланыс саласында 120 594 теңге болған.

Министрлік статистикалық мәліметтер бойынша, 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында елдегі номиналды орташа жалақы білім саласында – 64 211 теңге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында 72 156 теңге болғанын хабарлады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.05.2012 10:45
+0 / -0
Қазақ Станда кімдікі өсіп, кімдікі өспей жатыр деген де сұрақ болады екен-ау! Әрине Назарбаевтардыкі өсіп жатыр! Және "вертикалды-виртуалдық" түрде аспанға көтеріліп бара жатыр! Ол үшін міндетті түрде халықтың кедейленіп, әбден қайыршыланғаны керек, сонда ғана байлар (ұры-қарақшылар) байый түспекші...
Әйтпесе 35 мың деген не, ақша ма, шенеуніктің ресторанға бір кіріп шығуына де жетпейді! Мен айтар едім, Назарбаев мырзаны тым болмаса 6 айға осы 35 мың теңгеге тіршілік еткізіп көрсе деп.
Орыстар айтпақшы "кожа да рожа" қалар ма еді?..
Пікір алмасу

Кімнен: Erasyl Қайдан: VKO
09.05.2012 22:02
+0 / -0
Жалпы мұғалімдерді кіналаудың да шегі бар. Кесел билікте. Мектеп директоры әкімдер неге ауыспайды? Өйткені биліктің өз ойын асыруына олар жағдай жасайды. Мысалы сайлаудан кейін бюллетендерді аудан орталығына апарды. Бірақ олар санаган да жок. 100 процент нур атан деп апарды. Бирак оларға ягни аудан әкіміне тапсырма келген болуы керек "ұяты оянған" нурекен баска партиялардын да отуін тапсырма берген болуы керек протоколдарды кайта толтыртты. 90 нурекене тиісті болса калган нанды баскаларга болди. Бирак халык дауыс бергели журген Руханиятты шығарып тастауы жанға батты. Сонымен сайлау комиссиясы сайлау-шоуға бақырайып қарап еріксіз толтырып кері қайтты. Нұрағаның телешоқпары сайлау әділ өтті деп жер-жерге жариялап жатты. Не істейсің? Нұр отанның ішідегілері де мойындайды арттарынан күмпілдеп қояды. Кейбіреуі өздеріне ұнағандарды өткізіп жатты. Орын сатылса да әділеттің түбі бір болары сөзсіз. Аллаға аян бәрі. Дүниені, ақшаны тонағанмен өзімен бірге әкете алмайтынына көздері жетпеген болуы керек сірә. Атақ пен даңқтан не пайда, халқың аш-жалаңаш отырса. Аузы қисық болса да Нұр атаңдықтар сөйлесін. Түбі бір әділдік орнайды. Үміт үзбеңдер!

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
07.05.2012 11:36
+0 / -0
менің жалақым 1 ставка және қосымша жұмыс атқара отырып екеуін қосқанда 40мың аламын, мемлекеттік қызметкермін. Жалғыз басты анамын, балам мектепте оқиды, пәтер жалдап тұрамыз. Отын, көмір сатып аламыз. Күнделікті жұмысаралық қоғамдық көлікке жол ақысы бар. Свет, телефон тағы бар. Осы 40мыңнан балам екеумізге 5мың қалады. Әрбір тиынды үнемдеп өзім таңертең 7-де үйде тамақтанып содан кешке дейін тамақ ішпей жұмыс істеймін. Егер обед ішсем ертең балам аш қалады. Осы жалақымен Назарбаев тәжірибе үшін неге бір ай өмір сүріп көрмейді екен. Балам екеумізде анемиямыз. Ал теледидардан күнде халықтық жалақысы жақсы 120-130мың дейді, оны қайдан алып отыр. Бәрі қымбаттап жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
07.05.2012 14:21
+0 / -0
жақында Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелімен соттасып жатқан даулы ісі шықты. Болат бұрынғы әйелін өзінің АҚШтағы 20 млн. долларға сатып алған үйін заңсыз иемденіп алды деп сотқа берген болатын. Оның бір ғана АҚШтағы үйі 20 млн. доллар тұрса, Қазақстандағы дүниесі қанша тұрады десеңізші?!

мұнай мен алтынның қызығын НӘН мен оның туыстары көріп жатыр,. сіз бен біз сияқты қарапайым халық солардан қалған сүйекті қанағат қылып отырмыз..

Кімнен: Жебе
07.05.2012 15:04
+0 / -0
Мұғалимдерге көп еңбек ақы беретіндеи Отанға , халыққа еш еңбегі сіңген жоқ . Бар жұмыстары өтірік білім беріп президентті мақтау . Саилауда Отанды қиналмай сатып жүре беретін екі жүзділер . Еңбектері тек билікке жағыну , оқушылардан ақша жинау сылтау көп мектептің ремонты деиді апаидың , ағаидың туған күні деиді әитуір . Саилау болатынын естісе мәз болысады , қалталарына ақша түсетін болғасын . Жалпы бюжет қызметкерлері көкеміздің табанын жалаитын нөкерлері . Бұлар кәзіргі жүиенің құрбаны болып кеткендер , аяуғада тұрмаиды даттауға жаратылғандаи .
Пікір алмасу

Кімнен: Сержан Қайдан: Алматы
07.05.2012 15:58
+0 / -0
Мен озим мугалім емеспін.бірак мына пікірінізге косыла алмаймын.Мугалімдердің барлығына мундай кара күйе жагуыңызға калай дәтіңіз барды.Біріншіден мұғалімдер жетіскеннен акша жинамайды,Мундай әрекетке мектеп басшылыгын кіналауга болады.Екіншіден мұғалімдер биліктің нөкерлері емес,Барлығы бұйрыкқа бағынады,егер буйрыкты орындамаса жеп отырган нанынан айрылады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.05.2012 21:36
+0 / -0
нанды сонда мұғалімдер ғана жеу керек пе,баланы әжетқанаға тастап өз өзіне кол жұмсау көбейіп кетті 95% дауыс жинапберушілерсіңдер кіналарың бар
Пікір алмасу

Кімнен: ара! Қайдан: ұядан
07.05.2012 16:49
+0 / -0
жебемен толық қосылам мен!
Пікір алмасу

Кімнен: Ерасыл Қайдан: ВКО
08.05.2012 08:07
+0 / -0
Иа бауырым не дегин келип отыр. Мен де негізінде казіргі билікке көңілім толмайды. Мугалиммин. Бірак копке топырак шашпа. Обалына каласын. Бизди де уркитип силкитип нур отаннын партиясына отиндер деп жумвстан шыгасындар деп кинады. Бирак мен отпедим. Ештене істей алмайды кур уркитип сілкілеу гана. Мектепте Конаевтын док фильмин корсетемин деп басым палеге кала жаздаганы да бар. Онда Назарбаев предатель своего народа деген создер айтылды да окушылар аягында ангармады бирак директор ангарып корсеткен кисилерге выговор берди. Ол арине озинин креслосын ойлап отыр. Жалпы басшылар коп ауыспайды. Ойткени олар биликтин куыршактары. Акимдердин де жиналысына барып корип журмиз айтеуир спектакль. Коринис койылым. карнын ашады. Енди мысалы мектепте кыздар аягы ауыр болатын болса таякты тарбие исинин менгерушиси мен сынып жетекшиси жейди. Директорга тук болмайды неге? Осындай окиганы да оз козиммен кордим. Тук истемесн де мектепте кешке дейн салпактауын керек. Оздери тук бермейди Сурайтыны одан да коп... Бир нарсе мектепке аперетин болса Интернетте багасы 100000 тенгенин нарсеси 400000 мын болып корсетиледи Бул не деген сумдык! Аузынды ашсан биттин. Мектептер мулде жондеу кормеген. Мектеп кызметкерлери мен ата-аналар журет ремонттап. Тагы бир айта кететин жай ишим ашитыны Мугалим казир универсальный боп кеткен гой. 1 мугалимнин бойында коп жумыс илип тастаган. Мемлекеттик шенеуниктер список жинаса да мугалимнин мойнында. Мугалим - пожарный команда далада орт болса оширет. Мугалим мелиция ар баланын котин андып журу керек. Мугалим тагы тагы кете береди . Бул бассыздык кашан токтайды. Одан да жумыс истемей ак койганын жаксы. КОРРУПЦИЯ жайлаган бул мекенге кашан коктем келетини белгисиз арине...... Өкінішті.....
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 17:02
+0 / -0
Солай жалғастыра беріңдер! Жарайсыңдар! Сонда шындық жеңеді! Осылай жазып отырып, өзіңді ақтап алғың келе ме? Осы болып жытқан былықтарға мұғалімдер кінәлі! Себебі; мұғалімдер шындықты айтуға қорыққаннан, өсіп келе жатқан ұрпақты да солай тәрбиелеп жатыр!. Жебе дұрыс жазып отыр. Ал, сенікі дұрыс емес.

Кімнен: Жебе
07.05.2012 18:51
+0 / -0
Сержан Алматыға жауабым . Мен өзім мектеп саласында 15 жыл жұмыс жасап , басқа салаға ауыстым . Сондықтанда былықтардың барлығын сенен жақсы білемін .Мұғалимдер жетіскеннен ақша жинамайды деисің , бұл жерде оқушылардыңда , ата аналардың қандаи кінәсібар олардан ақша сұрауға , ондаи билікті кім берді , кешегі саилауда НұрОтанға алды , артын ашып берген сенген партиялары қаида , бұл жерден жемқорлықтың иісі шықпаидыдеп аита аласыңба . Басшылық ақша жината алмаса сол үшүнде жұмыстан шығара қоимас , әңгіме басқада . Мұғалимдер биліктің нөкерлері емес деисің , кешегі саилауда елімнің ертеңін , болашағын ұрлап көзге түссе кімдеуге болады , бұл таза сатқындыққа жатады . Ұрпақтың санасын улап шындық аитылмасада кінәлі емеспе күнде санаңа бір адамды мақтап күн көсемге балап , онсыз өмір жоқ екенін аита берсе мененгит болып шығатының анық Ондаи білім алған ұрпақты көз алдыңа елестетіп көрші . Бұл ағаштың тамырына құрт түскенмен бірдеи . Келешек ұрпақты жалған біліммен улау кешірілмеитін азап . Бүитіп масқара болғанша жеп отырған нанынан аиырылғаны жақсы емеспе . Билік бұл саланы паидаланатын қаруы ретінде ұстап отыр . Бұл салада әділдік жоқ , жаны арыда таза адамдар бұл қызметтен кеткені қашан . Алған білімің өмірлік азығыңдеп жатады , қортынды шығара беріңіз адасқан ұрпақты дұрыс жолға салудың қандаи екенін , бұл қазағымның өлгені емеспе . Бұл Қазақстанда Назарбаевтар династйасын орнатуға жасалынған қадам . Мені дұрыс түсінген , қолдаған Ара бауырыма рахмет аитамын .
Пікір алмасу

Кімнен: Ақиқат
10.05.2012 11:07
+0 / -0
ғылыми институттардағы ғалымдардың мақсаттары ғылым ойлап табу емес, айлық өсе ме жоқ па сол! Қайдан ғылымды ойласын жалақысының түрі 25-35 мың теңге болса. Ғылымға көңіл бөле ме әлде бала-шаға асырай ма?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?