Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 08:56


Онлайн-конференция

Қасым Аманжолұлының онлайн-конференциясы

Азаттық радиосы сәуірдің 4-і күні Janaozen.net веб-порталының бас редакторы Қасым Аманжолұлымен онлайн-конференция өткізді.

Janaozen.net сайтының бас редакторы Қасым Аманжолұлы Азаттық радиосында. Алматы, 4 сәуір 2012 жыл.
Janaozen.net сайтының бас редакторы Қасым Аманжолұлы Азаттық радиосында. Алматы, 4 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Қасым Аманжолұлы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында "Телевизия және кино режиссері" мамандығын алған.

"Заман Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" басылымдарында журналистік жолын бастады.

Телеарнада әртүрлі бағдарламалардың авторы, жүргізушісі ретінде танылды. "Анық Абай", "Мұтылған", "Жайнаған туың жығылмай" деректі фильмдерінің авторы.

Қасым Аманжолұлы - қазір Janaozen.net веб-порталының бас редакторы. Ашылғанына бір айға жуық уақыт болған бұл сайт Жаңаөзен оқиғасына қатысты жаңалықтарды, ел өміріндегі басты қоғамдық-саяси оқиғаларды қамтымақ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Астана Қайдан: Казахстан
03.04.2012 16:43
+0 / -0
Ассалаумагалейкум! Касым Аманжолулы Озиниз туралы айта кетсениз. Жануяныз,балдарыныз неше агайындысыздар? Казахстан улттык арнасында жургизуши болганызды билемиз содан кейн кайда кетип калдыныз,ариптестериниздин сол кезде бастары шуга калып жатты сиз кайда болдыныз? Акжунис,Сырга сол кездери жургизилген,Алтын сака теле жобаларыда. Рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрым Қайдан: Алматы
03.04.2012 17:23
+0 / -0
Шынның жүзі хабарын қайта жаңғырту ойыңызда жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.04.2012 20:28
+0 / -0
Журфакта білім берген ұстаздарыңнан кімді жоғары бағалайсың? Журналистиканың дамуы туралы зерттеу еңбектер жазып жүрген қандай ғалымдардың еңбегін білесің?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:00
+0 / -0
Отбасым бар, әйелім, үш ұлым бар. Алты ағайындымын. бауырларым тегіс аман, ауылда, Алматы мен Таразда. Қазақстан ұлттық арнасынан кеткелі алты жыл өтіпті, ол туралы айтудайын айтылды... Мен ұлттық арнадан кеткеннен кейін "Жас Қазақ" газетінде жұмыс істедім, Шәкәрім бабамыз жайында "Мұтылған" атты деректі фильм, Болатхан Тайжан туралы деректі фильм түсірдім. 31 арнада, КТК арнасында, Стан ТВ бейнепорталында авторлық жобалар жасадым, "Тәуелсіз" деп аталатын саяси ток шоуым шығып жатыр Ютюб арқылы.

Нұрымға: "Шынның жүзін" қайта шығару ойда бар ғой... Тек оған республикалық эфир керек. Және ендігі "Шынның жүзі" бұрынғыдан да өткір болуға тиіс, оған келетін қонақтарға да еш шектеу болмауға керек. Ал республикалық эфир басшылары менің мұндай талабыма даяр ма, мәселе осында!

Аты жөні көрсетілмеген азаматқа: Журфакта аса көп уақыт білім алған жоқпын. Есімде қалғаны - аса принципшіл ақсақалымыз, марқұм Темірбек Қожекеев. Одан соң жас, білімді ұстаздар Амантай Шәріп пен Бауыржан Омар. Бірақ бұл екі ғалым да қазір ұстаздықпен айналысып жүрген жоқ.

Кімнен: Қосақ Қайдан: Жылойдан
03.04.2012 17:26
+0 / -0
Қазақ журналистикасына қосып отырған үлесің зор, жалтақтамай қасқайып тұрып жазасың, соған ризамыз. Баяғы "Жас Алаштан" бастап, қазірге дейін жүргізген хабарларың жақсы пікір алды. Кейбіреулер сияқты емес, азаматтық позициаң мықты жігітсің.
1. Осы Қазақ журналистикасы жалтақ, қорқақ болмай, орыс журналистері сияқты өткір мақалалар беріп, қоғамдық пікір тудыратындай материалдар бере алмауына не кедергі?
2. Қазіргі кезде билікке қарсыларды қудалау көп, оларды қорғауда Журналистер Одағы не болмаса, қазақ журналистерінің бірігуі шамалы. Винявскийлерді орыс журналистикасы жаппай қорғады, қолдады, ал біздің Қазақ журналистикасы ондайда оларды қорғау былай тұрсын, өз қандасын қолдап, қорғауға қауқары жоқ. Оларда бір бойкүйездік, ҮРЕЙ бар, бәрі емес, әрине.
Жалпы өзің сияқты озық ойлы журналистер осы жүйеге, әділетсіздікке қарсы тұрар, бір күшті құрылым не қауымдастық құрып, бірігіп әрекет жасауға тағы не кедергі?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:01
+0 / -0
1. "Қазақ журналистері орыс журналистеріне жетпейді, қорқақ т.б." деген пікірге түбегейлі келіспеймін. Қазақ журналистері бұдан да биік белестерге жетіп, қоғамдық пікір тудыруда тек алда отыруы үшін мемлекет басшылары қазақ басылымдарын оқып, қазақша хабарларды көруі керек. Шенеунік атаулы, мәселе шешетін адамдар қазақылануға
тиіс. Жазарман ағайындар кабинетке тығылмай бір бірімен араласуға, белсенді болуға ұмтылса деймін. Жауапкершілікті сезіну, білім мен шынайылық, бастыққа жалтақтамау мінездері алға шықса...

2. Қазақ журналистикасындағы әріптестер интернеттегі белсенділікті күшейтуге тиіс. Қауым болып қорғану басталып келеді ақырындап... Соны дамы ту үшін нақты және күнделікті іске даяр азаматтар аздау. Ал жалпы журналист атаулы бірігіп кетуі мүмкін емес, себебі әрбір БАҚтың өз қожайыны, өз саясаты бар. Біздің бауырлардың бір кемшілігі билікшіл БАҚта жүріп өздерін "билік өкілі екенмін" деп алданып, сеніп қалатыны...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
03.04.2012 17:42
+0 / -0
Қасым мырза! Сіз алд-жалда ҚР Президенті болып кетсеңіз... Өркөкірек болып кетпейсіз бе?
Пікір алмасу

Кімнен: серік елікбай Қайдан: павлодар
03.04.2012 18:00
+0 / -0
Ұлы даңғылда,ұлт үшін,ұрпақ азаттығы жолында амандық,қайрат пен қажыр тілеймін !Серік Елікбай
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:01
+0 / -0
1. Тәкеңе: Алда-жалда президент болған жағдайда(!) өркөкірек бола қоймаспын. Ал жалпы, Назарбаевтан кейінгі президенттер ешқашан өз мінездерін мемлекет ісіне араластыра алмайтындай жүйе орнатамыз деп сенем. Ол өркөкірек бола ма, дүниеқұмар бола ма, тағы да нашар мінездердің иесі бола ма, бұл маңызды емес. Өйткені ол да адам. Ең бастысы, елді, ұлтты дамытуы, мемлекет тәуелсіздігін, азаматтар құқын сақтауы...

2. Серік Елікбайға: Рахмет, Секе!

Кімнен: Қайран Нарын Қайдан: Орал
03.04.2012 17:48
+0 / -0
Ассалаумағалейкум Касым Аманжолұлы! "Қазақстан" ұлттық арнасындағы бір кездегі "Шынның жүзі" бағдарламасы ел көңілінен орын тапқан бірден-бір жоба еді. Неге жабылды? Тағдыры не болды? "Қазақстан" арнасы биліктің сойылын соғатын мемлекеттік телеарна, бірақ Сізді соңғы кездері билікшіл емес БАҚ-тан көріп жүрміз, мұндай бетбұрыс жасауға не себеп болды?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:00
+0 / -0
"Шынның жүзі" туралы жоғарыда жауап бердім.

Бетбұрыс жасауыма Заманбек пен Алтынбек өлімі, одан соңғы Шаңырақ пен Маловодное оқиғалары қатты әсер етті. Ал мына соңғы Жаңаөзен қырғыны бұл режимді өзгертпесе халықты өлтіру жалғаса беретінін көрсетіп отыр. Сондықтан, кеудесінде адамшылық оты бар азаматтың жайбарақат қалуы мүмкін емес деп ойлаймын.

Кімнен: Еркебек Қайдан: Алматы
03.04.2012 18:46
+0 / -0
1.Ертеректе сіздің прозалық шығармаларыңызды, сын жанрындағы мақалаларыңызды оқыған едім. Қазір әдебиетпен неге айналысып жүрген жоқсыз?
2. Соңғы жиырма жылда әдебиетке келген қаламгерлердің ішінде ееркше атайтын есім бар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:00
+0 / -0
1. Әдебиетке деген үлкен құлшыныс болғаны, кәсіби түрде айналысып бастағаным да рас. Бірақ қазір Абай атам айтпақшы: "Алысқан-жұлысқан, айтысқан-тартысқан әурешіліктің" арасында жүріп үлкен өнерге талап қылуға еш мүмкіндігім жоқ. Ол үшін тыныштық керек.

2. Әр қаламгер әр кезеңде әртүрлі деңгейде жазады. Меніңше, соңғы жиырма жылдағы қазақ әдебиетінің құбылысы Тұрсынжан Шапай шығармалары. Сосын, Жүсіпбек Қорғасбектің "Жынды қайың" атты кітабын оқыдым, қатты ұнады.


Кімнен: қызыққұмар
03.04.2012 18:48
+0 / -0
қазақтың қай азаматын елбасы ретінде көргіңіз келеді?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:07
+0 / -0
Қазақтың халық сайлаған, әділетті сайлауда шынайы жеңіске жеткен адамды көргім келеді. Нақты есімді атай алмаймын.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
03.04.2012 18:56
+0 / -0
Қасым Аманжолұлы!
Сәлеметсіз бе! Сізді жаңадан өсіп келе жатқан жалынды жас, қазақ журналистикасының болашағы деп есептеймін.
Жаңадан ашылған Жаңаөзен туралы сайттарыңызбен құттықтаймын, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Осы сайт ашылғанда қатты қуанғандардың бірі болдым және бұл сайт нағыз пікірталас алаңына айнала ма деген үміт болды, сондықтан да бел шеше пікір жазуға кірістім. Жұмыс барысында менде Сіздерге бірнеше сұрақтар пайда болды, оны сайттарыңызға жаздым, бірақ жауап болмағаннан кейін электрондық адрестеріңізге де хат жазып жібердім, оған да осы кезге дейін жауап жоқ. Осыдан кейін менің Сіздерге деген ынтам басылып қалды. Дегенмен де мен осы конференцияны пайдаланып, сол сұрақтарымды есіме түскенінше тағы да қайталасам ба деймін.
1. Осы сайттарыңызда мұрағат бөлімі бар ма? Сайт ашылғаннан бері қарай шыққан мақалаларды қайдан іздеуге болады?
Екіншіден, пікір жазғандардың пікірін қайдан оқуға болады, қанша адам пікір жазғаны қай жерде көрініп тұрады?
Үшіншіден, пікір жазу үшін сайтқа қайта-қайта кіріп отыру керек сияқты, бұл онша ыңғайлы емес, көптеген адамдар оған ерінеді де пікір жазушылар саны шұғыл азаяды.
Төртіншіден, кейбір сайттарда жазылған пікір бірден экранға шығады, бұл диалог немесе пікірталас жүргізу үшін өте ыңғайлы. Ал, алдымен модератор тексеріп, ол пікір біруақытта экранға шығады дегенше пікір жазушы күтіп отыра алмайды, компьютерін сөндіріп басқа жұмыстарына кетеді, бұл да пікірталастың әрі қарай өрбуіне мүмкіндік бермейді.
Басқа да сұрақтарым бар, алдымен осыларға жауап берсеңіздер екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:11
+0 / -0
Көш жүре түзеледі деген. Интернет порталдың бастаудың күрделі тұстары бар екен техникалық тұрғыда. Сайттың мұрағат бөлім де, пікір беру бөлі ме де бірнеше күннің ішінде джаңарудан өтеді. Біздің соңғы нұсқамызда бірі шешілді. Бұл түзелетін дүние. Үмітіңізді үзбей пікір беруді жалғастыра беріңіз.

Пікірдің бірден жариялануы ол дәл ұазіргі жаңғдайда сәл тәуекелшіл деп есптеймін. Қазір пікір берудің мәдениеті қалыптаспады. Сайтта бейәдеп пікір жариялануы мүкін. Біз сияқты тәуекелмен барып отырған жағдайда, арнайы билікке арандатушылақ пікір жазғандар болу мүкін.

Кімнен: Медғат
03.04.2012 19:26
+0 / -0
Қасым аға, өз басым сізді халқына шын жаны ашып, қазақты жанындай жақсы көретін ұлтшыл, мықты журналист ретінде білем. Осы бағытыңыздан таймаңыз дегім келеді. Отбасыңызға амандық, саулық тілеймін. Менде бір ғана сұрақ бар: Қазақстанның болашағына қатысты сізде оптимистік болжамдар басым ба әлде пессимистік болжамдар басымдау ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:12
+0 / -0
Әрине, оптимистік болжамдар басым. Себебі, дүние өзгеріп жатыр. Қазақ халқының ұлдары өз заманын өзгертеді, қоғамды жаңа сапаға көтереді. Аз уақытта қазақ қоғамы жаңаша өзгеріп шығады.

Кімнен: жанашыр Қайдан: Жаңаөзеннен
03.04.2012 20:24
+0 / -0
Қасым амансыңба, өмірде тасың өрге домаласын, жұмысың жемісті болсын, айнала-төңірек отбасың аман, денің сау болсын, қайда жүрсеңде аман жүр!

Кімнен: эБюю Қайдан: иТыржн
03.04.2012 20:39
+0 / -0
Бир гана сурак:::: мухтар аблазов (дурысын бейадеп деиди) тып тыныш омир суре бермеи неге сиздеилерди жинап алып олгенше карсылык корсетип жатыр
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:16
+0 / -0
Мұхтар Әбілазовпен таныстығым жоқ, байланысым да жоқ. Сіз шамасы президент Назарбаевпен қарсыласуын меңзеп тұрған сияқтысыз. Ол Әбілазовтың азаматтық өз ұстанымы, мен оның ұстанымына жақсы қараймын. Неге бәрі қазіргі режимді ләппайлап қолдауы керек?

Кімнен: Асылбек Қайдан: УЛЫТАУ
03.04.2012 20:59
+0 / -0
Казакстан парламенттик мемлекет болганы дурыс,Сиздин ойыныз?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.04.2012 21:39
+0 / -0
Әкім,депутат,сот т.б европадағыдай халықтың өзі сайлағаны дұрыс.Имамдарды да жамағат өзі сайлау керек.Сіз келісесіз бе?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:17
+0 / -0
1. Қазақстан парламенттік президенттік басқаруға көшкенің дұрыс, оған келісемін.

2. Сайлау демократиялық жолдың алғашқы ұстанымы. Сондықтан қай дәрежедегі болсын шенеуніктердің әділ сайланғаны ең басты шарт.

Кімнен: Жәй адам Қайдан: Қызылорда
03.04.2012 21:17
+0 / -0
Айналайын Қасым бауырым! Өз позицияңды танытып, аталарымыз Қасымның атына кір келтірмей жүргеніңе қуаныштымын. Елімізде өзіңдей өр, батыл және ақылды жастардың бары қуантады. Өкінішке орай, билікте әзірше логикалық ойлауы сен сияқты мықты, білімді, ұлтқа жаны ашитындар аз. Осыны көре отырып қарның ашады. Ел келешегіне сенің өз болжамыңды білгім келіп еді. Қазақ осы жер бауырлаған, билікке жалтақ күйімен кете бере ме, әлде өзгеріс бола ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:25
+0 / -0
Тілеулестігіңізге рақмет. Қазақты жер бауырлаған жалтақ күйде жатыр деп есептесеңіз қатты қателесесіз. Қазір жастар ояна бастады. Олар қоғамның басқа сапада болғанын көргісі келеді. Және сол өзгерістерді жасауға даяр азаматтар қалыптасу үстінде. Сол себепті аз жылдардың ішінде Қазақстанның өзгеретініне кәміл сенемін.

Кімнен: Амирбек
03.04.2012 21:28
+0 / -0
Ассалаумагалейкум Касым ага. Бугинги кун калай ойлайсыз жастардын саяси жолы калай басталуы тиіс? Радикалды бара жаткан когамды, баска арнага бурып бибіт турде жоғарыдағыларға қысым жасай отырып халык билигин қалпына келтируге мумкиндик сиздин ойынызшы кандай? Жалпы сизге усыныс казакстанын барлык аймагынын жастарды ягни озін тәуелсизбин дейтін жастарды жинап тәуелсиз форум немесе донгелек устел откизсениз?! Такырып: Бугинги биликтин устаган саясатымен болашакка сеним кандай деген!!! Ешкандай уйым немесе партия жастарынсыз тек тауелсиз жастармен!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:26
+0 / -0
1. Жастардың барлығына ортақ рецепт ұсына алмаймын. Әр алдамның болашағын көру жолы әр түрлі. Біреулер бұл билікті тек күшпен құлату мүмкін деп есептесе, енді біреулер басқа жол іздейді. Бірақ қазіргі билік тек күштіні ғана мойындайды. Сол себепті билікпен қандай да бір келісімге келіп өзгертемен дегендердің уақытына жаным ашиды.

2. Тәуелсіз жастардың жиыны деген ойыңыз жақсы екен. Түбі ондай жиынның болатынын жоққа шығармаймын.

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
03.04.2012 22:03
+0 / -0
Қасым сен былай қарағанда көкірегі оияу көзің ашық жігітке ұқсайсың ғо ,менің бір сұрағым, осы Қазақта жаман қасиетер бар ғо екі жүздік, жағымпаздық ,біреуге табыну ,біредің атынан сөлеу ,аш көздік ,жасқаншақтық ,не болса соны қанағат тұтатын ,өзін кеміс көретін біреуге қарағанда ,өз өзін көре алмаушылық ,өтірік мақтаншақтық ,осындай қасиетер бар мет біздің қанымызда,болса сонда қалай біз тірі қалдық ұлт есебінде ,болмаса я біз біреудің қарғысына ұшырадықпа ,я соған бізді қоғам тәрбиеледіма ,біреу кінәліма ,соған сенің пікіріңді білсем ,рахымет
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:35
+0 / -0
Қарғысқа ұшырадық дегеніңізге аса келісе қоймаймын. Өйткені, мистикаға сенбеймін. Қазақтың тарихына көз жүгіртсеңіз қазақтың міндері соңғы жүз ел жыл көлемінде жұққан мінездер. Содан әлі күнге арыла алмай келе жатырмыз.

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
03.04.2012 22:55
+0 / -0
Қасым бауырым барлық іс , қадамың оң болсын . Аллах Құдай сізге риза болғай . Аллах Құдай елімізге жақсылық , береке бергей .
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:35
+0 / -0
Алла тілегіңізді қабыл етсін. Рақмет!

Кімнен: Қайрат
03.04.2012 23:16
+0 / -0
15 желтоқсанда К+ арнасында жарық көрген бағдарламада тілшілеріңіздің Алматыдағы Жібек жолы көшесінің бойында жұрттан "Назарбаев халыққа оқ ата ма?" деген сауал қойғандары туралы бейнесюжет көрсеттіңіз. Соңынан сол тақырыпты студияда жиналған қонақтармен талқыладыңыз. Осындай бағдарламаны Жаңаөзен оқиғасына бір күн қалғанда түсірілгенін және эфирге 17 желтоқсанда шыққанын кездейсоқтық деп айта аласыз ба? Біреулер сіздерге осы мерзімдерде осындай тақырыпта бағдарлама жасаған дұрыс болар еді деген ақыл-кеңесін айтқан жоқ па? Осы сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін. Рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:36
+0 / -0
Ешкім ешқандай ақыл-кеңес айтқан жоқ. Себебі, мен өзімнің авторлық бағдарламаларымның ой-идеясын өзім жасайтын адаммын. Ал 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасын кездейсоқтық деп айтуға болмайды. Себебі, көзі ашық, көкірегі ояу адам жеті ай бойы ереуілдеген мүнайшылардың шыдамдары таусылатынын білетін еді. Олардың белсенді әрекеттерге көшетіні түсінікті болатын. Мұнайшылар бір әрекетке барған жағдайда билік не істейді деген сауал мені қатты мазалады. «Назарбаев өз халқына оқ ата ма?» деген сұрақ 2-3 ай бұрын пайда болып, хабарға дайындық жұмыстары басталды. Оның дәл сол 15 желтоқсан күні түсірілуі кездейсоқтық деуге болады.

Кімнен: Ердене Қайдан: Алматы
03.04.2012 23:25
+0 / -0
Қасым Аманжолұлы Меннің бірінші сұрағым,
1.Біз өстіп жүріп қайда барамыз жағымпаздық және өтірікпен қазіргі жас ұрпақты қайда апарамыз..
2.Заман өстіп қала береме.Болашақ Қазақстанның жағдайы қалай болады Көз алдыңызға қалай келеді.
3.Біздің Атақты бәрі бірдей алып жатыр
Тойбастардың шытындай жыртып алып.
Арыстандар ала алмаған атақтарды
Оп-оңай олжалауда түлкі барып,
Қарғаға жапсыратын заман болды
Қырандардың қанатын қырқып алып. деген ақындар айтысынан. заман болғанфы распа. қалай ойлайсыз.
Осығын жауап беріңізші.
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:48
+0 / -0
1. Жағымпаздықтың қаулап кеткені рас. Бірақ ол жастар арасында аса тарала қойған жоқ.

2. Заман бұлай қалмайды. Аз жылдарда қазақ қоғамы мүлдем басқа сапаға өзгереді. Қазақстан шынайы ұлттық мемлекетке, демократиялық құндылықтары зор мемлекетке айналады.

3. Қазір бір кездегі «зар заман» ақындары сияқты жылай бергеннен ештеңе өзгермейді. Нақты әрекет, тың ойлар, жаңа ұсыныстар керек. Заман жаман деп жылай бергеннен ештеңе өзгермейді.

Кімнен: Бақытжан Қайдан: Алматы облысы
03.04.2012 23:54
+0 / -0
Қасым мырза қазір Әбілазовты жарылыс ұйымдастырды деп жазғырып жатыр. Осыған сіздің көзқарасыңыз қандай?
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:50
+0 / -0
Мен оған сенбеймін. Әбілазов мүмкіндігі зор адам. Ол жер асты өту жолында жарылысты «жасай алмай қалыпты» дегенге күлкім келеді. Және ол интеллектуал, болашақтан үміті бар адам. Сондықтан ондай қанды қимылға баруы мүмкін емес. Бұл арнайы қызметтің ойлап тапқаны. Жаңаөзен соты кезіндегі биліктің ойлап тапқан далбасасы.

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
04.04.2012 07:53
+0 / -0
Қайдан, кім екенің сайт бастамасында айтылды, Сондай және ендігі президент кім болады дегендей сұрақтарға уақытыңды кетірмей, қазірде қазақтың кәрі-жас журналшылары мен жазушылары өзіңе қандай қолдау жасап, сөзіңдң сөйлеп жүр және өзің қатарлы, кейінгі журналшылардың ішінен кімдер мынау бетпақ билікке қарсы батыл қимыл жасап жур дегенге пікір айтқын.Басқаның бәрі бос сөз. Мысалы, Астанада "Егемен Қазақстан", "Казправда", Алматыда "Айқын", Алматы ақшамы" президент НН-тың суретінсіз, "ұлағатты" сөзінсіз шықпайды, - ондайларды айтпай-ақ қой, жүйе мүлде өзгермейінше олар оңалмайды. Осы жүйені өзгерту үшін журналшы-жазушы қауым не істеуі керек, сен осы жағын баса айт.
Пікір алмасу

Кімнен: Қасым Аманжолұлы Қайдан: Алматы
04.04.2012 16:52
+0 / -0
Қазір әрбір қазақ азаматы өз-өзіне сұрақ қоюы керек: «Егер мен істемесем кім істейді?» деген. Яғни, жанқиярлық керек.

Кімнен: Марат Қайдан: Ақкөңіл Ақжайықтан
04.04.2012 08:24
+0 / -0
Құрметті Қасым бауырым! Бұрын сізді танымайды екенмін. Аракідік ақпарат беттерінен атыңызды естігенім болмаса. Тек өткенде сіз митингіде қолыңызға дауыскүшейткішті алып, сөйлегенннен бастап, түріңізді жаттап алдым. Не айтамын, сұрағым жоқ. Сұрағым көп, оның жауаптарын өзім де білемін. Тек сізге елім деп соққан жүрегіңіге қуат берсін! Ізгі тілекпен, қазақтың бір қасқа баласы.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?