Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:32

САЯСАТ

Дәрігер Жәкішевтің денсаулығы туралы бұрынғы айтқандарынан бас тартты

«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты сот процесі дәрігерлік жанжалға ұласатын тәрізді.Танымал кардиолог Владимир Боборыкин топ-менеджердің денсаулық жағдайына байланысты осы ақпан айының басында сотта дәрігерлік куәлік бергенде қателескенін айтады.

Мәтін көлемі - +
«ҚАТЕЛІГІМДІ МОЙЫНДАЙМЫН»

Кардиология мен ішкі ағза аурулары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, кардиолог Владимир Боборыкин, 23 ақпан күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің денсаулығының нашарлығы туралы бұдан бұрын сотта айтқандарынан бас тартатындығын мәлімдеді.

Дәрігердің айтуынша, Жәкішев оның жеке қарауында ешқашан болмаған, бір мәрте ғана оның қан қысымын өлшеп көрген.

- Оның қан қысымы 200 де 110 болды. Бірақ қан қысымын өлшеу дәрігерлік қарауға жатпайды. Науқастың денсаулық жағдайына қатысты қорытынды жасау үшін амбулаториялық қағаз және науқасты жеке қарап шығу қажет, - деді Боборыкин.

Кардиолог Астана қаласы № 2 Сарыарқа аудандық сотына куәгер ретінде қатысуға барғанда Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев оған медициналық құжаттардың көшірмесін беріп, сол бойынша топ-менеджердің денсаулығына баға беруін сұрады деп мәлімдеді.

- Сот барысында мен судьяның және адвокаттардың көптеген сұрақтарына жауап бердім. Мен медициналық құжаттардың түпнұсқасы негізінде емес, көшірмесіне қарап жауап бердім. Көшірмеде мөр де басылмаған, - деді Боборыкин.

Адвокат Бейсекеевтің айтуынша, кардиолог-дәрігер Боборыкин сотта науқас өзінің қан қысымын қасақана көтере алмайтындығын айтқан, сол арқылы ҰҚК-нің дәрігері Ғалым Қалиевтің бұған дейінгі болжамын жоққа шығарған.

- Мен сотта негізcіз куәлік жасаған болып тұрмын. Бұл қателікті мен мойындаймын. Соған байланысты сотқа мен тарапынан қателік кеткендігі туралы өтінішімді жібердім. Егер қажет деп тапса, мен тағы тағы да Астанаға барып, дәлелді куәлік етуге дайынмын, - деді кардиолог-дәрігер.

Сонымен бірге, Боборыкин топ-менеджердің денсаулығын Астанаға барып тексеріп беруін «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақтылы Түменова мен Жәмила Жәкішева сұрады деп мәлімдеп отыр.

«ДӘРІГЕРГЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТКЕН»

Бұл ретте Жәмила Жәкішева, Азаттық радиосына берген сұхбатында, танымал дәрігерді Астанаға баруға ешкім күштеп мәжбүрлеген жоқ деген пікір білдірді.
- Ол кімді барып тексеретіндігін жақсы білді. Анализ құжаттары негізінде жазбаша қорытынды берді. Сотта ант қабылдап куәлік етті. Қалай мен үлкен кісіні Астанаға күштеп алып бара аламын? – деді Жәкішева.
Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.


Топ-менеджердің зайыбы кардиологтың өз ұстанымынан бас тартуына мемлекеттік орган ықпал етуі мүмкін деген болжамын білдірді.

- Менің пікірімше, ҰҚК оған қысым көрсетіп, оған осындай баспасөз мәслихатын өткізуге мәжбүрлеген. Өйткені дәрігердің сотта айтқандары ҰҚК-нің мүддесіне, атап айтқанда дәрігер Қалиевтің қызметіне кесірін тигізіп тұр, - деді Жәкішева.

Алайда Боборыкиннің өзі сырттан ешқандай қысым жасалмады деп мәлімдеп отыр.

- Маған жоғарыдан ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Одан қалды институт директоры менің Астанаға барғанымды білген жоқ, мен жеке тұлға ретінде бардым. Ол аз десеңіз, институт басшылығы менің бүгінгі баспасөз конференция өткізу туралы ұсынысыма қолдау көрсетті, - деді Боборыкин.

2009 жылы мамыр айынан бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында отырған Мұхтар Жәкішев өзінің денсаулық жағдайына байланысты ем қабылдауға мүмкіндік беруін сұрап, мемлекеттік билік органдарына бірнеше мәрте қайырылған болатын.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішевке толық медициналық көмек көрсетілуін «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақтылы Түменова, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, сондай-ақ басқа да қоғамдық және саяси партиялардың өкілдері талап еткен-ді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Нұрлан
23.02.2010 20:17
+0 / -0
Мұқтар Жәкішов Ресейдің Қазақстанда жүргізіп отырған саясатының құрбаны болып отыр. Жәкішовті түрмеге тығып Школьник Қазақстанның уран кен орындарын өзінің ресейлік күйеу баласына өткізіп отын. Неге біз қайдағы бір бобрыкиндерге сенуіміз керек. Осы қазақта дәрігер қалмаған ба өзі? Кардиологомыз да жо па сонда?

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Бетпақ дала
24.02.2010 01:02
+0 / -0
Саясат саласы қандай ұятсыздықтарға толы деші. Билікте ұят болмайды деген рас екен. Қандай ел заңға сай әділ сот қалыптастырады деші? біздің бұл сүйкімді еліміз осынау сүйкімсіздердің ұятсыздықтарының құрбаны болып, күн сайын мың өліп, мың тірілуде! Ал мемлекетке жанашырларға барар жер, басар тау жоқ. Бейне бір алып түрме дерсің! Ал түрмені қаптаған ордалы жыландар басқарады.!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
25.02.2010 12:06
+0 / -0
Саясат қызықтырмайды мені .Бір білерім , қандай уақытта да бұндай екі беткей,өзінің не сөйлеп ,не істеп жүргенін білмейтін адамдардың әрбір жерге ылаңын тигізбейтіндей жасау керек .