Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 11:03


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен изоляторының бұрынғы бастығының соты басталды

Сәрсенбі, 25 сәуірде Ақтау қаласында Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміровтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Теміровке қылмыстық кодекстің 308 бабының 2 және 4 тармақтары бойынша "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторындағы ұрып-соғу, азаптаудан кейін 2011 жылы желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласында тұтқындалған Базарбай Кенжебаев қайтыс болған еді. 

Сотқа бақылаушы ретінде қатысып отырған тәуелсіз блогшы Андрей Цуканов:

- Базарбай Кенжебаев ешқандай да қылмыскер емес. Оны абақтыда ұрып-соғып, сол соққылардан ол қаза тапты. Оны полицейлер қылмыскер, тонаушы жасамақ болған. БАҚ-тың арқасында ғана, оның ішінде Азаттық радиосының көмегімен бұл іс жарияға шықты. Билік Базарбай Кенжебаевты полицейлер құрбаны ретінде мойындауға мәжбүр болды, - дейді.

Бұдан бұрын ақпарат агенттіктері Жеңісбек Теміровтің үстінен қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

«ҚҰРБАНДЫ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ АЙНАЛДЫРУ»

Азаттық радиосы Маңғыстау облысының Қызылсай ауылының тұрғыны Базарбай Кенжебаевтың 2011 жылы желтоқсанның 16-сы жас босанған кенже қызы Жадыра мен немересін перзентханадан шығарып алуға барғанын, бірақ оны сол күні 
Базарбай Кенжебаевтың қызы, жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.Базарбай Кенжебаевтың қызы, жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
x
Базарбай Кенжебаевтың қызы, жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Базарбай Кенжебаевтың қызы, жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
көшеде келе жатқан жерінен полицейлер Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторына алып кеткенін жазған еді. Ол бірнеше күн осы абақтыда азап көріп, үйіне келген соң қайтыс болды.

Базарбай Кенжебаевтың қыздары билік әкелерінің полицияның қолынан өлгенін жасырғысы келді, бірақ бұған бұқаралық ақпарат құралдары жол бермеді деп ойлайды. Шынында да билік марқұмның өлімін бұзақыларға жапқысы келді. Мәселен, 2011 жылы желтоқсанның 22-сі бас прокуратура «2011 жылы желтоқсанның 21-інде 1961 жылы туған Кенжебаев Базарбай Жанабаевич жаппай тәртіпсіздік кезінде алған соққылардан үйінде қайтыс болды» деп хабарлады. Бұл баспасөз хабарламасында оны полиция ұрып-соққаны айтылмады.

Бұдан бөлек, бас прокуратура «Кенжебаев Б. Ж. 2011 жылы желтоқсанның 16-сы қалалық ауруханаға жеткізілді, алайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін, ол ауруханаға жатудан және ары қарай ем алудан өз еркімен бас тартып, үйіне жіберілді» деген ақпарат таратты.

Бірақ бас прокурор Асхат Дауылбаев Базарбай Кенжебаевтың өлімі туралы БАҚ-та 
Айыпталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі, қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.Айыпталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі, қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
x
Айыпталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі, қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Айыпталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі, қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
жарияланған мәліметтерден кейін басқаша сөйлеуге мәжбүр болды.

Базарбай Кенжебаев өлер алдында Жаңаөзен изоляторында полицейлердің «Мойында!» деп қалай ұрып-соққанын айтып кеткен болатын. БАҚ-тағы осы тектес мақалалардан кейін бас прокурор мәлімдемесінде «Тергеуге туыстарының берген жауаптары бойынша Базарбай Кенжебаевтың өліміне Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылар себеп болған...Бұл факті бойынша Кенжебаевты заңсыз қамағаны және оған дер кезінде медициналық көмек көрсетпегені үшін Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторының бастығы Теміровтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса, оны ұрып-соғуға қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүріп жатыр» деп хабарлады.

КЕНЖЕБАЕВТЫ ҰРҒАНДАР ТАБЫЛДЫ МА?

Сот бүгін ғана басталды. Әзірге марқұмның өліміне себепші болған полицейлердің анықталған-анықталмағаны белгісіз. Бір анығы – Жаңаөзен уақытша оқшаулау абақтысының бұрынғы басшысы сот алдында жауап бергелі отыр.

Сәуірдің 24-і Азаттық тілшісі Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсемге хабарласқан еді. Әсем Кенжебаева анасы екеуінің бұл сотқа қатысқалы отырғандарын айтты.

Бұдан бұрын Әсем Кенжебаева Азаттық радиосына әкесін өлтірген адамдардың табылып, тиісті жазасын алғанын қалайтынын айтқан еді. Әзірге жалғыз Теміров қана айыпталып отыр. Оның өзі тергеу абақтысына қамалған жоқ.

Ал Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссияның мүшесі Макс Боқаев 37 айыпталушының үстінен Ақтауда өтіп жатқан сотты мысалға келтіре отырып: 

Базарбай Кенжебаев Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылардан қайтыс болған. Жаңаөзен, желтоқсан 2011 жыл.Базарбай Кенжебаев Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылардан қайтыс болған. Жаңаөзен, желтоқсан 2011 жыл.
x
Базарбай Кенжебаев Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылардан қайтыс болған. Жаңаөзен, желтоқсан 2011 жыл.
Базарбай Кенжебаев Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында алған соққылардан қайтыс болған. Жаңаөзен, желтоқсан 2011 жыл.
 - Мәселен, айыпталушы Аминов сотта Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкері Данияр Адиловтың Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында өзін ұрып-соққанын айтты. Ал Адилов бұл сотқа куәгер ретінде қатысып отыр. Шамов деген айыпталушы да Адиловтың Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында өзін полицейлердің ұрғанын айтты. Айыпталушы Сарыбаев та сол абақтыда полицейлердің басына пакет кигізіп тұншықтырғанын, естен танып қалғанын мәлімдеді. Ол есін жиғанда изолятор бастығы оны еден жууға мәжбүрлеген. Айыпталушы Қосбармақов та полицейлердің қол жұмсағанын, «изолятор бастығы үнемі дубинканы құшақтап жүретінін, осыны бір жеріңе тығам деп қорқытқанын» айтты, - деді.

Макс Боқаевтың айтуынша, Жаңаөзен оқиғасына қатысты өтіп жатқан сотта сөйлеген «Қайрат Алпысбаев» деген анонимді куәгер де өзін Жаңаөзен қаласының уақытша оқшаулау изоляторында полицейлердің ұрып-соққанын айтқан. Макс Боқаев «Бүгін басталған бұл сотта Жаңаөзен изоляторында соққы жеген азаматтардан жауап алынса әділдік болар еді» дейді. Өйткені, әзірге бұл сотта жәбірленуші тек марқұмның туыстары ғана болып тұр.

Маңғыстау облысының Қызылсай ауылының тұрғыны Базарбай Кенжебаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция халыққа қарата оқ жаудырып, одан кейін жаппай тұтқындау басталған кезде қамауға алынған. Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуда полицияның оғынан 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам оқ тиіп жараланды. Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының ішінде Базарбай Кенжебаев та бар.

Бүгін басталған сотқа қатысты видеоны мына жерден көре аласыз: 
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ашулы ара! Қайдан: ұядан
25.04.2012 15:36
+0 / -0
азаптау, жазықсыз адамдарды ұрып-соғып одан қылмысқер жасау бұрыннан келе жатқан "әдет". ол Қазақияның барлық жерінде болып келе жатқан нәрсе.

ал нағыз ұры қарақшылар билікте отыр. Мысалы бір жылдары Солтүстік Кореяға мемлекеттің қырық самолетін сатқан Нұртай Әбықаев басында бес жылға сотталып, сосын амнистияға ілініп, сосын сенаттың депутаты болап, артынша сенатқа спикер болып, ал қазір Казақстаннын ҰҚК (КНБ) басқарып отыр. Оны ол орынға қойған НӘН.
Назарбаев маңайына тек өзі сияқты ұрыларды жинайды. Адал адамды маңына жолатпайды

Кімнен: Марика
25.04.2012 15:38
+0 / -0
егер де осы айтылган адам Темиров осындай кастандык жасаса, жазасын зан бойынша отесин. Сот әділ жаза қолдансын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 17:19
+0 / -0
Оның кімнің бастығы екенін кім бұтына қыстырсын сатырлаған омонның арасында. Мен ақтағым келіп отырған жоқпын, бірақ сол күндері РОВДны билеп төстеген жанжақтан келген әпербақандар, сизо түгелі говд бастықтары бұралқы иттерге ұқсап кабинеттеріне кіре алмай сыртта қаңғып жүрді, біз ұсталған адамдарымызға барып тұрып сырттай бақылап күліп тұрдық.

Кімнен: барақ Қайдан: алматы
25.04.2012 18:12
+0 / -0
Өзінен үлкен жазықсыз адамды аса қатыгездікпен қинап, қор етіп өлтірген мұндай жендетті әділетті қоғамда жер басып жүргізбейді. Ал біздің 20 жыл құрдық деп мақтанған қоғамымыздың мемлекеттік қызметкерінің сиқы осы. Үкіметіміз16 желтоқсанда ашылып қалған артын қалай жабарын білмей жазықсызды елге жау етіп көрсетіп, Сталиннің кезіндегідей жаппай соттау науқанын жүргізіп жанталасуда. Бірақ ел ақымақ емес, дос пен қасты әлдеқашан айырған, бәрін түсініп іштен тынып отыр.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
25.04.2012 18:40
+0 / -0
Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқты айтамын да!..
Ішке сыймай бара жатқан соң Азаттық радиосына жазамыз қыжылымызды, басқа қайда жазамыз?!
Ал кейбір кезде қаттырақ, батылырақ жазсаң болды, пікірің шықпай қалады, ол неге олай екенін іш сезгенмен қиянатқа төзбейтін жүрек шіркін бұлқынуын қояр емес, сонда ішкі қыжылымызды қайда шығаруымыз керек?!
Құрметті Азаттық радиосы осыны кім айтады?
Менің ойым адам кейпіндегі хайуандарды тергеусіз, сотсыз аптшайынан дарға асып қою дегенге саяды, оснымның не өрескелдігі бар?
25 мыңға жалданып, көпке топырақ шашып жатқан жансыздарға ызамның келетіні сондай, кездессе шайнап тастар едім шіркін, тым болмаса жастығымды ала кеттім деп жүремін ғой "ана жақта"...
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
25.04.2012 18:52
+0 / -0
Құрметті Ауылдың қазағы,

сайтымыздың белсенді оқырманы ретінде үнемі өз ой-пікірлеріңізбен бөлісіп келе жатқаныңыз үшін сізге рақмет айтамыз. Сонымен бірге кей кездері пікірталас барысында оқырмандарымыз өзгеше көңіл-күй әсерімен көкейдегісін іште ұстамай ақтарыла айтуға тырысатыны да шындық. Әйткенмен, Азаттық форумының ережесіне қайшы пікірлерді жарияламайтынымызды сайтымыздың көзі қарақты оқырманы ретінде жақсы білесіз деп сенеміз. Құқықтық мемлекетте адамды "қылмыскер" деп тану және оған жаза тағайындау тек соттың құзырында екендігі мәлім. Азаттық радиосы адам құқықтарын құрметтейді, заңға мойынсұнады, сондықтан қандай қылмысқа қатысты болмасын, ешкімді "тергеусіз, сотсыз" жазаға тартуды үзілді-кесілді қолдамайды.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
25.04.2012 18:41
+0 / -0
ТЕМИРОВқа АТУ жазасын беру керек!
ОЛда Б. КЕНЖЕБАЕВ сияқты о дүниеге кетсін!
ҚАЛАЙ екен біреуді өлтірген!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 19:29
+0 / -0
16-17 КҮНДЕРІ Гувдда қинаған 100-деген адамдар толық жақырылып,тергелсін.Бұлай істемесе,Адайларды құрту ақорда жоспары болған.Қасымов пен Шөкеевтен де жауап алу керек.Өмірзақ 17,12және 18,12, Ақтауда Қаражанбас мұнайшыларымен кездескенде ,жұмысшылар Шөкеевке бірнеше рет Жаңаөзендегі полиция бассыздығын тоқтатуды сұрағанда "оны Қасымов шешеді"-деді.Оны сол кезде Ақтау жүргенін айтып ,шақыруын сұрағанда өмірзақ "ол мені тыңдамайды"-деген.Жауап алуды осы екеуінен бастау керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 20:44
+0 / -0
1-вице-премьердің айтып отырғаны анау.Әсіресе ОҚО-дан барған полицейлердің тонаушылықпен қатты аиналысқаны түсінікті."жауапты" жерлесінің бағыты түсінікті болғасын....
Пікір алмасу

Кімнен: Намыс Қайдан: Ақтау
26.04.2012 00:09
+0 / -0
18 желтоқсанда ИВС те 500 адам болған. Ал 16 күні 25 адам болған. ОМОН малғұн Кенжебаевтан ,адайсың ба деп сұраған. Кенжебаев, ия, бәрімізде адаймыз деп жауап берген, сол жауабы үшін аяусыз сабалған. Сотталушы Қойшыбаевтың жауабынан алынды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 00:24
+0 / -0
Расында сол уақыттан бастап тұтқында 1 сағат отырғандар болсада тегіс шақыртып, кімдердің қарым-қатынасы қалай болғанын тексермесе, әділдікке жету мүмкін емес. Ал мына балаң шахмат тақтасындағы пешка ғой, өзін 15-і күні демалыстан шақыртып алған болса міндетін де дұрыс білмейтін болар. Әлгі Мылтықов, Өтешов деген шортандар қайда жүр, шабақтарды "тығып" жіберіп сытылып кетейін деп тұр-ау бағыты. Бұл балаға енді "сайрау" керек, басқа жол жоқ сияқты.

Кімнен: Жанақ Қайдан: Ақтау
25.04.2012 23:39
+0 / -0
Шындығы өте ықтимал хабар бар. 16 желтоқсан Жаңаөзендегі оқ ату бұйрығы Астанадан телефон арқылы берілді делінеді. Сондықтан, сол Астанадағы чиновниктердің сол күндердегі телефон, мобильный телефон және СМС хабарларының стенограммасы керек. Қолында армиясы жоқ, ешкімге ықпалы жоқ,ақшасы сірә жоқ, Төлеутаеваның телефон стенограммасы жария болғанда, неге біз ықпалы орасан үлкен күдікті адамдардың телефон сөйлескендерін, СМС сообщениелерін тыңдамауымыз керек. Оларды да тыңдайық. Сосын салыстырайық. Төлеутаева мен Қасымовтың салмағын салыстыруға бола ма? Мәселен ,мына кісілердің телефон стенограммасын алдырту керек, Қасымов, Қабылов, Мусин, Абықаев, Дауылбаев, Көшербаев, Айтқұлов, Ешманов, Сарбөпеев, Утегалиев, Мылтықов, Қожаев. Төлеутаеваның айтқан сөздері ана кісілердің айтқан сөздерінің қасында ойнап қалатынына мен сенімдімін. Және шындық сол уақытта ашылады, Қорғаушылар тәуелсіз бақылаушыларды пайдалана отырып, осы стенограмманы алдырту керек.

Кімнен: Лекер Қайдан: Шетпе
26.04.2012 00:13
+0 / -0
Темиров адам сабағандардың ішінде айтылмайды.
Ол жерде Қабылов, ГУР жүргенде Темиров күні кеше келген адам, не жасасын. Құрбандық. Нағыз залымдар бостандықта.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 22:58
+0 / -0
ГУР деген не ол?

Кімнен: maira Қайдан: mongoliadan
26.04.2012 13:41
+0 / -0
ya bul kezde bolgan jailardi internet arhili korip bilip jattihda. azgantai kazakhmizdin bunisi uyathoi.jogargi jahta otrmin dep oz jumisin jeke basina asira paidalanip eleurikke salinui nagiz adamdihtan bezgen ayuannin isigoi.kazakhtin hanshama jas jetkinshek jas hirshindarin uzip kozin joiuga bargan bul adamga sottau degennin ozi az shara.sot adil jaza berer bolsa halgan omirin olgen adamnin sanimen jasi jetse halgan gumirinda azaptaumen otsa de az bolmas.eger birneshe jilmen gana shesher bolsa bul 17adamdi oltru onai bolganda tagi talai jauizdih jasauga barar.arin aldinda azappen otersin jauiz.

Кімнен: zheltocsan
27.04.2012 14:36
+0 / -0
азаптауға бұйрық бермепті деп өтірік ақтайық. Рұқсат етпепті деп да тағы өтірік ақтай салайық. Ал енді қарамағындағы гестапоның еркі мен бостандығынан айрылған азаматтарды хайуанша азаптауына неге жол береді (өкінішке орай, бұл жерде өтірік айта алмаймыз, азаптауға жол берілген бұл факты.)? Осы олар үшін жауап берулері керек қой.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?