Accessibility links

Израил-Палестин жетекшілері бейбітшілік жолында ынтымақтасатын болды.


АҚАБА. Иордания.Кеше Құрама Штаттары президенті Джордж Бушпен кездесу үстінде Израил және Палестина өкімет басылары бейбітшілік жолында бірігіп жұмыс істеуге уәделерін берді.Буш Шарон және Аббас жол картасы аталатын Таяу Шығысты бейбіт қалыпқа келтіру жоспарын өмірге енгізуге күш салатын болды.Израил өкімет басы Ариел Шарон демократиялық Палестин мемлекеті өзін-өзі басқарып, Израилға қарсы шабуылдардың алдын алады деп біледі:

Тұрақты түрдегі қауіпсіздік бейбітшілікті қажет етеді, тұрақты түрдегі бейбітшілікті қауіпсіздік қана қамтамасыз ете алады, Израил Палестин арасында жаңа мүмкіндік пайда болды деген үміттеміз -деді, Шарон.

Ариел Шаронның бұл мәлімдемесі Израилдың өз ішінде қарсылықтар туғызды. Ал, Палестин өкімет басы Махмуд Аббастың палестиндықтарды көтерелісті тоқтатуға үндеуі Хамаз,Ислам Жихады, Палестинаны азат ету халық майданы тарапынан қарсылыққа ұшырады. Олар Израилға қарсылық жалғаса береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG