Accessibility links

Сталиндік террор тоғыстырған қос тағдыр


Анна Крикунның реаблитациясы жайлы 1973 жылғы құжат. Воркута, 7 ақпан 2013.
Анна Крикунның реаблитациясы жайлы 1973 жылғы құжат. Воркута, 7 ақпан 2013.

Cталин ашқан ГУЛАГ жарты ғасырдан аса жұмыс істеді. Алайда туған жерінен жырақта жүріп оның зардабын тартқан жандар әлі бар.

Жас кезінде Анна Крикун мен Расма Стодухқа ортақ дүние аз еді. Алайда екеуінің өмірі мен тағдыры Иосиф Сталиннің деспоттық режимін бастан кешкен басқа да миллиондаған жандардың өміріне ұқсайды.

КӨТЕРІЛІСШІЛЕРГЕ ТАМАҚ ТАСУШЫ

Қазір 85 жастағы Расма Стодух бұл жағдайға Латвия астанасы Рига қаласында тап болады.

1946 жылы ол советтік оккупацияға қарсы шайқасқан Латвия көтерілісшілеріне азық-түлік жеткізіп тұрды. Жасы небәрі 17-дегі бойжеткен үшін бұл патриоттық іс болатын. Алайда оның астыртын әрекеті әшкере болып, көп ұзамай оны Cовет үкіметі ұстап алады.

Сол күннен бастап ол әкесі мен ағаларын көрмеген. Оған «Отанына қарсы қылмыс жасады» деген айып тағылып, ату жазасына кесті.

Камерада үш айдан аса отырған Расма Стодух әр түнін үкімнің орындалуын күтумен өткізген.

Аяқ астынан өлім жазасын еңбек лагерінде 20 жыл өтеуге ауыстырды.

Арада ондаған жылдар өткен соң ақжарқын кейуана Воркута лагеріне 1947 жылдың ақпанында келген соң жағдайы біршама түзелгенін еске алады.

- Басымнан кешкендермен салыстырғанда лагерьдегі өмір жұмақ тәрізді көрінді. Лагерьде киім беріп, күніне үш рет тамақтандырады. Там-тұмдап болса да тамақ қой. Бірақ ол жақтың қысы сұмдық! Аязынан жан түршігеді, - дейді
Бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны Расма Стодух. Воркута, 5 ақпан 2013.
Бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны Расма Стодух. Воркута, 5 ақпан 2013.
Расма Стодух.

Воркута лагері Сталиннің еріксіз еңбекке жегу арқылы иен жатқан табиғи ресурстарды игеру жөніндегі ауқымды науқанының бір бөлігі болған.

Расма Стодух 1931 жылдан 1957 жылға дейін осы лагерь тозағынан өткен шамамен 2 миллионға жуық тұтқынның бірі болды. Тойынып ас ішпеген, ауыр жұмысқа, түрлі дертке төзе алмаған 200 мың тұтқын мерт болды.

Расма Стодух лагерьде жүріп қазір 90 жастағы Анна Крикунмен алғаш кездеседі. Алайда екеуі лагерьде бір-бірін көріп жүргенімен, ондаған жылдар өткесін ғана жақын танысыпты. Лагерьде болған кезінде Расма Стодух көршісіне жақындауға қорыққан.

- Абайсызда бірдеңе айтып қоймас үшін аузыма ие болуға ұйғардым. Бізге жақ ашпауды үйретті ғой, - дейді Расма Стодух.

НЕМІС ТІЛІНІҢ ТӘРЖІМАШЫСЫ

Қырым өлкесіндегі Севастополь қаласында туған Анна Крикунның Расма Стодухтан бірер жас үлкендігі бар.

Бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны 90 жастағы Анна Крикун. Воркута, 7 ақпан 2013.
Бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны 90 жастағы Анна Крикун. Воркута, 7 ақпан 2013.
Оның әкесін 1924 жылы большевиктер өлтірген. 1939 жылы ол шешесі және өгей әкесімен бірге Ресейдің оңтүстігіндегі Обоянь қаласына көшеді.

1941 жылы қараша айында Обояньды немістер басып алған соң Анна Крикун немістің әскери кеңесшісінің аудармашысы болып істейді. Оның бұл «қылмысы» белгілі болады. Қызыл армия қаланы азат еткен соң жеті айдан соң шешесі екеуін тұтқындалады.

«Отанын сатып, антисоветтік үгіт жүргізгенін» мойындағанша Анна Крикунды бірнеше апта бойы ұйқыдан айыру арқылы «конвейер» деп аталатын жаза түрімен азаптайды.

Бұдан әрі ол адамдардың мәйіттерін тасып, 60 шақырымдық жерге жалаңаяқ
Анна Крикунның лагерьден босағаны жайлы 1956 жылғы құжат. Воркута, 7 ақпан 2013.
Анна Крикунның лагерьден босағаны жайлы 1956 жылғы құжат. Воркута, 7 ақпан 2013.
барып, талай тауқыметті бастан кешіреді. Ақыры оны солтүстікке - Воркута қаласындағы еңбек лагеріне жөнелтеді.

«Мемориал» құқық қорғау ұйымы арқылы алғаш ресми танысқан қос әйел осы және басқа естеліктерімен бөлісті.

Анна Крикун мен Расма Стодух әлі күнге дейін Воркута маңында тұрады. Бір-бірінің үйіне барайын десе, екеуі де жүруден қалған. Қазір олар телефон арқылы жиі-жиі хабарласады.
XS
SM
MD
LG