Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:41

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Жовтистің ісі

Рақымшылыққа ілінген Жовтис 15 күннен кейін шығады

Бүгін Өскеменнің қалалық соты "тұтқын Евгений Жовтистің ісі рақымшылық туралы заңның шарттарына сәйкес келеді" деп тауып, оны босату туралы қаулы шығарды. Құқық қорғаушы 2009 жылдың күзінен бері абақтыда отырған еді.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан, 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Судьяның айтуынша, Евгений Жовтисті босату туралы бұл қаулы тек 15 күннен кейін ғана күшіне енеді.

Жовтиспен бірге Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқан 25 адамға да дәл сондай қаулы шыққан. Яғни олар да 15 күннен кейін босайды.

Бірақ өткен аптада Алматы облысындағы ЛА 155/4 колониясында 27 сотталушы рақымшылық туралы сот қаулысы шыққан күні бірден бостандыққа жіберілген еді. 

Азаттық тілшісімен сөйлескен Евгений Жовтис «Рақымшылық туралы» заңның аймақтарда әр түрлі жүзеге асуына қатысты ойын, соттың қаулысы «салыстырмалы түрде заңды» екенін айтты.

- Шын мәнінде қаулы күшіне тек 15 күннен кейін енеді деген норма бар. Ал бірақ саналы түрде қарасақ, бұл - абсурд. Амнистияға бабы ілінген адамның бірден босатылуы тиіс екені, меніңше, анық нәрсе. Сондықтан Қарағанды, Алматыда болған шешімдер дұрыс, -  дейді Евгений Жовтис.
​​
Жовтиспен бір колонияда жазасын өтеген журналист Тоқнияз Күшіковті де босату туралы шешім шықты. Күшіков те 15 күнін колонияда өткізетін болды. Бүгін Өскеменнің қалалық сотында бұдан өзге тағы 12 адамның ісі қаралуы тиіс. 

Жовтистің әйелі Светлана Вятковскаяның айтуынша, рақымшылық заңына іліну үшін сотталушыларға екі шарт қойылған: аса ауыр қылмыс жасау бабы бойынша сотталмаған және жаза мерзімінің төрттен бірін немесе одан көбін өтеп шыққан адам болуы керек. Ал Жовтистің жағдайы бұл екі шартқа да сәйкес екенін құқық қорғаушылар көптен бері айтып келген еді.  

Адам құқықтары бойынша Қазақстандық бюроның бұрынғы жетекшісі Евгений 
Тоқнияз Күшіков. (Жеке мұрағаттағы сурет).
x
Тоқнияз Күшіков. (Жеке мұрағаттағы сурет).
​​​​Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков 2009 жылы "абайсызда көлікпен кісі қағып өлтірді" деген айыппен төрт жылға сотталған болатын.

:Жовтис 2009 жылы шілденің 26-сы күні Алматы-Қарой жолында Қанат Молдабаев деген 1974 жылы туған азаматты қағып кеткен. Марқұм сол жерде қайтыс болған.

Жовтис пен Күшіковтың Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқандарына екі жарым жылдан асты.

Бұған дейін түрме әкімшілігі «Жовтис түзелуге ниеттенбеді» деген уәж айтып, оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін екі мәрте қанағаттандырмай тастады.

Қазақстанда сотталушыларға жетінші рет рақымшылық жасалып отыр. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылыққа жеңіл және орташа ауыр қылмыс түрлерін жасаған тұтқындар ілінеді.

Бұл жолы амнистияға 16 мың 187 адам ілінеді деп жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі - шартты жаза алған азаматтар.

Амнистия бойынша сонымен бірге 500-ден астам сотталушының жаза мерзімі қысқартылады. Ал іс жүзінде тек 2 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шығады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алдоңғар
01.02.2012 16:56
+0 / -0
Бір қолымен қамшымен соғып-соғып алады да, онысын екінші қолымен кәмпит ұсыну арқылы жуып шаяды. Жаңаөзенде адамдарды қырып салып, содан кейін Рамазан Есіргеповты, енді міне Жовтисті босату арқылы халықтың ашуын басқан сиқы.
Пікір алмасу

Кімнен: Мырқымбай
01.02.2012 18:34
+0 / -0
Сіз шынымен де Жовтис пен Есіргеповты жаны ашығаннан шығарды деп ойлайсыз ба сонда? Өзі қол қойып отырған заңды орындамауға амалы қалмаған соң ғана босатып отыр, соның өзінде де оны заңнан сәл ілгіш тауып 15 күнге кейінірек шығармақшы

Кімнен: Мерәлі
01.02.2012 17:22
+0 / -0
Жовтис енді Жаңөазенге байланысты пікірін айтсын. Не ойлайды екен мына биліктің бассыздығы туралы. Азаматтық позициясын білдіріп, нағыз құқыққорғаушы екенін дәлелдесін

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 18:29
+0 / -0
Бул ракымшылыкка ЕРМЕК НАРЫМБАЕВ та iлiнуi керек кой. Бiр кокыстын (мусордын) киiмiн жыртты,бiреуiн жерге жыкты деген отiрiктерi шын болган жагдайда да,бул ауыр кылмыс емес кой. Кукык коргаушылар неге бул маселенi котермеидi?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 21:12
+0 / -0
Жаңаөзеннің әкімі судан таза, сүттен ақ болып тұр ма? Сарбөпеевты айтам. Ол отпускада болып, демалып, тынығып, жұмысқа кіріседі екен ғой? Ал, сол кезде Жаңаөзен халқы қандай жағдайда қалай күнін өткізгенін біле ме екен ол?