Бейсенбі, 30 қазан 2014, Алматы 18:10


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзендегі қақтығыста кемінде 10 адам қаза тапты

Қазақстанның бас прокуратурасы Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты төтенше жиын өткізіп, он адамның қаза тапқанын растады. Бұл оқиғаға қатысты халықаралық ұйымдар реакция білдіре бастады.

Жаңаөзендегі қақтығыс кезінде өртеніп жатқан ғимарат. Reuters TV, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі қақтығыс кезінде өртеніп жатқан ғимарат. Reuters TV, 16 желтоқсан 2011 жыл.

«Бүгін, 2011 жылы 16 желтоқсан күні 11 сағат 30 минутта Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында мерекелік шаралар кезінде бір топ адамның қылмыстық әрекеті кесірінен жаппай тәртіпсіздік шықты» деп мәлімдеді Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

Бас прокурор «тәртіпсіздік жасаған» азаматтарды «бұзақылар» деп атап, олардың «қоғамдық тәртіпті бұзып, полицейлерге шабуыл жасап, жаңа жылдық шыршаны, киіз үйді, полицей автобусын, қалалық әкімшілік ғимаратын, қонақ үйді, «Өзенмұнайгаз» компаниясының кеңсесін өртегенін» айтты.

Асхат Дауылбаевтың мәлімдемесіне қарағанда, президент Назарбаевтың тапсырмасымен ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов басқарған жедел тергеу тобы құрылып, Жаңаөзенге ұшып кеткен.
Жаңаөзендегі ереуілшілер және олардың жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыс мерекелік шыршаны құлатудан басталды. Reuters TV, 16 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзендегі ереуілшілер және олардың жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыс мерекелік шыршаны құлатудан басталды. Reuters TV, 16 желтоқсан 2011 жыл

БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссарының өкілі Руперт Колвилл желтоқсанның 16-сы Reuters ("Рейтерс") агенттігіне кем дегенде 10 адамның ажалына себепші болған Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты қатты алаңдайтынын жеткізген.

- Біз қазақ билігін бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру кезінде құқық қорғау орындарының шектен тыс күш қолданбауын қадағалауға шақырамыз, - деді Колвилл.
 

ЕРЕУІЛШІЛЕРДІҢ АЙТҚАНЫ

Қаланың орталық алаңына жиналған ереуілшілер әкімшілік ұйымдастырған оқушылар мен жастар шеруінің өтуіне, киіз үй тігілуіне қарсы болған.

Мұнайшылар «бұл – биліктің арандатуы» деп, алаңда мерекелік шара өткізуге қарсы екендерін айтады.

Ереуілшілердің бірі, «Өзенэнергомұнай» мекемесінің  жұмысшысы  Оразбай Тұрсынбаевтың айтуынша, олар халықтың наразы көңіл-күйі жайлы ресми хат жазып, жергілікті билікке алдын-ала ескерткен.

– Мен өз қолыммен Жаңаөзен қаласы прокуроры Марат Тойжанға, қала әкімі  Орақ Сарыбөпеевтің кеңсесіне апарып, ескерту хат тапсырдым және тіркеттім. Онда  «16-сы күні тойдың топалаңы шығуы мүмкін, бірақ оны ереуілшілерден көрмеңдер, халықтың наразылығы пісіп келеді» деп баяндаған едік, – дейді Оразбай Тұрсынбаев.
Қала алаңындағы адамдар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Стан.кз бейнепорталының суреті).
Қала алаңындағы адамдар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Стан.кз бейнепорталының суреті).

Оның айтуынша жергілікті билік ереуілшілер ескертуіне құлақ аспаған. «Біздің наразылығымызға қарамастан алаңның қақ ортасына әкеліп ағаш ​үйлер тігіле бастады. Әдетте мұндай үйлердің алаңына шетін ала тігілетін өз орындары бар еді. Дегенмен олар әдейі елдің ашу-ызасын қоздыра түсу мақсатында ереуілшілер тұрған жерге әкеп орнатты» дейді ол.

– Бірақ мұның бәрі халықтың  шыдамын тауысқан тәрізді. Алаңда суықта ереуілдеп тұрғандар шоғыры аз болғанмен олардың туған-туыстары жетерлік. Олардың барлығын аш, ақшасыз өмір сүру жалықтырды. Қалай болған да бір жағына шығу керек болды, – деп түсіндіреді жағдайды Оразбай Тұрсынбаев.

Ал ереуілші Марат Жүсіпбаевтың сөзіне сүйенсек, олардың «алаңды босатыңдар» деген талабынан соң полиция күш қолдана бастаған. Мұнайшылардың айтуынша, жиналған халық алаңда тұрған шыршаны, музыка ойнап тұрған дыбыс күшейткіш аспаптарды, автобусты өртеп жіберген.

Түс кезінде Азаттық тілшісіне телефон соққан мұнайшылардың бірі Күнсұлу Әйтешова «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы кеңсесі, Жаңаөзен қалалық әкімшілігі ғимараты мен қаладағы үлкен қонақ үйлердің бірі «Аруананың» өртеніп жатқанын хабарлаған еді. 
Өртене бастаған полиция автобусы. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл
Өртене бастаған полиция автобусы. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл

Бір сағаттан соң қайта хабарласқан ереуілшілер «полицейлердің қару қолдана бастағанын» айтқан.

– Қазір алаңда біреуді-біреу біліп болмайды. Көп адам жарақат алды, өлгендер де бар, – дейді мұнайшылар белсендісі Айман Оңғарбаева.

Оның сөзін растаған 16 жастағы Айткүл Нұрова әкесі Бейсен Нұровтың аяғынан жараланып, ауруханада отырғанын айтты.

–  Әкемнің аяғына оқ тиді. Оның бет-аузынан сау тамтық жоқ. Алаңда көп адамдар оқ тиіп құлап жатыр, – деп жылады ереуілші мұнайшының қызы.

Ереуілші Марат Жүсіпбаевтың айтуынша, оның көзінше сегіз адам мерт болған.

Ереуілші Марат Жүсіпбаев 8 адамның қазасы жайлы
Ереуілші Марат Жүсіпбаев 8 адамның қазасы жайлыi
|| 0:00:00
...
 
🔇
X


– Екі әйел адам мен алты ер адам көз жұмды. Мен оларды жедел жәрдем машинасына салып жібердім. Жедел жәрдем үлгермей жатыр. Оқ кей адамдардың тамағына, басына тиген: олардың арасында қарапайым халық та, бар, ереуілшілер де бар, – деп хабарлаған еді Марат Жүсіпбаев.

БИЛІК ӨКІЛДЕРІНІҢ АЙТҚАНЫ

Стан.кз бейнепорталының хабарлауынша, ереуілшілерді таратуға келген Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев мұнайшыларға мерекелік шара өтуіне, киіз үй тігуге бөгет болмауларын, «бұл әрекеттерін тоқтатуы керегін, әйтпесе арты жаман болатынын»
Қала алаңындағы полицейлер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Қала алаңындағы полицейлер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
ескертті. 

Тәуелсіздік күнінен арналған шеру өтпей қалды. Алаңға тігуге киіз үйлерін алып келген адамдар:

– Алаңда ешкім жоқ деп бізді алдап шақырды. Келсек, мыңдаған ереуілші тұр. Әкім бұлардың шаруасын бұған дейін неге шешпеген? Сондықтан киіз үй тікпейміз деп, көлікке қайтадан тиеп әкетіп жатырмыз, - дейді.

Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова «тәртіпсіздік жасаушылар таяқпен, темірмен, жанғыш зат құйылған бөтелкемен қаруланғанын» айтты деп хабарлаған еді «Ақтау-Лада» газеті. 

Азаттық тілшісі Айнаш Тілекқабыловадан осы оқиғаның егжей-тегжейін сұраған еді. Бірақ ол Азаттықтан хабарласқанын ести сала телефондарын өшіріп тастады.

Одан соң Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаеваға телефон соқтық.

- Жаңаөзен қаласы әкімшілігі «Өзенмұнайгаздың» жұмысқа келмегені үшін қызметтерінен шығарылған мұнайшылары тұрған алаңға киіз үй тікпек 
Қала алаңындағы полицей мен ереуілшілер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Қала алаңындағы полицей мен ереуілшілер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
болған. Қала тұрғындарына, оның ішінде жұмыстан шыққан қызметкерлерге де мерекелік көңіл-күй сыйламақ болған. Бірақ бұған алаңдағы ереуілшілер наразы болып, қала тұрғындарына тас лақтырып, ысқыра бастады, - дейді Жанна Ойшыбаева.

Ол «Новости Казахстан» ақпарат агенттігінің «бұзақылар полицейлерді сабап, шырша мен оның жанында тұрған автобусты өртеп жіберді» деген дерегін растамаған.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы «бар ақпаратты облыстық ішкі істер басқармасынан алу керек» деді.

Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының хатшысы Гүлзада Төлеуғалиева Азаттық тілшісінің сауалына жауап беруден бас тартып, телефонын өшіріп тастады.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «облыста ешқандай төтенше оқиға жоғын» мәлімдеп, басу айтты.

– Тек алаңға жиналғандар тігілген ағаш үйді өртеп, сахнаны бүлдіріп бассыздық әркеттер жасаған. Басқа артық қимыл жоқ, – деген Маңғыстау облысы әкімінің аты-жөнін айтудан бас тартқан  баспасөз қызметкері түс кезінде хабарласқан Азаттық тілшісіне. 

(Мақаланы жазуға Азаттықтың тілшісі Баянбай Атанбайұлы қатысты).

Жаңаөзендегі оқиға жайлы 
«К-плюс» телеарнасының бейнекөрінісі:

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 11
    Келесі 
Кімнен: Жараскан Кабиев Қайдан: Атырау
16.12.2011 16:07
+0 / -0
Бугін танертен Жанаозенде аланга 30 000 адам шыгып, жаппай толкулар басталды. Кала акімдігі мен "Озенмунайгаз" гимаратына орт койылган.
ОМОН халыкка ок жаудырды ! Котерілісшілер кала акімдігін жане "Озенмунайгаз" гимараттарын толык ортеп жіберді. "Аруана" конакуйі жанып жатыр. ОМОН халыкка ок жаудырган, жаралангандар бар .... Біраз полиция кызметкерлері халыкка карсы шыгудан бас тартып, халык жагына шыгып кеткен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 18:38
+0 / -0
ia ras aitady zharaskan,aruana uzhe tugeldei ortenip ketti,atystyn dausy ali de estilip zhatyr
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 08:34
+0 / -0
"Таптатып табанына намысынды,
қаншама боздақ ұлдың сағы сынды.
Боғына татымайтын қарақшының
оғына қиды екен кім арысымды?!
Қайран да...
қайран ғана,...
қайран ғана-ау,
шешілмей тым құрыса майданда дау,
қайдағы қаңғып жүрген қараниет,
қайтейін, төбемізде тайрандады-ау?
Соңында сығалаған зұлым барын
сездің бе, сезбедің бе?
Бұрылмадың.
Қолымнан түк келмей түр,
қайран жұртым,
қаншама қайнағанмен зығырданым!
Көре алмай қызығынды кемді күнгі,
сынай ма елдігінді, ерлігіңді,
Білмейсің сыры мәлім сұмырайдың,
атсам деп отырғанын ... енді кімді?!.. "
Пікір алмасу

Кімнен: патриот
17.12.2011 11:28
+0 / -0
айткан дардын быри отирик халык арасына иритки салып осындай комментарии жазу дурыс емес
Пікір алмасу

Кімнен: Есмырза
19.12.2011 14:24
+0 / -0
Мен "патриот" қонақпен толығымен келісем.Бұл адамдардың Ел арасына іріткі салып жүргендері мүлдем дұрыс емес.Бұл адамдардың Тыныштық пен бейбітшілік заманда мұндай сұм қылықтарға барып, ,елдің тыныштығын бұзғандары орынсыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 13:14
+0 / -0
Билікті ақтамаймын. Шамымызға тиіп болды бұл шіріген жұмыртқалар. тек текке өлген адамдармен бірге басымызда мәңгіге бұғылып қала ма деп қорқам. Алланың жазасы шығар бізге берген, ақылымыз көп болған да, дауды соғысқа жеткізбес пе едік.
Пікір алмасу

Кімнен: маржан Қайдан: жанаузень
18.12.2011 19:48
+0 / -0
Елбасы оз халкын озы аттырып жатыр! бейбитштлик жолмен шешу керек еды каншама адам кайтыс болды акырзаман деген осы шыгар! барлыгы аким ОРақ сарыбопеев пен ОЗЕНМУНАЙГАЗ бастыгы Киікбай ешмановтын арекетинен болды аланга той тойлап, мунайшыларды аланнан кумау керек еды! шыдамнын да шеги бар!
Пікір алмасу

Кімнен: Қарлығаш
19.12.2011 14:50
+0 / -2
Құрметті Маржан сіңілім мүмкін әпкем боларсың өз қандастарына шабуыл жасап,концерт көріп демалуға келген бейкүнә халықтың мазасын алған,ұрып соққан,жазықсыз адамдарды өлтірген бұл бұзақыларға сеніңше басқа қандай шара қолдануға болады?!!Меніңше барлығы да дұрыс жасалынған.бұл бұзақылар АТА ЗАҢмен жазаланды!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
20.12.2011 19:18
+0 / -0
Белгілі жағдай 11.30-да орын алған болса, кемінде 2-3 сағаттай жалғасса, мына мақала қалай 16.00 болмай шыға келген сайтта? Шараға ақпараттық қолдау жедел болған екен
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 11:38
+0 / -0
Татулық, Бірлік – Біздің Ұранымыз!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 16:10
+0 / -0
мундай ештене болган жок, мына жерде босип кетипти аздап! булайша айтуга турмайтын сиякты менде журмин гой солардын айналасында!
Пікір алмасу

Кімнен: Елсау Қайдан: ел иши
18.12.2011 21:18
+0 / -0
Осы ойран биликтин итаягын жалагандардын оз уйинде болса гой калай байбалам салар екен. Адам кырылып жатса ештене болган жок-деп шылп етпейди. Атана налеттер. Биздин биликте осындай жалептен тугандар оте коп. Ертен осылар баскаша сайрайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Қарлығаш
19.12.2011 15:10
+0 / -1
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,Тоқтар мен Талғаттар шығар ма еді?Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,Әлем шырқап,қосылып тұрар ма еді? Құрметті Елсау мырза,осы өлең шумақтарын арнайы сіз оқысын деп жаздым.Тәуелсіздік тұғырым!Тәуелсіз менің Қазақстаным!Мен сенімен Мақтан етем!Осынау тыныш заманда ғұмыр кешіп жптқанымызға Құдайға шүкір! ия,Сондай-ақ Елсау мырза сіздің неше түрлі боғауыз сөздерді пайдаланып жазған коментарийініз құлаққа қонымсыз,миға сыйымсыз екен. Сөздеріңізге бір адам болсын құлақ салсын десеңіз кішкене болсын мәдениеттілікті сақтап жазғаныңыз жөн болар...

Кімнен: adai balasi Қайдан: oipattan
16.12.2011 16:15
+0 / -0
халықтың мысырлықтар мен ливиялықтар сияқты ТАҚЫР АЛЫҢЫНА ШЫҒАТЫН УАҚЫТЫ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ ЖАТЫР.Билік халықты құр дабыра тоймен алдап отыр.самит,обсе,азиада,сайлау, сайлаудан кейінгі сайлау,бір адамға тәуелділіктің 20 жылдығы,бітпейтін форумдар мен конферециялар,халық бұның бәрінен шаршады,билік халықты бүйтіп ұстап отыра алмайды ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Шынар Қайдан: Алматы
17.12.2011 00:13
+0 / -1
Достар это правда?...канша адам накты каза тапкан?...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 00:27
+0 / -0
Айдын куни аманында, не жетпей жатыр, халкым-ау?! Булик, урыс, тобелес излеген адамга кашан да табылады гой! Ен болмаганда Алланын кахарынан коркайык та!!! Басымызга конган бакты неге теуип, багаламай жатырсыздар? "Алтыннын колда барда кадири жок" демекши, ойыннан, не баз-биреулердин пикири не кокейиинде туындаган карсылыгына ерип, арты будан да ушыгып кетип журмесин дейиик те! Елимизде каншама улттар турып жатыр. Олардын арбиринин коздеп отырганы, кокейинде жатканы да осы - казак халкынын ынтымагын ыдыратып, ортага от салу екенин неге укпаймыз??! Осы уакытка деиин касык каны калганша коргап, оз жандарын да пида етип, бизге аманат етип калдырган тауелсиздигимизди бир-бирин кырсын деп калдырган жок кой! Кез келген нарсенин, типти ауыр, шешими жок жагдайдын озинин де жолын табуга болады. Жазксыз жандардын жанын киып, булик котерип маселе шешу максат па, алде??!! Айналайын азаматтарым, халкымыздын бирлигин, елимиздин тыныштыгын сактауга атсалысып, адамнын емес, Алланын наразылыгын тудырып алмайыкшы. Курметти, журналист кауымдарыма да айтар бир ауыз созим, дабыралап алемге жар салып, халыктын урейиин ушырмасаныздар етти.Тек сенсация немесе кара басымыздын камын ойлап, коп адамнын обалына калмасаныздар екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 01:55
+0 / -0
Мына сөздерің нағыз Назарбаевқа айтылған сөздер екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Калкаман
17.12.2011 05:45
+0 / -0
Жети ай бойы кара халыкты иландырган шешемиз шешемиз деп создерине турмаган тек кана 20 жылдык карсанында жыбырлап бирдене жасап отирик алдап акыры халыкты такырга отыргызып кеткен биликтин сикы осындай. Буган тек ашу-ызамен гана тойтарыс беруге болады баскаша жолды биликтин ози калдырып отырган жок. Биликке халыктын ал-аукатынын жаксарганы емес казба байлыктын молынан алынып кара халыктын бас котермей отыра бергени керек, ал олар оз кезегинде Форбстын миллиардерлер катарында жарысып жур. Казак деген оз халкына олардын жаны аши коймасы анык. Баска облыстардагы казактарга айтарым оз коздеринмен кормегеннен кейин ау бауырларым не жетпей жатыр дегенди койындар. Барлыгы сол жетпегеннен шыгып жатыр. Сенбесендер ЖанаОзенге барып кориндер жагдайдын кандай екенин.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 16:15
+0 / -0
МУндай мейрамды бизге сыйлаган 86 нын курбандарына куран багыштап, олардын кадирлерин тусинип, шукиршилик айтудын орнына мыналардын истеп жаткандары мынау! Адам деп айтуга келмейди буларды, арттарында биреу тур булардын. Сол адамдар усталса екен, бекерге карапайым казак кетип калмаса екен. Кешеги Ресейдеги окигага кулип еди ел, енди мине соракысы басталды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 16:29
+0 / -0
Жаңаөзендік мұнайшылардың жеңіске жетуіне тілектеспін
Пікір алмасу

Кімнен: Біреу Қайдан: Жанаозен
16.12.2011 20:55
+0 / -0
Егер сенде осылай ақшаң болмай ашықсаң көрермін көтеріліске шықпағаныңды.Не деп оттап отырсын?Бұлардың істеп жатқандары өте дұрыс!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 22:25
+0 / -0
биздер неге тойлаймыз осы 20 жылдыкты 86 жылы каншама ага апаларымыз мерт болды
Пікір алмасу

Кімнен: Нерояльный Қайдан: ghjntcn
17.12.2011 11:34
+0 / -0
МУндай мейрамды бизге сыйлаган 86 нын курбандарына куран багыштап, олардын кадирлерин тусинип, шукиршилик айтудын орнына мыналардын истеп жаткандары мынау! Адам деп айтуга келмейди буларды, арттарында биреу тур булардын.
----------------------------------------------------------------------
Баурым! Бүл сияқты нәрсені жазуға датың қалай барды? Қайғылы өқиға кұнді мейрам деп атауға не амал боп түр? Бүл деген ар-үйяттан безгендік емес пе? Және сол азаматтардың жолын тосқаң
қазірғі күрбандардын есімдеріне қүе жағү нағыз алапестіқ емес пе?

Кімнен: arman
16.12.2011 16:38
+0 / -0
Жанаозеннин орталык аланында Тауелсиздикти тойлауга койылган аппаратураларды киратып, коринис корсетип, онер корсетуге келген окушы балаларды куып зарелеирн ушырган! Бугинги меркеге жаксылап дайындалып аланга шыккан барлык халыктын урейлерин алып, тартипке шакырган милиция кызметкерлерин соккыга шыгыпты жабылып! бул тагыда террористердин истери гой! недеген сумдык! Алла жаксылыгын берсин! Жума намазга барып Аллага тауелсиздикти аперген курбандар ушин дуга жасаудын орнына нагыз бузакылык жасап жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Сен бала, бері қара
16.12.2011 16:54
+1 / -0
Сен бала, бері қара! Үйіңде жылы жерде артыңды басып отырып, ақылгөйсіме. Жеті айдан бері дала тұрып ереуілдеткендердің жағдай сен де, мен де түсінбейміз. Басыңа сол күн туса көрер едім.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 22:27
+0 / -0
назарбаев кетсин
Пікір алмасу

Кімнен: Жасик Қайдан: Актау
17.12.2011 08:11
+0 / -0
Кайдагы террорист гайбаттама
Пікір алмасу

Кімнен: Елсау Қайдан: Ел іші
18.12.2011 21:23
+0 / -0
Бүкіл халықты террорист деп атаушылар террористен де қорқынышты сатқындар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 17:12
+0 / -0
Құрметті Азаттық!!! радиосы дәл қазір не болып жатырғандарын айтыңыздаршы.Жараскан Кабиевтің
айтып отырғаны шын ба? Олай болса Жаңаөзендік мұнайшылардың жеңіске жетуіне тілектеспін

Кімнен: Arman Қайдан: Almaty
16.12.2011 17:14
+0 / -0
Ne slushaite teh kto pishet protiv bastuyushih. Eto platnye kommentatory ot komiteta

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 17:27
+0 / -2
бастарына тилеген мен де емессин сен де емессин! колымен истегенди мойнымен котерсин, алла баримизге жаксылыгымен жамандыгын береди, олар Алладан емес адамнан сурап калган адамдар! Оларга ешким 7 ай аланда тур, сосын акша толеймиз деген жок! сенде босе берме бауырым!
Пікір алмасу

Кімнен: Жасик Қайдан: Актау
17.12.2011 08:14
+0 / -0
Журек жок намыс жок жигер жок айтып отырганын караш бетин тилсе кан шыкпайды су журек

Кімнен: Айнұр Отарбай қызы Қайдан: Маңғыстау облысы
16.12.2011 17:27
+0 / -0
Арман дұрыс айтасыз, ереуілшілерге Алла сабыр бергей! Қасиетті жұма мүбарак болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 19:20
+0 / -0
сабыр сақтаған дұрыс. бірақ сабырдың да шегі бар ғой?!
қашанғы біздің билік етін өздері жеп сүйегін бізге лақтырып отырады?
мұай мен газдың, алты мен кумістің үстінде отырып қашанғы қайыр тілеміз?!
укіметке қой дейтін уақыт жеткен жок па????

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 17:34
+0 / -0
Жанаозенде недеген маскара орын алуда. осындайлардын кесирен ревалюция болган елдер токыраудан шыгалмай зардап шегуде. Казактар акылга салып сабырлык танытумыз керек деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 17:52
+0 / -0
Өңкей шенеунік сымақ не! САбырлық енді есіңе түстіме , артың бір қуыс болғанда.7 ай бойы билікті түсіністікке шақырсаң ай бақтың ба?сабырлы

Кімнен: men
16.12.2011 17:52
+0 / -0
Азаттық сайты Алматыдан ашылмайды проксимен ғана ашып отырмыз. админ сіздер соны білесіздер ме неге ашылмайды

Кімнен: ТАЛАП Қайдан: АҚТАУ
16.12.2011 17:58
+0 / -0
Азаматтарды сабырлыққа шақырайық неболса соны жаза бермейік Халыққа тыныштық керек Ойланыңдар ағайындар
Пікір алмасу

Кімнен: мұнайшы Қайдан: актау
17.12.2011 00:42
+0 / -0
жігітер іштерін жарганда кайда болдың аузыңды жап
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақұлы
17.12.2011 14:07
+0 / -0
Құрметті, қазақтар ертеде Рим деген мемлекет болған. Оның байлығына күллі әлем таң қалған.Не ішемін, не жеймінді ойламаған Римдіктер тойғаннан жалған өмірдің мүсәпір ләззатына бойсынған. Ақырында бассыз басшылықтың кесірінен, тарихта "Рим" Атилла атты түркі түлдес тайпалардың көшбасшысынан ойран болып жеңіліс тапқан мемлекет ретінде тарихта қалды. Сондықтан барлықтарыңызды кең керегеміз аман кезінде әріден ойлануларыңызды сұраймын.

Кімнен: Адай қызы Қайдан: Актау
16.12.2011 18:01
+0 / -0
Бұны уйысдатырып, ел ішіне бүлік салғандарды ату керек. Соғыс жоқ, бүліншілігі жоқ тыныш елде соғыс жасап, бастарына не күн туды оңбағандар. Өздерінің қу қамы үшін ел ішіне бүліншілік салғандары несі! Бұлардың басшыларынан бастап, оларды ұйымдастырып, су бүркіп жүрген Қожық, Қосанов және тағы сол сияқтыларды да жауапқа тарту керек.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
16.12.2011 19:12
+0 / -0
сенің ойынша 7 ай бойы бейбіт шеруге шыгып, биліктен талап еткен әділеттілікті ала алмаған шерушілердің шыдамы таусылып билікке ашық қарсылыққа шыққан адамдар бүлік шығарған болып санала ма?!
онда 1986 жылы ашуға мініп көшеге шыққан жастар да милицияның машинасын өртеп құқық қорғау органдарымен қақтығысықан жастар да бүлікшілер ме???
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Актау
16.12.2011 22:33
+0 / -0
Сенин адай екенин отирик.Адай болсан-шириген жумырткасын!Адайдын азаматтары окка ушып олип жатканда,мынадай ангиме айтканша,жергогинде олгенин жаксы еди.Сендей малгун кыз осирген аке-шешене ,тугандарына лагнет!
Пікір алмасу

Кімнен: Жасик Қайдан: Актау
17.12.2011 08:16
+0 / -0
Жаксы айттын бауырым Адайлар алга Биргемиз
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.12.2011 23:26
+0 / -0
1986 жылғы көтеріліске қатысқан жастарды нашақорлар деп айыптаған сендей сілімтіктер ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: taza kazak
18.12.2011 08:39
+0 / -0
cen aday emes ,<adam kizi>emes ekensing. janga ozende ne jagday bolganin kozim kormesede kongilim seziptur, tengdek uxin janin keygan
kandastardeng arwage atsen !!! senimen niyettesteringde malgun! teksiz!
Пікір алмасу

Кімнен: Бану
18.12.2011 21:42
+0 / -0
тура осы жағдайды да, жаңаөзендегі көтерілісшілерді де қылмыскерлерге санап жатыр ғой. олар бейбіт халық өз қамын жаксартқылары келген халық!! неге оны ешкім түсінбейді.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
16.12.2011 18:25
+0 / -0
"Кіші жүзді найза беріп жауға қой" деген ата-бабаларымыз не деген данышпан еді! Қазақ соғыс жасамас еді, егерде билік несібесін жалмап тонамаса! Қазақ соғыс жасамас еді, егерде қасиеті жері кім көрінген алаяқтың қанжығасына байланып кете бармаса! Қазақ соғыс ашпас еді, егерде екі қолына жұмыс табылып, еңбекақысы жанұясын асырауға, оқытуға, емделуге жетерліктей болса! Қазақ соғыс ашпас еді, егерде басшылары шетінен ұры, жемқор, ұятсыз, озбыр болмаса! Қазақ соғыс жасамас еді, егерде тілі мазаққа ұшырап, діні аяқ астына тапталмаса!
Ұрлықы билік алға басып бара жатқан жоқ, артқа зымырап барады. Ал халық, қазақ ұлты керісінше ұйқыдан жаңа оянып, жұмылған көзі енді-енді ашылып, Назарбаевтың көп сұмдықтарының ақыры неге апарып соқтықтыратынына жетіп келеді...
Пікір алмасу

Кімнен: тура
17.12.2011 10:43
+0 / -0
"Кіші жүзді найза беріп жауға қой" деген ата-бабаларымыз не деген данышпан еді! Тура айтылған сөз ғой бұл. НАНға осыны жұқалап, бірақ туралап жеткізетін адам қалмағанба?Әбіш көкем кетті жаза басып қол сүйем деп,Иманғали, Мусин , Көшербаев,Тажин,Балғынбаевтар, т.б.батыстықтар неге батыс қазағының оның ішінде Адайлардың мінезін ,менталитетін дырыс түсіндіре алмаған НАНға?Орысқа да батысқа да ,қысық қытайға да керегі қазақтың бір-бірін қыруы ғой, 810 млн ға жетпейтін қазақ бірбірін атты дегенше қазақ жеріне қауіп төнді десейші ,биліктегілердің көздерін уқалаңқырап ашып, ұйқыларынан оянуы керек сыртқы күш осыны пайдаланып кетпесін бесе Бұл АДАЙлардан кезінде Ұлы Державаны дірілдеткен Сталинде қорыққан сол себепт" олрды соғыс біте салысымен облыс ішінде жер аударған әкелеріміз 6 жыл соғысқа қатысып келсе жанұя жер аударылған тек аталаымыздын көрегендігінің арқасында СТалин өлген бойда елге қайтқан осыны ел басындағылар ескеруі керек!

Кімнен: Qazaq
16.12.2011 18:46
+0 / -0
Ne bolsada khalykka ok atpandar agayin ne sumdyk bul
Ya AllaH osygan zhetkizgenderdyn zhazasyn bere gor
Khalyk zhaydan zhay basyn kauyprt tykpeydy

Кімнен: Абылай
16.12.2011 19:00
+0 / -0
Оян Казак!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақұлы
17.12.2011 14:09
+0 / -0
Әлі ұйықтап жатсың ба?

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
16.12.2011 19:05
+0 / -0
В Казахстане полицейские открыли стрельбу по демонстрантам


Массовые забастовки нефтяников в городе Жанаозен на западе Казахстана переросли в беспорядки. По информации Socialistworld.ru, под огнем полиции погибли более 20 человек.

По информации сайта, в разгар митинга в толпу целенаправленно врезался полицейский УАЗик. После этого митинг стихийно перерос в беспорядки — его участники перевернули и сожгли полицейскую машину, а также подожгли юрту и елку, установленные в честь Дня Независимости


http://news.rambler.ru/12178086/

Кімнен: Адам
16.12.2011 19:10
+0 / -0
Менің жүрегім қан жылап отыр. Ол Жаңаөзендіктермен бірге. Халыққа қарсы оқ атқандар Алланың қарғысына қалады. Алла әрқашан жәбір шеккендердің қорғаушысы. Жендеттердің жазасын Құдай көрсетсін. Мықты болыңдар жаңаөзендіктер!

Кімнен: ТӨРЕ Қайдан: алтын ордадан
16.12.2011 19:16
+0 / -0
міне ағайын, біздің бет-пердесіз биліктің анық жүзі осы!
соңғы деректер бойынша 20дай адамды полицейлердің оғынан қаза тапқан, тағы біразы жаралы.

Сонда кім террорист?! Қара халық па әлде мұздай қаруланған биліктің жендеттері ме?????
террор, атыс-шабыс деген нәрсені билік өзі ұйымдастырып отыр. қарапайым халықты осыған итермелеп отыр. сосын оларды қырып сырт елге батыр боп жатқан жайы бар біздің сайқал биліктің!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аза Қайдан: Атырау
17.12.2011 15:44
+0 / -0
Террорист негізі суык қаруларын қолданған полицейлер емес, олар кун демей, түн демей қазақ халқынын тыныштығын ойлап журген ага-інілеріміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 23:53
+0 / -0
100 пайыз қосыламын бауырым!

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: астана
16.12.2011 19:25
+0 / -0
Мұнайшылардың еңбегі багалансын ! НАН мәз болып концертте отыр дәл казір қазақтың байлығы оның әкесінен қалғандай
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2011 23:45
+0 / -0
Билік басындагылар бейбітшілік заман деп бізді алдайды,Мына жагдай болып жатыр,Атаңнын басына тыныштықпа,,,,,Қазір Қазақ елі ешқандай елден соғыс жағынан кем тұрған жоқққ
Пікір алмасу

Кімнен: ЖАСИК ЖАНАОЗЕН
16.12.2011 23:49
+0 / -0
16 желтоқсан тарихта тағы қаралы күн болып жазылады енід тарихта! Осы бір қаралы күн естеріңнен өшпесін қазақ халқы! 1986 жылы қазаққа отарлаушылардың қолымен атылмаған оқ, 2011 жылы қазаққа қазақтың өз қаруымен атылып жатыр! 70ке жуық адам өліп, 500ге жуық адам жараланған деген мәлімет бар. Алла қазаққа жар болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Казакулы
17.12.2011 13:29
+0 / -0
Кешегі құрбан болғандардың ағайын туыстары қайғыларыңа ортақпыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Нарғасқа Қайдан: Өскемен
17.12.2011 16:15
+0 / -0
"Тура биде туган жок" демекши, ен болмаса, дурыс цифрларды корсетсен! Жассик Жаңаөзенге!
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ
17.12.2011 20:23
+0 / -0
дұрыс
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 12:26
+0 / -0
ей ағайын 86 жылмен шатастырма бұл оқиғаны мұнайшыларды жамылып ел тыныштығына іріткі салғысы келгендердің тірлігі деп білемін. нан тепкі жасамайық ағайын....
Пікір алмасу

Кімнен: Олжас Қайдан: Семей қаласы
22.12.2011 23:34
+0 / -0
тарихта тағы қаралы күн болды, сонша кісі өліміне дейін баратындай не болды. Осындай жайттарды қайталамауға тырысайық баріміз бірлігі жарасқан Қазақстанда бейбіт өмір сүрейік ағайын.........
Пікір жарияланған бет , жиыны 11
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Абылай Есімбай, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

Қош, паң Алматы!

Әр мекеме қол астындағы жұмысшыларды, қызметкерлерді жеке пәтермен қамтамасыз етсе. Сонда құлшына жұмыс істер едік. Толығырақ