Accessibility links

Маргарет Тэтчер қайтыс болды

Маргарет Тэтчер өзінің кітабын ұстап, суретке түсіп тұр. Лондон, 25 қараша 1997 жыл.
Маргарет Тэтчер өзінің кітабын ұстап, суретке түсіп тұр. Лондон, 25 қараша 1997 жыл.

87 жасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер өмірден озды. Маргарет Тэтчер 2013 жылы сәуірдің 8-і күні таңертең инсульттен қайтыс болған.

Марқұмның баспасөз хатшысы лорд Белл "Өкінішке орай, Марк пен Кэрол Тэтчерлер шешелері - баронесса Тэтчердің инсульттен қайтыс болғанын мәлімдеді" дейді.

Маргарет Хильда Робертс (Тэтчер) діндар саудагердің отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген Тэтчер Оксфорд университетінің химия бөлімінің стипендиясына ие болады.

ТЕТЧЕРДІҢ ҚАҒИДАСЫ

Тэтчер екі рет парламент сайлауына түсіп, жеңілгеннен кейін, үшінші мәрте - 1959 жылы Британия парламентінің депутаты атанады. Бұдан ары марқұмның Ұлыбританияның консервативтік партиясы қатарындағы саяси карьерасы басталды.

1975 жылы партия жетекшісі, 1979 жылы Ұлыбританияның премьер-министрі болды.
Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II (сол жақта) бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчердің (оң жақта) 70 жасқа толған мерейтойына келді. Лондон, 18 қазан 1995 жыл.
Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II (сол жақта) бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчердің (оң жақта) 70 жасқа толған мерейтойына келді. Лондон, 18 қазан 1995 жыл.

Билікке келген Тэтчердің міндеті алдыңғы үкіметтің отставкаға кетуіне әсер еткен жұмысшылар қозғалысының саясатқа ықпалын азайту болды. Тэтчер жұмысшылардың ұйымдасқан ереуілдерін бәсеңдетіп, наразылық шараларын өткізуін шектейтін заңдар қабылдауға қол жеткізді.

Тэтчердің философиясы жеке бас еркіндігін кеңейту, жеке адамның белсенділігін арттыру болды. Ол өзінің осы пайымы туралы біршама жылдар өткен соң АҚШ-қа барған сапарында айтты.

Ол сол жолы "Меніңше еркіндік деген тек қана азаматтық (саяси) немесе ұлттық қасиет емес, ол - рухани (моральдық) қасиет. Рухани қасиет дегенім - біз Құдай берген таланттарымыз бен қабілеттерімізді еркін пайдалануымыз керек. Бұл құқықты ешқандай үкімет тартып алмауы тиіс" деген еді.

Тэтчердің ойынша, "адамдар өркендеп немесе құлдырап жатса да, өз еріктерімен өмір сүруі тиіс, ал ондай жағдайды үкімет еркін және нарықтық экономика орнату арқылы жасайды". Тэтчер үкіметі кәсіпкерлер жолындағы кедергілер мен олардан алынатын салықты барынша азайтты.

Тэтчердің бұл саясатын сынайтындар да бар. Мәселен солшыл саясаткерлер Тэтчерді қайшылықты тұлға ретінде сипаттап, оның экономикалық реформасын "қарабайыр капитализм" деп атайды. "Тэтчердің экономикалық саясаты Ұлыбританияны күшейткенімен, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты тереңдетіп, әлеуметтік проблемаларды көбейтті" дейді сынаушылар.

РЕЙГАН-ТЭТЧЕР-ГОРБАЧЕВ

1980 жылдары АҚШ президенті Рональд Рейган мен Маргарет Тэтчер арасындағы тығыз қарым-қатынас Ұлыбритания үкіметінің еркін нарықты орнатуына, жекешелендіру мен экономикадағы мемлекеттің рөлін азайтуына, елде антикоммунистік идеялардың үстем болуына әсер етті.

Тэтчер СССР басшысы Михаил Горбачевті қолдады. Горбачев 1985 жылы СССР коммунистік партиясының бас хатшысы қызметіне келді. Оның реформалары Совет Одағының құлауына түрткі болды.
АҚШ президенті Рональд Рейган мен Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер. АҚШ президентінің қала сыртындағы (Мэриленд штаты) резиденциясы - Кэмп-Дэвид, 22 желтоқсан 1984 жыл.
АҚШ президенті Рональд Рейган мен Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер. АҚШ президентінің қала сыртындағы (Мэриленд штаты) резиденциясы - Кэмп-Дэвид, 22 желтоқсан 1984 жыл.

Ұлыбританиялық публицист Джонатан Айткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітабында марқұмның Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы жазды. Назарбаев 1991 жылы тамыз айында Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі болып тұрғанда Тэтчер Алматыға келді. Айткеннің ойынша, "Тэтчер Назарбаевтың Қазақстанды нарықтық экономикаға көшіруі мен жекешелендіруді жедел жүргізуіне тікелей әсер еткен".

Айткен "Назарбаевпен кездесуден шыққан соң шетелдік бақылаушының "президенттің саяси шеберлігі Тэтчерден үлгі алу арқылы қалыптасқан екен" деп мәлімдегенін" жазады.

ТЭТЧЕРДІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ

Тэтчердің беделін 1982 жылы Аргентина мен Ұлыбритания арасында болған Фолкленд соғысында батыл әрекет етуі де өсіре түсті. Ол кейінгі жылдары осы соғыс турасында былай еске алды:

- Біздің ашу-ызамыз келді. Фолкленд - Ұлыбританияның, ханшайымның аралдары. Олар біздің территориямызға басып кірді. Басқа елдің аумағын басып алудың заманы өткенін түсінбеген диктаторлар ақылсыз еді. Олар біздің күш-қайратымызды білмеді.

Тэтчер билігінің ақырғы жылдары (1990 жылы) Ұлыбританияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастары мәселесі көтерілген тұсқа келді. Тэтчер үнемі Еуропамен қарым-қатынастарға күмәнмен қарап, АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықты арттыруды жақтады. Тэтчердің партияластары оның бұл бағытын "тым ұшқары, шетін көзқарас" деп түсінді, ақырында Тэтчер отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Отставкаға кеткенімен, Тэтчер саясаттағы ықпалын жоғалтқан жоқ. Қоғам өміріне араласып отырды, кітаптар жазды. Бірақ оның кейбір көзқарастары заман ыңғайынан, бүгінгі күннің талаптарынан алыстап бара жатты. Тэтчердің Чилидің бұрынғы диктаторы Аугусто Пиночетті қолдауы әріптестерін таң-тамаша қалдырды.

Кейінгі күндері 2007 жылдан басталған қаржы дағдарысының тамырын мемлекеттің экономикаға араласпауын жақтайтын Тэтчер-Рейган саяси философиясынан іздеушілер көбейді.

Ұлыбританияның кейінгі премьер-министрлерінің бірі Тони Блэр Тэтчердің ықпалында болды. 1997 жылы билікке келген Блэрдің бағдарламасын сарапшылар "бизнес өкілдерін де, әлеуметтік реформаларды да қолдайтын тэтчеризмнің жаңа түрі" деп атады.

Тэтчер 2002 жылдың басында бірнеше мәрте инсульт алды. Сол жылы наурыз айында Тэтчердің қоғамдық өмірге араласуын тоқтатқаны, денсаулығын күтуге бет бұрғаны хабарланған еді.

Тэтчердің өмірі мен қызметі туралы фотогалереяны осы жерден көре аласыз:

Маргарет Тэтчер: 1925-2013

Маргарет Тэтчер мен Денис Тэтчердің үйленуі. Лондон, 1951 жылдың желтоқсаны.
1/22 Маргарет Тэтчер мен Денис Тэтчердің үйленуі. Лондон, 1951 жылдың желтоқсаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер білім және ғылым жөніндегі үкімет хатшысы кезінде. 1970 жылдың қазаны.
2/22 Маргарет Тэтчер білім және ғылым жөніндегі үкімет хатшысы кезінде. 1970 жылдың қазаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджермен сөйлесіп отыр. 1975 жылдың ақпаны.
3/22 Маргарет Тэтчер АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджермен сөйлесіп отыр. 1975 жылдың ақпаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер Израильдің бұрынғы премьер-министрі Гольда Мейрмен әңгімелесіп тұр. Тель-Авив, 1976 жылдың сәуірі.
4/22 Маргарет Тэтчер Израильдің бұрынғы премьер-министрі Гольда Мейрмен әңгімелесіп тұр. Тель-Авив, 1976 жылдың сәуірі.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер премьер-министр болған соң күйеуі Дениспен бірге офисіне келіп тұр. Лондон, 4 мамыр 1979 жыл.
5/22 Маргарет Тэтчер премьер-министр болған соң күйеуі Дениспен бірге офисіне келіп тұр. Лондон, 4 мамыр 1979 жыл.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер Сауд Арабиясының королі Фахд бин Абдул Азизбен сөйлесіп отыр. Лондон.
6/22 Маргарет Тэтчер Сауд Арабиясының королі Фахд бин Абдул Азизбен сөйлесіп отыр. Лондон.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер. Лондон, 1979 жылдың сәуірі.
7/22 Маргарет Тэтчер. Лондон, 1979 жылдың сәуірі.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер маршал Титомен қоштасып тұр. Белград, 1980 жылдың мамыры.
8/22 Маргарет Тэтчер маршал Титомен қоштасып тұр. Белград, 1980 жылдың мамыры.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге. Фолкленд аралдары, 1983 жылдың қаңтары.
9/22 Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге. Фолкленд аралдары, 1983 жылдың қаңтары.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Миттеран мен сыртқы істер министрі Ролан Дюма (сол жақта) Маргарет Тэтчерді күтіп алды. Париж, 1984 жылдың мамыры.
10/22 Франция президенті Франсуа Миттеран мен сыртқы істер министрі Ролан Дюма (сол жақта) Маргарет Тэтчерді күтіп алды. Париж, 1984 жылдың мамыры.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер мен Рональд Рейган. Кэмп-Дэвид, 1984 жыл.
11/22 Маргарет Тэтчер мен Рональд Рейган. Кэмп-Дэвид, 1984 жыл.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер Еуропа парламентінде сөйлеп тұр. Страссбург, 1986 жылдың желтоқсаны.
12/22 Маргарет Тэтчер Еуропа парламентінде сөйлеп тұр. Страссбург, 1986 жылдың желтоқсаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер. Брайтон, 1988 жылдың қазаны.
13/22 Маргарет Тэтчер. Брайтон, 1988 жылдың қазаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
СССР президенті Михаил Горбачев пен Маргарет Тэтчер. Мәскеу, 1990 жылдың маусымы.
14/22 СССР президенті Михаил Горбачев пен Маргарет Тэтчер. Мәскеу, 1990 жылдың маусымы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер мен Вацлав Гавел (оң жақта). Прага, 1990 жыл.
15/22 Маргарет Тэтчер мен Вацлав Гавел (оң жақта). Прага, 1990 жыл.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге журналистердің алдына соңғы рет ресми тұлға ретінде шығып тұр. Лондон, 1990 жылдың қарашасы.
16/22 Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге журналистердің алдына соңғы рет ресми тұлға ретінде шығып тұр. Лондон, 1990 жылдың қарашасы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер мен Джон Мейджор. Лондон, 1992 жылдың наурызы.
17/22 Маргарет Тэтчер мен Джон Мейджор. Лондон, 1992 жылдың наурызы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер, бұрынғы АҚШ президенті Джордж Буш, Чехия президенті Вацлав Гавел, бұрынғы СССР президенті Михаил Горбачев. Прага, 1999 жылдың қарашасы.
18/22 Маргарет Тэтчер, бұрынғы АҚШ президенті Джордж Буш, Чехия президенті Вацлав Гавел, бұрынғы СССР президенті Михаил Горбачев. Прага, 1999 жылдың қарашасы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер бұрынғы АҚШ президенті Рональд Рейганмен қоштасып тұр. 2004 жылдың маусымы.
19/22 Маргарет Тэтчер бұрынғы АҚШ президенті Рональд Рейганмен қоштасып тұр. 2004 жылдың маусымы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер Фолкленд аралдары тәуелсіздігінің 25 жылдығы шарасында. 2007 жылдың маусымы.
20/22 Маргарет Тэтчер Фолкленд аралдары тәуелсіздігінің 25 жылдығы шарасында. 2007 жылдың маусымы.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко және Маргарет Тэтчер. Лондон, 2007 жылдың қыркүйегі.
21/22 Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко және Маргарет Тэтчер. Лондон, 2007 жылдың қыркүйегі.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер. 2008 жылдың желтоқсаны.
22/22 Маргарет Тэтчер. 2008 жылдың желтоқсаны.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Previous slide
Next slide
Айдар
XS
SM
MD
LG