Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 20:26


САЯСАТ

Тоқтар Әубәкіров: «Азат» ЖСДП қатарынан шықтым

Жұма күні Қазақстанның мемлекеттік арналары қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, саясаткер Тоқтар Әубәкіровтің ЖСДП қатарынан шыққандығын хабарлады. Ол мәлімдемесінде "тұңғыш президенттің командасында болғым келеді" деді.

Тоқтар Әубәкіров ЖСДП-ның сайлау қарсаңындағы съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
Тоқтар Әубәкіров ЖСДП-ның сайлау қарсаңындағы съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Өз мәлімдемесінде Тоқтар Әубәкіров "қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер" атанғаны үшін президент Назарбаевқа "қарыздар" екенін айтты. Назарбаевты өзін "ғарышқа ұшыру үшін Кеңес Одағы басшылығының алдында табандылық танытқанын" айтқан саясаткер:

Мен ең жоғары марапаттар мен атақтарды алдым. Президенттіміздің арқасында халықтың құрметтіне бөлендім, - деді.

Тоқтар Әубәкіров "бірінші президенттің арқасында саяси қайраткерге айналғанын", "үш рет парламент депутаты болып сайланып, әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарғанын" да еске салды.

Ол әу баста «Азат» ЖСДП-ға кіру себебін "бұл бірлескен партия өзінің алдына қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұстарын дамыту бағдарламасын құру туралы мақсат қояды деп шын сендім" деп түсіндірді.

- Партияның мақсаты - қазіргі билік пен Президентке қарсы шығу емес, керісінше, халықтың игілігі үшін ортақ стратегиялық мақсаттарға жетуге үн қосу болуы керек. 
"Азат" ЖСДП президиумы мүшесі Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) пен осы партияның басшысы Жармахан Тұяқбай сайлауға байланысты өткен конференцияда отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл."Азат" ЖСДП президиумы мүшесі Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) пен осы партияның басшысы Жармахан Тұяқбай сайлауға байланысты өткен конференцияда отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.
x
"Азат" ЖСДП президиумы мүшесі Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) пен осы партияның басшысы Жармахан Тұяқбай сайлауға байланысты өткен конференцияда отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.
"Азат" ЖСДП президиумы мүшесі Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) пен осы партияның басшысы Жармахан Тұяқбай сайлауға байланысты өткен конференцияда отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.
«Азат» партиясының стратегиясында қарапайым халықтың жағдайын жақсартып, мемлекетті табысты дамытудың нақты жоспары болған жоқ. Сондықтан да, мен «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шықтым, - деген Тоқтар Әубәкіров өзін "үлгі етіп осы партияға өткен адамдардың бәрінен" кешірім сұрады. 

Тұңғыш қазақ ғарышкері "20 жылдағы тәуелсіз Қазақстанның табысы толағай" екенін, "тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен" екенін айта келе:

- Халық өзінің көшбасшысын жақсы көреді. Бұған президенттің және парламент мәжілісі депутаттары сайлауларының қорытындылары дәлел болады. Сайлау кезінде халық тұңғыш президенттің бағытын қолдап, зор сенім білдірді, - деп ой түйді.

 
Тоқтар Әубәкіров президент Назарбаевтың "мына алмағайып заманда Қазақстан табысты, бақытты және еңсесі тік мемлекет болуы үшін бәрін жасап жатқанын",  
Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен бірге тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен бірге тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
x
Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен бірге тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен бірге тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
"оның отан үшін істеген жұмысы халықтың тарапынан қолдауға лайық" екенін айта келе:

- Бүкіл қазақстандықтарға үндеу жолдай отырып, елдің болашағы үшін өкпе-реніш пен саяси амбицияларды қалдырып, президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасына бірігуге шақырамын, - деді.

"Бүкіл Қазақстан халқын күш-жігері мен білімін және тәжірибесін Отанға қызмет етуге, гүлденген Қазақстанды құруға жұмсауға шақырған" Тоқтар Әубәкіров:

- Мен бұл іске тікелей атсалысып, тұңғыш президенттің командасында болғым келеді! - деп аяқтады.

«БАТЫРЛЫҚ ПЕН САЯСАТ»

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин ойынша, «Алдында билікті сынап, Назарбаевқа қатысты тым қатты болмаса да шет-жағалап сын айтып, енді келіп «түбегейлі оны қолдаймын» дегені, әсіресе Жаңаөзен оқиғасынан кейін бұлай сөйлеуі Тоқтар Әубәкіровтің беделіне нұқсан келтіреді».

Ол Тоқтар Әубәкіровтің «Азат» ЖСДП-дан шығып, президент командасына қосылдым» деп мәлімдеме жасауының екі түрлі себебі бар деп болжайды.

– Өздері ашық айтпағанмен, ЖСДП-дағы іштен бөліну жайлы әңгімелер бір себеп болуы мүмкін. Ол партияның ішіндегі былықтарды, сайлау кезіндегі істерін көріп 
Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан оралған кезі. 10 қазан 1991 жыл.Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан оралған кезі. 10 қазан 1991 жыл.
x
Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан оралған кезі. 10 қазан 1991 жыл.
Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан оралған кезі. 10 қазан 1991 жыл.
жүргеннен кейін әлгіндей шешімге келген болар. Екіншіден, Ақ үйдің адамдары онымен дұрыстап «жұмыс істеген» болуы керек. «Оның командасында боламын» дегенінен қарағанда қызмет уәде еткен болуы мүмкін, – дейді саясаткер Жасарал Қуанышәлин.

Ғарышкердің «әу баста ЖСДП-ға барғаны қате болғанын», бұл «Тоқтар сияқты тұлға баратын партия емес екенін» айтқан Жасарал Қуанышәлин:

– Тоқтар Әубәкіров ұшқыш ретінде, ғарышкер ретінде, сөз жоқ – батыр. Бірақ өте нашар саясаткер. Оны әркім әр жағдайда пайдаланды – ол сол пайдалануға көнді. Қазіргі жағдай – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, – дейді.

Ал саясаткер Петр Своик Тоқтар Әубәкіровтің "осындай мәлімдеме жасардай жағдайға тап болғанын" айтады.

- Оған сәттілік тілеп, қиындықты жеңсін дейміз. Ол жаңалықты "Хабардан" бүкіл елге жариялағанының өзі ЖСДП-ның маңызды екенін көрсетеді, - дейді Петр Своик.

Азаттық тілшісі Тоқтар Әубәкіровтің өзіне де хабарласқан еді. Бірақ ол «бәрін айтқанын, кешегі шешім туралы ештеңе демейтінін» мәлімдеді. 

Тоқтар Әубәкіров (1946 жылы туған) - Совет Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы. Ол  1991 жылы қазанның 2-сінде ғарышқа көтеріліп, қазақтан шыққан тұңғыш және СССР-дің соңғы ғарышкері атанды.

2009 жылы ЖСДП қатарына қабылданған Тоқтар Әубәкіров 2012 жылы қаңтарда өткен парламент сайлауына ЖСДП кандидаттарының бірі ретінде ұсынылған.

Мәншүк АСАУТАЙ

1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 
Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
20.04.2012 23:54
+0 / -0
Егер бұл хабар шын болса , айтарым " Сенген қойым сен болсаң күйсеген аузыңды ...................... !
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 14:52
+0 / -0
Айтқаныңызға қосыламын, одан да үн-түнсіз шығып кетуі керек еді.....
Пікір алмасу

Кімнен: кухня қобландысы
22.04.2012 12:53
+1 / -0
Тоқтар кетсе кете берсін оған неге қайғырып отырсыңдар? Оппозицияда жүргенде қиратып бітіргені де шамалы еді, көлеңкеде жүретін еді ғой күңкілдеп "қатты айтып қойған жоқпын ба" деп, меніңше батыр Тоқтар емес Болат Атабаев пен Жасаралдар нағыз батырлар, ал Тоқтар жәй продажная шкура емес пе. Тоқтар жәй професионалды ұшқыш, жолы болып ғарышқа сапар шекті сосын қазекем көтермелеп кетті батыр батыр деп, егер батырлық ғарышқа сапар шегумен өлшенетін болса ондай "батырлар" жанымыздағы Ресейде қоғадай жапырылып жатқан жоқ па пачкалап, аттары мен пәмилесін есте сақтап болмайсын олардың тіпті. Шыны керек Тоқтар оппозицияда билікпен саудаласу үшін жүрді қашан шақырып қалады дегендей алаңдап оның оппозицияда жүріп билікке қатты сөз айтпай оппозиция лидеріне айнала алмауы да осыны аңғартады әйтпесе ол оппозицияның лидеріне айналып халықты соңыма ертемін десе бар мүмкіндігі қолында емес па еді. Әй қазекем ай аңғалсың ғой еңсегей бойлы адам көрсең батыр батыр деп шыға келесің, батырлықтың да қазіргі заманымызда өзгеріп кеткенін аңғармайсың батырлық деген қасиет те өзгерді ғой қазір ондай батырларды Жаңаөзен жақтан қараңдар ертеңгі тарих сол жақта жазылып жатыр батырлар сол жақта жүр
Пікір алмасу

Кімнен: Әл
23.04.2012 04:26
+0 / -0
Одан сатқындықты күтпеп едім. Сатқын болып шықты.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақиқат Қайдан: Ел
23.04.2012 10:57
+0 / -0
Кім біледі Зәкең мен Алтекеңнің артынан кетесің деп ескерткен шығар!!! Көріп отыр ғой ол, халықтың сыйқын, мерт боп кетсе іздеп жоқтайтын ешкім болмайтынын!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Тимур Қайдан: Елден
23.04.2012 10:48
+0 / -0
Құқрметті халайық. Осы кісігенің атына жаман сөздер айтпай-ақ қойған дұрыс. Өзінің көзқарасы солай шығар, кім біледі. Оппозицияға барып халықтың қамы үшін біраз жыл жүрсе де оны қолдаған халық болған жоқ қой! Халқына өкпелегені шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 11:03
+0 / -0
Саяси салдақы де!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 23:57
+0 / -0
Мынауың бір жынды ғой! кеше былай, бұгін былай сөйлеп, жән керек екенін білдірген ау біреулер!
Пікір алмасу

Кімнен: Казак азаматы Қайдан: Атыраудан.
21.04.2012 00:28
+0 / -0
бул не биресе бие. биресе туйе болып жур, ауелден ак суйкимсиз коринип еди осы киси. Коп акшага сатылган гой саткын. Алла жазасын берер саткыннын.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
21.04.2012 01:00
+0 / -0
Саясат Тоқтардың қолы емес еді, ол оны кештеу болса да түсінді. Ол - кешегі КСРО-дағы, бүгінгі біздегі сирек ғалымдардың бірегейі. Мен оған осы партияға келгеніне екі апта болғанында сайт арқылы хат жазып: саясатты қой, басқалар да жетеді, сен үлкен ғалымсың, мамандығың бойынша кітап жаз, ғылыммен шұғылдан, халыққа пайдаң сонда көп тиеді дегенмін. Енді мына қадамын құптап отырмын, Тоқаң таза ғылыммен айналыссын, берген тиісті қызметін атқарсын,кітап жазсын, тек анау Әбіш, Олжас, Мырзатай, Ертісбаев, Тоқпақбаевтарша... президентті қолпаштай көрмесін! Тоқтар, осыны ұмытпа! Олжас Сүлейменвше, Ертісбаевша президенттің айтқан арзан сөздерін қайталап шатыспа, өйтсең, халықтың құрметінен айрыласың!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 04:45
+0 / -0
Осыдан кейін кімге сенесін. Шетінен сорлы, етек басты ездер. Токтарды батыр деуші едім.
Пікір алмасу

Кімнен: Атыраулық
22.04.2012 13:51
+0 / -0
Батыр деуге асықпайық, қатын болар расында!
Қатын деуге асықпайық, батыр болар расында!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 00:27
+0 / -0
немене бале, батырларымыздың бәрі хамелеон болып кеткен бе? кеше басқаша, бүгін басқаша сөйлейді. Қайран Шәкәрім атамыз, қалай дәл тауып айтқан десеңізші: "Кімде болса шын мінез,. Болмас онда екі сөз. Өлтірсе де көзбе-көз,. Иманын сатып алмас бөз". Қап, деп іштен жылағаннан басқа не істейін

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
21.04.2012 00:35
+0 / -0
Мұндай сөздерді Тоқтар емес, Жармахан айтып жатса сенер едім, мынаған сене алар емеспін. Мына заман не болып кетті өзі? Жүрген бір хамелеон болды ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 20:34
+0 / -0
Жармаханның да айтатын кезі алыс емес. оның кім екенін ел біліп үлгерді. енді Әлихан секілді партияны біреуге сататын уакыты келді
Пікір алмасу

Кімнен: Тимур Қайдан: Елден
23.04.2012 11:05
+0 / -0
Бұл ағамыз Алтекең мен Закеңдер сияқты құрбан болып кеткісі келмеген екен. Дұрыс істейді!!! Ұлым демейтін халықтың қамын жеп қажеті жоқ!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 00:36
+0 / -0
Көргенсіз адам болып шықты-ау...

Кімнен: Бахытжан
21.04.2012 00:38
+0 / -0
оибу оибайяй масқара болдау плотно лақтрып кеті

Кімнен: Алматыдан
21.04.2012 00:47
+0 / -0
Бәріңізді басшымыздың айналасына топтасуға шақырамын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 00:50
+0 / -0
180 градус айналатын адам бір болса қу, бір болса сұм, бір болса керемет әулие, бір болса керемет жынды.

Кімнен: Уяты бар казах Қайдан: Казахия
21.04.2012 00:59
+0 / -0
Айй Тоқтар Аға жо жоқ аға деп сыйлаудан калдым қара халыктын біреуі болсам да кеше алай-бүгін былай мұныңыз не ? аитыңызшы Халық үшін жан пида емеспе Тек қана халықтың сөзін сөйлеңізші
Ұлтым деген Бекболатсыз Тоқтарсыз
Мажілістің сәні барма ағайын дегендей
тек Халық деп соқсыншы жүрегіңіз басқа еш нарсе керек емес

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 01:15
+0 / -0
Мен бірде танымал үлкен бір қайраткер ағамен сөйлесіп отырғам. Ол маған: "бір игі іс бастап едік, танымал ағамыз кедергі боп тұр. Ұялмай ол да откат сұрайды. Мен сол откат сұрады дегеде ұяттан өле жаздадым" деді. Мен: " ол кім?" деп сұрадым. Ол кісі: "сенен ұят айтсам, өзін бүкіл қазақ ардақтайды. Кәдімгі тұңғыш ғарышкер ағаң Тоқтар" дегенде талып қала жаздадым. Ақтамақ боп біраз нәрсе айтып көріп едім, ана ағам "Өзің білерсің. Ондай тұлғаның абыройын төгу дұрыс емес. Бірақ бұл оқиға менің де мазамды қашырып, болашақтан түңілуге айналдым" деді. Ішімде қыжыл кетті. Жартылай сеніп, жартылай сенбей жүрдім. Мына мақаладан соң ол ағама толық сендім. Мынау да екіжүзді мұнафық боп шықты. Кеше балама мектепте қазақтың тұңғыш ғарышкері деген тақпақ жаттатқан екен. Бекер болған! Балама обал. Бейшара балам кімдерді идеал тұтып өседі енді? Абайдан да атақты ғой бұл кісі бұл күндері.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 01:17
+0 / -0
Ие-е, бұрын жылқы бақтым, енді ұрыотанның есегін бағам деп турасын айтсаңшы, бос баклажкадай бұлтақтамай. Мусабаевің бұрыннан сол қорада, Б.Ертаев, Б.Смағұл, енді мынасы қосылды, әй тексіз ит-ай, кетсең алды-артыңа бір уыс топырақ, халықты қырып жойып қанға бөктіріп отырған саясатты қолдайым, осында бірігің деп не көрінді. Жоқ әлде ату-шабу, зорлап-қорлау курсын ашып, елді соған баулымақсың ба, осындай жетесіздерді батыр деп басымызға көтеріп жүрген бізді ұрып өлтіретін адам жоқ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 01:27
+0 / -0
Тоқтар аға! Ақыры қорыққан екенсіз Әбіш ағамыз секілді қолынан сүю керек еді. Сонда "Халық қаһарманын" алып кетер едіңіз. Өзіңіз мойындапсыз ғой Кеңес Одағының батыры деген атақты НӘН-нің арқасында алдым деп. Не болса да Батыр деген атыңызға дақ түсті. Бұл қылығыңызға кейінгі ұрпақ қандай баға беретінін уақыт көрсетер. Енді халық алдына шықпай-ақ қойсаңыз да болады.

Кімнен: ангал Қайдан: атырау
21.04.2012 01:42
+0 / -0
мына батыр агага не болган ? сумдык кой мынау! мумкин емес.... ол киси мынадайга бармауы керек, енди бир куни Атабаевта осылай десе, не бетимиз калады адамдар ау.????

Кімнен: тілеулес Қайдан: тараз
21.04.2012 06:40
+0 / -0
ойбай не болып кетті бұл өзі,батыр деген осындай болса,онда жай адамдар кімге қарап түзеледі,егер осы айтып отырғаны шыны болса жеткен жеріміз бен көрген күніміз белгілі болды, әлі де сене алмай отырмын,бір ұйықтап тұрайын мүмкін бұл түсім шығар,

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
21.04.2012 08:19
+0 / -0
"Мен Қазақстандағы өлім жазасына азғана мароторий жариялап, Жаңаөзендегі мұнайшыларды атқандарды аттырар едім" деп ең. Нағыз "атысатын" жерге барыпсың. Байқа, ойлама, Назарбаев сол сөздеріңді "ұмытып" қалады деп. Назарбаев сенің сөздеріңді қазіргі тағынан екі аяғымен есіктен шығарылғанға дейін ұмытпас. "Ұшып" кетіп жүрме бір күні.

Назарбаев "мені ғарышқа ұшыру жөнінде Кеңес Одағының басшыларының алдында қатты табандылық жасады" депсің. Ол кезде оның басында "Осынау байлығы мол жерді қайтсем "жекешілендіреп" аламын деген құйтұрқы ой жатқанын" дер кезінде түсіне алмағансың-ау шамасы? (рас ол кезде мұндай ой көпшілігімізде бар болатын)
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрым
21.04.2012 09:29
+0 / -0
Басқасы басқа сайлау туралы айтқандарын естіген соң не дерімді білмедім бір шантажға ұшырады ау шамасы ол кісі
Пікір алмасу

Кімнен: Алмас Қайдан: Алматы
21.04.2012 10:11
+0 / -0
Кеше экраннан көрдім : міскін адамша мөлиіп, өзін өзі зорлап, әрең сөйлеп тұрды. Қанша ұятсыз болса да, адамға оңай емес қой: кеше мен басқа Тоқтар едім, бүгін мен ол Тоқтар емес, мүлде басқа Тоқтармын деп көлгірсу, сөйтіп, өзінен өзі бас тарту. Біздегі сайлаулардың қалай өтетінін қалай өтетінін біле тұра, Назарбаев 95 пайыз дауыс алды, халық оны құрметтейді дейді. Ұят, ұят емес пе. Соншама құлдырап не болды. Финполиция пәле осы кісінің бірдемелерін тексеріп жатқан жоқ па екен.
Батырларымыз бір бірінен өткен : Ертаев, Смағұл. Тоқпақбаев... Президентті мадақтау жөнінен осылардың арасында жағымпаздық жарыс өткізілсе, бас жүлде үшін жан берісіп жан алысар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Жәй қазақ Қайдан: Алматы.
21.04.2012 11:16
+0 / -0
Осыдан жарты жыл бұрын Навальный дегенді Ресей түгілі Мәскеудің өзі білмейтін.10000-даған журналистерді азды-көпті біледі.оны көпшілік танымайтын.5-қаңтардағы мәскеудегі митингіден кейін оны әлем танитын,Ресейдегі кез-келген топ санасатын дәрежеге бірден жетті.Желтоқсаннан бастап Ресейде ар апта сайын болып тұрған митингілер Навальныйды Ресейдің,орыстың сүйікті ұлдарына айналдырды.Осы марттағы жарияланған "әлемдегі ықпалды 100 адам" санатына Ресейден 2 адамПутин мен Навальный кірген.20-жыл бойы партия басқарған Зюганов,жириновскии жоқ.Қалған 14 республиканың ішінен президенттерінен бастап ешкім жоқ.Қазір ақпарат заманы. жылдамдық заманы.Біздің де бабаларымыз ертегісіндей сағат сайын өсетін елін сүйген ұландар күн санап көбейсін.Жармахан ба,тоқтар ма,басқасы кете ме,оларға иек артудың керегі жоқ.Жалынды жастар көбейсін.Халқы үшін отқа түсуге әзір өз Навальныйларымыздың ондағаны бірден шықсын.Алға Қазақтар!Алға азат оилылар! Алға30-37 жылдардың сойқанына қарамай алға ұмтылған Алаш арыстарының ізбасарлары!
Пікір алмасу

Кімнен: АДАЙ Қайдан: түбектен
21.04.2012 11:50
+0 / -0
Әй бәсе, сатылмаған не қалды, қазына байлық сатылды, жер-ана сатылды, енді кейбіреулер арын да сатты, бірақ осындай кісі арын сатады деп ойламаппын. Батыр деп жүргеннің бәрі сатылды, тұлпар деп жүргеніміз мәстек боп шықты, қыранымыз боқ шұқыған бос кеуде қарақұсқа айналды. Мөңке би, Асанқайғы бабаларымыздың болжамы шындыққа айнала бастады, негізі бұл қазақ тумысынан азғын, сатқын, бос мақтан, ұлт болып қалыптаспаған тобыр-ау деймін. Той - садақада ата-бабаларын мақтағанда төрткүл дүниені билеген баһадүр қазақтар екен деп қаласың, зәті қолына қорағаш алып ауылды айнала шапқан есалаңды батыр дей берген-ау деймін, рас болса сол шалдардың сідігі суға айналып кетуі мүмкін емес қой. Билігі бар біреу бірдеме десе ышқырды түсіріп, тізерлей шынтақтап тоңқая кетеміз, әу дейтін дәрмен жоқ, ұрды, соқты, соттады, атты, болмағасын күні кеше топ-тобымен сатырлатып қырып салды - ләм-мим, енді не істеу керек бізге? Ей Алла, бір-бірінің жүнін жеп, құлап қалғанын үстінен басып тұра беретін қоймінез қылып неге жараттың бізді, мен қазақпын деуге ұялатын жағдайға жеттік, әлгі "казахстанец" деген паспорт беріп тезірек тындырса екен, бір өліп тынатын күнде өлгенше. ("Жаны күйген - тәңірісін қарғайды", қайбір жетісіп отыр дейсің, іш қазандай қайнайды - қолдан келер дәрмен жоқ).
Пікір алмасу

Кімнен: тұлға Қайдан: жайлау
21.04.2012 12:52
+0 / -0
Арыс, осы байқаймыз мына кісінің айтқанынан соң, үміт сізге ауған сияқты... әзірше сөзіңіз бұзылған жоқ , сөзіңіз көпті көрген қарияның сөзіндей.... тек сізде сатып кетпеңізші !!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.04.2012 20:50
+0 / -0
Сіз дұрыс айтып отырсыз ондай болса қазақ болып не керек біз кім болатынымзды анықтап алуымыз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
23.04.2012 15:38
+0 / -0
осындай масқара дәрежеге дейін басын идіріп төмен түсіргені оған жетеді.

Кімнен: Ақыл-парасат Қайдан: Қазақстан
21.04.2012 09:23
+0 / -0
Тоқтар аға өте дұрыс қадам жасапсыз. Өткен сайлауда халық даусын ала алмаған псевдооппозициялық ЖСДП сияқты ұйымнан кеткеніңіз өте дұрыс. Әрекетке жоқ, құр халықты алдаумен айналысатын, бір-бірімен қашпаған сиырдың уызына бола таласып жүрген бұл қиқымдардан кетіскеніңіз өте дұрыс бопты. Жарымаған-Хан адамдардың сенімін оята алмады. Президенттік сайлауда да баяғыда төмен көрсеткіш көрсеткеннен-ақ орнын жастарға беруі керек еді. С.Әбділдин ақсақал сияқты әдемі қартая білу керек қой. Қандай болмасын креслосүйгіш адамдардан шаршадық. Бойында қуаты бар, жанып тұрған жастарды қою керек оппозициялық партияларға. Экс-шенеуніктерге халық оңай сенбейтін болды ғой. Сіздің көзіңіздің кеш болса да ашылғанына қуанып отырмыз. Нәтиже бермейтін іспен айналысқанша тікелей бойыңыздағы қабілетті халқыңыздың игілігіне жұмсаңыз! Шын ниетпен тілеулес жай халық өкілінің бірі.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
21.04.2012 10:00
+0 / -0
Мына хабар есеңгіретіп тастады. Уақыт өзі төреші, артын баққанымыз жөн шығар...
Осылай құбыларлық не күн туды екен әзиз көретін ағаның басына деген ой мазалап отыр. Мұқалмас батыр дегеніміз жаңсақ болғаны ма, қайран қазағым-ай, қайтейін-ай!

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
21.04.2012 10:26
+0 / -0
"Аға" деп үлкен құрметпен атыңыз аталатын адамдардың бірі едіңіз, не ойларымды білмей отырмын. Онсыз да жабырқау көңіліме сызат түсірдіңіз.
Ағайындар! Бірақ бұған қаймықпаңыздар! Қазақ халқы батырдан қай кезде де кенде болған емес, шын батырлардың туатын, олардың халық жағына шығатын күні туады әлі!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 10:32
+0 / -0
Мақтағанымыз нағыз "тойда" осырды. Сын сағатта не де болса өзінің шын жүзін көрсетті. Оған да шүкір, қой терісін жамылған қорқау арамыздан аластады. Қазақ батырға кенде емес. Нағыз батырлар түнектің тығынын атып шығар, әлі-ақ! "рас ол кезде мұндай ой көпшілігімізде бар болатын" деп, өз ойынан хабар беріпті Арекең. "Қалған ғұмырымда туған Задариямның нұрлы болашағына арнайын деп шештім. Өзінің тікелей көрсетуімен, тікелей нұсқауымен еңбегңмді ескеріп Задарияға әкім етіп қойған ҚРТПЕБма құлдық" деп жүрмесін, бір күні, біздің Арекең де. Еее, заман айии!
Пікір алмасу

Кімнен: Нурлыбек Қайдан: Казалы
23.04.2012 10:05
+0 / -0
Негизи енди жастар оппазицияга карсы митинги откизу керек булай еки жуздилкпен айналысатындар керек емес орындарын ултшыл жигерли жастарга берсин бул кисилерден енди ештене кутудин кажети жок

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 10:52
+0 / -0
Халык арасынан естуім бар карапаиым турады деген Токтар
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: Ақтаудан
21.04.2012 19:14
+0 / -0
Мен де кеше сенер сенбесімді білмей дал болып едім,жалған шығар деп рас екен.Тоқтар ағаның бір сөзін мақал қылып ел арасында айтып жүруші едім, енді айтпайтын болдым.Аға, түсінбедік ісіңізді!Кейін айтарсыз себебін анықтап...Не боп кетті дүние?
Пікір алмасу

Кімнен: қазақтың қара баласы Қайдан: қарағанды
23.04.2012 12:35
+0 / -0
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады. деген екен Мөңке би, басқа айтарым жоқ.....
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?