Accessibility links

Әблязовтің әйелі мен қызы босқын мәртебесін алды


Қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа.
Қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің әйелі мен қызына "Италия босқын мәртебесін берген".

Адвокат Антон Джулио Лана Reuters агенттігіне "Италия ішкі істер министрлігінің Алма Шалабаева и мен қызы Алуаға мерзімі ұзартылып тұратын тұрақты тіркеу құқығын бергенін" хабарлаған. Агенттік ақпаратына қарағанда, тұрақты тіркеу әзірге бес жылға берілген.

Қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева 2013 жылы 27 желтоқсан күні Қазақстаннан Италияға барған еді.

Мұхтар Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызы Қазақстанға 2013 жылы маусым айының басында әкелінді. Депортацияның алдында оларды Италия полициясы арнайы операция жүргізіп ұстаған. Кейінірек Италия үкіметі бұл депортацияның заңсыз екенін мәлімдеп, оқиғаға байланысты Италия ішкі істер министрлігінің шенеунігі кінәсін мойындап, жұмысынан босатылды.

Бұрынғы банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтын Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметі "экономикалық қылмыстар жасады" деп айыптайды. 2013 жылы маусымның 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған Әблязов қазір сол елде қамауда отыр. Қазақстан, Ресей және Украина оны Франциядан экстрадициялауды сұраған. 2014 жылғы 9 қаңтарда Франциядағы Экс-ан-Прованс қаласының соты Мұхтар Әблязовты Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы үкім шығарды. Кейін оның адвокаттары сот үкімінің үстінен апелляциялық шағым түсірген.

9 сәуір күні Францияның кассациялық соты қазақстандық қуғындағы олигарх, оппозициялық тұлға, БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты Ресей мен Украинаның біріне экстрадициялау туралы шығарылған әуелгі шешімнің күшін жойды.

Мұхтар Әблязов өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG