Accessibility links

Қазақстан-Ресей автомобиль консорциумы құрылды


Шілденің 1-і күні Астанада “Қазақстан-Камаз” автомобиль консорциумының тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл Қазақстанда машина жасау саласындағы қазақстан-ресей бірлескен бірінші жобасы.


Консорциум құрамына Ресей федерациясының “Камаз” ААҚ және Қазақстан Республикасы тарапынан “Астана-финанс” ААҚ-ы мен басқа да бірқатар ұйымдар кіреді.

- Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков,Ресеймен сауда және экономикалық қатынастарды дамытудың қазақстан үшін басым бағыттар ретінде қаралатындығын атап айтты.

Ресей- Қазақстан үшін негізгі сауда серігі. 2000-шы жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 4 миллиард доллардан аса қаржыны құраған.

Әділбек Жақсыбеков, "Қазақстан-Ресей" автомобиль консорциумының құрылуы, жақында қабылданған индустриялдық инновациялық бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам екендігін айтты.

Ресей Федерациясының Өндіріс, ғылым және технология министрінің бірінші орынбасары Андрей Свинаренко, Қазақстан Ресейдің сыртқы сауда экономикасындағы негізгі әріптестердің бірі екенін атап айтты.

- Біздің мемлекеттердің жоғары басшыларының шешімдеріне сәйкес, Қазақстан-Ресей, Украина,Белорусь бірыңғай экономикалық кеңесін құру ісін жүзеге асыруда қол қойылғалы отырған келісімнің екі ел арасындағы жетекші кәспорындар үшін маңызды қадам болады,-деді Ресей Федерациясының Өндіріс, ғылым және технология министрінің бірінші орынбасары Андрей Свинаренко.

Консорциумға қатысушы “Камаз” және “Астана-Финанс” Ашық акционерлік қоғамдарының әрқайсысының үлесі 20 пайыздан, келісімге қатысушы қалған ұйымдардың үлесі 10 пайыздан болады. Бірлескен қызмет туралы келісім 2015 жылдың 1-ші шілдесіне дейін жасалған.
XS
SM
MD
LG