Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:39

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Жаңаөзен оқиғасынан соң 164-бап бойынша «айыптылар» табыла бастады

Қазақстанда қылмыстық кодекстің 164-бабы 3-бөлімі бойынша «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған адамдар көбейе бастады. Бұл бап бойынша сотталған азамат үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған азаматтар - белсенді Айжангүл Әмірова және режиссер Болат Атабаев. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзен оқиғасынан бері 164-баптың 3-бөлімі бойынша  бес адамға «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылды.

Олар – тіркелмеген  «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, «Халық майданы» қозғалысының белсенділері Айжангүл Әмірова мен Серік Сапарғали, «Рух пен тіл» ұйымының белсендісі Жанболат Мамай, театр режиссері Болат Атабаев.

«КӨЗҚАРАСТАРЫ БИЛІКТЕН ӨЗГЕШЕ»

Ақын Темірхан Медетбек «қылмыстық кодекстегі 164-баптың қолдануын түсінбейтінін» айтады. 

– Болат Атабаев та, басқа қамалғандар да негізінен адамдарды қорғады. Зорлық-зомбылыққа түскен, атылғандарды. Халықты қуып жүріп атқанын барлығымыз көрдік қой. Олар тек билікпен арадағы көпір болғысы келді, – деді ол ақпанның 3-і күні Азаттық тілшісіне.

Темірхан Медетбек қамауға алынған және айыпталған адамдар әр салада жүрген азаматтар екенін айтады. 

«Бірақ оларды біріктіретін бір ғана нәрсе – көзқарастары биліктен өзгеше» дейді ақын..

– Билік өзгеше ойлайтын адамдардың барлығын қыспаққа алады. Пікірлері «дұрыс» келмейтін адамдардың барлығы билікке жау, дұшпан сияқты, – деді Темірхан Медетбек. 

Оның пікірінше, «бұл әрекеттер көпшілікті қорқыту үшін жасалып жатыр».
Темірхан Медетбектің пікірі

«КІНӘСІН ЖАСЫРУ АМАЛЫ»

Ал оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин «қазақ билігі 164-бапты өз ыңғайына пайдаланып отыр» дейді.

– Бүкіл қиындықтарды, проблемаларды тудырып, сол арқылы араздықты қоздырып 
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
x
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
​​отырған – биліктің өзі. Назарбаев бастаған билік Қазақстанда Алла бұйыртқан байлықтың ортасында отырған халықты қайыршылық күйге түсірді.

Халықты қарапайым адами, конституциялық құқықтары үшін күресуге мәжбүр етіп, араздықты қоздырып отырған – билік.

Бірақ өздерінің кінәсін жасыру амалы ретінде осы бапты пайдаланып отыр, – деді саясаткер.  
Жасарал Қуанышәлиннің пікірі

«ЗАҢ АЛДЫНДА БӘРІ БІРДЕЙ»

Ал парламент мәжілісінің депутаты, заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков «заңның алдында барлық азамат бірдей» екенін айтты.

Сондықтан «күш құрылымдары айыпталғандардың іс-әрекетінен әлеуметтік 
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған саясаткер Владимир Козлов. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.
x
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған саясаткер Владимир Козлов. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.
​​алауыздықты қоздыртатындай әрекет байқаса, жауап беруі тиіс» дейді депутат.

– Бүгінгі күнге тергеу органдарының істеп отырған әрекеті заңнан алшақтап кетті деп айтатын негіз жоқ. Жалпы, кім болсын, тіпті сондай әрекетке мен баратын болсам, мені де қылмыстық жауапқа тартуға құқылары бар. Ал бірақ ол заңды ма заңсыз ба – оны ертең сот шешеді, – деді Рамазан Сәрпеков. 
Рамазан Сәрпековтің пікірі

«ҚОЛАЙЛЫ» БАП

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда заң мен оның қолданылуы көп әңгімеге өзек болатынын айтады. 

– Тәжірибе көрсеткендей, егер бізде «ұлттық қауіпсіздік туралы» әңгіме болса, ол – ел азаматтарының немесе қоғамның қауіпсіздігі емес – алдымен басқарушы тұлғалардың қауіпсіздігі деген сөз. Дәл сол сияқты, қылмыстық кодекстегі бапты 
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
x
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
​​пайдаланып, саяси жүйенің жекелеген тұлғаларын қорғау қажет болса, бұл мүмкіндік міндетті түрде пайдаланылады, – деді Досым Сәтпаев.

Оның сөзінше, елдегі әлеуметтік жағдай мәз емес, сондықтан қоғам бай мен кедейге бөлінеді.

- Яғни қазіргі қалыптасқан жағдайда биліктің де кінәсі бар, -  дейді Досым Сәтпаев.
Досым Сәтпаевтың пікірі

Ал Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі мәжіліс депутаты Владислав Косарев:

– Бұл бап негізінде әлеуметтік әділеттік үшін жасалған әр істі «әлеуметтік араздықты қоздыру» деп бағалауға болады. Құқық қорғау орындары оны оңды-солды қолданбағанда, ол бап байқалмас та еді, – деді.
Владислав Косаревтің пікірі



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
03.02.2012 20:52
+0 / -0
Барлығымыз бірігіп сол бапты биліктің өзіне қолдануға болама? яғни Жасарал аға айтқандай Әлеуметтік араздықты қоздырды, адамдарды тұтқындап, халықты көтеріліске мажбұрледі деп НӘН, ҰҚК, т.б- ларды халықаралық сотқа берейік!
Пікір алмасу

Кімнен: Серік Қайдан: Ақтау
03.02.2012 23:19
+0 / -0
Толықтай қосыламын! Аз да болса ұяты қалған юристер осы жағында қозғалса! Қолдауға әзірміз. Неге оппозиция қара халықты қозғауға күш салмайды? Ресейдегі сияқты жүз мыңдаған халықты көшеге шығаруға күш салмайды? Халық наразы ғой. Басын неге қоспайды? Халық дайын, бастайтын күш болса.
Пікір алмасу

Кімнен: Аймұхан Қайдан: Ақтау
04.02.2012 00:38
+0 / -0
Оппозиция қарап жатырған жоқ,көріп отырған жоқсыңдар ма, шығарып еді, түрмеге тоғытты. Сондықтан оларды қорқыту керек, митингіге шақырғанда Москвадағы кұсап ,алаңға симай кетуіміз керек. Бір шыққаннан кейін екінші шығу оңай болады. Сосын бәрін оппозицияға жүктемей, бәрімізде мүмкіншілігімізше көмектесуіміз керек. Қарсылар өте көп. Адам көп жиналса, халық сөзін сөйлейтін ақын жазушылар да келеді, интеллегенция да келеді,бәрі де келеді. Қазір орыс демей,қазақ демей, оралман демей, бәрі бірігу керек. Тек бірлікпен әділдік орнатамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 11:19
+0 / -0
Мухтар Аблязов айтты гой,"Жанаозендегi кыргынга байланысты, Гаага сотына шагымдануга деректер жинап жатырмын" деп. Мумкiн бiреуге Аблязов унамайтын шыгар,бiрак мен,Болат Атабаев айткандай 'бул билiктi озгерту ушiн,шайтанмен келiсiм жасауга дайынмын " деген пiкiрдi колдаймын.

Кімнен: Жәй адам
03.02.2012 21:33
+0 / -0
Ал Е.Х.Ертісбаевтың "Билікті күшпен басып алу керек" деп оппозицияға айтқан сөзі бұл бапқа жатады ма, әлде биліктің қарғасы болған соң оған кешіріледі ме?

Кімнен: не дейд?
03.02.2012 21:35
+0 / -0
Билік 37-жылды бастап жібердік дегені ғой. БІЗ КӨКТЕМДІ ҚАШАНҒЫ КҮТЕМІЗ?
Пікір алмасу

Кімнен: Дю Қайдан: Таудан
03.02.2012 22:02
+0 / -0
Биліктің адамдары, сендерді шеттеріңнен тізіп қойып сабаймын, бастықтарыңмен қосып жақтарыңды сындырып жіберейін бе? жоқ, өздерің аяғыма жығыласыңдарма?
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
04.02.2012 14:27
+0 / -0
үкіметке енді қарсы тұрмасақ олар ойына келгенін істеиді.25 ақпанда Алматы жігіттері қайдасындар барсындарма?шығу керек алаңға.Бұл біздін болашағымыз.Енді бас котермесек ҚҰЛ боламыз ағайын ОЙЛАНЫҢ.
Пікір алмасу

Кімнен: Алматылық
04.02.2012 20:56
+0 / -0
Бүкіл Қазақстан болып әр облыс орталықтарында шығады ма? Өткенде Алматы мен Атырау қалалары шығып еді .енді2-3 облыс қосылатын шығар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 22:08
+0 / -0
Таным бар. Неткен коркак едi билiк. Осынын барiн халык бiлiп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: 37 Қайдан: 37
03.02.2012 22:48
+0 / -0
37

Кімнен: адай Қайдан: актау
03.02.2012 22:39
+0 / -0
акты кара караны ак деген заман болдыгой бул заман. маркум жыршы кашаган атамыздың сумурай болдыгой бул заман ,сумдык болдыгой ойлаган, деп айтган екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 22:51
+0 / -0
Кісі басып өлтіргенге сот залынан босатады,шындықты айтқаны ұшін 10 жыл

Кімнен: ADAI BALASI Қайдан: OIPATTAN
03.02.2012 23:10
+0 / -0
НАЗАРБАЕВТЫҢ НӘУБЕТ ЖЫЛДАРЫ
Пікір алмасу

Кімнен: Өнер Адамы Қайдан: Алматы
04.02.2012 00:50
+0 / -0
Бұл не сұмдық?
Қазақ өнері мен мәдениетіне жаңашылдық пен сілікініс әкелген, қазіргі заманның әлемдік деңгейдегі биік суреткері Болат Атабаевты, атақты "ҮШ ӘРІП!" мекемесінің, қолдан (зорлап) "қылымыскер" жасауға тыраштанып әрекет жасамақ болуы - 37-ші жылдың қайта келуі ме?
Бейімбет, Ілияс, Мағжан, Жүсіпбектерді ортамызға оралтып, қазағымен қайтадан қауыштырған... киелі де қасиетті "Тәуелсіздік" - мұның не сенің?! Озбыр заманда ұлы тұлғаларын сатқан, өлтірген "ҮШ ӘРІП"тегілерге неге азат сана, ұлттық рух сыйлай алмадың??? Тәуелсіз елдің мұңын айтқан АДАМдар қалайша, өз ұлтына жау болады?... Араша түсер адам қалмады ма, бұл азаматтарға???
Атақты Ғабең-Ғабит Мүсірепов, сол қылышынан қан тамған заманда... "Егер Бейімбет жау болса, мен де жаумын!" деген еді, тіпті қылышан қан тамған озбыр жүйеден қаймықпастан. Тәуелсіз елде, тек жүйеге тәуелді адамдар ғана өмір сүруі мүмкін емес?!... Ғабеңдер жоқ.... бірақ олардың орнын басатын ұлылардың сарқыттары қалмады ма??? АТАБАЕВҚА АРАША!... дейтін біреу бар ма - қазақ қоғамында! Үндеудерге қол қойғыш... Халық әртістері, халық жазушылары, халық суретшілері, АУУУУУУ....қайдасыңдар???
Жылы індеріңнен шығып, Бірдеңе деп айтыңдаршы! Араша болыңдаршы Болат Атабаевтай тұлғаға!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 00:58
+0 / -0
Билік бұлай халықты қорқытамын десе, қатты қателеседі. Керісінше, халықты одан әрі ашындырып, өздері алаңға шығуға мәжбүр етеді.
Тыныш отырған елді бұзып отырған биліктің өзі. Қамаған сайын, атқан сайын, шапқан сайын халық өршелене түседі.
Осыны түсінуге онша көп ми қажет емес қой. Тыныштық тілеп отырған халықтың қойнына ши жүгіртуді тоқтату керек.
Қамалғандарды шығармаса, аяғы жақсылыққа апармайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 09:48
+0 / -0
Сол онша көп мидың өзі болмаса не істеу керек?

Фәриза апамыздың шаруасы біткен екен, кеше бір журналистің "пікіріңізді айтыңыз" дегеніне тас-талқан болып кейіп, қолын сілтеп, тұра қашты. Айтатын ештеңесі де қалмаған екен. Шамасы, бұрынғы айтқандарын өзінше түсіндірмек болды-ау деймін, "мені дұрыс түсінбей қалыпсыздар" деген мағынада, бірақ онысынан ештеңе шықпайтынын сезді ме, интервью беруден тұра қашты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 11:04
+0 / -0
Қазақты көтеру үшін жұмыссыз жүрген адамдарға, бандиттерге, БОМЖ-дарға ақша беріп шығару керек, әйтпесе бұл күнде ақшасыз ешкім шықпайды, соған бір ақшалы адам керек. 2000 тг беріп Нұротанға қайта-қайта дауыс бергізді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Бүркіт Қайдан: Ақтау
05.02.2012 10:03
+0 / -0
Фариза күшігінен жуындысын ішіп келе жатырған итаяғын қайдан тепсін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 10:28
+0 / -0
Бұл билікке Алла қаһарын төгіп құлатпаса, ешкім құлата алмайды. Болмаса өткендегі "Қанға бөккен - Желтоқсан" айында Жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп бүкіл Қазақстан көтерілгенде құлатуға болар ма еді?! Ал, халық бірікпей, ешкім билікті құлата алмайды. Айтып отырған бапты билікке қарсы қолдана алмаймыз. Олар осылай көзі ашық, көкірегі ояу, халық үшін жандарын беретіндерді құрта бермек.

Кімнен: CолДАТ Қайдан: Алматы
04.02.2012 10:45
+0 / -0
Әлеуметтік араздықты қоздырып, онсызда ушығып тұрған мәселені асты-үстіне асқындырып отырған сөзсіз ең алдымен биліктің өзі. Жалпы, бізге орыстың бетпақ болмысы қанымызға сіңіп кеткен. Кеңестік кезеңнен қалған бойкүйездік, іштарлық, қоғамның хал ахуалына деген енжарлық бәрі бәрі кеңестік дәуірден қалған сарқыншақ.
Сондықтан Біздің халық басына сарып жатса көтеріле алмайды. Себебі, оянғысы бар намысын жалқаулығы, жанқинамастығы басып жаныштап тастаған! Тонап, үптеп жатса да қу құлқынымыз алдындағы астан басқаға назара аударуға құлықсыз! Әйтпесе, бізден басқаның бәрі Батыстың "ығына жығылып", жалпы алғанда демократияны жаңғыртуға хал қадерінше қауқалдасып жатыр.
Тіпті, іргеміздегі Қырғыз да Жиырма жылдың өзінде ЕКІ ПАТШАСЫН тақтан тайдырды. Меніңше, бұл қырғыздардың қызу қандылығынан ғана емес, азаматтық, күрескерлерік позициясының ояна білгендігінен. Көрде тұр, түптің түбінде бізде де "ұлан асыр" төңкеріс болады. Әзірге біздің санамыз шикі, көзқарасымыз қорқақ!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 10:59
+0 / -0
Маскеуде митингiге шыккандар тонып калмас ушiн жылу пушкаларын,жылы куркелер,ыстык шай,копелер уйымдастырып жатыр. Комсомольская газета сайтынан табасындар,iздесендер.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
04.02.2012 11:09
+0 / -0
Әй Назарбаев! Бұл жылдар 20 ғасыр емес, 21 ғасыр екенін неге ұмыта бересің осы? Әлде сен өзің қорқақ болған соң халықтың бәрін де солай көремісің?! Сен ана ұрлықы дүниелеріңнен қорқатын шығарсың азар болса. Мен несіне қорқамын. Әлде қорамдағы үш тышқақ лағымнан айырылып қаламын деп қорқам ба? Болмаса анау "қарқ етемін" деген сенің кезекті бір өтірігіңнен қалған купондарым "күйіп" кетеді деп қорқамын ба? Жоқ әлде сенің суретіңнен басқа ешнәрсе көрсетпейтін "Хабар" мен "Қазақстан" бағдарламаларын көре алмай қалам деп қорқам ба мен?!

Мен тілім үшін, дінім үшін, елімнің келешегім үшін қайтпаймын, тілімді тартпаймын!

Әлде өзің қашып барған Астана сияқты сол қатарға тағы бір "ГУЛАГ" салмақпысың? "Ажалды жанға бір өлім" деген. Халықтан артық емесссің СЕН!!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
04.02.2012 11:20
+0 / -0
Жасы 70 асып кеткен алжыған қақпасты кетіре алмасақ, көріміздің шегесін қағатын сол болмақ!
Бір кездерде Аңырақайда аңыраған ата жауымыз ендігі кезеңде қазақ ұлтын маңыратып отыр қойша жайып, дүние алма-кезек деген осы болар ма екен?..
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
04.02.2012 11:59
+0 / -0
бәлэ болган көк кагаз, осы урыс, керис,жанжал, кантөгис барлыгыда осы көк кагаздың үстүндэ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 12:29
+0 / -0
ел камын ойлаган Едіге,Әз Жәнібекдей патша келерме екен әлде............
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 13:08
+0 / -0
Ендігі тізгінді Мұрат Әуезов, Тоқтар Әубәкіровтер ұстау керек, ал осыларға ермеген қалаулыданда қараданда күдер үзбек ләзім.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.02.2012 13:23
+0 / -0
Атабаев- қазақтың Болат Атабаевы, оны жау қолына бермейміз!

Кімнен: Ермұхан Өтенияз Қайдан: Ақтау
04.02.2012 20:10
+0 / -0
Ана менттерді үйқамаққа шығарды деген сөз, арты қойболды болып кетеді деген сөз. Ол менттер шабақ әрине, бірақ қылмысты, приказ бергеннің өзінде ,қашып бара жатырған адамға оқ атқаны қылмыс. Ол қашып бара жатырған адам рецидивист қылмыскер болса, қолында қаруы болса бір сәрі. Полиция -ол робот емес қой, адам ғой, ендеше атайын деп тұрғаны қоян емес адам болатын болса, конституцияда адамның өмірін қиюға ешкімнің қақысы жоқ деп жазылған. Сондықтан бұл менттердің орны -түрме.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 21:01
+0 / -0
Жанаөзен ГУВД-сының замы"сводной отрядтардың" біреуінің басшысы Әбдүрасыл Өтешов оншақты жерлестерімен Шымкентке қашу қамында ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 10:38
+0 / -0
"Қажет болса, тағы да атқызам", - деген сөзді айтқан жаналар Қасымовтың басын талап ету керек!!!
Халықтың қарғысы мен көз жасы қайсысының болса да тұқымын тұздай тоздырары хақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 22:15
+0 / -0
Е, қалқам-ай, оның тұқымы ендігі Әлпі таудың баурайында, Швейцарияның әсем бір жерінде шаңғы мен кәңки теуіп, бал сапырып күрең шай ішіп отырған болар.

Кімнен: Қарапайым азамат
04.02.2012 20:20
+0 / -0
Жасарал ағаның айтқанына толық қосылам. НӘНнің режимі өзінің қатыгездігі жағынан Сталин режимінен де асып кетті. "Жалақымды көтер" дегені үшін халыққа оқ ату деген не сұмдық!!! Енді келіп түк күнасы жоқ адамдарды тұтқындап, сотқа тартып жатыр. Масқара ғой!
25-і күні халық митингіге өткендегіден он есе болып шығу керек. Сонда мына қорқау режим бұтына жіберіп қояды. Түгел митингіге шығыңдар!

Кімнен: Хасен Қайдан: Алматы
05.02.2012 04:25
+0 / -0
"25-і күні халық митингіге өткендегіден он есе болып шығу керек. "-дейді аты жоқ "азаматтар"!
----------------------------------
Шыққан соң, талаптар орындалғанша көшеден кетпеу керек. Атын жасыратындар бұған шыдар ма екен?!Құр сөйлеп, пар шығарып үйге қайту– шын оппозицияның ісі емес. Шын оппозиция ешкімді де алалмай, қатарын көбейтуге тырысар болар...
Пікір алмасу

Кімнен: Алғабай Қайдан: Ақтау
05.02.2012 10:28
+0 / -0
Хасеке, сізбен келісемін, табандылық керек. Аты жоқ азаматтар митингіге шығып жүрген азаматтар ғой. Бір жағынан сол шын атын білдірмеген де дұрыс болар, себебі бұл да соғыс қой, информациялық соғыс, билік жаудың кім екенін білмей естері кетіп отырғаны да жақсы емес пе. Әзірше тұтқиылдан ұрған боксер сияқты болып отырғандары да дұрыс. Шын аттарын қорықпай жазатын уақыт та жақындап қалды,меніңше. Ол көшеге шыққан адамның санына да тікелей байланысты, сол уақытта айтамыз, міне халық аттарын жазып жатыр, Қазақстан халқы нық демократияны таңдады деп. Оны ұзақ күтпейтін шығармыз деп сенемін, себебі Жаңаөзендегі биліктің қылығы халықты қатты ызаландырып жіберді, ол ыза кетпейтін ыза, әр адамның ішінде қалды,ол ұзақ ішке сиып тұруы мүмкін емес, ытқып шыға береді,шыға береді.
Сосын, Алматы алаңына 10000 адам келсе, басқа қалаларда қозғала бастайтынына сенімдімін. Табан тіресіп жату үшін кішкене санымызды көбейтейік, сонда ықпалдырақ болады. Ол үшін, елге беделді азаматтар осы митингіге баратынын білдіріп мәлімдеме жасаса, құба-құп болар еді. Митингілердің ең басты міндеті- билікке қарсылардың көп екенін көрсету, міне осы міндет орындалса, ол митинг сәтті өтті деген сөз. Сосын, табандап жатып алатын да боламыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Сабырбай
05.02.2012 23:31
+0 / -0
Алғабай, рахмет Сізге, менің көкейімдегі сөзді тамыршыдай дәл тауып жазыпсыз!
Егер Алматыда 10 мыңдай адам көшеге шеп құрып, арандатуға мүмкіндік бермей, талап қоятын болсақ, мына билік үш күн де шыдастық көрсетпей табанын жалтырататын болады.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
05.02.2012 10:29
+0 / -0
К+ каналынан Жаңаөзен қаласының тұрғына Венера Попованың сұхбатын беріп жатыр. "Бұл жерде мұнайшылардың да, оларды басқарып жүрген көзі ашық жандардың да бұзақылық жасауға ешқандай қатысы болған жоқ. Менің өзім сол күні (16 12 2011 ж) көшеде айқайлап жүріп:- "Бүгін билік тарапынан арандату болады деп есіттім. Айналайын мұнайшыларым, сендердің бейбіт митінгілеріңнің соңы қанға ұласпасыншы" деп жалынып өттім" дейді. Себебі сол күні тереземнен қара киімді бөтенниетті жас жігіттер қаптап кетіп еді" дейді. Олардың бәрін өз тереземнен көріп отырдым. Алайда сол күні кешке мұнайшылардың қанға бөккенін бірақ есіттім. Басқа-басқа, сыған дейін де менің өзім сол алаңға барып мұнайшылардың қатарында талай рет те тұрғанмын" деп отыр.

Ал сенбей көр енді?! Сонда бұл билік басындағы иттер халықты қорқытып ұстауға бола әдейі қалаға қастандық жасар жастарды алып келгені емес пе?

"Қырылып қалған халыққа жауап берерлер тек Назарбаев, Құлыбаев, Мәсімов, Қасымовтар ғана, басқалар емес" дейді қосарлана Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы мен Әбіляздың ұрпағы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 11:16
+0 / -0
Мұны Аблязов емес билік ұйымдастырған сияқты. Әблизовтың бұрынғыларынан хабарымыз жоқ. Бірақ Жаңаөзен оқиғасы болып өткен соң , информациялық көмегі тиді.Бәрін АЛЛА біледі
Пікір алмасу

Кімнен: Мәлік Қайдан: Ақтау
05.02.2012 12:14
+0 / -0
Аблязов басты кінәлілерді айтып отыр ғой. Оқ атқан менттер де, азаптағандар да, кінәлі әкімдер де, мекеме басшылары да жазалануы керек.
Бірақ, басты кінәлілер Назарбаев, Мусин,Құлыбаев, Қасымов жазаланбай қайтпау керек. Шеруге шыға беру керек. Қалай істеу керек екенін Ресей көрсетіп жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: ҚАЗАҚТЫҢ БІРІ Қайдан: АЛМАТЫ
05.02.2012 12:53
+0 / -0
ДАУЫЛБАЕВ ПЕН ШӨКЕЕВТІ ЫЛҒИ ҰМЫТЫП КЕТЕ БЕРЕСІҢДЕР

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
06.02.2012 00:10
+0 / -0
сол басшы қараларға ел басынан бастап Алланның қақары түсіп үрім бұтағымен өліммен азап шеккей қанның Әулилеріміздің киесі ұрсын солардың барлығын Амин!Амин!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 12:12
+0 / -0
Оппозиция белсенділеріне жасалып жатқан қысымдарыңды тоқтатыңдар, биліктің арамтамақ жандайшаптары!!!

Кімнен: Жаяу Мұса
07.02.2012 00:45
+0 / -0
http://www.facebook.com/notes/республика/чьи-интересы-стоят-за-трагедией-в-жанаозене/366191580059569
Оқып көріңіздер. Шындық бар сияқты бұл мақалада.
1. Әкімшілік неге өртенді?
2. Өзен мұнайгаз кеңсесін неге өртеп жіберді?
3. 250 млн долларға 10 обьект салыпты. Кім қанша алды?
4. Мәсімов Елбасыға осы жағдай туралы айтты ма? және т.б.