Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:34

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Маңғыстауда ереуілшілер мен журналистерге қару жұмсау жиілеп барады

Бірнеше айдан бері мұнайшылар ереуілі тарқамай тұрған Маңғыстау облысында травматикалық тапаншамен кем дегенде үш рет шабуыл жасалды.

Маңғыстаудағы ереуілші мұнайшылар. 2011 жылдың мамыры. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Шабуылдың бәрі ереуілге шыққан мұнайшылар мен олардың белсенділеріне, ереуіл туралы хабар беріп жүрген оппозициялық тележурналистерге қарсы бағытталды.

Алғаш рет травматикалық қару 8 қазанда ереуілшердің белсендісі Жанар Сақтағановаға қарсы жұмсалса, 26 қазанда ғана әлгіндей қару бірден үш адамға қарсы қолданылды: Stan.tv бейнепорталының 2 тілшісі - журналист Өркен Бисенов пен телеоператор Асан Амилов, ереуілшілердің бірі Естай Қарашаев Жаңаөзенде резеңке оқтан жарақат алды.

«Халық майданы» оппозициялық қозғалысы Ақтаудағы кеңсесі маңында белгісіз біреулер екі белсендісін аяусыз соққыға жығып кеткенін айтады.

Бұл қылмыскерлер неліктен тек ереуілшілерді, ереуіл жайлы хабар беріп жүрген журналистерді ғана нысанаға алады? Бұл оқиғалардың астарында кімдердің мүддесі жатыр?

Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде осы мәселер талқыланды. Дөңгелек үстелге Stan.tv бейнепорталының Маңғыстауда соққыға жығылып, пневматикалық тапанша оғынан жараланған тілшісі Өркен Бисенов, «Халық майданы» қозғалысының Маңғыстаудағы өкілі Айжангүл Әмірова, «Қатердегі журналистер» қорының президенті Розлана Таукина, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы полковник Жұма Шоңбасов қатысты.

«БҰЗАҚЫЛАР МЕН ТӘРТІП БҰЗУШЫЛАР»

Полковник Шоңбасов соңғы кезде Маңғыстау облысында ереуілшілерге қарсы шабуылдардың көбейгенін мойындап, оларды «ойланарлық жайт» деп бағалады. Бірақ бұл үш қылмыстың бір-бірімен байланысы жоқ деп есептейді.

– Себебі, бұл жерде жай бұзақылар, тәртіп бұзушылар пайдақорлық ниетпен бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалған қылмыс деуге болады. Бұл жерде саяси астары бар қылмыс деп нақты есептеуге де ертелеу деп ойлаймыз. Себебі, соңғы үш қылмыс, сонымен қатар екі кісі өлтіру дерегі бойынша уақтылы қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті мен Ақтау және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармаларының тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу топтары құрылып, осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің ізін кесіп,  істерді ашу мақсатында тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – дейді полковник Жұма Шоңбасов.

«НАҚТЫ ТАПСЫРЫС»

Журналист Өркен Бисенов полковник Шоңбасовтың пікірімен келіспей, оған қарсы өз уәжін айтты:

– Естай бауырымның айтқан сөздерін тыңдап қарасам, оған да, бізге де шабуыл жасағандардың жас шамалары 20-25-те болған. Сондықтан, меніңше, осы қылмыстарды істеп талтаңдап-тайраңдап жүргендер – бір 
Stan.TV ақпараттық бейнепорталының журналисі Өркен Бисенов.
​​азаматтар деп ойлаймын. Егер бізді тонау мақсатында шабуыл жасайтын болса, онда олар сондай қымбат көлікпен [«Тойота Прадо», номері 708] келмес еді, бізді бірнеше күн бойы аңдымас еді. Олардың алыста тұрып бізді аңдығанын мен терезеден өз көзіммен көрдім.

Сондықтан менің өз басым: олар менің қолымдағы ары кетсе 100 мың теңгеден сәл қымбат тұратын құрал-жабдықты алу үшін, бізді тонау үшін жасалған жоқ. Мұның артында адам бар. Ал келіп жүрген жас жігіттер нақты тапсырысты орындау үшін келді деп айта аламын.

Өркен Бисенов журналист ретінде 1,5 миллион тұрғыны бар Алматы қаласы полициясының түнгі рейдтеріне қатысқанын, қылмыс болғаны туралы 5-10 минуттың ішінде хабар келіп түссе, полицияның күдіктіні ізін суытпай қолға түсіретінін мысалға келтірді.

Журналист Ақтауда өздеріне қастандық жасалғаны туралы полицияға дереу хабарласа да, полицияның шағын қалада нөмірі белгілі «Тойота Прадо» сынды үлкен джип автокөлігін таба алмағанына аң-таң болады.

«ҚЫЛМЫСКЕР – БІР АДАМ»

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы полковник Жұма Шоңбасовтың уәждерімен Айжангүл Әмірова да келіспеді. Ол «Жанар Сақтағанова мен Stan.tv бейнепорталының екі тілшісіне, Естай Қарашаевқа травматикалық қару қолданған – бір адам» дегенді айтады

– Өркендерді [Өркен Бисенов пен Асан Амиловты – Азаттық] соққыға 
«Халық майданы» қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірова. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
​​жыққан күннің ертеңіне олар [Алматыға] қайтып бара жатқан кезінде  мен қасында болдым. Оларға шабуыл жасағандардың фотороботын салып жатқан кезде. Бірінші фоторобот дайын болған кезде мен: «Мына бала бізге оқ атқан баланың түріне өте ұқсайды» деп бірден айттым. Содан мен сол екі фотороботты суретке түсіріп алып, түнде Өзенге [Жаңаөзен қаласына – Азаттық] бардым. Ертеңіне Естаймен кездесіп, екі фотороботтың суретін көрсетіп, «қайсысын танисың?» деп сұрағанымда, дәл мен күдіктенген баланың суретін Естай да көрсетті. «Мынаның түр-сипаты дәл соған ұқсайды» деді. Одан соң бұл қылмыстар бір-бірімен байланысты емес деп қалай айтасыз!? Әрине байланысты! – дейді «Халық майданы» қозғалысының өкілі Айжангүл Әмірова.

Айжангүл Әмірова мен полицияның тергеу жүргізіп, қылмыскерлерді іздестіріп жатқанына да үлкен күдікпен қарайды.

– Олар іздеп жатырмыз дейді. Бізге 8 қазан күні оқ атылды. 9-ы күні қылмыстық іс қозғадық деді. 10-ы күні бізден жауап алды. 11-іне экспертиза тағайындалады. Ал 9-ы күні «Лада» интернет-газетінде «по сведениям ДВД, по показаниям экспертизы [резеңке оқ] ниже пояса тиген» деп ішкі істер департаментінің мәліметін хабарлап жазды.

«Лада» интернет-газеті бұл мәліметтерді ішкі істер департаментінен алғанын хабарлады. Алайда, егер экспертиза 11-іне тағайындалса, департамент ондай мәліметті баспасөзге 9-ында қалай бере алады?! – дейді Айжангүл Әмірова.

«БҰЛ – ТЕРРОР»

Ал 26 қазанда травматикалық тапаншаның оғынан басы жараланған Естай Қарашаев бұл шабуылдардың тасасында «үлкен кісілер тұруы мүмкін, бұл қылмыстар халық арасында үрей туғызу, ереуілді тарату үшін істеліп отырған арандатушылық болса керек» деп есептейді.

Ол өзіне қарсы қастандық жасалардан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің телефон соғып, қорқытпақ болғанын есіне алды.

– Guljan.org сайтына сұхбат бергенмін. Сол кезде қауіпсіздік комитетінің капитаны телефон шалып: «Сен не деп жүрсің, не жазып жүрсің – басыңды кесіп аламын ғой!» деген әңгімелер айтты. Мен оған: «Бас  кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, телефонды қоя салған едім. Мен «жай айтқан сөзі шығар» дедім де, онша елегенім де жоқ, – дейді Естай Қарашаев.

«Қатердегі журналистер» қорының президенті Розлана Тәукина Маңғыстаудағы қастандықтардың барлығын бір сөзбен –  «террор» деп сипаттады.

– Турасын айтар болсам, бұл – биліктің оппонеттеріне қарсы, мұнайшылар ереуілін жариялап жүрген журналистерге қарсы террор. Біздегі құқық қорғау орындарына жұрт сенбейді, қарақшылардан емес полициядан өлердей қорқады. Құқық қорғау орындарының күдікті істерге араласатыны бұрыннан белгілі, - дейді Розлана Тәукина.

Дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасын тыңдаңыз:

Маңғыстауда ереуілшілер мен журналистерге қару жұмсау оқиғасы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
31.10.2011 22:41
+0 / -0
Өтіріктің арты бір тұтам деген, өздерінің өтіріктерін өздері шығарып жатыр, және өтіріктерінің арты ашылып қалғанына қысылып та отырған жоқ, полицияның формасын киген қарақшылар ғой,жай қарақшылар жауапкершіліктен қорқады, ал бұлар биліктің айтақталған иттері ғой, айтса жасайды, сондықтан жігіттер бастарыңды сақтаңдар дер едім, ол үшін халықтан көмек сұрау керек, өздеріңді өздерің қорғамасаңдар, қазіргі жағдайларың қасқырға бақтырған қойдай екен, шеттеріңнен бір-бірлеп бастарыңды кесіп ала береді. Бірақ сендер қой емес шығарсыңдар, адамның ісін жасау керек, Аблязов кеңес айтып жатыр, солидарность не жасады , оларды тәубесіне келтіру керек. Олар құдайдан да қорықпаймыз дегендей сыңай білдіріп жүрген адамдар ғой. Биліктің жендеттері ғой.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
31.10.2011 23:57
+0 / -0
Халық майданы деп аталған соң, халық майданының өз сарбаздары-сақшылары да болуға тиісті. Биліктің қолшоқпарларының қолдарында бар травматикалық қарулар халық майданы сақшыларының да қолдарында болуға тиісті. Бұл оларға қорғаныс үшін керек. Біздің өтірік конституциямызда қай азамат болмасын өзінің өмірін қорғауға құқылы. Травматикалық қарумен де! Сондықтан Аблязов пен оның жақтастарында құдайға шүкір, қаражат жағы жеткілікті, міне сол қаражаттың арқасында бейбіт шерушілерді қорғауға травматикалық және жүйкелік-газовый қарулар сатып алып, халық сақшыларының қолына беру керек. Өзіңді қазақ қорғамасаң сені ешкім де қорғамайды, билік "тем более"...

Кімнен: Қазақ азаматы
01.11.2011 02:10
+0 / -0
Құрметті Қазақстандықтар бұл таза террорлық жабайы іс әрекет. Енді былай қол қусырып отырудың жөні жоқ. Бұлар қарапайым халықты жүргізбеуге қарады. Қаншама жер-жерлер де адам өлімі болып жатыр. Қарап отырсақ тек қазақтар өліп жатырған. Жемқорлар сонда қалталарына сеніп тек қарсы шындықты, халықтың жанашырларын қырып тастап үндемейтіндерін қалдырып мал қылып қойғысы келеді. Бұлай сонда балдарымыздың өмірі жоқ деген сөз. Неге біз халықпыз бірігейік төңкеріс жасау керек. Емі сол. Сосын Өркениетті мәдениетті мемлекет құру қолымызда. 2 жылда жетісеміз.

Кімнен: Түк түсінбейтіннен
01.11.2011 04:29
+0 / -0
Сонда қалай болғаны?

Журналистер мен оппозиция өкілдері дауыл күні айналып тұрған желдерменмен арпалысқан Дон Кихот болғаны ма?

Мемлекеттей махинаның айналып тұрған алып маховигін тоқтатпақшы ма?

Маховиктің тістерінің арасында шайналып кетпей ме?

Бұл дирмен мен маховикті тоқтату үшін техникалық білімі болу керек.

Техникалы білім алу үшін адамның басында қайнап кетпеген миы, мұздап қалмаған жүрегі болуы кере.

Ал мына журналист пен "Халық майданы" белсендісінің өзін-өзі қорғаушылық іс-әрект жасауды білмеуі немесе артында қорғаушы тілеулестері болмағаны мені қатты таңдандырып отыр.

Журналистің қолында қазіргі заманның ең зор қаруы бар емес пе? Әріптестері аңдушыларды камераға түсіріп алып, мына:

(No records found for this widget:13597
Кез-келген форматта (қалта телефонына, бейне/фотокамераға, я диктофонға) түсірілген немесе жазылған қызықты хабарыңызды вебсайтымыз арқылы көпке жеткізуге асығыңыз.
Хабар - сізден: мұрағат
Файлды жүктеңіз
Қолдану шарттары

Толығырақ)

вебсайтқа жүктеп отырмайды ма?

Ал, "Халық майданы" белсендісін, осы "майданның жауынгерлері" қорғамайды ма? Олардың арасында "тепсе темір үзетін жігіттер" болмағаны ма?

Өз басын қорғауды білмейтін адам адам құқын, халықты, елді, жерді, тілді, дінді, ділді қалай қорғайды?

Тіпті, анау-"Халық майданы" белсендісі адамша сөйлеуді де білмейді ғой, сөзінің 50 пайызы шетел тілінде айтылды.

Адам жұмысты бастар кезде қайда бара жатқанын біліп, құр алашапқын жасай бермей, айналасын бағамдап, "қымтап", "тазалап", алда кездесер кедергілерді жою жоспарларын жасап барып жұмысты бастау керек емес пе?

Мен осы қазақтар қалай жұмыс істейтінін түсінбей-ақ қойдым.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2011 08:51
+0 / -0
Ей, түк түсінбес миғұла, сен өзің қалай жүріп-тұрасың, күнделікті үйден шығарда есік алдына танк шақыртасыңба? Жорналшы - заңмен қорғалатын тұлға, өркениетті елдерде оларға қол көтеру ауыр қылмысқа жатады, оқ пен оттың арасында өз қызметін атқара береді, осы халықаралық нормаларды "дикий запад" погонды есуастары қайдан білсін. Сақтанғанда қалай сақтанамыз, жұртқа жаппай "калаш" асынып жүр демесең, алдын-ала ескертетін органдарыңның сықпыты анау, шетінен банда болып кеткен, осы кісі өлтіру, сабау, қамау солардың нұсқауымен, Айтқұлов, Ещмановтың батасымен, Құлбеков бандгруппасының қолымен, ҰҚҚ,ІІД, прокуратура "крышабайтымен" болып жатқан оқиғалар. Бұлар халық жеңіп кетсе сотталатын фигуралар, сондықтан қайткен күндеде бас көтертпеудің амалы, артқа жол жоқ, қараңғы қапас, алды тұман, арпалвс.
Пікір алмасу

Кімнен: Түк түсінбегеннен
02.11.2011 03:51
+0 / -0
Е-е, айналайын, көкешім-ай!

Менің айтқан сөздерімнің біріне де бойлай алмаған екенсің!

Егер сен, мына деңгейіңмен журналист болсаң, біз журналистке жарыған екенбіз.

Анау иғыңда тұрған "қауағың" жұмыс істемесе мен кінәлі емес шығармын. Егер саған іс бітірмей (сақтанбай), тек жылаймандық ұнаса жүре бер, айналаңның бәрін кінәлап, өмір бойы еңіреп.

"Өзің диуанасың, кімге пір боласың"-дегендей, сен қай қазаққа пана боласың?

Орыстар айтады: "с казахом один раз поздороваися, всю жизнь виноватом останишься"- дегендей, сенің бұл өмірге келгеніңе де, сенің өмір сүргенің үшін де мен кінәлі екенмін ғой.


Кімнен: самат
01.11.2011 11:12
+0 / -0
Бұл жерде халық та емес, билік те емес, арада үшінші күш бар! сол арқылы билік пен халық арасына от салу мақсатында жасалып отыр! Кплюстин президенти ким? Ол - Аблязов! Жанаозендеги ереуилшилердин барлыгын дерлик Аблязовтын акша берип жасап отырган спектаклі! Мынау да билікке қарс әрекеті болуы керек!

Кімнен: арман
01.11.2011 16:27
+0 / -0
Мұның бәрін Аблязов басқарып отыр, батыс Еуропамен қосылып. Еуропаның көзі Қазақстанның мұнайға бай батыс өңірі. халық пен билікті шақыстырып, талан-таражға салмақшы!

Кімнен: Үш жүрістен мат қоюшы.
02.11.2011 04:04
+0 / -0

Сонда қалай? Сеніңше Батыс Еуропаға, Аблязовке, саған, сенің билігіңе керек байлық пен ақша халыққа керек емес пе?

Айналайын, саматсың ба, армансың ба, сен өйтіп білгішсібей-ақ қойсаңшы?!

Сенің мақсатың елді шатастырып, көңілін басқа арнаға бұру ма?

Кімнен: Серік Сапарғали Қайдан: Алмты
03.11.2011 01:54
+0 / -0
8 маусым күні ДАТ газетінде, одан бір айдан кейін жіберген Жеделхатымда, екі рет барып, кездескенімде де ереуілшілерге дереу Халық Жасағын құру туралы ұсыныс істегенмін. Өкінішке орай сол ұсыныстар енді ғана қолға алынып жатыр, оның өзінде де, тек, Жаңаөзенде... Неге бабалары отарлау кезінде қолдарын білегіне дейін аталарымыздың қанына малған казактар сондай жасақтар құрып қана емес, әскери киім киіп, қамшы ұстап тайраңдап жүр, ал, қазақ жігіттеріне ол неге болмайды?
Сондықтан, болып жатқан қылмыстық оқиғаларға мұнайшылардың да күнәсі бар деп есептеймін. Үйткені, жергілікті күштеу органдарының өкілдері қылмыстық топтармен етене байланыста екені бесенеден белгілі.
Олардың өздері де халы0ты қорғағанның орынына нағыз бандитизмге барып отыр. Оған өз басым да тікелей куәмін. Тек, маңғыстаулық ағайындарды қолдау үшін екі рет барғанымда екі рет қамалып, бір рет сыртымнан соттады.

Кімнен: Маршал Қайдан: Маңғыстау
14.11.2011 01:55
+0 / -0
Арман,Самат недеп сандырақтап отырсыңдар?.Қай жақтың Европасы айтып отырғаның,қазақтың мұнайы Қытайға сатылып біттіғой сендер әлі естімеген екенсіңдерғой.Қазақстан Қытай,Орыс,Әмірикадеп жалтаңдап,жалпаңдап жүріп құрдымға кетемізғой!!!