Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:24

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Мұнайшыларды тұрғындар қолдады, ал «Қазмұнайгаз» ереуіл белсенділермен тіл табысуға тырысуда

Жаңаөзен қаласының тұрғындары ереуілдеткен мұнайшыларды қолдау үшін пикетке шықты. Автобекетке жиналған мұнайшылар мұнай және газ министрімен кезедсуді талап етуде. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы кәсіподаққа мәмлеге келу турасында үндеу жариялады.

Мәтін көлемі - +
АКЦИЯЛАР ТАҒДЫРЫ АЛАҢДАТАДЫ

Наурыздың 15-сінде Жаңаөзен қаласындағы әкімшіліктің алдындағы Тәуелсіздік алаңына ереуілдеткен мұнайшыларды қолдау үшін бірнеше ондаған жергілікті тұрғын жиналды.Олардың қатарында қаладағы жұмыссыз жастар, студенттер, балалар үйінің түлектері, зейнеткерлер бар. Пикетке қатысушылар полицияның алаңды айнала қоршап тұрғанын баяндайды.

Алаңға келген жұмыссыз жүрген жастардың бірі Мұса Әлібеков. Ол Ақтау мемлекеттік университетін бітіріп, «мұнай игеруші» деген мамандық алғанына қарамастан, жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады.
Тәуелсіздік алаңында пикетке қатысушы жұмыссыз мұнайшы жігіт Мұсабек Әлібеков. Жаңаөзен қаласы, 15 наурыз 2010 жыл

- Сол себепті пикетке шықтым. Мақсатым - мұнайшыларды қолдап, қаланың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етуге үн қосу,- деді ол Азаттық тілшісіне.

Ал мұнайшыларды қолдауға шыққан Нұрсулу Отарбаева - 2- топтағы мүгедек. Бірақ ол жұмысшылардың жағдайы мен «Өзенмұнайгаз» акциясы Қытайға сатылады дегенді естіп, үйде отыра алмадым дейді.

-Мұнайшылар ереуілдеткелі міне 12-ші күнге аяқ басты. Олар ұйқы-күлкі көрместен сол жерде тұр. Ал біздің үкімет қайда, парламенттегі депутаттар не қарап отыр? Ендігі даусымыз жер түбіне жететін уақыт болды. Сондықтан жаңа Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың жаңаөзендіктердің алдына келуін талап етеміз. «Өзенмұнайгаз» компаниясының акциялары қайда екендігі жөнінде тиісті қағазды көрсетіп, түсіндірсін,-дейді Нұрсұлу Отарбаева.

Пикетке қатысып, мұнайшыларды қолдауға келгендердің арасында балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Артур Сүлейменов та бар. Оның айтуынша бүгінде Жаңаөзендегі балалар үйінен шыққан 300-ге жуық тәрбиеленуші жұмыссыз, үйсіз, күйсіз жүр. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан басқа жеткіншектердің болашақ тағдырына алаңдайтынын жасырмады.

-Кезінде бізге ақыл-кеңес берместен түрлі оқу орындарына бөле салды. Ол мамандықты қалаймыз ба, жоқ па бізден ешкім сұраған жоқ. Мәселен, мен медбратпын, бірақ электр жөндеуші болғым келген. Енді ол мүмкін емес тәрізді. Өйткені, бізді ешкім жұмысқа алмайды. Жатақхана ретінде берілген үш бөлмелі пәтерде 16 адам, кейде 20-30 жан болып тұрамыз. Ес жиып, үй болып бөлек кеткіміз келеді. Тұрақты жұмысқа орналасып, жақсы тұрмыс кешкіміз келеді. Мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан басқа іні-қарындастарымызды да осындай жағдай күтіп тұрғанын ойласам, қабырғам қайысады,-дейді Артур Сүлейменов Азаттық тілшісіне.

8 бала тәрбиелеп өсірген 63 жасар зейнеткер Айкүн Сүлейменова балаларының тағдырын уайымдап келгенін айтты.

- Менің баларымның бәрі мұнайшы. Олардың қай-қайсысы да Өзенді Қытайға бермейді. Мен де оларды қолдаймын. Балаларымды қытайдың бодандығына беріп, ертең молада қалай тыныш жата алармын? Сондықтан биліктен тисті адамдар келіп, елге жайды түсіндірсін,-деді Айкүн Сүлейменова.

Ал Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарыбөпеев пикетке қатысушылар туралы ақпарды енді ғана алып отырмын дегенімен, мұнайшылардың жағдайы туралы түсініктеме беруден бас тартқан жоқ.

-Мұнайшылармен сөйлесіп, кеңеске шақырып жатырмыз. Олардың талаптары орындалды. Жалақысы бұрынғы күйінде тұр, ештеңе өзгерген жоқ. Ол туралы жұмыс беруші хабарлап отыр. Бірақ мұнайшылар кепілдік талап етіп отыр,-дейді Орақ Сарыбөпеев.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директоры Бағытқали Бисекен жергілікті теледидар арқылы «егер менікі қателік болса, мен кетуге дайынмын» деп ресми мәлімдеме жасаған.

МҰНАЙШЫЛАР КЕПІЛДІК ТАЛАП ЕТЕДІ

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Дәулет Жұмаділ Азаттық тілшісіне наурыздың 14-і күні «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ комитеті төрағаларына ресми үндеу жарияланғанын хабарлады.
Ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға жиналған пикетшілердің бір тобы. Жаңаөзен қаласы, 15 наурыз 2010 жыл.

Компанияның бас директоры Кенжебек Ибрашев қол қойған бұл үндеуде филиал жұмысшыларының 90 пайыздан астамы кәсіподақ мүшесі екендігін ескере отырып, кәсіподақтың кезектен тыс конференциясын шақыруды ұсынған. Онда мұнайшылардың жұмыс берушіге қойған талаптарын жазып, бекіту, бітімгершілік комиссиясының құрамына мұнайшылардың өкілдерін сайлау мәселелерін қарау көзделген.

Бірақ «Мұнай-газ өндіру басқармасы-1» операторы Наталья Әжіғалиева кәсіподақ тарапынан ешқандай үндеуді естімегендіктерін айтады.
- Әзірге өзгеріс жоқ. Тек арамызға біресе кәсіподақ төрағасы Ибағаров, біресе «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Владимир Мирошников келіп құрғақ уәде береді. Оған сене алмаймыз. Бізге қағаз жүзіндегі кепілдік керек,- деп мәлімдеді Наталья Әжіғалиева

Сонымен мұнайшылар өз айтқандарынан қайтар емес. Олар жұмысшылар наразылығын заңсыз деп таныған наурыздың 10-ында шыққан Жаңаөзен қалалық соты шешіміне қарсылық білдіріп, облыстық сотқа апелляциялық арыз түсірген. Бұл арызда ереуілшілер жұмысты тоқтатуға «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының басшылары себепкер болғанын көрсеткен. .

Жаңаөзендегі наурыздың 1-інен ішінара, ал 4-нен толықтай бастау алған мұнайшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Олар қойған талаптары толық орындалмайынша, орындарынан жылжымайтындарын ескертуде. Қала жұртшылығы ертең алаңға тағы шығамыз дейді.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Adai
15.03.2010 22:49
+0 / -0
Қазір бүкіл Маңғыстау елеңдеп отыр. Көз-құлақтары Жаңаөзен жақта. Егер Жаңаөзен толқуын жалғастыра беретін болса, ал, үкімет қасарысқанын қоймаса, құдай берген мұнайды өндіріп жатқан компанияларды Қытайға сату жалғаса беретін болса, ертең бүкіл Маңғыстау ереуілдеуі әбден мүмкін.

Кімнен: купия Қайдан: казахстан
16.03.2010 00:25
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=M9JtgoGjpMs мынада видеосы бар екен

Кімнен: kazak Қайдан: kazakstan
16.03.2010 03:06
+0 / -0
Zhanaozen xalkina ewkim jetpeid olardin barlik talaptari duris tek sol talaptari orindalsa dep tileimiz barligimiz sogan tilekwimiz. Adai jurti ozderinin xakilarin talap etip keled janede baska jurtka ulgi bolip keled. sol agalarimizdin maksattari on bolga
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Қазақия
16.03.2010 23:32
+0 / -0
Шықсын, бүкіл қазаз шықсын. Шаршатты ғой бұл арсыз билік басындағылар. Бірігейік ҚАЗАҚ бауырларым елімізді, жерімізді, болашақ ұрпағымыздың несібесін бүгін қорғайқ. Әйтпесе кеш болады Қорқып болдық қой. Болашақ ұрпағымның қара қытайға құл болғанын қаламаймын.

Кімнен: Жадыра
16.03.2010 11:45
+0 / -0
Мен сіздерді қолдаймын Жаңаөзендіктер. Бірақ қолымнан келер ешқандай көмек жоқ болғанына өкінемін...
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Өзен
16.03.2010 23:41
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=DeUpFisJjLc&feature=related

Кімнен: қызметкер
16.03.2010 11:48
+0 / -0
Мен сізге ереуілдің себебін айтайын. Мен өзім Өзенненмін. Мұнайшылардың әрқайсысының басында 5-6 несиеден бар. Ендігі жерде олар банктармен мәмілеге келе алмай жүр. Аблязов жалақыны екі есеге көбейту жөнінде ұсыныс береді, жалақыны бес есеге көбейтсең де несиелерді қайтару керек қой. Сол мәселеге баса назар аударыңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз Қазақ Қайдан: Өзен
17.03.2010 00:12
+0 / -0
Әй қызметкер сен өйтіп көлкірсіп, көп сандырақтама. Елдің қағанағы қарық сағанасы сарық болып, байлығы шашылып төгіліп жатса жылдығы 35-40 пайыз болатын Аллахтын алдындағы харам несиесін алып жын ұрыппа. Сен мінген 100 000 доллардын машинасын бәріде мінгісі келеді. Сенен қай жері кем олардың. Іріген ауыздан шіріген сөз шығады, Трилиондаған байлықтын үстінде отырып итке 1 суйек қарызбыз. Жұмысшылар сенен жатып ішуге ақша сұрап отырған жоқ. Еңбегімізді елеп жақсы жалақы төлесін дейді.

Кімнен: Абай
16.03.2010 12:32
+0 / -0
Облыс әкімі Елбасында болып, одан Жаңаөзенге 43 млрд. теңге сұрапты. Оның Қазмұнайгазды Ақтауға толық көшіруге күші жеткіліксіздеу, соған қарамастан жұмысшылардың біразы Астанадан Ақтауға көшірілді. Жақында жергілікті басылымнан олардың суреттерін көрдім. Ереуілшілермен сауатты да, заңды жұмыс жасап келеді. Солай болу да керек, халық топас емес, заңмен өмір сүруге үйренеді.

Кімнен: казак Қайдан: казакстан
16.03.2010 12:50
+0 / -0
видеога тусирип интернерке жиберу керек,сонда билік корыкканынан уйкысынан оянады.
Пікір алмасу

Кімнен: Азия
16.03.2010 15:21
+0 / -0
Бұл ереуілді бастап отырған жемқорлардың өзі, қақпанына түсіп қалмайық ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: Ағайын
16.03.2010 15:41
+0 / -0
Өзіңді видеоға түсіріп интернетке жіберу керек ))) Интернеттің арғы жағында жасағың бар ма еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Алматы
16.03.2010 15:57
+0 / -0
Бейне таспаға түсірмей-ақ Қазақстанның түкпір-тікпірі естіген болар деп ойлаймын. Ал ел басында отырған "Аға-сымақтарымыз" онсыз да "Ұйқысынан" айрылған шығыр. Ел ішінде осындай наразылық, әділетсіздік болып жатқанда,"ештеңе болмағандай" сыңай танытып отыру мүмкін емес қой!
Пікір алмасу

Кімнен: ¥лтшыл Қайдан: Казакия
16.03.2010 18:04
+0 / -0
Аланга шыккандар балалар уйiнiн тарбиеленушiлерiмен улкен кiсiлер.Студенттер малдар журген.Кытай алсын бiрак акша берсе болдыго деп журген жастар.Себебi ол жастардын кобi Жанаозенде, Казакстанда туылмаган.Сондыктан олар саткындар.Технар,политех,касiптiк лицей мен мектептегi жастар кул болатынын ойлагысы келмейдi.Жанаозенде казак жастары мен халкынын арасында ауызбiршiлiк жок.Кеше К.Кошербаев кытайдын улттык мунай компаниясын 12 дипломатын кабылдап,Актауда Мангыстаудын жерiн аукционга койганын жане оны кытайга(1200 гектар жер)беретiнiн айтты.Оган коса Актау портын жане Мангыстаудагы барлык мунай-газ саласын кытайлар мен шетелдiктердiн инвестиция салганын айтты.Бул билiктiн халыкка карсы аткан огы.Озенмунайгаз-да кеттi.Утылдындар.
Пікір алмасу

Кімнен: АДАЙ АДАЙ
20.03.2010 02:47
+0 / -0
ЕЙ ұлтшыл неме!!!! Ұлтшыл деген атты қорламасан жақсы болар еді!!! Кімнін ұтқанын уақыт көрсетері хақ!!! Сен сияқты ұлтшыл емес ұлтшылдардың атына кір клтирме пасық,

Кімнен: ММ
16.03.2010 19:20
+0 / -0
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ. «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?

Кімнен: шынар
16.03.2010 20:05
+0 / -0
Дұрыс айтасыз. Қазақтың жағдайын қазақ қана түсінеді. Қазақты қазақ қана қолдайды. Қазаққа келгенде керең, соқыр өкіметіміз бар. Қазақта еш шаруасы жоқ.
Жаңаөзендіктерге Алла қуат берсін. Тағы санаулы адамның өмірі құрбан болып кетпесе болды. Өкімет қорқытып үркіту әдісін қолданып машықтанып алды.

Кімнен: тілектес Қайдан: Жанаөзен
16.03.2010 22:49
+0 / -0
Ұлтшыл сен қандай надан пасық шірік адамсың.Сен сияқтылар осы қайдан шығады екен.Сен неде болса сырт жақтан көшіп келген көбелексіңау шамасы.Халықын силап билмейтін надан.

Кімнен: казак Қайдан: казакстан
16.03.2010 23:18
+0 / -0
жанаозен халкы бизден не комек керек

Кімнен: Тобанияз
17.03.2010 10:27
+0 / -0
Мұсабек Әлібеков деген жігітті бір жерден көрдім, бірақ қай жерден көргенім есімде жоқ...

Кімнен: ??
17.03.2010 14:04
+0 / -0
Қалай болмасын бір біріңді жеуден басқа ештеңе өндіретін түрлерің жоқ.Сендердің бұлай отырып алып "қу сөзден қуырдақ қуырғаннан" басқа өнерлеріңді көрмедім!

Кімнен: Кул казак Қайдан: КЫТАЙ-КАЗАК МЕМЛЕКЕТІ
18.03.2010 10:00
+0 / -0
Мен осы Мангыстауда туылдым. Ата-бабам да осы Мангыстауда гумыр кешкен. Алайда, талай гасырдан бері осы жерде турсак та кул болудан аріге бара алмадык. Бурын орыстын кулы едік, казір бай-манап казактардын кулымыз. Енді кытайдын кулы болуга карадык. Әуелден коріп келе жаткан кулдык кой. Сондыктан кытайга кул болганды куп коремін. КЫТАЙЛАР жасасын! Солардын панасында болсак, олмейміз. Анау оралмандар кусап тым отансуйгіш болудын кажеті жок.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
18.03.2010 19:57
+0 / -0
Құл қазақ, сен құл болып отыра бер. Бізде осында туылған адамбыз, ата-бабамызда.Бір-ақ ешкімге құл болмаймыз. Құл болғанша өлгеніміз жақсы емес пе? ЖАҢАӨЗЕННІҢ халқы Қытайға өліспей беріспейді. Нағыз қытайлықтарға құл болғың кесе сонда бар.Осыдан мұнайшылар жеңіліп қалса, қатын-баласына дейін қасық қаны қалғанша шайқасқа шығады.Соны біліп қой. Сондықтан мұнайшылардың тілектерін бәріміз тілейік. Дұрыс тілек тілесең, бәрі орындалады.

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
18.03.2010 19:36
+0 / -0
Әй, АЙНАЛАЙЫНДАР!!!!
Қазақ десем өзімізге тиеді. Кейбіреулеріңіздің мұнайшылырға тілеп жатырған тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын!!! Ұлтшыл сенің ұлтшыл болғаның сол ма? Мектеп оқушылары мен студент жастарында кенәсі не? Олардың ата-анасы мұнайшы болғасын сабыр сақтап тұр. Егерде олар шықса арттары жақсы болмайтыны айдан анық. Сен жастарды үгіттеме. Оларды зорға ата-аналары тоқтатып отыр. Олар Өзендегі мұнайшыларға кедергі жасайды. Мұнайшылар ұрыссыз өздері шешеді,оған жандарың қиналмай -ақ қойсын. Сатқын, аузбіршілігі жоқ деп ушықтырмай отыр. Кім оқ атса да, ол оқ Жаңаөзенге тимейді. Біз ешқашанда ұтылған жоқпыз, ұтылмаймыз. Біз жеңгенде көрерсіңдер, сәл шыдай тұрыңдар.

Кімнен: Адай-жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
19.03.2010 12:31
+0 / -0
ҚҰРМЕТТІ ЖАҢАӨЗЕН мұнайшылары!!!!
Сендер 15 күн босқа тұрмадыңдар, жарайсыңдар!!! Айтқандарыңнан қайтпай соңына дейін ұрыссыз тұрдыңдар. Барлық талаптарың оңынан оралып, заң жүзінде орындалғанына біз қуаныштымыз. Жаңаөзен тұрғындарының атынан сендерге шексіз алғысымды айтамын. Сендерге қарсы болғандар енді не айтар екен?Ауздарына құм құйылатын болды.Барша жұрт нағыз қазақты қандай екенін білсін. Нағыз адай қайтпас ержүректерді Жаңаөзеннен табатын болды. Бала-шағаларың аман,еліміз тыныш болсын!!!