Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:58

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Тәжіктің әнші қызы сүйген жігітін сот ғимаратынан «алып қашқаны» үшін жазаланды

Душанбенің соты белгілі эстрада әншісі Фарзона Хуршедті екі жылға түрме жазасына кесті. Танымал әнші қыз сүйген жігітінің сот үйінен қашып шығып, тәжік астанасынан тыс жерде бой тасалауына көмектескен.

Мәтін көлемі - +


ҚАШҚЫН ҒАШЫҚТАР

 

23 ақпанда Душанбе қаласындағы Сино ауданының соты тәжіктің танымал әнші қызы Фарзона Хуршедті екі жылға бас бостандығынан айырғаны туралы туралы үкімі шықты. 


Сот әнші қызды осыдан біраз бұрын жақсы көретін жігіті, қамаудағы Фаррух Рузиевтің сот ғимаратынан қашып шығуына көмектескені үшін айыпты деп тапты.
Жас жігіт алаяқтық жасағаны үшін сотқа тартылуы тиіс болатын.

 

Оқиғаны басынан баяндасақ, 16 қаңтар күні әнші қыз Фарзона Хуршед полициядан сүйген жігіті Фаррухпен сот үйінің сыртында оңаша сөйлесуге мұрсат сұраған. Полиция қызметкерлері келісім бергеннен кейін ғашықтар жұбы Тәжікстан астанасына жақын жердегі Варзоб сайына қарай тартып отырған.

Арада біраз уақыт өткенде ғашықтарды күштік құрылым қызметкерлері курорт аймағына жақын жердегі «Чорбог» кеденінде қолға түсіреді. Әуелгіде полиция Фаррух Рузиевті ұстағандарына мәз болып, әншіні қоя берген.

 

КІНӘНІ МОЙЫНДАУ

Фарзона Хуршед сот залында, Душанбе, 9 ақпан, 2010 жыл.

Дегенмен кейінірек прокуратураның талап етуімен, әнші қыз да тұтқынға алынып, сот оны екі жылғы бас бостандығынан айырды. Фаррух Рузиев болса алаяқтығы үшін 10 жылға түрме жазасына кесілді.


Ғашықтардың сот ғимаратынан шығуына рұқсат еткен полицияның екі қызметкері де айыпты деп табылып, бірі - екі жылға, екіншісі - бір жарым жылға бас бостандықтарынан айрылды.

 

Әншінің адвокаты қорғауындағы Фарзона да, өзі де сот шешімімен келіспейтіндіктерін және шағым түсіретіндіктерінен айтты. Адвокат үкімнің қайта қаралатынына сенімді.


Әнші Фарзонаның продюсері Диловар Мизроб Фаррух сот ғимаратынан қашып кеткен қателігін мойындады дейді.

 

АЛБЫРТ ЖАСТЫҚТЫҢ АЛАУЫ

 

Дегенмен де әнші қыздың өзі егер қашып кетсе, жігітім бостандықта болады деп ойлағанын жасырмайды.

Сурайе Касымова (ортада) қызы Фарзонаның сотында, Душанбе, 9 ақпан, 2010 жыл.


Тәжіктің эстрада әншісі Фарзона Хуршед 21 жаста. Ол Тәжікстан ғана емес, бүкіл парсытілді әлемге белгілі Сурайе Касымованың қызы. Фарзонаның әпкесі Шабнами Сурайе де тәжіктің танымал әншілерінің бірі.

 

Анасы мен әпкесі де Фарзонаның соты болып жатқанда сот залында отырды. Журналистерге берген сұқбатында Сурайе Касымова қызының өте жас екенін және оның қылмыс жасау ойы болмағанын айтқан.

 

Фарзона Хуршидке шығарылған үкім оқылып жатқанда әнші қыздың анасы Сурайе есінен танып қалған. Жас әншінің сотына Тәжікстанның көптеген белгілі мәдениет қайраткерлері де қатысты. Ал ғимараттың сыртында Фарзона Хуршедтің талантына бас иетін жанкүйерлері оған қандай сот үкімі шығарылатындығын күтіп тұрды. 




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сексенбай
24.02.2010 22:06
+0 / -0
Не деген махаббат десеңізші. Шіркін, жастық жақ...
Пікір алмасу

Кімнен: Айтеуiр бiреу
25.02.2010 19:20
+0 / -0
Менiнше кылмыстын ен ауыры - жабiрленушiнiн сенiмiне кiрiп жасалган кылмыс. Ягни алаяктык. Ал алаякка кол ушын беру деген акылыма симайды. Бул кызга берiлген жаза аз деп ойлаймын.

Кімнен: ххх Қайдан: Алматы
25.02.2010 00:28
+0 / -0
Фарзона Хуршидті соттап отырғандар - сезімсіз топас жандар. Мұндай сезімді құрметтеу керек қой. Жүрегі бар адамдар оған ескерткіш тұрғызса да болар еді!

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
25.02.2010 09:36
+0 / -0
Байқұс қызға қиын бопты. Негізі заңның қатал болғаны дұрыс-ақ, бірақ заң атқаруда бізде имандылық жетіспейді. Егер иманды сот болса, қыздың адал махаббатын бағалап, елге-жастарға үлгі болсын деп қызды жазалаудың орнына, оған қайта алғыс айту керек еді. Мына еуропалық өктемдік жайлаған заман аяқтаған кез туғанда, осы оқиға "Қоз мен Баянның" аңызындай жұрт аузында қалатынында дау жоқ.

Кімнен: Ака Қайдан: Шымкент
25.02.2010 10:57
+0 / -0
Тәжікстанда жаза қатал сияқты. Бірак бұл жастарға сот укімі қайта қаралу керектей.

Кімнен: қара қыз Қайдан: Алматы
25.02.2010 13:20
+0 / -0
Заң алдында барлық адам бірбей болуы керек ! Міндетті түрде !Сонымен қатар қызметкерлер шындықты сөйлейтін болуы керек.
"Тура биде туған жоқ "дейді қазақ. Тек шындық пен адалдық жүрген жерде ғана тазалық ,тыныштық болады . Кейбір кісілердің сөзіне қарағанда мына бықсыған заманда ТУРА БИдің табылуыда екі талай сыяқты ....