Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:40

ӘЛЕУМЕТ

Кабельдік TV операторлары Жаңаөзен туралы хабарға қатысы жоғын айтады

Ресейлік REN TV («Рен ТВ») телеарнасы дайындаған «Репортерские истории» бағдарламасының соңғы саны Жаңаөзендегі оқиғаға арналды. Алайда спутник арқылы тарайтын телеарнаның бұл репортажын қазақстандық кейбір тұрғындар көре алмады.

Теледидар көріп отырған тұрғын. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

«Репортерские истории» хабары бағдарлама бойынша 2012 жылы қаңтардың 29-ы, жексенбі күні Астана уақытымен күндізгі сағат 4-те көрсетілуі тиіс еді. Бірақ ID TV қызметін тұтынатын көрермендер хабар көрсетілуі тиіс уақытта оның орнына көркем фильм қойылғанын айтады.

Бұл репортажды Азаттық радиосының тілшісі де (Digital TV телехабар тарату қызметінің абоненті) көре алмады.

«ЖОҒАЛҒАН» БАҒДАРЛАМА

Жексенбіден бері интернетте де осы мәселе талқыланып, түрлі пікірлер жазылып жатты. Азаттық радиосы сайтында оқырмандардың бірі:

– 29 қаңтар күні Москва уақытымен 14-00 де РЕН ТВ берген «Репортерские истории» деген бағдарламаны тауып осы жерден көруге мүмкіндік берсеңіздер екен. Біраз жерді шарлап таба алмай қойдым, барлық сайттарға тосқауыл қойып тастаған сияқты. Тауып жатсаңыздар, жария қылыңыздаршы. Рахмет! – деп жазады.

Ал қаңтардың 30-ы күні Facebook әлеуметтік желісінде осыған байланысты шағын сауалнама ұйымдастырылып, қолданушылар өз пікірлерін айтқан. Мысалы, Galim Akulbekov есімді азамат:

– Рен ТВ-ді ылғи шатастырады. Әр каналдар әрқалай таратады. Қазақтелекомның ID TV-і көрсетпей қойды. Тек заңнамаға сәйкес келмейтіні туралы жазба шығып тұрды, – деп жазды.

Ал Tim Bolat-uly есімді интернет қолданушы бұл хабарды «кабельдік «Алма ТВ» арқылы көргенін» жазды.

«ТҰРҒЫНДАРДАН ЕШҚАНДАЙ ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЖОҚ»

Мәселенің мәнін білмек болып, әуелі ресейлік REN TV арнасына хабарластық. Олар «бағдарламаның уақытында шыққанын, қаңтардың 29-ы күні Қазақстан тұрғындарынан шағым түспегенін» айтты.

Ал ID TV құрылтайшысы – «Қазақтелеком» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Юля Исакова REN TV телеарнасының хабарына байланысты ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл – жалған ақпарат. REN TV арнасы ID TV-дің базалық пакетінде бар. Егер қандай да бір профилактикалық жағдайлар болып жатса, онда абоненттерге алдын-ала ескертіліп айтылады, – деді Юля Исакова.

Бұдан кейін Digital TV компаниясына хабарластық. Телефон арқылы абоненттердің сұрақтарына жауап беріп отырған қызметкер «тұрғындардан ешқандай шағым түспегенін, REN TV арнасының қалыпты бағытта таратылып жатқанын» айтты.

Операторлардың барлығы да өздері тарататын телеарналардың бағдарламаларына тосқауыл қойып, тоқтатуға құқықтары жоқ екенін, «мұндай жағдай оператор мен телеарна арасындағы келісім-шартта көрсетілмегенін» айтты.

REN TV телеарнасының Жаңаөзен туралы хабары




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 20:28
+0 / -0
телвизор дегенді көрмейтін болғанмын, осы рен тв туралы естідім де интернеттен лезде ғана репортерские истории ді басып қалып тауып алдым, бұның ешқандай да қиындығы жоқ қой соны да сөз деп.....
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
02.02.2012 21:43
+0 / -0
өй сен басың жасағыр керемет екенсің-ғой!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 20:31
+0 / -0
Ақтауда 29.01. "Алма-тв" дан көрсетті, бірақ Жаңаөзенде көрсеткен жоқ. Олар біздерден не көрсетіп жатқанын сұрап отырды.
Пікір алмасу

Кімнен: көптің бірі Қайдан: Алматы
01.02.2012 14:28
+0 / -0
Бұл документальный фильм, эфирде 30 минут еді. мұнда 24-ке жақын.1 не2 минут мүмкін реклама шығар. случайно, бір қызық жерлері қиылып қалған жоқ па?

Кімнен: syrym Қайдан: astana
31.01.2012 21:11
+0 / -0
"Азаттық" біздің "көзімізді" ашты...рахмет!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 21:19
+0 / -0
Бұны көрсетпеу ұшін қанша ақшаның соры болды екен,рен тв оңай ақшаға көнбейді,бірінші пікірші мақтаншақ

Кімнен: zheltocsan
31.01.2012 22:06
+0 / -0
сорлылар шындықты жасырып қашанғы өмір сүрерміз деп ойлайды екен. Сорлылар ауруын жасырып опат болған кеңес тарихынан да сабақ ала алмапты-ау.

Кімнен: Жәй адам
31.01.2012 22:42
+0 / -0
Қоғамның мүшелері біздердің қаншалықты енжар болғанымыз сайын, байлар рахаттанып өмір сүреді. Ештеңесі де кетпейді. Біздерге арналған өзіміз ақша төлейтін, сатып алған "ауруымыз" - "Хабар" мен "Қазақстан" және басқалары тұрғанда осылай бір адамның өмірі НӘН-ге бағынып өтеді де шығады. Осылай тайраңдауға ерік берген өзіміз, енді кімді кінәлайсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Гоганың өші Қайдан: Алматы
31.01.2012 22:55
+0 / -0
Ана Гога Ашкеназидің қолындағы зергерлік бұйым қанша тұрады екен. Оны алып, сатсақ қанша адамның айлығы көбейетінін есептесе шіркін. Ана Жаңаөзендегі мұнайшылар еңбегімен қазылған қара алтынның ақшасын бұлар сондай ысырыптарға жұмсайды ғой. Ал, әділдік сұрап бас көтерсең атады. Білмеймін, осы бір екі жылдың бедерінде бір соқанның болары анық
Пікір алмасу

Кімнен: Қомшабай Қайдан: Ақтау
01.02.2012 12:51
+0 / -0
Орыс революциясы жақындап келе жатыр. Сол орыспен қатар, бізде де сілкініс болатынға ұқсайды. Қатар болмағанның өзінде, Ресейдің ықпалының зор екенін ескерсек, оның үстіне Путин сияқты жақтасынан айырылса, бізге де ол өзгерістер шапшаң келеді. Бірақ меніңше, Ресей мен Қазақстанда өзгеріс паралельно жүретін сияқты.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 03:54
+0 / -0
REN TV - дағы, осынау орыс жігіттерінің хабарын көріп толғанып отырмын. Журналистік шеберліктерінде шек жоқ екен. Айтары жоқ "Үздік жұмыс"!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 11:01
+0 / -0
Меніңше сюжетте тақырып толық ашылмаған, Сәуле жіберген видеоны толық көрсетпеген, үзіп-жұлып, соған қарағанда бірдеңеден тартыншақтап, ащы шындықты сыздықтатып жеткізіп отырған сияқты. Бұл жерде жуналистің шеберлігі жетпей қалған жоқ емес, сондай сәл де болсын шектеу қойылған секілді.
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
01.02.2012 13:29
+0 / -0
Дұрыс айтасыз. Тіпті, меніңше, Назарбаевты ақтағандай да пиғыл бар сияқты, мысалы, мәселе ушығып бара жатқан соң НАН өзі келіп мәселені тез шешіп тастады дейді журналист. Ал, шындығында ол халыққа жаны ашығандықтан келген жоқ, алдымен полицайлар халықты қырып болғанша дыбысын шығармастан 5-6 күн бойына күтіп отырды, сосын Москваға жүріп кетті. Тек қана Москвада өзіне өте салқын қабылдау болғаннан кейін ғана тез шешім қабылдап Ақтауға келді, бірақ дайындықсыз сөйлеген соң көптеген қателіктер жіберді - өтіріктері тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Бірақ оған қарап жатқан НАН жоқ қой сірә, ол үшін ең маңыздысы халықпен кездесу, мәселесін шешу емес, өзін жарнамалау ғана екендігі белгілі, сонысын ол бүкіл әлемге жарнамалады да. Билікке жалбақтауды ата кәсібі еткен кейбіреулер оның сөзіне қол соғып, қолын алып дегендей, жарнамаға үлкен үлес қоса түсті, оны "Хабар", т.б. қайта-қайта көрсетіп барынша пайдаланды, бүкіл Өзен, Маңғыстаулықтар қолдап отырғандай пікір қалыптастыруға тырысты. Бұған Фариза сияқтылар кәдімгідей сеніп қалды...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 15:33
+0 / -0
Мен енді байқап жүрмін - жалпы НӘН-нің өмірі түгел жарнамадан тұрады екен ғой қарап отырсаңыз.

Кімнен: Ринат
01.02.2012 12:31
+0 / -0
Гога Ашкеназидің қолындағы бір брилиантты сатып, Қазақстандағы қаншама отбасын мұқтаждықтан құтқаруға болады! Соны ойласам, ішім удай ашиды. Назарбаев бір күйеу баласын уысында ұстай алмайды. Қайтіп елді басқарсын?
Пікір алмасу

Кімнен: ұмытпаймыз, кешірмейміз! Қайдан: Жаңаөзеннен
01.02.2012 22:41
+0 / -0
Маңғыстаулық бауырыма айтайын дегенім НӘН Москвада өзіне салқын қабылдау болғаннан кейін дейсіз олай емес САУЛЕ540деген видеодан кейін АҚТАУға өзі емес ДВОЙНИГІН жіберген. АҚТАУ әкімшілігіндегілер мен АҚТАУ ІІБ НӘН емес двойнигі келген деп жүр ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Күдіктенуші
02.02.2012 05:52
+0 / -0
Дұрыс айттың!
Мен де сенбеймін, Жаңаөзенге өзінің келгеніне. Өйткені, Жаңаөзендегі президенттің сөз саптауы Назарбаевтың сөз саптауына тіпті ұқсамайды. Меніңше, ол көп жерге двойнигін өзінің орнына жібереді. Әсіресе, көпшілік жиналған жерге өзі баруға қорқады.

Кімнен: окас даурбек Қайдан: павлодар
04.02.2012 19:39
+0 / -0
мына видионы калаи жуктеп алуга болады