Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:38

САЯСАТ

Алматыда "Назарбаев, кет!" деп ұрандады

Ақпанның 25-і Алматыдағы Абай ескерткіші маңында "Қарсылық жиыны" өтті. Бұл шараға келерде бірнеше саяси белсенді ұсталды. Жиынға жүздеген адам жиналып биліктің әрекеттерін айыптады. Митинг екі сағатқа созылды. Жиында "Назарбаев, кет!" деп ұрандағандар болды. "Қарсылық жиыны" басқа да қалаларда өтті.

Қоғамдық белсенді Саламат Омашев "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы. 25 ақпан. 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Бұл жолы полиция күштері Абай ескерткішінің түбімен қоса сол маңдағы алаңқайды да темір шарбақтармен қоршап тастады. Жиын тротуар жиегінде өткізілді. Жиынның соңына қарай үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полиция жасағы сақина құрап, жиналғандар шеңберін барынша тарылтуға тырысты.

Полиция күштері жиын басталғаннан бастап осындай шеңбер құрып тұрды. Олар шеңбер ішіне жиынға келген елді кіргізбеуге тырысты. Жиынға келгендердің кейбір шеңбер сыртында, көшенің қарсы бетінде тұрды. Өзара қол ұстасып тұрған полиция біртіндеп шеңбер аясын тарылтып отырды.

Жиынға барарында ЖСДП басшылары Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілев және басқа да саяси белсенділер ұсталып, ішкі істер бөліміне әкетілді. "Общественная позиция" басылымының басшыларының бірі Ермұрат Бәпи және Бақытгүл Мәкімбай да ұсталып, полиция бөліміне апарылды.

К+ тілшілері түсірген бейнетаспаны осы арадан көре аласыздар



Жиында қарапайым азаматтар, зейнеткерлер мен жастар сөз сөйледі. Олар биліктің саяси белсенділерді қамауға алғанын және Жаңаөзен оқиғасында елге оқ атылғанын айыптады.

Мұндай жиынды наурыз айының 24-інде өткізу белгіленді. Сол күні Жаңаөзен оқиғасына жүз күн толады.    

Алматыдағы жиыннан түсірілген видеокөріністі де осы сайттан көре аласыздар.

​​

Осымен қарсылық шеруі екінші рет өтіп отыр. Бұған дейін қаңтардың 28-інде өткен митингіге мыңға жуық адам келген еді. Онда жиналғандар сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуын айыптаған болатын.

Шеруде сөйлегендер белсенділер тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, қоғамдық белсенділер Серік Сапарғали мен Айжангүл Амированы, Болат Атабаевты заңсыз қудалауды тоқтатуды талап етті. Алдыңғы шеруде «Кедендік одаққа қарсымыз, авторитарлы Путин мен Лукашенколармен бірге өмір сүргіміз келмейді», «Ел тағдырын бір адам емес халықтың өзі шешсін», «90-шы жылдары жекешелендірілген ірі кәсіпорындар мемлекетке қайтарылсын», «Жаңаөзендегі қарапайым халыққа оқ ату – қылмыстың қылмысы» Қаншама халықты қырғызып қойып қарап отырмайық» деген ұрандар көтерілген еді. Қаңтардың 28-інде өткен алғашқы қарсылық шеруі тыныш аяқталғанымен, оппозицияның кейбір жетекшілері әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматыда ақпанның 25-і күні өткен жиынның толық видеосы:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 13:29
+0 / -0
Видео неге корсетпейдІ?
Пікір алмасу

Кімнен: жандарбек булгаков Қайдан: алматы
26.02.2012 12:58
+0 / -0
модернатор буны теледидардан корсетема??
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
26.02.2012 14:46
+0 / -0
Құрметті жандарбек булгаков,

ол жағын білмедік, бұл сұраққа жауапты телеарналардың өзінен білу керек шығар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 13:34
+0 / -0
неге видео трансляция жоқ?
Пікір алмасу

Кімнен: Азаттыққа Қайдан: Алматы
25.02.2012 15:11
+0 / -0
Құрметті Азаттық! ҚР көлемінде басқа қалалардағы және Алматыдағы митингілер туралы толық мәлімет бере аласыздар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
25.02.2012 16:31
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

сенбі күнгі жиын туралы толығырақ мақала мен видеоны сәлден кейін осы сайттан оқи аласыздар. Ал бүгін Астана мен Орал қалаларында да наразылық шаралары өткені туралы бұған дейін сол жерлерден Азаттық тілшілері твиттер арқылы жедел хабарлаған, Азаттық радиосының ақпаратын твиттерден мына адрес бойынша оқуға болады: https://twitter.com/#!/AzattyqRadiosy

Кімнен: Қазақ Қайдан: Алаңда
25.02.2012 13:44
+0 / -0
Байқаңдар тағы да Жаңаөзендегі сияқты автоматтан оқ жаудырып, қалғаныңды тықыратып қуып шықпасын.Бұлардан бәрін күтуге болады.Көрдіңдер ма, ана ескеткіш жаққа БТР алып келіп қойыпты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 21:09
+0 / -0
тарихта толенгыттер болган
Пікір алмасу

Кімнен: Бакытбек Қайдан: Алматы
25.02.2012 23:29
+0 / -0
Салам кадирлы казак ели биз бир-бирмизды жамандамай сокпей татыу татты омир суреиык брлык туби тырлык гой агаиндар!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 13:47
+0 / -0
видеоны калай көреміз?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 14:13
+0 / -0
Құрметті Азаттықтар! Осы жаңалықты кеңінен, толық жарияласаңыздар

Кімнен: жәй қазақ
25.02.2012 15:43
+0 / -0
"Қарсылық жиынының" еліміздің басқа қалаларында өткені қуанышты. Осылайша өз пікірін білдіру ұлғая бермекші.

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
25.02.2012 16:03
+0 / -0
Халықтың жауы-жауыз билікке деген қарсылық акцияларын бүкіл Қазақстан бойынша осылай жалғасыра беру керек!! Билік сонда халықпен санасады!

Кімнен: Байқошқар
25.02.2012 16:30
+0 / -0
Тамшы су тама берсе тасты теседі. Бұл нәрижесі шықпаса тоқтамайтын қарсылық. қосын ұлғайады, жастар ақыры бір күн дүркіреп шығатын болады. Таймаңыздар Таймастар!

Кімнен: Айтуған Қайдан: Алматы
25.02.2012 17:31
+1 / -0
Анау видеода Инга немене өтірік ыңырсып, "вид" жасап жатыр? Жармахандар оп-оңай ұсталып жатқанда, "Мені күштеді, қинады" дегендей жатып алғаны несі өп-өтірік? Полицияның оған қол ұшын да тигізбегені көрініп тұр ғой. Ешкімді де жақтамаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 18:52
+0 / -0
Cен байғұс сол Ингаға құл болуға да жарамайсың ғой. Надансың.
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Алматы
25.02.2012 20:09
+0 / -0
Сен сиқты малдар кімді жақтасын, малмен бірге жайылып жүре береді. азғын, тексіз неме. Халық әлі бәрін орнына қояды.
Пікір алмасу

Кімнен: Калдыбаева Жулдызай Қайдан: Шымкент
27.02.2012 18:15
+0 / -0
Неге олар олай "Назарбаев кет"урандады?!баримиз бир КАЗАКПЫЗ.алде сол халыктын басшысы бар мысалы Назарбаевты кореалмайтындар!олай айтпасын,колдарынан кесе елдi баскарсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
25.02.2012 21:04
+0 / -0
Сен сол Инганың тырнағына татисың ба? Алдымен соны бір ойласаң бүйтіп шатпақ жазбаған болар едің.
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
27.02.2012 11:00
+0 / -0
Жақтамай-ак кой.Қайтуған болсаң да. Қазақтың жаулары шешеңді қарындасыңмен қосып сабаса да былқ етпейтин бейшаралардың алаңы емес бұл.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2012 22:46
+0 / -0
Инга деген ким?толык жазааласыздарма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 18:02
+0 / -0
Астаналықтардың орташа айлық жалақысы өткен жылдың желтоқсан айында 208509 теңгені құраған. Сөйтіп, қарашамен салыстырғанда бірден 63,3 пайызға өскен. Бұл туралы Астана қалалық статистика департаменті хабарлады.
Еңбекақыдағы айырмашылықтар қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы қаржы мен сақтандыру қызметінде – 470141 теңге, ең төменгі шамасы – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында – 102872 теңге белгіленіпті.
Ал ірі және орта кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы 210110 теңгені құраған.
ҚazBIN

Рас айтады, сіздікі қанша болса да, Астанадағы билікте жұмыс жасайтындар айына жүзнеше миллион алады да, сіз бен біз секілділердің өлміші халін жауып, астананың орташа жалақысын 200 000 ға жеткізеді. Бәлкім бұдан да жоғары болуы керек, өйткені біздің бай мырзалардың байлығының 60 пайызы көлеңкеде, шетел банкнде, бизнесі де басқа адамның атында. сондықтан дұрыс статистикамен қамдағанына рахмет айтайық. Миллионерлер мен қайыршылардың орташа жалақысын есептеп отыр ғой олар!

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
25.02.2012 18:52
+0 / -0
Асылхан, Рахмет репортажыңызға! Бір тілейтініміз, Алла қолдап жүрсін биліктің былығын бетіне батыл, айтатын Азаматтарымызды!
Сонымен қатар, кішкене көңілге келетіні, неліктен Серік Сапарғали, Айжангүл Амирова, Болат Атабаев секілді Азаматтардың аты ылғи да екінші орында аталады? Соншалықты өзгені зор көріп, өзімізді қор көргеніміз қалай? Орыстарды да жамандап оырған жоқпыз. Бірақ білетініміз, Аттары аталған Арыс Азаматтарымыздан кем де кемі саяси ұпай жинап жүрген шығар. Болса да ұлтым, қазағым, елім деп жүргендері жүректерінде басым екеніне еш қазақ та, басқа да күмән келдірмейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
26.02.2012 15:09
+0 / -0
Cізбен толығымен қосыламын! Мен де соны ылғи ойлайтынмын, неге қазақтардың аттары екінші боп аталады? Сонымен қатар, Жанболат Мамайдың есімі тіптен аталмайды! Саяси репрессияға ұшырап жатқандарды қорғаушыларға айтарым, міндетті түрде Жанболат Мамайдан да барлық айыптың алынуын талап етіңіздерші!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 18:58
+0 / -0
Айтуған оттапсың! Мынау Айтуған сияқтылардың пікірін жарияламай-ақ қойсаңыздар дұрыс болар еді.

Мына жаңалықты көріңдер

http://www.youtube.com/user/KplusTV?blend=1&ob=0#p/u/2/Azgy1DFBgmU
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
25.02.2012 19:57
+0 / -0
Ау, алматылық ағайындар! Әрине, Айтуған сияқтылар құрысын, оны ұмытыңдар да, мына ұсынысыма құлақ қойыңдаршы: Ермұрат Бапи мен Бақытгүл Мәкімбай ДАТты мықты шығарып жүрген әділ, батыл, батыр журналшылар! Биліктің антұрғандары екеуінің әрқайсысына 100 мың теңге шамасы айып салды, Ол айлықтары мәз емес екеуіне де тым ауыр. Сондықтан біз мүмкіндіктерімізге қарай, біріміз 100, біріміз 200, не 500 теңгеден ақша жинап,аты-жөніміз жазылған қағазды қоса конвертке салып, иә, редакцияға бәріміз шұбап бармай, 15-20 кісіден бір өкіл апарып тапсырайық! Сөйтіп адамгершілікті қолдау жасайық! Тек олардың намысына тимейтін орынды сөз айта білетіндеріміз барсын. Бұл ұсынысты қолдайтындарыңызға сенемін! Ал ДАТтың басқа қалаларда тұратын оқырмандары да осылай біріге екеуіне поштамен ақша салып жіберсе, өте дұрыс болар еді! Ерболатты да, Бақытгүлді де көптен білемін, авторларының бірімін, "Сіздің бұныңыз не?!" деп ренжитіндерін біліп, аты-жөнімді ашпадым.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
25.02.2012 21:10
+0 / -0
Жәке, менің алдыма түсіп кетіпсіз, енді ұсынысыңызды қос қолдап қабылдаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Түйебай Қайдан: Ақтау
26.02.2012 10:49
+0 / -0
Жақып сенің сөзің де орынды. Ұйымшылдық керек.
Бірақ, біз неге халық сайламаған, Жаңаөзенде жазықсыз халықты қырған қарақшы биліктің сотының шешімін орындауымыз керек. Халық сайламаған билік-заңсыз билік , ендеше оның соты да заңсыз, ал заңсыз соттың шешімі де заңсыз. Сондықтан, Ерғалиева дұрыс айтады, соттың айыппұл жөніндегі шешімдерін орындамаймыз деп ,бастама көтеру керек. "Заңсыз соттың шешімі де заңсыз" деп лозунг ұстау керек.

Кімнен: жасулан Қайдан: алматы
25.02.2012 19:26
+0 / -0
курметті агайындар!!! біз бұлай шығып,ұтпаймыз ешқашан. ұтыламыз. бізге негізгі байлық бейбітшілік қымбат!!! қанша қарсы шықсақта айғайлап, бас көтеріп зардап шегер аз ғана халық. соның ішінде қазақ халқы. басқаның түгі кетпейді. біз азбыз. біз сауатты түрде қолға қағаз ұстап, қаламмен қайта қайта жоғары жаққа талптар қоюымыз қажет деп ойлаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
25.02.2012 21:19
+0 / -0
Жасұлан дұрыс айтасыз! Алайда оппозиция Сіз айтқан жоғары жаққа 20 жыл хат жазғаннан басқаны істемеді деп сөгетінімізді ұмытып кетпеңіз! Біз билікке конституцияда көрсетілген құқымыз шеңберінде, заңды сыйлай жүріп, талаптарымызды қойсақ оның несі айып?
Пікір алмасу

Кімнен: Ұлт азаматы
25.02.2012 21:40
+0 / -0
Мына суретте сөйлеп тұрған журналист жігіт қой. Арнадан айтқаны басқашалау еді. Бүгін жақсы сөйледі. Қазақтың осындай ер азаматтары көбейе берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 00:46
+0 / -0
Намазалы Омашевтың баласы емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
25.02.2012 21:45
+0 / -0
Жасұлан! Жазып көрсеңші, көрейік сенің жазғаныңды түсініп, билік есін жияр мүмкін!
Өзің қалай ойлайсың, қазақта сенен басқа сауатты адам жоқ па еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Адай_кыз Қайдан: Мангыстаудан
25.02.2012 21:59
+0 / -0
Жасулан дурыс айтасын, бейбитшилик кымбат! Жакынынан айрылгандар жаксы тусинеди муны. Сабыр халкым. Сабыр туби -сары алтын. Ким-кимнин де жазасын Алла береди. Елдин амандыгын тилеймин барине.
Пікір алмасу

Кімнен: Медет Байзақов Қайдан: Торғайдан
25.02.2012 23:37
+0 / -0
Ей,көр соқыр надандар,
Билікте жүрген адамдар?
Қолыңды тарт халықтан,
Жауап берер заман бар?

Милицияны елге жау қылдың,
Бітспен неге дау құрдың?
Зиялыларды ұстатып,
Зияндыларды сау қылдың?

Халықты қырып жылаттың,
Астында қап сан сұрақтың?
Мұнымен халық тоқтамас,
Көзі ашылды бұлақтың!

Қызыл қанға елім боянды,
Ызаланғаннан бой алды.
Қақпанды қанша құрсаңда,
Махамбеттерім оянды!

Ингуды орып ұрып жыққаның,
Анаға қарсы шыққаның?
20 жыл азаттығыңда,
Осыма,сенің ұтқаның?

ей,Нұрсылтан Назарбай!
Отырсың нені жаза алмай?
Халыққа қарсы оқ атып,
Жүрсіңбе көрің қаза алмай?

Ей,жез мұртты Мәсіміп,
Не болды сонша қасынып?
Атасы бөлек баласың,
Көрсетпе елге арсылық?

Еу,миистр Қасымып,
Билігіңді асырып,
Халыққа қарап оқ аттың,
Бес қаруыңды асынып?

Еу,прокурор Дауылбай,
Естимісің зарымды ай?
Ақиқатын айт,болғанның,
Назарбаевқа жағынбай?

Еу,Қырымбек Көшербай,
Өтірік сөйлеп бөсер бай?
Тегіңе таңба,мәңгіге,
Әкелдің елге кеселді ай?

Еу депутат,өліктер,
Сендер ме сенген көріпкел?
Құлқыңның қамын ойламай,
Ұлтыңның барын бөліп бер.

Еу,Генерал,Маршылым,
Ісіңе сенің қарсымын?
Ақіретте кетеді,
Мойныңа сенің бар шығын?

Шайтанға еріп ілескен,
Халықпен қарсы тірескен.
Бүгінгі билік жүйесі,
Жалықпас теке тірестен.

Қайдан келген сор Қазаққа,
Салардай елді азапқа.
Қырғызға кеше күліп ек,
Өзіміз қалдық мазаққа.
Осымед көрген күніміз,
Жеткізгенде Алла азатқа?
Бөлінгенді бөрі жейд,
Деген сөз бар Қазақта.
Ұраным оян Қазағым,
Көнеміз қанша азапқа?
Ел үшін қиям жанымды,
Ұрып соқ мейлің азапта?
Барлық ел үйстіп оянсаң,
әйтпесе саның азақ та?
Отан үшін отқа түс,
Жәннәтің күтер о жақта?
Ал қылмыскер билікті,
Күйдірер Аллам тозақта?



Пікір алмасу

Кімнен: алия Қайдан: актау
26.02.2012 16:10
+0 / -0
медет байзаков жарайсын,ия елим корыкпандар,ондай жемкор надандар онсыз дагы тозакта куймек,еки дуниеси де тозак болган оларга жаным ашиды,Аллах жазаларынды берсин,назарбаев та онын артын жалап созин сойлегендер де нагыз коркак надандар,менин еден уйимде еден жуып журген ТРЯПКАГА да жарамайсындар
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Алматы
26.02.2012 16:30
+0 / -0
Қазағым біз жеңеміз ол күн жақын қалды

Кімнен: махамбет Қайдан: батыстан
25.02.2012 20:45
+0 / -0
уры билик тус мойнымнан шаршадым кет!

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
25.02.2012 21:14
+0 / -0
1,Әсілі белгілі бір топтың не партияның мүддесі үшін полицаның кез келген кінәлі адамды ату ,өлтіру әрекеті ақымақтық,үйткені олар жылдар өте келе ақталуы мүмкін,ал полицейлер қай заманда да сол полиция.
2,Қазақстанда мемілекет қазақ үшін ,ұлыт мүддесі үшін жұмыс істеп жатқан жоқ,жалған атаққа беріліп ,басқа ұлттардың мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр.
3,Қазақстанда соңғы жылдары теле каналдар болсын,газет-журналдар болсын ылғый да арзан күлкілермен ,мәнсіз ысқақтардың жетегінде кетіп ,ұсақ түйек тақырптарға халықтың назарын көп аудартып ,елім-жерім дейтін шынайы азаматтардың үні мен арекеттері тұншықтырылуда.
4,Назарбай кетсе Мәсімов орнына тұрып кету мүмкіншілігі бар,жоқ демеңіз осы жолы да түсет дегенсіздер және отыр.
5,дегенмен халық өз басын ғана күйіттеуде.үйіне біреу басып кіріп тамағын тартып жемесе болды,көппен көрген ұлы той сяқты.
6,тарихтан бері қазақтар қай елде болсада үркіту-қорқытумен ,қоқанлоқыға ,саяси қудалауларға ұшырап абден үрейленіп қалған,сосын милары жуылған,шыңғыс айтыматовтың мәңгүрті сяқты ,барлық қазақтың басына сасат,билік деген тері бөрік қапталған.кезкелген көшедегі халықтың көпшілігінен сұраңыз бәрі алдымен нан тауып жеп сосын ұлтыңды жоқта дейді.сонда не болашақ сұрайсыз?

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
25.02.2012 21:27
+0 / -0
жыланды дұышпанымның қолы мен буындырып өлтірем деген шығар мына шал мына сорлы ментер өздеріне қол салып жатқанын білмеи жатыр меилі қазақтың бәрін қамарсың өлтіресің киін кім сендерге араша түседі табандарыңды тіліп құлғып жібереді қытайғама орысқама бірақ ол кезде кеш болады

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
25.02.2012 23:37
+2 / -0
Бауырлар, екі жол бар:
- біріншісі- бәріне көніп, отыра беру, яғни құл болу
-екіншісі - қырғыздар,грузиндер,арабтар құсап, еңсемізді көтеру, ел екенімізді дәлелдеу, яғни еркін азамат атану.
Біріншісін таңдасақ, онда біз ата бабамыздың еңбегін тұл қылып, ұлт болудан қаламыз, бала шағамыз да осылардың құлы болмақшы. Мына, менттердің де құтыруының жөні бар, оларға наркобизнеспен айналысуға және басқа да қылмысты бизнестермен айналысуға мүмкіндік беріп қойған. Демократия келсе олар ол бизнестен айырылады. Сондықтан олар, өліспей беріспейді.
Екінші жол,еркіндік жолы. Ол демократия. Онда адам құсап өмір сүреміз.
Басқа жол жоқ. Ойланатын да уақыт жоқ.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ Елі
25.02.2012 23:57
+0 / -0
Әміржан шырылдап ақталыптығой мен ұйымдастырған жоқпын деп. Ақыры соттайтынын біледі қасқайып тұрып айтпайма басқардым деп. Сонда келесіде қаншама халық ереді.
Пікір алмасу

Кімнен: шоғы ұрпағы Қайдан: елім-ай елінен
26.02.2012 00:42
+0 / -0
оны саған кім айтты құлағыңа сыбырлаған шайтаның барма әлде сол ш нның өзімісің сосын мына менттер өз қазағын өзі талайтын бөрі құсап тұр ау
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2012 03:15
+0 / -0
Әй қазақ! қазақ болмай кет сүмелек. Әміржан ешқашан олай деп айтпайды. ол алдыңғы соттада тағы шығам митингіге деп айтқан болатын.

Кімнен: enru Қайдан: Aktobe
26.02.2012 00:51
+0 / -1
Кішкентай құмырысқалар пілмен ойнамақшы, ха. Бай байымен сай. Биліктен "қорлық" көргендер бізде көп па, әлде көре алмайтындар көп па?! Мүмкін біздің ыдырап, бір бірімізді қырып, беттырнасып отырғанымызды мазақ қылып, рахаттанып "кино" көретін "азаматтар" көп па?!

Мен түсінбейм осындай адамдарды: не жетпейді? Айдың күннің аманында өз басшысына өзі қарсы шығып. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Семіздікті тек қой ғана көтереді. Мына митингке шыққан адамдар жындыханадан қашып шыққандар не болмаса іштері пысқандар.
Қазақ елі дамысын десеңдер халқым менің, өзіңнен баста. Биліктен бұрын біздің өзіміздің мәселеміз қиын болып тұр ғо.
Тойға кешікпей барыңдар және уақытында кетіңдер, балаңызға "жұрттың баласы" туралы айтпаңдар, көре алмаушылықты доғарыңдар, өсекті ұмытыңдар ... Ең бастысы ерінбеңдер, үлкенді тыңдаңдар ...
Биліктегі адамдар қарапайым халықтың арасынан тәрбие алып шығатын адамдар, сол биліктегі адамдарды өздерің тәрбиеледіңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
26.02.2012 04:06
+0 / -0
айналайнау бұларды кәитіп тәрбиелисің тәрбиеден кеті ғо мен жақсы жасап жатырмын деп қалған қазақ не болса о болсын деп отыра беремізба ану мынауға құрсыншы деп отыра береді ғо қазақ енді ізіңнен қуып жүріп атып жатқанда оибай демесек онда білмедім бауырым enru Aktobe
Пікір алмасу

Кімнен: еңіре енру Қайдан: көршісі
26.02.2012 04:13
+1 / -0
не деп малтаңды езіп отсың көрші? тойға тойынған сен-ақ бара ғой, тойынған- тойға барады, тоңғандар митингіге шығады қарсылық білдіріп!. қорқып отсыңба, шырқым бұзылады деп ? пакуй шемодан, суши сухари!

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
26.02.2012 04:46
+1 / -0
қарындастың кіндігін жалаңаштап сүйреген жанға батады, Тәңірге тәубе қылған момын қазақты ашындыру апат ! Оян қазақ Оян елім !!! "Елбасы" қария қуыршақ ал біз халықтық тұрғыдан тұрғысыз жалаңаш қалдық әбден жалаңашпыз, рух қайда намыс қайда нарық қайтыс қылған ба? Қайда қайран бабалар арман-ниеті қайда жастар ??
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 11:03
+0 / -0
Құрметті Азаттық! мына видеоларды ұялы телефонға қалай көшіріп алуға болады,соны айтып жіберсеңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
26.02.2012 12:11
+0 / -0
Құрметті оқырман,

Азаттық тілшілері түсірген бұл видеоларды интернетте Ютуб сайтындағы біздің парақшамыздан (http://www.youtube.com/user/AzattyqRadio) өзіңіз қалаған форматқа көшіріп алуыңызға болады.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі